"Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 186 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 қыркүйекте № 17440 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 218 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 218 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13870 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген (берілетін) қарызды, микрокредитті беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерге мынадай комиссиялар мен өзге де төлемдер жатады:

      1) қарыз, микрокредит алуға өтініш пен құжаттарды қарағаны үшін;

      2) қарыз, микрокредит ұйымдастырғаны үшін;

      3) микрокредит бергені үшін;

      4) қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шоттарды ашқаны және жүргізгені үшін;

      5) берілген қарыздың, микрокредиттің талаптарын өзгерткені үшін комиссиялар:

      өтеу кестесін;

      қарыз валютасын;

      сыйақы мөлшерлемесін;

      қарызды, микрокредитті өтеу әдістерін;

      6) мынадай:

      қарыз алушының (тең қарыз алушының), кепілгердің (кепіл берушінің) бастамасы бойынша қарыз алушымен (тең қарыз алушымен), кепілгермен (кепіл берушімен) байланысты талаптардың өзгеруі;

      қарыз, микрокредит бойынша мүлік ауыртпалығы талаптарының өзгеруі, сондай-ақ кепіл затын ауыстыру кезінде;

      кепіл берушіні ауыстыру;

      клиенттің өтініші бойынша клиенттің кредиттік құжаттамасына кіретін кепіл мәніне құқық белгілеуші құжаттарды ұсыну;

      клиенттің өтініші бойынша жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша тіркеуге (тіркеуден шығаруға), кепілмен қамтамасыз ету аумағында жасалған қайта жоспарлауды, құрылысты, қосымша құрылысты заңдастыруға келісім туралы анықтаманы беру;

      кепіл берушіні ауыстыру кезінде пайдалануға енгізілген мүлікке меншік құқығын және (немесе) кепіл құқығын ресімдеу бойынша қызмет көрсету;

      жылжымайтын мүліктің мақсатын өзгерту, жер телімдерін үлестерге бөлу бойынша қызмет көрсету;

      клиенттің өтініші бойынша кепілмен қамтамасыз ету болып табылатын көлік құралының тіркеу нөмірін ауыстыруға, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге, көлік құралы бойынша жоғалған құжаттарды қалпына келтіруге рұқсат беру туралы анықтаманы беру жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссиялар;

      7) банктік қарыз шарты, микрокредит беру туралы шарт бойынша клиенттің міндеттемелерін қамтамасыз ететін және кепіл берушінің пайдалануындағы кепіл шарты бойынша кепіл затын сақтандыру кезіндегі клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдерін қоспағанда, егер сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы басталған жағдайда екінші деңгейдегі банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - банк), микроқаржы ұйымы пайда алушы болса, клиенттің сақтандыру ұйымының пайдасына төлемдері;

      8) клиенттің кепілдік (кепілгерлік) алу үшін кепілгерге (кепілдік берушіге), кепілге берілетін мүлікті бағалау үшін бағалаушыға төлемдері;

      9) банкке, микроқаржы ұйымына клиенттерді тарту, клиенттер ұсынатын құжаттарды қарыз, микрокредит беру талаптарына сәйкестікке тексеруді жүзеге асыру, клиенттердің құжаттарын банкке, микроқаржы ұйымына беру, банктің, микроқаржы ұйымының клиенттерінен қарыздарды, микрокредиттерді өтеу есебіне төлемдер мен аударымдарды қабылдау бойынша қызмет көрсететін ұйымдардың (делдалдардың) пайдасына клиенттің төлемдері;

      10) клиенттің өтініші бойынша қарыз, микрокредит бойынша несие берешегі туралы анықтаманы бергені үшін;

      11) қарызды ішінара (толығымен) мерзімінен бұрын өтегені үшін.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты банктік шоттарды жүргізгені үшін комиссия белгіленбейді және жеке тұлғаның ипотекалық қарыз шарттары бойынша өндіріп алынбайды.".

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады