Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 275 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 шілдеде № 13930 болып тіркелді

      «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12-2) тармақшасына13-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі жөніндегі қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі;
      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді беру мерзімділігі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бес жұмыс күні ішінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
      3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрлеріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 23 шілдеден бұрын қолданысқа енгізілмейді.

      Қазақстан Республикасы          Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы                Ақпарат және коммуникациялар
      министрінің міндетін атқарушы   министрі
      ____________ Е. Нысанбаев       ___________ Д. Абаев

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының     
2016 жылғы 23 маусымдағы № 275
және Қазақстан Республикасы 
Ақпарат және коммуникациялар 
министрінің          
2016 жылғы 29 маусымдағы № 20 
бірлескен бұйрығына      
1-қосымша           

Астық қолхаттарын шығара отырып қойма қызметі жөніндегі
қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыруға арналған
лицензиялар бойынша деректерді астық қолхаттарын ұстаушылардың
мемлекеттік электрондық тізіліміне беру нысаны мен көлемі

Бірегей құжаттың нөмірі

Әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК)

Әкімшілік өтініштің нөмірі мен коды (ӘӨНМК)

Бірегей өтініштің нөмірі

Сериясы

Нөмірі

Мәртебесі

Қолданыс кезеңінің басталуы

Қолданыс кезеңінің аяқталуы

Лицензиаттың БСН

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











кестенің жалғасы

Қызмет түрі

Беру күні

Уәкілетті орган/лицензиар

Телнұсқасын тоқтату/тоқтата тұру/беру күні

Тоқтатыла тұру басталған күн

Тоқтатыла тұру аяқталған күн

11

12

13

14

15

16







Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының     
2016 жылғы 23 маусымдағы № 275
және Қазақстан Республикасы 
Ақпарат және коммуникациялар 
министрінің          
2016 жылғы 29 маусымдағы № 20 
бірлескен бұйрығына      
2-қосымша           

Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық
тізіліміне деректерді беру мерзімділігі

Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне берілетін деректердің атауы

Деректерді беруді және/немесе оларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін мемлекеттік орган

Беру нысаны

Беру мерзімі

1

2

3

4

5


Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия

Рұқсаттар және хабарламалар саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган

Электрондық нысанда

Күн сайын, ведомстволық ақпараттық жүйеде есепке алу объектісімен іс-қимыл жүргізілген күннен бастап

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады