Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.10.2020 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12660 болып тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістерді енгізуді:
Келтірілген бұйрықпен бекітілген Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларында:
3-тармақ келесі редакцияда келтірілсін:
"3. Тіркеу шифрін беру үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияда (бұдан әрі – бассейндік инспекция) тіркелуі тиіс.
Бассейндік инспекцияның бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу мерзімі құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.";
6-тармақтың 12) тармақшасы келесі редакцияда келтірілсін:
"12) бөгеттегі ықтимал және туындаған авариялық жағдайлар туралы халықты, уәкілетті орган мен бассейндік инспекцияны, азаматтық қорғау саласындағы органдарды, жергілікті атқарушы органдарды хабардар ету;";
10-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда келтірілсін:
"Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясына өзгерістер енгізілген жағдайда, ол өзгерістер енгізілгеннен кейін үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде қайта сараптамадан өтуі және бассейндік инспекцияда тіркелуі тиіс.";
13 және 14-тармақтар келесі редакцияда келтірілсін:
"13. Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы мемлекеттік тілде және орыс тілдерінде екі данада қағаз және электрондық жеткізгіштерде әзірленіп, ресiмделедi және оны бөгетті пайдаланушы (жобаға тапсырыс беруші) ұйымның бірінші басшысы бекітеді.
14. Бассейндік инспекцияда тіркеу үшін бөгеттің қауіпсіздігі декларациясы жоба құрамында және (немесе) жеке құжатпен ұсынылады.".
2. Алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.10.2020 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығында республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрінің орынбасары- | |
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А. Мырзахметов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 17 тамыз
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары- Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 2 тамыздағы № 351 бұйрығымен бекітілген |
"Бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт алып тасталды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.10.2020 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.