Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 337 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 31 тамызда № 14191 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылы 28 шілдедегі
№ 337 бұйрығымен бекітілген

Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі
1–тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" 2016 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Әдістеме Тұрғын үй құрылысына Бірыңғай операторының (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) капитал жеткіліктілігі нормативінің мәнін есептеуді айқындайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2–тарау. Капитал жеткіліктілігі нормативін есептеу тәртібі

      3. Капитал жеткіліктілігі нормативі (бұдан әрі – КЖН) мына формула бойынша есептеледі:

КНЖ =

Меншікті капитал
________________________________________________________

тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген шартты міндеттемелер

      мұнда:

      меншікті капитал – қаржылық жағдайы (бухгалтерлік баланс) туралы есепке сәйкес, Бірыңғай оператор капиталының мөлшері;

      тәуекел дәрежесі бойынша сараланған шартты міндеттемелер – Заңның 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті орган бекітетін Кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті есептеу және қалыптастыру әдістемесіне сәйкес қалыптастырылған кепілдік беру жағдайларын реттеуге арналған резервті қоспағанда, Заңмен анықталған көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау құнына тең берілген кепілдіктер бойынша Бірыңғай оператордың міндеттемелері.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 № 504 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні 0,1 мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 11.09.2017 № 621 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады