"Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 қыркүйекте № 14204 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.10.2020 № ҚР ДСМ-175/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген, "Казахстанская правда" 2011 жылғы 24 ақпанда № 68-69 (26489-26490), 2011 жылғы 26 ақпанда № 72-73 (26493-26494), 2011 жылғы 2 наурызда № 76-77 (26497-26498), 2011 жылғы 5 наурызда № 82-83 (26503-26504), 2011 жылғы 6 наурызда № 84-85 (26505-26506), 2011 жылғы 10 наурызда № 86-87 (26507-26508), 2011 жылғы 15 наурызда № 92-93 (26513-26514), 2011 жылғы 16 наурызда № 94-95 (26515-26516), 2011 жылғы 17 наурызда № 96-97 (26517-26518), 2011 жылғы 29 наурызда № 105-106 (26526-26527), 2011 жылғы 30 наурызда № 107-108 (26528-26529), 2011 жылғы 6 сәуірде № 116 (26537), 2011 жылғы 12 сәуірде № 121-122 (26542-26543), 2011 жылғы 13 сәуірде № 123-124 (26544-26545), 2011 жылғы 14 сәуірде № 125-126 (26546-26547), 2011 жылғы 19 сәуірде № 131-132 (26552-26553), 2011 жылғы 20 сәуірде № 133 (26554), 2011 жылғы 21 сәуірде № 134-135 (26555-26556), 2011 жылғы 23 сәуірде № 138 (26559), 2011 жылғы 26 сәуірде № 139 (26560), 2011 жылғы 30 сәуірде № 144-145 (26565-26566), 2011 жылғы 7 мамырда № 150-151 (26571-26572), 2011 жылғы 14 мамырда № 156-157 (26577-26578), 2011 жылғы 21 мамырда № 163-164 (26584-26585), 2011 жылғы 28 мамырда № 170-171 (26590-26591), 2011 жылғы 4 маусымда № 177-178 (26598-26599), 2011 жылғы 11 маусымда № 185-186 (26606-26607) газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      3-қосымшада:

      "Медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдама" 088/у нысаны мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе. Жолдама электрондық түрде толтырылады және ДКК төрағасының және МСС бөлімі бастығының электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады.

      Жолдамаға автоматтандырылған режимде ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын бірегей нөмір беріледі".

      2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (келісім бойынша) және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының (келісім бойынша), ғылыми-зерттеу институттары (келісім бойынша) мен ғылыми орталықтардың (келісім бойынша) басшылары денсаулық сақтау ұйымдарында денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын электрондық түрде жүргізу үшін жауапты адамдарды белгілесін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпараттандыруды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің бір данасын жіберуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады