"Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 337 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 621 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қыркүйекте № 15701 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 337 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14191 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйырықпен бекітілген Капиталдың жеткіліктілік нормативін айқындау әдістемесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Капитал жеткіліктілігі нормативінің шекті мәні 0,1 мөлшерінде белгіленеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушы
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады