"Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 10 тамыздағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14146 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тармағына сәйкес және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 139 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10068 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың такырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1. Қоса беріліп отырған Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесі»;
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1. Осы Жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Бюджет кодексі) 45-бабына сәйкес әзірленді және үшжылдық кезеңге және олар өзгерген жағдайда әрбір үш жылға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау кезінде қолданылады.»;
      7–тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды және шешімімен жоспарланатын кезеңде қолданысқа енгізуді көздейтін ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауынан кейін жатады;»;
      14–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Ағымдағы шығындарды есептеген кезде:
      Алматы мен Астана қалалары үшін, олардың ерекше мәртебесін ескере отырып, тиісінше 1, 25 және 1, 5 жоғарылату коэффициенттері қолданылады;
      облыстық маңызы бар қалалар үшін, қажеттілігіне қарай жоғарылату коэффициенттері қолданылады, оның көлемі облыстың бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді, бірақ 1, 2 аспайды.»;
      15 және 16–тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы шығындарды қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөлінісінде анықталады.
      і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ағымдағы есептік шығындарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көметің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған шығындар есепке алынады.
      Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу әр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,
      мұндағы:
      КШі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) күрделі сипаттағы есептік шығындары;
      ЕШі - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ағымдағы есептік шығындары;
      k - күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатысының шамасы.
      Республикалық бюджет пен облыстардың республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k шамасы 6,5% тең болады.
      16. k коэффициентінің шамасы облыстық бюджет пен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін облыстың бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.»;
      17–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның ағымдағы шығындардың (облыстық маңызы бар қала) болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.
      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемінің есептеулері әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:
      БДБШi = r*ЕШі,
      мұндағы:
      БДБШi - і-облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;
      ЕШi - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қала) ағымдағы есептік шығындары;
      r - бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.»;
      «Қорытынды ережелер» деген 5–бөлім мынадай мазмұндағы 21 тармақпен толықтырылсын:
      «21. Жергілікті атқарушы органдарға осы әдістеме негізінде жеке әдістемелерін әзірлеу және бекіту құқығы беріледі.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесіне қосымшасында «Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттер»:
      8–бөлім мынадай редакцияда жазылсын

«

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

урбанизация;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Спорт

ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Ақпараттық кеңістік

урбанизация;
ауқым;
ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Туризм

Туризм, тәулігіне төсек орын саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Мәдениетті, спортты, туризмді және ақпараттық кеңістікті ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

урбанизация;
ауқым;
жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

                                                                   »;
      2. Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы                            М. Құсайынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады