Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 16736 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 399-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына және 451-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесі бекітілсін.

      2. "Импорты инвестициялық келісімшарт шеңберінде қосылған құн салығынан босатылатын шикізаттың және (немесе) материалдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 408 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13813 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      __________ Б.Сұлтанов

      2018 жылғы 28 ақпан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________ Т.Сүлейменов

      2018 жылғы 13 наурыз

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 ақпандағы
№ 140 бұйрығымен
бекітілген

Инвестициялық келісімшарт шеңберінде импорты қосылған құн салығынан босатылған шикізат және (немесе) материалдар тізбесі

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары*

1

Тамаққа пайдалануға арналған өнімдер өндірісінен басқа, зығыр майлары және оның техникалық немесе өнеркәсіптік қолдануға арналған өзге де фракциялары

1515191000

2

Хлорит

2530100000

3

Кизерит, эпсомит (табиғи магний сульфаттары)

2530200000

4

Тақта тасты битумдар

2714100000

5

Асыл (инертті) газдар (аргоннан басқа)

280429

6

Бейорганикалық қышқылдар, фторсутекті (плавикті) қышқылдан басқа

281119

7

Бор оксидтері; бор қышқылдары

281000

8

Механикалық қоспалардан басқа, жасанды корунд

281810

9

Иодидтер және иодоксидтер

2827600000

10

Бромидтер

2827510000

11

Бромоксидтер

2827590000

12

Фторидтер; фторсиликаттар, фторалюминаттар және фтордың өзге де кешенді тұздары

2826

13

Өзге де жай эпоксидтер, эпоксиспирттер, эпоксифенолдар, эпоксиэфирлер және олардың галогенделген, сульфитталған, нитрленген немесе нитрозаланған туындылары

2910

14

Оттекті функционалдық топты қамтитын аминқосылыстары, лизин және глютамин қышқылынан басқа

2922

15

Үшэтаноламин және оның тұздары

2922150000

16

Жасанды графит; (коллоидты немесе жартылай коллоидты графит; графит негізіндегі өнімдер)

3801100000

17

Микроағзаларды өсіруге арналған өсінді орталар

3821000000

18

Бастапқы пішіндегі өзге де аминді-альдегидті шойырлар

3909300000

19

Құрылыста, тау ісінде немесе өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдарына және машиналарға арналған жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар

4011800000

20

Ауыл шаруашылығы немесе орман шауашылығы көлік құралдарына және машиналарға арналған жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар

4011700000

21

Қаптық, бекітпе немесе кеңірдектелген, бедерленген немесе бедерленбеген, тесілген немесе тесілмеген крафт-қағаз, орамдарда немесе парақтарда

480840001

22

1 шаршы метр салмағы 150 граммнан аспайтын өзге де борланбаған қатырма қағаз

4805910000

23

Жабынды қатырма қағазға арналған қағаз және қатырма қағаз-негіз

4805500000

24

Бекітпе, кеңірдектелген немесе бедерленген крафт-қағаз (қаптан басқа)

4808400009

25

Қапталған, сіңдірілген немесе полимерлі материалдармен ламинатталған (желімдерді қоспағанда) ақталған қағаз және қатырма қағаз, 1 шаршы метр салмағы 150 граммнан артық қағаз және қатырма қағаз, орамдарда немесе парақтарда

481151000

26

Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, тарақпен түтілмеген талшықтардан жасалған мақта-маталы иірімжіптер

5205

27

Үстіңгі бетінің тығыздығы 200 грамм/шаршы метр артық, түрлі-түсті иірімжіптерден жасалған (деним маталарынан басқа), техникалық және өнеркәсіптік пайдалануға арналған мақта-маталы маталар

5209490000

28

Өңделген, бірақ иірілмеген джут және өзге де тоқыма талшықтары, зығыр, кәдімгі кендір және рамиден басқа

5303900000

29

Джут немесе өзге де қабықты тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер, өзге де өсімдік тоқыма талшықтарынан жасалған иірімжіптер және қағаз иірімжіптер

5307200000

30

Бөлшек сауда үшін оралмаған, полиэфирлерден жасалған өте мықты филаментті жіптер

5402200009

31

Арамидтерден жасалған синтетикалық жіптер жгуты

5501100001

32

Кардомен, тарақпен түтілмеген немесе иіруге басқаша дайындалмаған синтетикалық талшықтар, өзгелері

5503900000

33

Бөлшек сауда үшін бөлек оралмаған, жасанды талшықтардан жасалған иірімжіптер (тігін жіптерінен басқа)

5510

34

Тежеуіштерге, муфталарға және ұқсас бұйымдарға арналған құрастырылмаған күйдегі фрикциялық материалдар

6813

35

Шыны талшығынан жасалған таспалар, түзеткіш, иірімжіптер және шабылған тұлымдар

701919

36

Масса немесе қауыз түрінде, тоқыма емес талшықтардан жасалған бұйымдар

701939000

37

Шыны талшықтарынан жасалған маталар (енсіз маталарды қоса)

7019590000

38

Шыны талшығынан жасалған құбырларды оқшаулауға арналған аратөсемдер мен орамдар

7019900002

39

Құрамында Mn (марганец) 0,1% кем, фосфоры аз легірленбеген құйма шойын

7201109000

40

Феррованадий

7202920000

41

Феррониобий

7202930000

42

Ені 600 миллиметрден кем алюминий мырышталған илек

721250

43

Ені 600 миллиметрден асатын алюминий мырышталған илек

721061000

44

Легірленбеген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек

7211190000

45

Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% артық легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған сортты және жолақты илек

721123

46

Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,25% кем легірленбеген болаттан жасалған, суық күйінде әрленіп өңдеуге ұшыраған жолақты илек

7210

47

Құрамында салмағы бойынша көміртегі 0,6% кем емес легірленбеген болаттан жасалған, қалайыланған сым

7217309000

48

Тоттанбайтын болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес суықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек

7219

49

Тоттанбайтын болаттан жасалған, суықтай илектелген, ені 600 миллиметрден кем, жабылмаған жазық илек

7220908009

50

Тоттанбайтын болаттан жасалған, орамада бос оралған ыстықтай илектелген өзектер мен шыбықтар

722100

51

Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес жазық илек

722519

52

Өзге де легірленген болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем емес ыстықтай илектеліп одан әрі өңделмеген жазық илек

722550

53

Кремнийлі электр болаттан жасалған ені 600 миллиметрден кем жазық илек

722619

54

Өзге де легірленген болаттан жасалған, штампталған, ыстықтай илектелген, ыстықтай созылған, ыстықтай сығымдалған, бірақ одан әрі өңделмеген (илектен соң ширатылғанды қоса), басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өзектер мен шыбықтар

722810

55

Бұрғылау жұмыстарына арналған іші қуыс өзектер

7228800000

56

Болаттан жасалған дәнекерлеу профильдері және шпунтты конструкциялар

7301100000

57

Ауыр профильдер (ыстықтай илектелген швеллерлер, қоставрлар және биіктігі 80 миллиметрден кем емес кең сөрелі қоставрлар)

7216690000

58

Көміртекті болаттан жасалған қимасы дөңгелек суықтай созылған немесе суықтай илектелген құбырлар

730451

59

Легірленген болаттан жасалған, қимасы дөңгелек, суықтай созылған немесе суықтай илектелген, суық күйінде илектелген құбырлар

730451

60

Коррозияға төзімді жұқа қабырғалы жіксіз құбырлар

7304

61

Дәнекерленген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден артық, газ құбырларына арналған болат құбырлар

7305

62

Сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын, мұнай немесе газ ұңғымаларын бұрғылау барысында қолданылатын болаттан жасалған дәнекерлейтін, дөңгелектеп кесетін сорғылы-сығымдауыш және қондыру құбырлары

7304240005

63

Ашық жікті немесе тойтарылған немесе осыған ұқсас тәсілмен біріктірілген, сыртқы диаметрі 406,4 миллиметрден аспайтын өзге де болат құбырлар мен түтіктер

7306

64

Құю құбырлары және құбырлар фитингтері

730711

65

Шыңдалған құйма шойыннан жасалған құбырлар және құбырлар фитингтері

730719

66

Алюминийден жасалған балкондардың, лоджиялардың марштардың және саты алаңдарының қоршаулары

761090

67

Қара металдардан жасалған, буындары дәнекерленген шынжырлар, кергішті жалпақ буынды шынжырлардан басқа

7315

68

Тоттанбайтын болаттан жасалған оймакілтекті және крест тәрізді оймакілтекті бұрамалар

7318155100

69

Тоттанбайтын болаттан жасалған алтықырлы басы бар бұрамалар

7318156100

70

Қара металдардан жасалған тойтармалар, жартылай қуыстыны қоса, жалпы пайдаланудағы түтікшелі немесе қосарланған тойтармалардан басқа

731823000

71

Суық әдіспен өңделген, болаттан жасалған бұралу серіппелерін және бұралған серіппелерді қоса, болат шиыршықты серіппелер, қысумен және созумен жұмыс істейтін шиыршықты серіппелерден басқа

732020

72

Болат сымнан жасалған имелі серіппелер

7320909008

73

Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар

7419

74

Цементтелген мыс, ұнтақтардан басқа

7401000000

75

Мыс пен никель және мырыш (нейзильбера) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер

7407211000

76

Мыс пен никель (купроникель) негізіндегі мыс қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер және профильдер

7407290000

77

Тазартылған мыстан жасалған, көлденең қимасының ең жоғарғы өлшемі 0,5 миллиметрден аспайтын сым, сыммен күшейтілген арқансым немесе арқаннан, көпжелілі сым мен кабельден басқа

7408199000

78

Негізі мыс қорытпаларынан жасалған, негізін есептемегенде, қалыңдығы 0,15 миллиметрден аспайтын жұқалтыр

7410220000

79

Мыс пен никель (купроникель) немесе мыс, никель мен мырыш (нейзильбер) негізіндегі қорытпалардан жасалған құбырлар мен түтіктер

7411220000

80

Басқа топтамаларға енгізілмеген, мыстан жасалған бұйымдар

7419999000

81

Құбырлар мен түтіктерге арналған мыс фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер, штуцерлер)

7412

82

Өңделмеген никель

7502

83

Никель ұнтақтары мен қабыршақтары, никель оксидтері агломераттарынан басқа

7504000009

84

Никель мен никель қорытпаларынан жасалған шыбықтар, өзектер мен профильдер

7505120009

85

Никель мен никель қорытпаларынан жасалған сымдар

7505220000

86

Никель қорытпаларынан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, лента, жұқалтыр, кесіліп-тартылған табақтан басқа

7506200009

87

Қосындыланбаған никельден жасалған құбырлар мен түтіктер

750711000

88

Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық, боялған, лакталған немесе пластикпен жабылған тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар

7606111000

89

Легірленбеген алюминийден жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар

760611

90

Алюминий қорытпаларынан жасалған, қалыңдығы 0,2 миллиметрден артық тақталар, табақтар, жолақтар мен ленталар

760612

91

Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) одан әрі өңделмеген алюминий фольгасы

7607

92

Қалыңдығы 0,2 миллиметрден аспайтын (негізді есептемегенде) алюминий фольгасы

7607

93

Құбырлар мен түтіктерге арналған алюминий фитингтер (муфталар, иіндер, фланецтер)

7609000000

94

Өзге де өңделмеген қорғасын

7801999000

95

Бояулар мен бояғыштар, оқшауланған электр сымдары ретінде қолдануға арналған ұнтақтар мен қабыршақтардан басқа, қорғасын ұнтақтары мен қабыршақтары

7804200000

96

Қорғасыннан жасалған тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар мен жұқалтыр

7804190000

97

Мырыш қорытпалары

7901200000

98

Мырыш ұнтақтары мен қабыршақтары

7903900000

99

Мырыш тақталар, табақтар, жолақтар, ленталар, жұқалтыр

7905000000

100

Қалайы шыбықтар, өзектер, профильдер мен сымдар

8003000000

101

Бағалы емес металдардан жасалған аспалы құлыптардың және өзге де құлыптардың бөліктері

8301600009

102

Ілгектер, сақиналар, шығыршықтар

8308100000

103

9405 тауарлық позициядағы бұйымдардан басқа, бағалы емес металдардан жасалған көрсеткіштері, атаулары, нөмірлері, әріптері, мекенжайы бар маңдайшалар және ұқсас маңдайшалар

8310000000

104

Қуаттылығы 100 киловаттан аспайтын қысыммен тұтанатын кемелік тартымды піспекті іштен жанатын қозғалтқыштар

8408103900

105

Іштен жанатын дизельді автомобильдік қозғалтқыштарға арналған бүрку жүйелері

8409

106

Турбореактивті және турбовинттік қозғалтқыштардың бөліктері

8411910008

107

Күш беретін гидравликалық сызықтық әсер ету қозғалтқыштары мен қондырғылары (цилиндрлер)

841221

108

Гидравликалық айналмалы қозғалтқыштар

841229200

109

Өзге де көлемді роторлы сорғылар; гидравликалық күшті

841360

110

Қуаттылығы 0,4 киловаттан аспайтын тоңазытқыш жабдықтарына арналған сығымдағыштар

8414302009

111

Орталықтан тепкіш көлемді көп білікті сығымдағыштар

841480

112

Метал өңдеуге арналған арнайы мақсаттағы механикалық машиналар мен құралдар

8479810000

113

Құйма шойыннан жасалған өтпелі шұралар

8481

114

Қуаттылығы 375 киловаттан артық тұрақты токтың электр қозғалтқыштары мен генераторлары

8501200009

115

Басқа топтамаларға енгізілмеген, қуаттылығы 1 киловольт-амперден аспайтын өзге де трансформаторлар

8504312909

116

Өзге де электр аккумуляторлар

8507108009

117

Электр шамдар және өзге жарық беретін құрылғылар

8539100009

118

Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына арналған шыны тазалағыштар, мұз тұруға және булануға қарсы жабдықтар

851240000

119

Мотоциклдерге немесе автокөлік құралдарына (велосипедтерден басқа) арналған дыбыстық сигнал беретін құрылғылар

851230100

120

Композициялық немесе пленкалы тұрақты көміртекті резисторлар

8533100000

121

Басқа топтамаларға енгізілмеген айнымалы резисторлар (реостаттар мен потенциометрлерді қоса алғанда)

853340

122

Айнымалы сымдық резисторлар

853339

123

72,5 киловольттан жоғары кернеуге автомат сөндіргіштер

8535290000

124

1000 Вольттан жоғары кернеуге балқығыш сақтандырғыштар

8535100000

125

1000 Вольттан аспайтын кернеуге өзге де автоматты сөндіргіштер

853620

126

Айырып-қосқыштар, өзгелері

853650

127

Шамдарға арналған өзге патрондар, штепсельдер, розеткалар

853669

128

Қуаты 100 Вольттан аспайтын өзге де қыздыру шамдары

8539299800

129

Көмір электродтары (электр пештеріне арналған электродтардан басқа)

8545909000

130

Қыштан жасалған электр оқшаулатқыштар

8546200000

131

Жүретін доңғалақтар және олардың бөліктері мен керек-жарақтары

8708709909

132

Тежегіштік өзге де жапсырмалар

8708309909

133

Кез келген материалдан жасалған призмалар, айналар және өзге де оптикалық элементтер

9001900000

134

Жазу құрылғысы жоқ электр шамаларды өлшеуге арналған аспаптар мен аппаратура

903033

135

Аспаптар, құралдар және машиналар өзгелер; электрондылар

9031803200

136

Автомобильдерге арналған орындықтар

940120000

      * Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразяилық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады