Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 31.10.2018 № 312 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 31.10.2018 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа қоса беріліп отырған деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң міндетін атқарушы 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бiрлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 5 тамыздағы № 11770 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi:
1) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін және осы бірлескен бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін оның төлнұсқасына толық сәйкес келетін графикалық форматтағы көшірмелерін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасы |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
___________________ С. Айтпаева
2016 жылғы 29 маусым
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығына қосымша |
Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде
Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың
тексеру парағы
(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабының
108) тармақшасынасәйкес)
_______________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының
атауы)
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талап етіледі | Талап етілмейді | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | меншiк нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандарының мәтiндерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы | ||||
2 | бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттардың мәтiндерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де) жазылуы | ||||
3 | көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де) |
Лауазымдық тұлға (тұлғалар) __________ ______
(лауазымы) (қолы)
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
жетекшісі _____________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), (қолы)
лауазымы)