Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 маусымда № 13988 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 207 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.06.2023 № 207 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен орындары туралы мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының назарына жеткізуді;

      6) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің

      төрағасы

      __________________ Н. Айдапкелов

      2016 жылғы 13 маусым



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 499 бұйрығына
1-қосымша
  әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/1?lang=ru

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: мәліметтер

      квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны туралы

      мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, бос лауазымдардың болуы

      және бос жұмыс орындары туралы мәліметтер.

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-1

      Кезеңділігі: тоқсан сайын.

      Есепті кезең 20__жылғы __ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар ауданның (қаланың) халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады.

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %)

Мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны (бірлік)

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны (адам)

Мамандықтар бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны (бірлік)

Мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы

Кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны (бірлік

Бос жұмыс орындары жөніндегі мәліметтер

Кәсіби білімі

Орташа айлық жалақысы (теңге)

Еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі)

Жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша)

Басқа да талаптар (тарифтік разряд,

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ ____________

      басшы                         (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мүгедектігі бар адамдарды
жұмысқа орналастыру квотасын
орындауға арналған жұмыс
орындарының саны, бос
лауазымдар мен бос жұмыс
орындары туралы мәліметтердің
болуы туралы мәліметтер"
әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысанға
қосымша

"Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, бос лауазымдар мен бос жұмыс орындары жөнінде мәліметтердің болуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      ұйымның атауын;

      жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік санын;

      квота мөлшерін (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %);

      мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының санын;

      ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота санын;

      мамандықтар бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) санын;

      мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауын;

      кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының санын;

      бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді, оның ішінде: кәсіби білімін, орташа айлық жалақысын (теңге), еңбек және қызмет жағдайын (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі), жұмыс өтілін (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша), басқа да талаптарды (тарифтік разряд, санат) көрсете отырып, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда ұйымның атауы көрсетіледі.

      5. 2-бағанда жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      6. 3-бағанда квота мөлшері (жұмыскерлердің орташа тізімдік санынан %) көрсетіледі.

      7. 4-бағанда мүгедектігі бар адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлер жұмыс істейтін жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      8. 5-бағанда ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, белгіленген квота саны көрсетіледі.

      9. 6-бағанда мамандықтар бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарының (вакансиялардың) саны көрсетіледі.

      10. 7-бағанда мүгедектігі бар адамдарға арналған бос жұмыс орындарына (вакансияларға) жұмысқа тұруға лауазымдар атауы көрсетіледі.

      11. 8-бағанда кәсіптер (лауазымдар) бойынша бос жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

      12. 9-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің кәсіби білімі көрсетіледі.

      13. 10-бағанда бос лауазымға сәйкес келетін жұмыскердің орташа айлық жалақысы көрсетіледі.

      14. 11-бағанда жұмыскердің еңбек және қызмет жағдайы (толық емес жұмыс күні, икемді жұмыс графигі) көрсетіледі.

      15. 12-бағанда жұмыскердің жұмыс өтілі (осы лауазымдағы кәсібі, мамандығы бойынша) көрсетіледі.

      16. 13-бағанда бос лауазымға үміткер жұмыскерге қойылатын басқа да талаптар (тарифтік разряд, санат) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы
№ 499 бұйрығына
2-қосымша
  әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.09.2022 № 367 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Халықты жұмыспен қамту орталықтарына ұсынылады. Халықты жұмыспен қамту орталықтары ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Ауданның жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органына ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады

      Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған:

      https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/documents/1?lang=ru

      Әкімшілік деректер нысанының атауы:

      Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квотаның орындалуы туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: КРМ-2

      Кезеңділігі: тоқсан сайын;

      Есепті кезең 20__ жылғы_ _ _ _ тоқсан

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдар;

      Ұсыну мерзімі: ұйымдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына мәліметтерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне ұсынады. Облыстың жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы мәліметтерді халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25-күніне ұсынады..

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота (адам)

Квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың саны (адам)

Квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың саны саны (адам)

1

2

3

4

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ ____________

      басшы                         (қолы)

      Күні 20__ жылғы "__" ____________ м.о.

      Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

  "Мүгедектігі бар адамдар
  жұмысқа орналастыруға
  арналған квотаның орындалуы
  туралы мәліметтер" әкімшілік
  деректерді жинауға
  арналған нысанға
  қосымша

"Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұйым жергілікті атқарушы орган мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарына белгілеген квотаға байланысты "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаның орындалуы туралы мәліметтер" ақпаратын мынадай мәліметтерді:

      жұмыскерлердің тізімдік санын;

      белгіленген квотаны;

      квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың санын;

      квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың санын көрсете отырып ұсынады.

      2. Көрсеткіштер іс жүзіндегі деректер бойынша ағымдағы айдың 1-күніне қалыптастырылады.

      3. Мәліметтерге бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      4. 1-бағанда жұмыскерлердің тізімдік саны көрсетіледі.

      5. 2-бағанда белгіленген квота көрсетіледі.

      6. 3-бағанда квотадан тыс жұмыс істейтін мүгедектігі бар адамдардың саны көрсетіледі.

      7. 4-бағанда квота шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдардың саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады