Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.02.2018 № 140 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және 276-15-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1, 2, және 3-тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________________Б. Сұлтанов
2016 жылғы 13 мамыр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 19 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 408 бұйрығымен бекітілген |
Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесі
№ | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары* |
1 | Тамаққа пайдалануға арналған өнімдер өндірісінен басқа, зығыр майлары және оның техникалық немесе өнеркәсіптік қолдануға арналған өзге де фракциялары | 1515191000 |
2 | Хлорит | 2530100000 |
3 | Кизерит, эпсомит (табиғи магний сульфаттары) | 2530200000 |
4 | Тақта тасты битумдар | 2713909000 |
5 | Асыл (инертті) газдар (аргоннан басқа) | 280429 |
6 | Бейорганикалық қышқылдар, фторсутекті (плавикті) қышқылдан басқа | 281119 |
7 | Бор оксидтері; бор қышқылдары | 281000 |
8 | Механикалық қоспалардан басқа, жасанды корунд | 281810 |
9 | Иодидтер және иодоксидтер | 2827600000 |
10 | Бромидтер | 2827510000 |
11 | Бромоксидтер | 2827590000 |
12 | Фторидтер; фторсиликаттар, фторалюминаттар және фтордың өзге де кешенді тұздары | 2826 |
13 | Өзге де жай эпоксидтер, эпоксиспирттер, эпоксифенолдар, эпоксиэфирлер және олардың галогенделген, сульфитталған, нитрленген немесе нитрозаланған туындылары | 2910 |
14 | Оттекті функционалдық топты қамтитын аминқосылыстары, лизин және глютамин қышқылынан басқа | 2922 |
15 | Үшэтаноламин және оның тұздары | 2922139000 |
16 | Жасанды графит; (коллоидты немесе жартылай коллоидты графит; графит негізіндегі өнімдер) | 3801100000 |
17 | Микроағзаларды өсіруге арналған өсінді орталар | 3821000000 |
18 | Бастапқы пішіндегі өзге де аминді-альдегидті шойырлар | 3909300000 |
19 | Құрылыста немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдарына және машиналарға арналған және отырғызатын диаметрі 61 сантиметрден асатын, "шырша" проектор суреті немесе проектордың ұқсас суреттері бар өзге шиналар | 4011630000 |
20 | Ауыл шаруашылығы немесе орман шауашылығы көлік құралдарына және машиналарға арналған "шырша" проектор суреті бар немесе проектордың ұқсас суреттерімен өзге шиналар | 4011920000 |
21 | Құрылыста немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдарына және машиналарға арналған және отырғызатын диаметрі 61 сантиметрден аспайтын "шырша" проектор суреті бар немесе проектордың ұқсас суреттерімен өзге шиналар | 4011930000 |
22 | Қаптық, бекітпе немесе кеңірдектелген, бедерленген немесе бедерленбеген, тесілген немесе тесілмеген крафт-қағаз, орамдарда немесе парақтарда | 480840000 |
23 | 1 шаршы метр салмағы 150 граммнан аспайтын өзге де борланбаған қатырма қағаз | 4805910000 |
24 | Жабынды қатырма қағазға арналған қағаз және қатырма қағаз-негіз | 4805500000 |
25 | Бекітпе, кеңірдектелген немесе бедерленген крафт-қағаз (қаптан басқа) | 4808400009 |
26 | Қапталған, сіңдірілген немесе полимерлі материалдармен ламинатталған (желімдерді қоспағанда) ақталған қағаз және қатырма қағаз, 1 шаршы метр салмағы 150 граммнан артық қағаз және қатырма қағаз, орамдарда немесе парақтарда | 481151000 |
27 | Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, тарақпен түтілмеген талшықтардан жасалған мақта-маталы иірімжіптер | 5205 |
28 | Үстіңгі бетінің тығыздығы 200 грамм/шаршы метр артық, түрлі-түсті иірімжіптерден жасалған (деним маталарынан басқа), техникалық және өнеркәсіптік пайдалануға арналған мақта-маталы маталар | 5209490000 |
29 | Өңделген, бірақ иірілмеген джут және өзге де тоқыма талшықтары, зығыр, кәдімгі кендір және рамиден басқа | 5303900000 |
30 | Джут немесе өзге де қабықты тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер, өзге де өсімдік тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер және қағаз иірімжіптер | 5307200000 |
31 | Бөлшек сауда үшін оралмаған, полиэфирлерден жасалған өте мықты филаментті жіптер | 5402200009 |
32 | Арамидтерден жасалған синтетикалық жіптер жгуты | 5501100001 |
33 | Кардомен, тарақпен түтілмеген немесе иіруге басқаша дайындалмаған синтетикалық талшықтар, өзгелері | 5503900000 |
34 | Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, жасанды талшықтардан жасалған иірімжіптер (тігін жіптерінен басқа) | 5510 |
35 | Тежеуіштерге, муфталарға және ұқсас бұйымдарға арналған құрастырылмаған күйдегі фрикциялық материалдар | 6813 |
36 | Шыны талшығынан жасалған таспалар, түзеткіш, иірімжіптер және шабылған тұлымдар | 701919 |
37 | Масса немесе қауыз түрінде, тоқыма емес талшықтардан жасалған бұйымдар | 7019390001 |
38 | Шыны талшықтарынан жасалған маталар (енсіз маталарды қоса) | 7019590000 |
39 | Шыны талшығынан жасалған құбырларды оқшаулауға арналған аратөсемдер мен орамдар | 7019903000 |
40 | Шартәрізді графиттың қосындылары бар құймаларға арналмаған, құрамында Mn (марганец) 0,1% кем, фосфоры аз легірленбеген құйма шойын | 7201109000 |
41 | Феррованадий | 7202920000 |
42 | Феррониобий | 7202930000 |
43 | Ені 600 миллиметрден кем алюминий мырышталған илек | 721250 |
44 | Ені 600 миллиметрден асатын алюминий мырышталған илек | 721061 |
45 | Легірленбеген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек | 7211190000 |
46 | Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% артық легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған сортты және жолақты илек | 721123 |
47 | Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,25% кем легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған жолақты илек | 7210 |
48 | Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% кем емес легірленбеген болаттан жасалған, қалайыланған сым | 7217309000 |
49 | Тоттанбайтын болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес суықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек | 7219 |
50 | Тоттанбайтын болаттан жасалған, суықтай илектелген, ені 600 миллиметрден кем, жабылмаған жазық илек | 7220908009 |
51 | Тоттанбайтын болаттан жасалған, орамада бос оралған ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар | 722100 |
52 | Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес жазық илек | 722519 |
53 | Өзге де легірленген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек | 722550 |
54 | Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем жазық илек | 722619 |
55 | Өзге де легірленген болаттан жасалған, штампталған, ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған, ыстықтай сығымдалған, бірақ одан әрі өңделмеген (илектен соң ширатылғанды қоса), басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өзектер мен шыбықтар | 722810 |
56 | Бұрғылау жұмыстарына арналған іші қуыс өзектер | 7228800000 |
57 | Болаттан жасалған дәнекерлеу профильдері және шпунтты конструкциялар | 7301100000 |
58 | Ауыр профильдер (ыстықтай илектелген швеллерлер, қоставрлар және биіктігі 80 миллиметрден кем емес кең сөрелі қоставрлар) | 7216 |
59 | Көміртекті болаттан жасалған қимасы дөңгелек суықтай созылған немесе суықтай илектелген құбырлар | 730451 |
60 | Легірленген болаттан жасалған, қимасы дөңгелек, суықтай созылған немесе суықтай илектелген, суық күйінде илектелген құбырлар | 730451 |
61 | Коррозияға төзімді жұқа қабырғалы жіксіз құбырлар | 7304 |
62 | Дәнекерленген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден артық, газ құбырларына арналған болат құбырлар | 7305 |
63 | Сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын, мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылау барысында қолданылатын болаттан жасалған дәнекерлейтін, дөңгелектеп кесетін сорғылы-сығымдауыш және қондыру құбырлары | 7306 |
64 | Ашық жікті немесе тойтарылған немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын өзге де болат құбырлар мен түтіктер | 7306 |
65 | Құю құбырлары және құбырлар фитингтері | 730711 |
66 | Шыңдалған құйма шойыннан жасалған құбырлар және құбырлар фитингтері | 730719 |
67 | Алюминийден жасалған балкондардың, лоджиялардың марштардың және саты алаңдарының қоршаулары | 761090 |
68 | Қара металдардан жасалған, буындары дәнекерленген шынжырлар, кергішті жалпақ буынды шынжырлардан басқа | 7315 |
69 | Көлденең қимасының өлшемі 16 миллиметрден артық, қара металдардан жасалған, буындары дәнекерленген шынжырлар, кергішті жалпақ буынды шынжырлардан басқа | 7315829000 |
70 | Тоттанбайтын болаттан жасалған оймакілтекті және крест тәрізді оймакілтекті бұрамалар | 7318155900 |
71 | Тоттанбайтын болаттан жасалған алтықырлы басы бар бұрамалар | 7318156900 |
72 | Қара металдардан жасалған тойтармалар, жартылай қуыстыны қоса, жалпы пайдаланудағы түтікшелі немесе қосарланған тойтармалардан басқа | 731823 |
73 | Суық әдіспен өңделген, болаттан жасалған бұралу серіппелерін және бұралған серіппелерді қоса, болат шиыршықты серіппелер, қысумен және созумен жұмыс істейтін шиыршықты серіппелерден басқа | 7320190 |
74 | Болат сымнан жасалған имелі серіппелер | 7320909008 |
75 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар | 7419 |
76 | Цементтелген мыс, ұнтақтардан басқа | 7401000000 |
77 | Мыс пен никель және мырыш (нейзильбера) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер | 7407211000 |
78 | Мыс пен никель (купроникель) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер | 7407290000 |
79 | Тазартылған мыстан жасалған, көлденең қимасының ең жоғарғы өлшемі 0,5 миллиметрден аспайтын сым, сыммен күшейтілген арқансым немесе арқаннан, көпжелілі сым мен кабельден басқа | 7408199000 |
80 | Негізі мыс қорытпаларынан жасалған, негізін есептемегенде, қалыңдығы 0,15 миллиметрден аспайтын жұқалтыр | 7410220000 |
81 | Мыс пен никель (купроникель) немесе мыс, никель мен мырыш (нейзильбер) негізіндегі қорытпалардан жасалған құбырлар мен түтіктер | 7411220000 |
82 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар | 7419999000 |
83 | Құбырлар мен түтіктерге арналған мыс фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер, штуцерлер) | 7412 |
84 | Өңделмеген никель | 7502 |
85 | Никель ұнтақтары мен қабыршақтары, никель оксидтері агломераттарынан басқа | 7504000009 |
86 | Никель мен никель қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер мен профильдер | 7505120009 |
87 | Никель мен никель қорытпаларынан жасалған сымдар | 7505220000 |
88 | Никель қорытпаларынан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, лента, жұқалтыр, кесіліп-тартылған табақтан басқа | 7506200009 |
89 | Никельден жасалған құбырлар мен түтіктер | 750711000 |
90 | Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық, боялған, лакталған немесе пластикпен жабылған тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар | 7606111000 |
91 | Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар | 760611 |
92 | Алюминий қорытпаларынан жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар | 760612 |
93 | Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) одан әрі өңделмеген алюминий фольгасы | 7607 |
94 | Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) алюминий фольгасы | 7607 |
95 | Құбырлар мен түтіктерге арналған алюминий фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер) | 7609000000 |
96 | Өзге де өңделмеген қорғасын | 7801999000 |
97 | Бояулар мен бояғыштар, оқшауланған электр сымдары ретінде қолдануға арналған ұнтақтар мен қабыршақтардан басқа, қорғасын ұнтақтары мен қабыршақтары | 7804200000 |
98 | Қорғасыннан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар мен жұқалтыр | 7804190000 |
99 | Мырыш қорытпалары | 7901200000 |
100 | Мырыш ұнтақтары мен қабыршақтары | 7903900000 |
101 | Мырыш тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар, жұқалтыр | 7905000000 |
102 | Қалайы шыбықтар, өзектер, профильдер мен сымдар | 8003000000 |
103 | Бағалы емес металдардан жасалған аспалы құлыптардың және өзге де құлыптардың бөліктері | 8301600009 |
104 | Ілгектер, сақиналар, шығыршықтар | 8308100000 |
105 | 9405 тауарлық позициядағы бұйымдардан басқа, бағалы емес металдардан жасалған көрсеткіштері, атаулары, нөмірлері, әріптері, мекенжайы бар маңдайшалар және ұқсас маңдайшалар | 8310000000 |
106 | Қуаттылығы 100 киловаттан аспайтын қысыммен тұтанатын кемелік тартымды піспекті іштен жанатын қозғалтқыштар | 8408103900 |
107 | Іштен жанатын дизельді автомобильдік қозғалтқыштарға арналған бүрку жүйелері | 8409 |
108 | Турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштардың бөліктері | 8411910008 |
109 | Күш беретін гидравликалық сызықтық әсер ету қозғалтқыштары мен қондырғылары (цилиндрлер) | 841221 |
110 | Гидравликалық айналмалы қозғалтқыштар | 841221 |
111 | Өзге де көлемді роторлы сорғылар; гидравликалық күшті | 841360 |
112 | Қуаттылығы 0,4 киловаттан аспайтын тоңазытқыш жабдықтарына арналған сығымдағыштар | 8414302009 |
113 | Орталықтан тепкіш көлемді көп білікті сығымдағыштар | 841480 |
114 | Метал өңдеуге арналған арнайы мақсаттағы механикалық машиналар мен құралдар | 8479810000 |
115 | Құйма шойыннан жасалған өтпелі шұралар | 8481 |
116 | Қуаттылығы 375 киловаттан артық тұрақты токтың электр қозғалтқыштары мен генераторлары | 8501200009 |
117 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, қуаттылығы 1 киловольт-амперден аспайтын өзге де трансформаторлар | 8504312909 |
118 | Өзге де электр аккумуляторлар | 8507108009 |
119 | Электр шамдар және өзге жарық беретін құрылғылар | 8539100009 |
120 | Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына арналған шынытазалағыштар, мұз тұруға және булануға қарсы жабдықтар | 851240 |
121 | Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына (велосипедтерден басқа) арналған дыбыстық сигнал беретін құрылғылар | 851230100 |
122 | Композициялық немесе пленкалы тұрақты көміртекті резисторлар | 8533100000 |
123 | Басқа топтамаларға енгізілмеген айнымалы резисторлар (реостаттар мен потенциометрлерді қоса алғанда) | 853340 |
124 | Айнымалы сымдық резисторлар | 853339 |
125 | 72,5 киловольттан жоғары кернеуге автомат сөндіргіштер | 8535290000 |
126 | 1000 Вольттан жоғары кернеуге балқығыш сақтандырғыштар | 8535100000 |
127 | 1000 Вольттан аспайтын кернеуге өзге де автоматты сөндіргіштер | 853620 |
128 | Айырып-қосқыштар, өзгелері | 853650 |
129 | Шамдарға арналған өзге патрондар, штепсельдер, розеткалар | 853669 |
130 | Қуаты 100 Вольттан аспайтын өзге де қыздыру шамдары | 8539299800 |
131 | Көмір электродтары (электр пештеріне арналған электродтардан басқа) | 8545909000 |
132 | Электр оқшаулатқыштар | 8546200000 |
133 | Жүретін доңғалақтар және олардың бөліктері мен керек-жарақтары | 8708709909 |
134 | Тежегіштік өзге де жапсырмалар | 8708309909 |
135 | Кез келген материалдан жасалған призмалар, айналар және өзге де оптикалық элементтер | 9001900000 |
136 | Жазу құрылғысы жоқ электр шамаларды өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура | 903033 |
137 | Аспаптар, құралдар және машиналар өзгелер; электрондылар | 9031803200 |
138 | Автомобильдерге арналған орындықтар | 940120000 |
* Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразяилық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы.