"Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 47 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 535 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18067 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 11.10.2019 № 394 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 47 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14098 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 535 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 20 шілдедегі
№ 47 бұйрығымен бекітілген

Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі

Звено

Саты

Лауазымдар атауы

А блогы - Басқарушы персонал

А1

1

Республикалық маңызы бар ММ* басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ* басшысының орынбасары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ* Әкімшілік-қаржылық басқармасының басшысы

1-1

Республикалық маңызы бар ММ* бас бухгалтері


2

Республикалық маңызы бар ММ* басқармасының басшысы

В блогы - Негізгі персонал

В1

2

Республикалық маңызы бар ММ* бас сарапшысы

3

Республикалық маңызы бар ММ* жетекші сарапшысы

4

Кеңесші

С блогы – Әкімшілік персонал

С2


Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар: заңгер;
экономист;
мемлекеттік сатып алу бойынша менеджер; мұрағатшы;
аудармашы;
инспектор;
бухгалтер;
әдіскер;
барлық мамандықтар инженерлері.

С3


Әкімшілік функцияларды орындайтын біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: инспектор;
заң кеңесшісі;
экономист;
мұрағатшы;
аудармашы;
бухгалтер;
барлық мамандықтар инженерлері;
шаруашылық (қойма) меңгерушісі.

D блогы - Қосалқы персонал

D


Техникалық орындаушылар:
хатшы;
көшіру-көбейту машиналарының операторы;
іс жүргізуші.

      Ескертпе:

      * ММ - мемлекеттік мекеме

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады