"Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14232 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидаларға 2-қосымшаның 11-тармағының 10) және 11) тармақшаларын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрінің міндетін атқарушы А. Әріпханов
      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 18 тамыз

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 370 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 16 қаңтардағы
№ 17 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің, оның ішінде тендер өткізудің, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;

      2) баланс ұстаушы – объект жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;

      3) басқару органы – акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және/немесе мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган;

      4) бастапқы баға – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушының бағалау туралы есебі негізінде айқындалатын, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы объектіні кейiннен сатып алу құқығымен сенiмгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдаған жағдайда тендерлік комиссия белгілейтін объектінің құны;

      5) жабық тендер – қатысушылардың шектеулi тобы қатысатын тендер;

      6) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған заңды тұлға;

      7) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі – құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган;

      8) объект – мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ өзге мемлекеттік мүлік;

      9) объектінің нарықтық құны – мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен және мәжбүрлеусіз әрекет еткен жағдайда, бәсекелестік жағдайындағы мәміле негізінде ол бойынша сенімгерлік басқару объектісі кейіннен сатып алу құқығымен иеліктен шығарылуы мүмкін болатын есептік ақшалай сома;

      10) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;

      11) тендер – бұл құрылтайшы үшін ең үздік шарт талаптарын ұсынған тендерге қатысушылардың бірімен оның ұсынған бастапқы шарттарының негізінде құрылтайшы шарт жасасуға міндеттенетін, электрондық форматта тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі сауда-саттық нысаны;

      12) тендер жеңімпазы – объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объект үшін ең жоғары баға ұсынған тендерге немесе жабық тендерге қатысушы немесе объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру кезінде тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шарттарды ұсынған тендерге немесе жабық тендерге қатысушы;

      13) тендерге қатысушы – тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

      14) тендерлік комиссия – объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерді немесе жабық тендерді ұйымдастыру және өткізу үшін құрылтайшы құрған комиссия;

      15) тендерлік ұсыныс – объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз беру кезінде объектіні сенімгерлік басқарудың ұсынылып отырған шарттарын сипаттауды қамтитын, құрылтайшының талаптарына сәйкес құрылған қатысушының ұсынысы;

      16) тізілімнің веб-порталы – Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасына бірыңғай қолжетімділік нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;

      17) шарт – құрылтайшы мен сенімгерлік басқарушының арасында жасалған объектіні сенімгерлік басқару шарты;

      18) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      19) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

2-тарау. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру тәртібі

      3. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді құрылтайшы қабылдайды, ол туралы мәліметті құрылтайшы сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасына шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде енгізеді.

      4. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру тендерлік негізде жүзеге асырылады.

      5. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мыналарды:

      1) объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге беруге дейінгі Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның заңды тұлғаның жарғылық капиталын төлеуге беру туралы шешімі болған кезде;

      2) жаңадан салынған газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін бір жылдан аспайтын мерзімге беру;

      3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

      4) жылжымайтын мүлік объектілерін және халықаралық келісімдерді іске асыру үшін құрылған акционерлік қоғамдардың акцияларын беру;

      5) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру;

      6) қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының балансында бекітілген объектілерді беру;

      7) заңды тұлғалардың дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) дербес білім беру ұйымдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және оның жүйесіне кіретін заңды тұлғаларға беру;

      8) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, ақылы қозғалысты ұйымдастыру үшін оларды Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға беру;

      9) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор акцияларының мемлекеттiк пакетiн беру;

      10) опера және балет өнерін дамыту үшін құрылған, жалпы алаңы кемінде 60 000 шаршы метр ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және өзге мүлікті қамтитын кешендер түріндегі театрларды беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидалардың 5-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру объектіні сенімгерлік басқаруға беру өтініші (бұдан әрі – өтініш) негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініш мынадай құжаттарды:

      заңды тұлғалар үшін:

      салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, куәліктің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының (құрылтай шарты және жарғы) көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

      өтініш берген күнге дейін кемінде бір ай бұрын берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені (бар екені) туралы мәліметтерді (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда);

      2) жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;

      3) дара кәсіпкер үшін – салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелерін не көрсетілген құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берген күнге дейін кемінде бір ай бұрын берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екені (бар екені) туралы мәліметтерді (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) ұсына отырып, объектінің атауын, оның баланс ұстаушысын, сондай-ақ объектіге қажеттілік негіздемесін көрсетумен еркін нысанда ресімделеді.

      7. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде өтінішті құрылтайшы он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Құрылтайшы үш жұмыс күні ішінде объектіні сенімгерлік басқаруға беруге алынған өтінішті баланс ұстаушыға немесе басқару органына (акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) беру кезінде) келісуге жібереді. Өтінішке қоса берілетін құжаттар баланс ұстаушыға жіберілмейді.

      Баланс ұстаушы немесе басқару органы (акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) беру кезінде) жеті жұмыс күні ішінде құрылтайшыға объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныспен жазбаша түрде келісімді немесе объектіні сенімгерлік басқаруға беруден бас тартуды ұсынады.

      Құрылтайшы объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру немесе бермеу туралы өтінішті қарау нәтижелері туралы өтініш берушіні хатпен хабардар етеді

      8. Объектіні тендер өткізбестен сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы адам өтініш берілген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады.

3-тарау. Объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау тәртібі

      9. Басқару органы құрылтайшыға акциялары (үлестері) не мүліктік кешені объект болып табылатын заңды тұлғаның құрылтай құжаттарын, соңғы үш қаржы жылындағы қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныстарды және тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды береді.

      Өзге объектілер бойынша басқару органы құрылтайшыға объектінің сипаттамасын, объектінің баланстық құны туралы мәліметтерді және объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды белгілеу туралы ұсыныстарды және объект қызметінің ерекшелігін ескере отырып тендерге қатысушыларға қойылатын талаптарды береді.

      10. Мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ акциялары мен жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің қатысу үлестері сенімгерлік басқаруға беру объектісі болып табылатын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың лауазымды адамдары құрылтайшының жазбаша сұрау салуы бойынша объектіні сенімгерлік басқаруға беруге дайындау үшін қажетті мәліметтерді жеті жұмыс күні ішінде береді.

4-тарау. Тендер өткізуге дайындық өткізу тәртібі

      11. Құрылтайшы сенімгерлік басқаруды тағайындау мақсатында:

      1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);

      2) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;

      3) тендердің немесе жабық тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;

      4) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;

      5) объектіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      12. Құрылтайшы тендерлер немесе жабық тендерлер ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссия құрады.

      Тендерлік комиссияның құрамына құрылтайшының, басқару органының және өзге мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және өңірлік кәсіпкерлер палаталарының (жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларда) және өзге ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

      Тендерлік комиссияның төрағасы мен хатшы құрылтайшының өкілдері болып табылады. Тендерлік комиссия мүшелерінің саны кемінде бес адамды құрайды. Хатшы тендерлік комиссияның мүшесі болып табылмайды.

      13. Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) тендердің немесе жабық тендердің шарттарын және тендерге немесе жабық тендерге қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды айқындайды;

      2) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;

      3) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектінің бастапқы бағасын белгілейді;

      4) мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер немесе жабық тендер өткізеді;

      5) объект кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда тендер немесе жабық тендер жеңімпазын жариялайды.

5-тарау. Тендерлік құжаттама

      14. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялайды, ал объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендер өткізгенге дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын тізілімнің веб-порталында және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-7-тарауларына сәйкес құрылтайшы конкурс тәсілімен айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды және мынадай мәліметтерді:

      1) тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын айқындау өлшемшарттарын;

      2) объектінің қысқаша сипаттамасын;

      3) тендерді өткізу күнін, уақытын;

      4) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) беру тәртібін, мерзімін;

      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банк деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);

      6) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектінің бастапқы бағасын;

      7) тендер қатысушысына (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды қамтиды.

      15. Тендерлік комиссия тендердің шарттарын өзгерткен жағдайда, барлық өзгерістер туралы хабарлама осы Қағидалардың 14-тармағында белгіленген тәртіппен және мерзімде жарияланады.

      Тендердің шарттары өзгергені туралы хабарлама жарияланғанға дейін өтінім берген және осыған байланысты тендерге қатысудан бас тартқан адамдарға бірыңғай оператор осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тендерге қатысушы берген кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей кепілдік жарналарды қайтарады.

      16. Акциялары (қатысу үлестері) немесе мүліктік кешені сенімгерлік басқару объектісі болып табылатын әрбір заңды тұлға бойынша хабарлама жарияланғанға дейін құрылтайшы мынадай құжаттардың:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама;

      2) жарғы;

      3) жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (акционерлік қоғамдар үшін);

      4) есепті кезеңнің алдындағы үш жылдағы қосымшаларымен бухгалтерлік баланстар көшірмелерінен тұратын объект туралы ақпарат дайындайды.

      Хабарлама жарияланғаннан кейін бірыңғай оператор барлық тілек білдіргендерге тізілімнің веб-порталында орналастырылған объект туралы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал баланс ұстаушы объектіні көруге еркін қатынауын қамтамасыз етеді.

      17. Бірыңғай оператор тізілім веб-порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қатысушылардың кепілдік жарналарын қабылдайды, құрылтайшының шотына тендерде немесе жабық тендерде жеңген қатысушының кепілдік жарнасын аударады және тендердің басқа қатысушыларына кепілдік жарналарды қайтарады.

      18. Тендерге немесе жабық тендерге қатысушылар тендер немесе жабық тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген мөлшерде, мерзімде және тәртіппен кепілдік жарнаны енгізеді. Кепілдік жарнаны қатысушының өзі не оның атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді. Бір кепілдік жарна бір объектінің тендеріне қатысуға мүмкіндік береді. Бірыңғай оператор кепілдік жарнаны алушы болып табылады.

      19. Тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін кепілдік жарна әрбір объект үшін оның бастапқы бағасының (объектіні сатып алу құқығымен берген жағдайда) немесе баланстық құнының (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) үш пайызы мөлшерінде жеке белгіленеді.

      20. Кепілдік жарна қатысушының мынадай:

      1) тендердің немесе жабық тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;

      2) құрылтайшымен шарт жасасу міндеттемелерін қамтамасыз етуінің кепілі ретінде енгізіледі.

      21. Осы Қағидалардың 15-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушы тендердің немесе жабық тендердің өткізілуіне кемінде үш жұмыс күні қалғанға дейін оған қатысудан бас тартқан жағдайда бірыңғай оператор кепілдік жарнаны қайтармайды.

      Құрылтайшы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:

      жеңімпаз тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған;

      объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген жағдайда жеңімпазға;

      сенімгерлік басқарушы объектіні сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайда қайтармайды.

      Қалған барлық жағдайларда бірыңғай оператор осы қатысушының деректемелерін көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында тендерге немесе жабық тендерге қатысушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қойған, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтінішті берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде кепілдік жарналарды қайтарады.

      22. Бірыңғай оператор тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ-ны пайдалана отырып құрылтайшы қол қойған кепілдік жарнаны аударуға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тендерде немесе жабық тендерде жеңіске жеткен қатысушының кепілдік жарнасын құрылтайшының шотына аударады.

      23. Тендер немесе жабық тендер жеңімпазының кепілдік жарнасын құрылтайшы шарт жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:

      1) бюджетке аударады және аталған төлем шарт бойынша (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен берген жағдайда) тиісті аванстық төлем шотына есептеледі;

      2) қатысушыға (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген жағдайда) тендер немесе жабық тендер қатысушысының өтініші болған кезде қайтарады.

6-тарау. Тендерді өткізу тәртібі

      24. Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

      25. Тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:

      1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

      4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

      26. Тендерге немесе жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.

      27. Өтінімге:

      1) тендерлік ұсыныс (объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген кезде);

      2) тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде);

      3) құжаттардың "PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:

      тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;

      "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;

      жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;

      тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;

      хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.

      28. Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуын автоматты түрде тексереді.

      Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

      Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдауды жүзеге асырады.

      Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

      29. Тендер немесе жабық тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбі – жұма аралығында тізілімнің веб-порталында өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап сағат 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі.

      30. Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің немесе жабық тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ тұлға тендерге немесе жабық тендерге қатысушы болып табылмайды.

      31. Өтінімдер, өтінімдерге қоса берілген тендерлік және баға ұсыныстары, қатысушылар құжаттарының электрондық (сканерленген) көшірмелері тізілімнің веб-порталында сақталады және тендер өткізу туралы хабарламада немесе жабық тендерге қатысуға шақыруда көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.

      32. Өтінімдерді ашу тендер өткізу туралы хабарламада немесе жабық тендерге қатысуға шақыруда көрсетілген тендердің немесе жабық тендердің күні мен уақыты келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

      33. Құрылтайшы тізілімнің веб-порталында тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушыларды айқындау мақсатында өтінімдерді, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қарайды.

      Қатысушы хабарламада көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген кезде немесе осы Қағидалардың 27-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуі болмаған жағдайда немесе созылмалы банктік қарыз немесе салықтық қарыз болған жағдайда құрылтайшы қатысушыны себебін көрсете отырып, тендерге немесе жабық тендерге жібермейді.

      34. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берген кезде тендерлік комиссияның жеңімпаз туралы шешімі құрылтайшы тендерге немесе жабық тендерге жіберген қатысушылардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілігінің дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      35. Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге немесе жабық тендерге жіберген тендерге немесе жабық тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды.

      Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге немесе жабық тендерге қатысушылар ұсынған бағалар сәйкес (тең) болған жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.

      36. "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 100-бабының 2-тармағына сәйкес сауда-саттық жария болады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ерекше жағдайларда тендер жабық болуы мүмкiн.

      37. Жабық тендерге мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде тендерлік комиссия айқындайтын қатысушылардың шектелген тобы қатысады.

      38. Жабық тендердің барлық шарттарымен жабық тендерге қатысуға жазбаша шақыруларды құрылтайшы жібереді. Қатысуға шақыру жіберілген адамдарды тіркеу жазбаша шақырулар жіберілген күннен бастап тізілімнің веб-порталында жүргізіледі және жабық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

      39. Жабық тендер өткізуге дайындық тәртібі, тендерлік құжаттаманың мазмұны, жабық тендер өткізу, нәтижелерін ресімдеу және сенімгерлік басқару жөніндегі шарттың мазмұны ашық тендерге белгіленген тәртіпке сәйкес белгіленеді.

7-тарау. Тендер нәтижелерін ресімдеу тәртібі және шарттың мазмұны

      40. Тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттама жеңімпаз бен құрылтайшының тендер немесе жабық тендер шарттарында және жеңімпаздың ұсыныстарында шарт жасасу міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.

      41. Тендерлік комиссия хатшысы объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерді немесе жабық тендерді өткізу күні тізілімнің веб-порталында тендер нәтижелері туралы хаттаманы қалыптастырады және оны барлық комиссия мүшелері ЭЦҚ-ны пайдала отырып қол қою рәсімінен кейін жариялайды.

      Комиссия мүшесі тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда комиссия хатшысы тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған тендерлік комиссия мүшелерін хаттамада көрсетеді.

      42. Тізілімнің веб-порталы жеңімпазға тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді.

      Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер нәтижелері туралы хаттамада:

      1) себептерін көрсете отырып жіберілмеген қатысушылар тізімі;

      2) жіберілген қатысушылар тізімі;

      3) жеңімпаз көрсетіледі.

      43. Тендер нәтижелері туралы хаттамаға (объектіні сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығымен немесе сатып алу құқығынсыз беру бойынша) тендер немесе жабық тендер өткізілген күні құрылтайшы және жеңімпаз қол қояды.

      44. Тендер немесе жабық тендер мынадай жағдайларда:

      1) тендерлік комиссия барлық қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын тендер немесе жабық тендер шарттарын қанағаттандырмайды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді деп таныса;

      2) екінші және кейінгі тендерлерді немесе жабық тендерлерді қоспағанда, тіркелген не тендерге немесе жабық тендерге жіберілген қатысушылардың саны екеуден кем болса;

      3) тендер жеңімпазы тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда өткізілмеді деп танылады.

      45. Егер тендер немесе жабық тендер өтпеді деп жарияланса, құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламада немесе жабық тендерге қатысуға шақыруда көрсетілген тендер немесе жабық тендер күні мен уақытынан кейін жиырма төрт сағат ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын өтпеген тендер туралы актіге қол қояды.

      Осы Қағидалардың 44-тармағының 2) тармақшасының негізінде тендер немесе жабық тендер өтпеді деп танылған жағдайда баға ұсыныстары ашылмайды.

      Жеңімпаз тендер нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа белгіленген мерзімде қол қоймаған жағдайда құрылтайшы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендер нәтижелерін жою туралы актіге қол қояды.

      46. Тендерді немесе жабық тендерді өткізуге кедергі болатын тізілім веб-порталының техникалық ақаулық фактісі болған жағдайда, бірыңғай оператор бұл туралы құрылтайшыға жазбаша хабарлайды және тізілімнің веб-порталында ақпарат орналастыру және тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына электрондық хабарлама жіберу арқылы аталған тендерді немесе жабық тендерді жалғастыру күні мен уақыты туралы тендерге немесе жабық тендерге қатысқан қатысушыларды алдын ала міндетті түрде хабардар ете отырып, тендерді техникалық ақаулықты жойған күннен кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырады.

      47. Тіркелген қатысушылардың болмауына байланысты екінші және кейінгі тендерлер немесе жабық тендерлер өткізілмеді деп танылған кезде тендерлік комиссия тендер немесе жабық тендер шарттарын, объектіні сатып алу бағасын өзгертуі және жаңа тендер немесе жабық тендер жариялауы мүмкін.

      48. Объектіні сенімгерлік басқару осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгілік шартқа сай жасалатын шарт негізінде туындайды (құрылады).

      Құрылтайшының басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап он жұмыс күннен кешіктірмей сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады.

      Тендер жеңімпазы құрылтайшыға шартқа қол қою кезінде өтінімге қоса тіркелген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат растаған көшірмелерін тексеру үшін ұсынады.

      49. Жылжымайтын мүлікке арналған сенімгерлік басқару шарты мемлекеттік тіркелуі тиіс. Шартты мемлекеттік тіркеу сенімгерлік басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      50. Шарт тендер жеңімпазының тендерлік ұсыныстарына сәйкес шарттарды көздейді.

      51. Қажет болған жағдайда мыналарға:

      1) объектіге инвестициялардың көлеміне, түрлеріне және мерзімдеріне;

      2) өндіріс көлеміне, шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің түрлері мен номенклатурасына;

      3) белгілі бір тұтынушыларға өнімді жеткізуге;

      4) баға белгілеуге, оның ішінде бағалардың шекті деңгейі бойынша шектеулерге;

      5) табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге;

      6) қазіргі жұмыс орындарының санын сақтап қалуға немесе жаңаларын ашуға;

      7) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін пайдалану тәртібіне;

      8) объектінің берешектерін белгіленген мерзімдерде өтеуге;

      9) сенімгерлік басқарушының объектіні кейін сатып алуына;

      10) мәмілелер жасасуға және/немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде объектіге қатысты белгілі бір іс-қимылдарға тыйым салуға;

      11) объектінің нарықтық құнын төлеу үшін бөліп төлеуді ұсынуға;

      12) объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде туындайтын салықтық міндеттемелерге қатысты сенімгерлік басқару міндеттемелері объектіні сенімгерлік басқаруға беру шарттары болады.

  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі
тендерге қатысуға
ӨТІНІМ

      1. _____ мерзімге кейіннен сатып алу (құқығымен/құқығынсыз) ________________ ________________________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер өткізу туралы жарияланған хабарламаны қарап және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларымен таныса отырып, мен, төменде қол қоюшы

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толығымен, не заңды тұлғаның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      тендерге қатысуға өтінімді қабылдауды және 20__ жылғы "___" _______________ Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін тендерге қатысушы ретінде тіркеуді сұраймын.

      2. Біз (мен) ________________________________________ сомасында (сомасы теңгемен, оның ішінде жазумен көрсетіледі) тендерге қатысу үшін хабарламада көрсетілген мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) шотына:

      ________________________________________________________________________________

      (ЖСН, БСН, төлемді тағайындау коды, Кбе, мекеменің коды) кепілдік жарна енгіздік (енгіздім).

      Кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектілері туралы мәлеметтер:

Сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Аударылуы тиіс кепілдік жарнаның сомасы, теңге





Жиыны


      Енгізілген кепілдік жарналар туралы мәліметтер:

Р/с

Кепілдік жарнаның мақсаты және тендерге қатысу үшін кепілдік жарна енгізілген сенімгерлік басқару объектісінің атауы

Төлем құжатының №

Төлем құжатының күні

Кепілдік жарнаның сомасы, теңге

1





2






Жиыны




      3. Біздің (менің) қатысушыға қойылатын талаптарға сәйкес еместігіміз айқындалған жағдайда, біз (мен) тендерге қатысу құқығынан айырылатынымызға (ма), біз (мен) тендерде жеңіске жеткен жағдайда біз (мен) қол қойған Тендердің нәтижелері туралы хаттама мен Сенімгерлік басқару шарты жарамсыз деп танылатынына келісемін.

      4. Егер біз (мен) тендердің жеңімпазы болған жағдайда, өзімізге Тендер нәтижелері туралы хаттамаға тендер өткізілген күні қол қою және Тендердің нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, хабарламада көрсетілген және біз (мен) ұсынған тендердің шарттарында Сенімгерлік басқару шартын жасасу міндеттемелерін қабылдаймыз.

      5. Мына:

      тендерді өткізуден кем дегенде үш жұмыс күні бұрын оған қатысудан бас тартқан;

      тендердің нәтижелері туралы хаттамаға не шартқа қол қоймаған;

      объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген;

      кейіннен сатып алу құқығынан бас тартқан жағдайларда, енгізілген кепілдік жарна сомасы қайтарылмайтынымен және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысында қалатынымен келісемін (міз).

      6. Осы өтінім Тендердің нәтижелері туралы хаттамамен бірге Сенімгерлік басқару шартын жасасуға дейін қолданылатын шарт күшіне ие.

      7. Өзім(із) туралы мынадай мәліметтерді ұсынамын (-мыз):

      Заңды тұлға үшін:

      Атауы _______________________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________________

      Басшының тегі, аты, әкесiнiң аты ______________________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК _____________________________________________________________________

      БСК ______________________________________________________________________

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН__________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1) ________________________________________________________________________

      2) ________________________________________________________________________

      3) ____________________________________________________________ қоса беріледі.

      Жеке тұлға үшін:

      Тегі, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда):

      ЖСН _____________________________________________________________________

      Паспорт деректері __________________________________________________________

      Мекенжайы: _______________________________________________________________

      Телефон (факс) нөмірі: ______________________________________________________

      Кепілдік жарнаны қайтару үшін банк деректемелері:

      ЖСК _____________________________________________________________________

      БСК ______________________________________________________________________

      Банктің атауы ______________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      Кепілдік жарнаны төлеген адамның ЖСН/БСН__________________________________

      Өтінімге мыналар:

      1) ________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3) ________________________________________ қоса беріледі.

      ________ ________________________________________________________________

      (қолы)       (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты немесе заңды тұлғаның атауы

      және басшының тегі, аты, әкесiнiң аты

      20__ ж. "___"____________.

      М.О.

      Өтінімді мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы

      20__ ж. "___"____________20__ ж. сағат "___" минутта қабылдады.

      Тендерге қатысушының нөмірі___________________________________

  Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік
басқаруға беру қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты

      (объектінің атауы)

      _____________ қ.      № _____ 20__ жылғы "___" _____________________

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20__ жылғы "___" _________№ ____ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 20__ жылғы "___" __________ № ____________бұйрығымен бекітілген _______________________________________________ (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы) туралы ереженің немесе жергілікті атқарушы орган коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган ережесінің негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________________ (мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық меншікті басқаруға жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген) атынан бұдан әрі "Құрылтайшы" деп аталатын басшы

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      бір тараптан және бұдан әрі "Сенімгерлік басқарушы" деп аталатын,

      ________________________________________________________________________________

      (20__ жылғы "___" _________ № ____ жарғының, ереженің, сенімхаттың)

      негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

1. Шарттың нысанасы

      1. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға, бұдан әрі "Объект" деп аталатын

      ________________________________________________________________________________

                              (мүліктің атауы)

      сенімгерлік басқаруға береді, ал Сенімгерлік басқарушы осы Шарт бойынша пайда алушы болатын Құрылтайшының мүдделеріне сай Объектіні басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      2. Объект Сенімгерлік басқарушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Шартта көзделген тәртіппен және шарттарда сенімгерлікпен басқаруға беріледі.

      3. Сенімгерлік басқарушы өзіне мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жылжымайтын мүлікті тек қана Қазақстан Республикасының заңдарында, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта көзделген жағдайларда не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысының жазбаша келісімімен иеліктен шығарады немесе кепілге береді. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару туралы шартта өзгеше көзделмесе, сенімгерлік басқарушы жылжымалы мүлікке билік етуге құқылы.

      4. Осы Шарт Сенімгерлік басқарушының Объектіге сенімгерлік басқаруды жүзеге асыруға құқығын куәландыратын негіздеме болып табылады.

      5. Құрылтайшы Сенімгерлік басқарушыға берілген күні Объектінің:

      1) кепілде тұрмағанын;

      2) үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынғанын/салынбағанын;

      3) сатуға қойылмағанын растайды.

      6. Объектіні сенімгерлік басқаруға беру оған меншік құқығының Сенімгерлік басқарушыға өтуіне әкеп соқтырмайды.

      7. Сенімгерлік басқарушының Объектіні басқару бойынша құқықтары мен міндеттері Объекті Сенімгерлік басқарушыға берілген сәттен басталады. Объектіні беру (қабылдап алу-беру актісін жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысушылардың тізіліміне тиісті жазбаларды енгізу немесе сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты өзгесі) осы Шартқа қол қойылған сәттен бастап _______________________ жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

2. Тараптардың құқықтары

      8. Құрылтайшының:

      1) жазбаша сұрау салу бойынша Объектіні басқару жөніндегі Сенімгерлік басқарушының қызметі туралы ақпарат (есеп) алуға;

      2) осы Шарт бойынша Сенімгерлік басқарушының қызметіне араласпай, Сенімгерлік басқарушы міндеттемелерінің орындалуын, оның ішінде Объектіні басқару тиімділігінің мониторингін жүргізуге, Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы жөніндегі сенімгерлік басқарушының есебін тыңдау жолымен бақылауға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқығы бар.

      9. Сенімгерлік басқарушының:

      1) Құрылтайшының мүддесіне сай сенімгерлік басқаруға берілген Объектіге қатысты заңды және іс жүзіндегі әрекеттерді жасауға;

      2) Мемлекеттік меншікті сенімгерлік басқару шартымен Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен белгіленген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шеңберінде осы Шартқа қосымшаға сәйкес берілген нысан бойынша Актіні ұсынған жағдайда, мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару кезінде өзі шығарған қажетті шығыстарды өтеуге; Шағындарды өтеу актісі тек тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген, ағымдағы бюджеттік бағдарлама болған жағдайда ұсынылады.

      3) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарында немесе мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы шартта көзделген болса, сыйақы алуға;

      4) өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне сенімгерлік басқаруға берілген Объектіні сатып алуға құқығы бар.

3. Тараптардың міндеттері

      10. Құрылтайшы:

      1) Сенімгерлік басқарушыға Объектіні осы Шартта белгіленген мерзімдерде беруге;

      2) Сенімгерлік басқарушыға осы Шарт бойынша оның міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті құжаттарды беруге;

      3) осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сенімгерлік басқарушыны хабардар етпей, Объектіні сенімгерлік басқаруға үшінші тұлғаларға беру туралы шешімдер қабылдамауға;

      4) Объектіні кепілдікке бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салмауға және осы Шарттың қолданылу мерзімі ішінде үшінші тұлғаларға сатуға қоймауға міндетті.

      11. Сенімгерлік басқарушы:

      1) Объектіні тиімді басқаруды жүзеге асыруға;

      2) Объектінің сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) өзінің Сенімгерлік басқарушы ретінде әрекет ететінін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Объектімен мәмілелерді өз атынан жасауға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті болып табылатын барлық рұқсат беру құжаттарын уәкілетті мемлекеттік органдардан алуға;

      5) Осы Шартқа сәйкес Сенімгерлік басқарушының құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға;

      6) Құрылтайшыға өзінің Шартты тиісінше орындамауы салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге;

      7) Шартты тиісінше орындау мақсатында сенімгерлік басқару бойынша әрекеттер нәтижесінде туындайтын міндеттерді орындауға;

      8) Құрылтайшыға _____________________ өз қызметі туралы жазбаша (ұсыну мерзімдері) түрде есеп беруге;

      9) Сенімгерлік басқарушының осы Шартпен өзінің сенімгерлік басқаруына берілген мемлекеттік мүлікпен байланысты қаржылық қызметі туралы есебін "Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларды орындауға қатысатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер және қаржылық қызмет туралы есептер беруінің қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 130 қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) айқындалған тәртіпте беруге;

      10) мемлекеттік мүлікті иеліктен шығару туралы немесе оны кепілге беру туралы мәмілені жасасқан жағдайда, мемлекеттік меншікпен байланысты мүліктік сипаттағы барлық мәмілелер туралы есепті Қаулымен айқындалған тәртіпте _____________________беруге;

      11) Осы Шартқа Тараптар қол қойған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде осы Шартты мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға (жылжымайтын мүлікті сенімгерлік басқаруға берген жағдайда);

      12) Объектіні Құрылтайшыға осы Шарттың күші жойылған кезде (шарттың мерзімі аяқталғанда, Шартты мерзімінен бұрын бұзғанда) 10 жұмыс күні ішінде беруге;

      13) өзге де міндеттемелерді орындауға (сенімгерлік басқаруға берілетін Объектіге байланысты) міндетті.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      12. Сенімгерлік басқарушы Объектіні басқару кезінде еңсерілмейтін күш әрекеті келтірген зиянды немесе залалды қоспағанда, Құрылтайшының мүддесіне келтірілген кез келген зиян немесе залал үшін жауапты болады.

      13. Тараптар осы Шарт бойынша өздерінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

5. Форс-мажор

      14. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерінің толық немесе ішінара орындалмауы еңсерілмейтін күш жағдайларының (жер сілкінісі, топан су, өрт, эмбарго, соғыс немесе әскери қимылдар, мемлекеттік органдардың міндеттемелердің орындалуына тыйым салатын немесе қандай да бір кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді шығаруы) салдарынан болса, бұл жағдайлар Тараптардың еркіне тәуелді болмаған және осы Шарт бойынша Тараптардың кез келгені өздерінің міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда Тараптар ол үшін
жауапкершіліктен босатылады.

      15. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар болған уақытқа тең мерзімге кейінге қалдырылады.

      16. Тараптардың кез келгені еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде екінші Тарапқа осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде күнтізбелік 30 күн ішінде хабарлауға міндетті.

      17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Тарапты кез келген жоғарыда көрсетілген жағдайға міндеттеменің орындалмауы жауапкершілігінен босататын негіздеме ретінде сілтеме жасау құқығынан айырады.

      18. Егер Тараптардың міндеттемелерді толық немесе ішінара орындауының мүмкін еместігі 2 күнтізбелік айдан асса, онда Тараптар осы Шартты бұзуға құқылы.

6. Құпиялылық

      19. Тараптар Шарттағы барлық ақпарат құпия болып табылады деп келісті және Тараптар оны қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

      20. Тараптардың әрқайсысы екінші Тараптан алынған құпия ақпаратты жарияламауға міндеттенеді және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға ашуға құқығы жоқ.

7. Дауларды шешу

      21. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.

      22. Даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының сот органдарында қаралуы тиіс.

8. Шарттың қолданылу мерзімі

      23. Осы Шарт Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және _____________________________________________ дейін қолданылады.

9. Шарт талаптарының орындалуын бақылау

      24. Осы Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Құрылтайшы жүзеге асырады.

      Құрылтайшы осы мақсатта басқа да мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен комиссия құра алады. Сенімгерлік басқарушы осындай комиссияның қарауына қажетті құжаттар мен есептерді комиссия белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде беруі тиіс.

10. Өзге де талаптар

      25. Осы Шартта көзделмеген қалған барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

      26. Құрылтайшы және Сенімгерлік басқарушы өзара келісім бойынша қосымша келісімдер жасау арқылы осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

      27. Осы Шартқа барлық қосымша келісімдер оның ажырамас бөлігі болып табылады және оларға Тараптардың қол қоюға тиіс уәкілетті өкілдері қол қояды.

      28. Осы Шарттың қолданылу мерзімінің тоқтатылуы ол бойынша Тараптар міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соқтырады, бірақ Тараптардың осы Шарт талаптарын орындауы кезінде бұзушылықтар орын алса, осы Шарттың Тараптарын жауапкершіліктен босатпайды.

      29. Сатып алу құқығынсыз Сенімгерлік басқару шарты тоқтаған жағдайда Сенімгерлік басқарушы қабылдау-беру актісі бойынша күнтізбелік он күн ішінде объектіні Құрылтайшыға қайтарады.

      30. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалды.

11. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Құрылтайшы
_____________________________

______ _______________________

(қолы)
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
М.О.

Сенімгерлік басқарушы
_______________________________

______ _________________________
(қолы)
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
М.О.



  Сенімгерлік басқарудың
үлгілік шартына қосымша
нысан

Сенімгерлік басқаруға берілген объекті бойынша шығыстарды өтеу актісі

      №____ "___" _______________

      20__ жыл

      Объектінің атауы ____________________________________________

      20__ жылғы "___" ___________ №___сенімгерлік басқару шарты

      Шарт бойынша жалпы сомасы __________________________теңге

      Бюджеттік бағдарлама бойынша _____________________________


р/с

Объектімен байланысты шығыстардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығыстардың жалпы сомасы

Төленген шығыстар сомасы

Төленетін сома

Ескерту








Жиыны:






      Сенімгерлік басқаруға берілген объектімен байланысты шығыстар сомасы:

      _____________________________________________________ теңге.

      (цифрмен, жазумен)

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі
____________________________

______ _____________________

(қолы)
(ТАӘ (бар болса)
М.О.

Сенімгерлік басқарушы __________________________
______ ____________________

(қолы)
(ТАӘ (бар болса)
М.О.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады