"Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 312 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 50 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17679 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 23-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркелудің тізілімінде № 14040 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі
      _____________ А. Мұхамедиұлы
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Т. Сүлейменов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуратурасы Құқықтық
      статистика және арнайы есепке
      алу жөніндегі комитетінің төрағасы
      _______________ Қ. Жақыпбаев
      2018 жылғы "___" __________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады