«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10368 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ҚӘТ үлгілерін (бұйымдарды, кешендерді) әзірлеу (жаңғырту) кезіндегі іс-шаралардың жүйелілігі мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ҚӘТ-ны әзірлеуге (жаңғыртуға) қажеттілікті және оларға тактикалық-техникалық талаптарды айқындау;
2) ҚӘТ-ның жаңа үлгісін (бұйымды, кешенді) әзірлеу немесе қолда барын жаңғырту жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарына (бұдан әрі – ҒЗЖ) және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрі – ТКЖ) тактикалық-техникалық тапсырманы (бұдан әрі – ТТТ) қалыптастыру;
3) ТТТ-ны ведомствоішілік кеңесші органның отырысында қарау;
4) ҚӘТ-ның әзірленудегі (жаңғыртылудағы) үлгісіне ҒЗЖ және ТКЖ жүргізу;
5) ҚӘТ-ның тәжірибелік үлгісін (бұйымды, кешенді) сынау;
6) ҚР ҚМ үшін ҚӘТ-ның тәжірибелік үлгілеріне (бұйымдарға, кешендерге) тәуелсіз сараптама жүргізу;
7) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелерінің қорытындысын ведомствоішілік кеңесші органның отырысында қарау;
8) ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) тәжірибелік әскери пайдалануды жүргізу;
9) ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) тәжірибелік әскери пайдалану нәтижелерінің қорытындысын ведомствоішілік кеңесші органның отырысында қарау;
10) ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) сериялық өндіріске әзірлеу (жаңғырту) жөнінде шешім қабылдау.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тәжірибелік әскери пайдалану – өндіруші мәлімдеген пайдалану және техникалық сипаттамаларға сәйкестігін айқындау мақсатында мамандардың ұдайы бақылауы кезінде әскери жағдайларда жүргізілетін ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) арнайы ұйымдастырылған пайдалану.
ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) тәжірибелік әскери пайдалану қазіргі заманғы ҚӘТ-мен жарақтандыру жөніндегі ведомствоішілік кеңесші орган айқындайтын қажетті уақыт кезеңі ішінде (кемінде 10 күн) мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен жүргізіледі.»;
24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) әзірлеу немесе жаңғырту үшін негіз ҒЗЖ және ТКЖ жүргізу болып табылады.
ҒЗЖ мен ТКЖ-ны жүргізу орындаушының (өндірушінің) жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады, бұл ретте ТТТ тапсырыс берушімен келісіледі.
25. ҒЗЖ-ны орындауға ТТТ-ны тапсырыс беруші (Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшесінің тиісті басшысы) әзірлейді және бекітеді.
ҒЗЖ мен ТКЖ-ны орындауға ТТТ берілген тактикалық-техникалық сипаттамаларымен ҚӘТ-ның (бұйымның, кешеннің) жаңа немесе жаңғыртылған үлгісінің кескінін жасау жөніндегі қажетті ҒЗЖ және эксперименттік жұмыстар кешенін орындауға тапсырыс берушінің бастапқы техникалық құжаты болып табылады.
26. Әзірленген ТТТ-ны осы Қағидалардың 6-тарауының талаптарына сәйкес ведомствоішілік кеңесші орган қарайды.»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. ТКЖ-ны жүргізудің іс жүзіндегі нәтижесі тәжірибелік үлгіні жасау болып табылады. Тәжірибелік үлгі оның тапсырыс берушінің ТТТ-сына сәйкес келуін сынаулармен жан-жақты бағалау үшін арналған.
ТКЖ аяқталғаннан кейін ҚӘТ-ның тәжірибелік үлгісі (бұйым, кешен) орындаушының (өндірушінің) және тапсырыс берушінің қатысуымен ТТТ-ны растау бойынша сынауларды жүргізу үшін ұсынылады.
ҚР ҚМ ҒЗЖ және ТКЖ жүргізу нәтижелерін осы Қағидалардың 5-тарауының талаптарына сәйкес жүргізілетін тәуелсіз сараптамаға жолдайды.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. ҚӘТ-ның тәжірибелік үлгісін (бұйымды, кешенді) сынау нәтижелерін және тәуелсіз сарапшылардың қорытындысын осы Қағидалардың 6-тарауының талаптарына сәйкес ведомствоішілік кеңесші орган қарайды.»;
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
«31-1. ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) сериялық өндіріске әзірлеу (жаңғырту) жөнінде шешім қабылдау осы Қағидалардың 10-тарауының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Тәжірибелік әскери пайдаланудан табысты өткен ҚӘТ-ның сатып алынатын, әзірленген (жаңғыртылған) үлгісі (бұйым, кешен) ҚР ҚМ жанындағы Әскери-техникалық комиссияның (бұдан әрі – ӘТК) отырысына шығарылады.
ҚР ҚМ жанындағы ӘТК-ның оң шешімі мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен ҚӘТ үлгісін (бұйымды, кешенді) қаруландыруға қабылдау үшін негіз болып табылады.
33. Ведомствоішілік кеңесші органның және ҚР ҚМ жанындағы ӘТК-ның отырысында қаралғаннан кейін мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен осы Қағидаларды қолданусыз мынадай ҚӘТ үлгілері (бұйымдар, кешендер) жарақтандыруға қабылданады:
1) шетелдік серіктестер, халықаралық ұйымдар және (немесе) мемлекеттер өтеусіз тұрақты пайдалануға берген;
2) Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер қаруландыруға қабылдаған;
3) тәжірибелік әскери пайдалануды жүргізумен:
өндірісі Қазақстан Республикасында жергіліктендірілген;
арнайы мақсаттағы бөлімшелер үшін арналған;
бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануына қабылданған.»;
мынадай мазмұндағы 34-тармақпен толықтырылсын:
«34. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын жарақтандыруда тұрған ҚӘТ үлгілері (бұйымдар, кешендер) осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен қаруландыруға қабылданады.».
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.
4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі И. Тасмағамбетов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
_____________ Ж. Асанов
2016 жылғы 25 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
бастығы
_____________ А. Күреңбеков
2016 жылғы 20 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
_____________ В. Жұмақанов
2016 жылғы 12 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
_____________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 10 мамыр