Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 11-1-2/303 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14141 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі                       Е.Ыдырысов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 25 шілде

Қазақстан Республикасы 
Сыртқы істер министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 11-1-2/303 бұйрығымен
бекітілген        

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

Атауы

Функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдарының саны

Жедел

Қазақстанға ресми іс-сапарлармен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алулар мен шығарып салулар; Дипломатиялық корпустың қатысуымен шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі

3

Ескертпе: * арнайы көлік құралы - Қазақстанға ресми іс-сапарлармен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алулар мен шығарып салулар; Дипломатиялық корпустың қатысуымен шараларды ұйымдастыру және өткізуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады