"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
"Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10491 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 27 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасында:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сот сараптамасы органына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшаларымен (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда - дипломдарының көшірмелері қосымшаларымен);
3) арнайы кәсіби дайындығының қорытындысы жөнінде пікір немесе қайта даярлаудан өткендігі туралы құжат көшірмесі;
4) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша мәліметтер.".
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметті ұйымдастыру департаменті белгілеген заңнамалық тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми түрде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Әділет министрі | Б. Имашев |