Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14098 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.10.2019 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне орналастыру үшін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) осы тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысы Ж.М. Қожахметовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2016 жылғы 22 шілде



  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 20 шілдедегі
№ 47 бұйрығымен бекітілген

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

      Ескерту. Тізілім жаңа редакцияда – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 24.12.2018 № 535 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Звено

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы - Басқарушы персонал

А1

1

Республикалық маңызы бар ММ* басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ* басшысының орынбасары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ* Әкімшілік-қаржылық басқармасының басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ* бас бухгалтері


2

Республикалық маңызы бар ММ* басқармасының басшысы

В блогы - Негізгі персонал

В1

2

Республикалық маңызы бар ММ* бас сарапшысы

3

Республикалық маңызы бар ММ* жетекші сарапшысы

4

Кеңесші

С блогы – Әкімшілік персонал

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: заңгер;
экономист;
мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер; мұрағатшы;
аудармашы;
инспектор;
бухгалтер;
әдіскер;
барлық мамандықтар инженерлері.

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: инспектор;
заң кеңесшісі;
экономист;
мұрағатшы;
аудармашы;
бухгалтер;
барлық мамандықтар инженерлері;
шаруашылық (қойма) меңгерушісі.

D блогы - Қосалқы персонал

D


Техникалық орындаушылар:
хатшы;
көшіру-көбейту машиналарының операторы;
іс жүргізуші.

      Ескертпе:

      * ММ - мемлекеттік мекеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады