Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 231 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 маусымда № 13836 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 284 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 21.08.2024 № 284 (12.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Органикалық өнім өндіру туралы" 2015 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген құралдар тізімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 30 мамыр



  Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 231 бұйрығымен
бекітілген

Органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын, рұқсат етiлген
құралдар тізімі
1-тарау. Тыңайтқыштар мен топырақты жақсартатын заттар

      Органикалық өнімдер өндіретін шаруашылықтан алынған көң және құрғақ құс саңғырығы;

      органикалық өнімдер өндіретін шаруашылықтардан алынған, көң, саңғырық негізіндегі қордалар;

      шымтезек;

      саңырауқұлақ қалдықтары мен вермикулиттің қордасы мен субстраты;

      вермиқорда, зооқорда;

      өсімдіктерден алынатын жанама өнімдер қордасы;

      қасапханалар мен балық* зауыттарынан алынып, өнделген мал шаруашылығы өнімдері;

      теңіз балдырлары және олардан жасалған өнімдер;

      ағаш үгінділері, қабығы және қалдықтары;

      қордаланған қабық;

      ағаш күлі;

      табиғи фосфаттар; алюминий-кальций фосфаты;

      томас-шлак;

      калий тұздары (каинит, сильвинит және тағы басқалар);

      калий сульфаты (патенкали және басқалар);

      аммиак төбін қоспағанда, төп және төп сіріндісі;

      табиғи түрдегі кальций карбонаты (бор, мергель, әк, фосфатқұрамдас бор);

      табиғи түрдегі магний жыныстары;

      табиғи түрдегі әк-магний жыныстары;

      эпсолит (магний сульфаты);

      тек табиғи көздерден алынған табиғи гипс (кальций сульфаты);

      қант өндірісінің жанама өнімдері (мысалы, төп);

      күкірт;

      микроэлементтер (мысалы, бор, мыс, темір, марганец, молибден, мырыш);

      натрий хлориді;

      тас ұнтағы (ұсақтаған базальт);

      саз балшық (мысалы, бентонит, перлит, цеолит);

      органикалық өнімдер өндіретін шаруашылықтан алынған ауыл шаруашылығы дақылдарының қалдықтары мен сидераттар;

      органикалық өнімдер өндіретін шаруашылықтардан алынған сабан және басқа да жабын;

      тамақ және тоқыма өнеркәсібінің технологиялық қосалқы заттармен өнделмеген жанама өнімдері;

      тамақ және тоқыма өнеркәсібінің технологиялық қосалқы заттармен өнделмеген жанама өнімдері;

      вермикулит;

      табиғи түрдегі гумини қышқалдары (тек су және сілті сірінділері);

      хлоры әк;

      қорыс;

      органикалық өнімдерді өңдеу кезінде алынған жанама өнімдер.

      * Қасапхана өнімдерін өңдеу кезінде алынған тыңайтқыштарды, жаңа қанды, сондай-ақ несепнәрді және чили нитратын пайдалануға жол берілмейді.

2-тарау. Өсімдіктерді қорғау құралдары мен агрохимикаттар ретінде қолданылатын, жануарлардан немесе өсімдіктерден
алынатын заттар

      Мелия (азадирахтин) Azadirachta indica негізіндегі өнімдер;

      ара балауызы;

      желатин;

      лецитин;

      өсімдіктер және жануарлар майлары (мысалы, жалбыз, қарағай, зере майы);

      құрамында синергистер болуы мүмкін Chrysanthemum Cinerariaefolium-нан алынған пиретриндер негізіндегі препараттар;

      quassia amara негізіндегі препараттар;

      derris elliptica, Lonchocarpus, Thephrosia түрлерінен алынған ротенон негізіндегі препараттар;

      ryania speciosa негізіндегі препараттар;

      казеин;

      прополис; табиғи қышқылдар (мысалы, сірке су қышқылы);

      саңырауқұлақтан ферменттелген өнімдер;

      саңырауқұлақтар сіріндісі (Shiitake fungus);

      хлорелла сіріндісі;

      табиғи түрдегі хитиндік әрекеттегі нематицидтер;

      биопрепараттар;

      табиғи өсімдік препараттары (темекі негізіндегі препараттарды қоспағанда);

      сабадилла.

3-тарау. Зиянкестермен және аурулармен биологиялық күресу үшін пайдаланылатын микроорганизмдер мен жәндіктер және
олар бөлетін заттар

      Биоагенттер (энтомофагтар);

      микроорганизмдер (бактериялар, вирустар және саңырауқұлақтар);

      саңырауқұлақтан алынатын препараттар (мысалы, спиносад);

      паразиттердің, жыртқыштардың және стерильденген жәндіктердің қалдықтары;

      вирустық препараттар (мысалы, гранулез вирусы).

4-тарау. Ұстағыштар мен тозаңдатқыштарда пайдалану үшін
рұқсат етілген заттар

      Диаммоний-фосфат;

      феромондар;

      неғұрлым жоғары ұйымдасқан жануарларды үркітуге арналған, сондай-ақ, тозаңдатқыштарда пайдаланылатын, құрамында репелленттер бар метальдегид негізіндегі препараттар;

      пиретроидтер (тек дельтаметрин немесе лямбда-цигалотрин);

      қорғаныштық торлар, спиральды тосқауылдар, тұзақтар, жабысқақ ленталар, жабындар.

5-тарау. Жемшөптерге арналған бастапқы өнімдер
1-параграф. Өсімдіктерден алынатын бастапқы өнімдер

      Дәнді дақылдар, дәндер, олардың өнімдері жанама өнімдер:

      дән, қауыз, жемдік ұн, кебек түріндегі сұлы;

      дән, ақуызды және жемдік ұн түріндегі арпа;

      ұрықтық күнжара түріндегі күріш;

      дән түріндегі егілетін тары;

      дән және жемдік ұн түріндегі қара бидай;

      дән түріндегі құмайжүгері;

      дән, жемдік ұн, кебек, глютегендік жемшөп, дән маңызы және ұрық түріндегі бидай;

      гүлтәжінің тұқымы мен гүлтәжі жомы, оның ішінде глютенсіз жемшөп ретінде;

      дән түріндегі спельта;

      дән түріндегі тритикале;

      дән, кебек, жемдік ұн, ұрықтық күнжара және дән маңызы түріндегі жүгері;

      қылтандар;

      сыра төбі.

      Майлы тұқым, майлы дақылдар, олардың өнімдері және жанама өнімдері:

      рапс тұқымы, рапс күнжарасы және рапс қабығы;

      бумен қыздырылған қытайбұршақ бұршақтары;

      қытайбұршақ күнжарасы және қытайбұршақ бұршақтарының қабығы;

      күнбағыс тұқымы және күнбағыс күнжарасы;

      мақта тұқымы және мақта өсімдігінің күнжарасы;

      зығыр тұқымы мен зығыр күнжарасы;

      сезам күнжарасы;

      пальмоядролық күнжара;

      қышабас тұқымының күнжарасы;

      зәйтүн, зәйтүн кесінділері;

      өсімдік майы (механикалық бөліп алу арқылы).

      Дән-бұршақ дақылдары, олардың өнімдері және жанама өнімдері:

      дән, жемдік ұн және кебек түріндегі ноқат;

      дән, жемдік ұн және кебек түріндегі жасымық;

      жылумен өңдеуге тартылған дән, жемдік ұн және кебек түріндегі әйкен;

      дән, жемдік ұн және кебек түріндегі асбұршақ;

      бұршақ (Vicia faba L) дән, жемдік ұн және кебек түріндегі бұршақтар;

      дән, жемдік ұн және кебек түріндегі сиыржоңышқа;

      дән, жемдік ұн және кебек түріндегі бөрібұршақ.

      Түйнектер, тамырлар, олардың өнімдері және жанама өнімдері:

      қант қызылшасының сығындысы;

      картоп;

      түйнек түріндегі багат;

      картоп үгіндісі (крахмал алғанда алынатын жанама өнім);

      картоп крахмалы;

      картоп ақуызы;

      маниок.

      Басқа тұқымдар және жемістер, олардың өнімдері және жанама өнімдері:

      мүйізше ағаш жемістері (цареград бұршаққыны);

      мүйізше бұршаққыны (толық немесе ұнтақталған);

      асқабақтар;

      цитрустылар күнжарасы;

      алмалар, айва, алмұрттар, шабдалы, інжір, жүзім және жүзім сығындылары;

      талшындар;

      грек жаңғағының күнжарасы;

      орман жаңғағының күнжарасы;

      какао-бұршағының қабыршағы және какаоның күнжарасы;

      емен жаңғағы.

      Жасыл және ірі жемшөптер:

      жоңышқа;

      жоңышқадан жасалған шөп ұны;

      беде;

      бедеден жасалған шөп ұны;

      гүлтәжінің көгінен жасалған шөп ұны;

      жасыл жемшөп (азық өсімдіктерінен алынатын);

      шөп ұны;

      пішен;

      сүрлем;

      астық сабаны;

      жасыл азыққа арналған тамырлық көкөністер.

      Басқа өсімдіктер, олардың өнімдері және жанама өнімдері:

      сірне;

      теңіз балдырларынан алынған ұн (кептіру және ұнтақтау нәтижесінде және соңғы ретте құрамындағы йодты азайту үшін жуылған теңіз балдырларынан алынған);

      өсімдіктер ұнтағы мен сірінділері;

      өсімдіктерің ақуыз сірінділері (тек төлдер үшін);

      дәмдеуіштер;

      түрлі шөптесін.

2-параграф. Жануарлардан алынатын бастапқы өнімдер

      Сүт және сүт өнімдері:

      шикі сүт;

      құрғақ сүт;

      майсыздандырылған сүт, майсыздандырылған құрғақ сүт;

      майсу, құрғақ майсу;

      сарысу, жартылай қантсыздандырылған құрғақ сарысу, сарысу ақуызының ұнтағы (физикалық өңдеу нәтижесінде бөліп алынған);

      казеин ұнтағы;

      сүт қантының ұнтағы;

      сүзбе және қатық.

      Балық, басқа теңіз жануарлары, олардан алынатын өнімдер мен жанама өнімдер:

      Тек мынадай шектеулерді сақтау шартымен: тек шөппен қоректенбейтін жануарларды азықтандыруда пайдалануға рұқсат етілетін тек қана тұрақты балық шаруашылығының өнімдері:

      балық;

      балық майы және нәлім майы, тазартылмаған;

      балықтардың, омыртқасыздардың немесе шаян тәрізділердің балық аутолизаттары;

      тек төлге арналған ферменттік жолмен алынған, еритін немесе ерімейтін гидролизаттар мен протеолизаттар;

      балық ұны.

      Жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдері:

      осы кәсіпорында алынған құстарды азықтандыруға арналған жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдері.

3-параграф. Минералдан алынған бастапқы өнімдер:

      Натрий:

      тазартылмаған теңіз тұзы;

      натрий сульфаты;

      натрий карбонаты;

      натрий бикорбонаты;

      натрий хлориді.

      Калий:

      калий хлориді.

      Кальций:

      Lithotamne (балдырлы әктас) және қызыл балдырлар (Maerl);

      басаяқтылардың гладиустарын қоса алғанда су жануарларының қабыршығы;

      кальций карбонаты;

      кальций лактаты;

      кальций глюконаты.

      Фосфор:

      фторсыз кальцийдің қос фосфаты;

      фторсыз кальцийдің монофосфаты;

      натрий монофосфаты;

      кальций және магний фосфаты;

      кальций және натрий фосфаты.

      Магний:

      магний оксиді (құрғатылған магний);

      магний сульфаты;

      магний хлориді;

      магний карбонаты;

      магний фосфаты.

      Күкірт:

      натрий сульфаты.

6-тарау. Мал шаруашылығында қолдануға арналған жемшөп
қоспалары мен белгілі субстанциялар
1-параграф. Жемшөп қоспалары*

      Азықтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес келетін қоспалар.

      Дәрумендер:

      жемшөпте табиғи түрде болатын шикізаттан алынған дәрумендер;

      моногастриттерге арналған табиғиға ұқсас синтетикалық дәрумендер;

      күйіс қайыратын малдарға арналған табиғиға ұқсас синтетикалық А, Д және Е дәрумендері, экологиялық күйіс қайыратын малдарды азықтандыру рационында аталған дәрумендердің қажетті мөлшерінің бар-жоғын тексерудің негізінде берілген ЕО-ға мүше елдердің алдынғы рұқсаты бар болған жағдайда;

      Микроэлементтер:

      Е1 Темір: темір карбонаты, темір сульфаты, моногидрат немесе гептагидрат, темір тотығы;

      Е2 Йод: кальций-йод, ангидрит, кальций-йод, гексагидрит, натрий йодиді;

      Е3 Кобальт: кобальт сульфаты, моногидрат немесе гептагидрат, кобальттың бір негізді карбонаты, моногидрат;

      Е4 Мыс: мыс тотығы,мыстың бір негізді карбонаты, моногидрат, мыс сульфаты, пентагидрат;

      Е5 Марганец: марганец карбонаты, марганец тотығы, марганец сульфаты, моно және тетрагидрат;

      Е6 Мырыш: мырыш карбонаты, мырыш тотығы, мырыш сульфаты, моно және гептагидрат;

      Е7 Молибден: Аммиакты молибдат, натрий молибдаты;

      Е8 Селен: натрий селенаты; натрий селені.

      Зоотехникалық қоспалар:

      энзимдер және микроорганизмдер;

      залалсыздандырылған, кептірілген екпе жауын құртының ұнтағы.

      Технологиялық қоспалар:

      консерванттар:

      Е 200 сорбин қышқылы;

      Е 236 құмырсқа қышқылы (*);

      Е 260 сірке қышқылы (*);

      Е 270 сүт қышқылы (*);

      Е 280 пропион қышқылы(*);

      Е 330 лимон қышқылы(*)

      (*) сүрлем үшін табиғи жағдайларға байланысты тиісті ашу мүмкін болмаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі.

      Антиоксидирлеуші әсері бар заттар:

      Е 306 токоферолы бар табиғи текті құнарландырылған сірінділер.

      Дәнекерлеуші заттар мен ағымдағы қосалқы заттар:

      Е 470 табиғи текті кальций стеарты;

      Е 551в силицийдің коллоидты диоксиді;

      Е 551с диатомит;

      Е 558 бентонит;

      Е 559 каолинитті балшық;

      Е 560 стеатиттер мен хлоридтердің табиғи қоспалары;

      Е 561 вермикулит;

      (Е 562 сепиолит;

      Е 599 перлит.

      Сүрлемді өндіру кезіндегі қоспалар:

      энзимдер, ашытқылар мен бактериялар сүрлемді өндіру кезінде қоспа ретінде қолданыла алады. Сүрлемді өндіру кезінде ауа-райы жағдайларының нәтижесінде тиісті ашу мүмкін болмаса, сүт, құмырсқа, пропин және сірке қышқылын пайдалануға рұқсат етіледі.

      *Ескертпе: Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген жемшөп қоспаларын пайдалануға жол беріледі.

2-параграф. Мал шаруашылығында қолдануға арналған ерекше заттар

      Сыра ашытқылары:

      saccharomyces cerevisiae;

      saccharomyces carlsbergiensis.

3-параграф. Сүрлемді өндіру үшін пайдаланылатын заттар

      теңіз тұзы;

      шикі тасты тұз;

      сарысу;

      қант;

      қызылша сығындысы;

      астық ұны;

      сірне.

7-тарау. Ауыл шаруашылығынан алынған органикалық заттарды өңдеу
кезінде пайдалануға рұқсат етілген заттар мен өнімдер

      Су;

      кальций хлориді;

      кальций карбонаты;

      кальций гидроксиді;

      кальций сульфаты;

      магний хлориді;

      калий карбонаты;

      натрий карбонаты;

      сүт қышқылы;

      лимон қышқылы*;

      ас сірке суы;

      натрий гидроксиді;

      күкірт қышқылы*;

      тұз қышқылы;

      аммоний гидроксиді;

      сутегі пероксиді;

      көміртек диоксиді;

      азот;

      этанол;

      илік қышқылы;

      ақуыз альбумині;

      казеин;

      желатин

      балық желатині;

      өсімдік майы;

      гель немесе коллоидты ерітінді түріндегі силиций диоксиді;

      белсендірілген көмір;

      тальк;

      бентонит;

      каолин*;

      целлюлоза*;

      кизельгур*;

      перлит*;

      орман жаңғағының қабығы*;

      күріш ұны;

      балара балауызы;

      табиғи бал;

      bock Garnauba.

      Ескертпе: *Қолданылуы шектеулі.

8-тарау. Ветеринариялық препараттар

      Қазақстан Республикасында және (немесе) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген ветеринариялық препараттар.

9-тарау. Басқа да заттар

      Гидрототық, хлортотық (үшнегізді), сульфат, шала тотық, бордос және бургун сұйығы нысанындағы мыс;

      этилен;

      калийдің майлы қышқылдарының тұздары (сұйық сабын);

      күкіртті әк (полисульфид);

      парафин майы;

      минералды майлар (мұнайдан басқа);

      калий перманганаты;

      кварц құмы;

      күкірт;

      минералды ұнтақтар (тасты ұнтақ, силикаттар, бентонит);

      диатомды жер;

      натрий силикаты;

      натрий бикарбонаты;

      темір фосфаты;

      сөндірілген әк;

      калий гидрокарбонаты;

      сутегі асқын тотығы;

      химиялық өндеуге ұшырамаған теңіз балдырлары, балдырлар ұны мен сірінділері, теңіз тұздары және тұзды су;

      көмірқышқыл газы;

      азот;

      этиль спирті;

      биодинамикалық препараттар;

      омеопатиялық және аюрведтік препараттар;

      шөптен жасалған және биодинамикалық препараттар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады