"Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 347 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 қыркүйекте № 29470 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 322 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.07.2023 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кейбір үлгілік құжаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 482 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13867 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      15-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығымен бекітілген "Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама береді (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген);

      5) жұмысынан айырылған жағдайда тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20838 болып тіркелген) бекітілген Әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу (айқындау), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағымен көзделген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;";

      15-тармақта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) ерікті қоныс аударуға және кәсіптік оқуға қатысушылармен әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына мониторингті жүзеге асырады және Заңға сәйкес оның шарттары орындалмаған кезде санкциялар қолданады.";

      17, 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

      18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізеді;

      19) "Еңбек нарығы" ақпараттық жүйесі арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардың жұмысқа орналасу және міндетті зейнетақы жарналарының болуы тұрғысынан мониторингті жүзеге асырады.";

      көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:

      2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Аудандық (қалалық) комиссия қызметінің мақсаты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және оларды аудан (облыстық маңызы бар қалалар) аумағында жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.";

      5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Аудандық (қалалық) комиссияның функцияларына мыналар кіреді:

      1) халықты жұмыспен қамту орталықтарын бұл туралы хабардар ете отырып, өтініш берушілерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысушылардың құрамына енгізу не енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу үшін NEET санатындағы жастар тізімін қалыптастыру бойынша мобильді топтар құру;

      3) ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының меншігіне тұрғын үй сатып алу үшін оның келісімімен материалдық көмек сомасын біржолғы төлеу туралы ұсынымдар әзірлеу;

      4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру тетіктерін жақсарту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың алдын алу және жою жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

      5) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын шаралармен үйлестіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      6) шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін беру туралы мәселелерді қарау;

      7) өтінімдері бойынша кезекті қаржы жылына кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын жұмыс берушілердің тізбесін бекіту.".

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:

      2-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2. Өңірлік комиссия қызметінің мақсаты облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.";

      5-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "5. Өңірлік комиссияның функцияларына мыналар кіреді:

      1) қаржыландыру лимиттерін белгілеу және қаражатты бөлу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      2) білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесіне арналған шығыстарды негізге ала отырып, жыл сайын облыстық деңгейдегі білім беру және жұмыспен қамту саласындағы жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша білім беру ұйымдарында кәсіптік оқытудың құнын белгілеу;

      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру тетіктерін жақсарту бойынша, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруды тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      5) шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін беру туралы мәселелерді қарау;

      6) жыл сайын, 15 қаңтарға қарай облыс шегінде азаматтардың ерікті түрде қоныс аудару ұйымдары үшін облыстық (аудандық) маңызы бар ауылдар мен қалалардың тізбесін бекітеді және оны халықты жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді;

      7) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның өңірлік квотаға қабылдауы туралы шешім қабылдау үшін ерікті өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шеңберінде үміткерлердің тізімдерін қарау;

      8) шығу өңірлерінен қосымша еңбек ресурстары тартылатын кәсіптер тізбесін бекіту;

      9) мүгедектігі бар адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін белгілеу.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) аумағында орналасқан мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушылардан оның функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді сұратады және алады.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады