РҚАО-ның ескертпесі!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Сақтандыруды қадағалау департаменті (Құрманов Ж.Б.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 6 және 15-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрлігі
Министрдің м.а. _____________ С.Сәрсенов
2016 жылғы "____" _________
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрлігі
Министр _____________ Д.Абаев
2016 жылғы 22 тамыз
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Министрдің м.а. _____________ М.Құсайынов
2016 жылғы 5 тамыз
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу
мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 270 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы № 35 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2752 тіркелген, 2005 жылғы 9 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 101-102 (726) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ішкі аудит жүргізу тәртібіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
3-тармақтың 8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) белгілеген пруденциалдық нормативтер және сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттерді сақтаумен;".
3. "Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 374 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3417 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Актуарлық қорытынды негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту және оның мазмұнына қойылатын талаптар туралы ережеде:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Ереже "Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңы 11-бабының 6) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және актуарийдің қорытындысы негізінде аннуитет шарттарының қолданылу кезеңінде тұрақты сақтандыру төлемдерінің мөлшерін ұлғайту тәртібін және талаптарын, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.".
4. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4204 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістері мен есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:
1-тармақтың 9)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) уәкілетті мемлекеттік орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.".
5. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.06.2021 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. "Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 177 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4860 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарда:
1-тармақтың 14)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"14) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";
10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10-1. Сақтандыру қызметі туралы Заңның 80-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты жеткізуші Ұйымға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, "Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысымен көзделген мәліметтерді нақты уақыт режимінде береді.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Пайдаланушыларды бірдейлестіру және деректерді беру кезінде ақпаратты қорғау үшін пайдаланылатын алгоритмдер Қазақстан Республикасының ҚР СТ 1073-2007 "Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары. Жалпы техникалық талаптар" мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес сертификатталады.";
8. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. "Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 25 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6164 тіркелген, 2010 жылғы 30 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 450-451 (26294) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарда, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарда және сақтандыру агентінің сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерінде:
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтанушымен сақтандыру шарты сақтандыру ұйымы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес клиентті тиісінше тексеру бойынша шаралар қабылдағаннан кейін жасалады. Сақтандыру ұйымы тапсыру шарттары жасалған сақтандыру агенттерінің клиентті тиісті тексеру бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.";
5-1-тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сақтанушы туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);
атауы (заңды тұлғаның);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шарты жасалған күн;
сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);
2) сақтандырылған адам туралы мәліметтер:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);
атауы (заңды тұлғаның);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шарты жасалған күн;
сақтандыру шартының күшіне енгізілген және қолданысы аяқталған күн;
жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаның);
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлғаның);";
6-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлғаның);";
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) сақтандыру агентін оқытуды, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс қимылдар мәселелері бойынша оқытуды ұйымдастырады.";
18-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) үлгі талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 тіркелген "Сақтандыру полистері бланктерінің мазмұнына және оларды жасауға, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін ресімдеуге, сондай-ақ міндетті сақтандырудың жекелеген түрлері бойынша міндетті сақтандыру шарттарын жасау үшін сақтанушы өтініштерінің мазмұнына қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 24 қаулысына сәйкес ресімделетін сақтандыру полисін беруі арқылы сақтандыру шартын жасасу;";
20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген күні және органы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін);
сақтандыру агентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, заңды мекен-жайы, банк деректемелері (заңды тұлғалар үшін), телефондардың байланыс нөмірлері;";
1-қосымша Тізбенің 3-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
11. "Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды және ұйымдастыруды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 28 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6156 тіркелген, 2010 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аннуитет шарты бойынша аннуитеттік төлемдерді есептеу ережесіне және аннуитет шарты мен сақтандырушының жасалатын аннуитет шарттары бойынша істі жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейіне қойылатын талаптарына:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Сақтандыру ұйымдары аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеген кезде осы Ережеге 1, 2-қосымшаларында көрсетілген, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12318 тіркелген "Зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын бекіту, Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысында (бұдан әрі - № 194 қаулы) белгіленген көрсеткіштерден аспайтын өлім-жітім көрсеткіштерін пайдаланады.
Зардап шеккен қызметкердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 940-бабының 3-тармағына сәйкес зиянды өтеуге құқығы бар тұлғаның пайдасына жасалған аннуитет шарттары бойынша аннуитеттік төлемдердің ағымдағы құн факторын есептеген кезде мынадай өлім-жітім көрсеткіштері қолданылады:
1) зардап шеккен қызметкер үшін - осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілгендер;
2) елу сегіз жастан асқан әйелдер үшін және алпыс үш жастан асқан еркектер үшін - № 194 қаулыда көрсетілгендер;
3) он алты жастан асқан мүгедектер үшін - осы Ереженің 2-қосымшасында көрсетілгендер;
4) он алты жасқа толмаған мүгедектер, кәмелетке толмағандар, оқушылар, қайтыс болған қызметкердің асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілерін, апа-қарындастарын күтумен айналысатын ата- аналары, зайыбы не басқа отбасы мүшесі үшін - нөлге тең өлім-жітім көрсеткіштері қолданылады.";
6-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген өлім-жітім көрсеткіштерінен төмен болып табылатын өлім-жітім көрсеткіштері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуге жатады.";
10-тармақтың 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сақтанушының (жеке тұлғалар үшін) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген органның нөмірі, күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) және экономика секторы, тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері;
4) сақтанушының (заңды тұлғалар үшін) атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент) және экономика секторы, орналасқан жері, банктік деректемелері, байланыс телефон нөмірлері;
5) сақтандырылушы (пайда алушы) жөнінде нұсқау (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жеке басын куәландыратын құжатты берген органның нөмірі, күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, резиденттік белгісі (резидент/бейрезидент), тұрғылықты жері, байланыс телефон нөмірлері);".
12. "Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының - жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 3 қыркүйекте № 135 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6546 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 506-512 (26355) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беруші акцияларының (артықшылық берілгендерін шегергенде) жиырма бес пайыздан астамын тікелей немесе жанама иеленетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының - жеке тұлғаның пруденциялық нормативтерін қолдау жөніндегі шаралар туралы нұсқаулықта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру холдингтері және ірі қатысушылар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген "Жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшерiн қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру тобы үшiн пруденциалдық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi белгiлеу және пруденциалдық нормативтерді орындау туралы есептерді ұсыну мерзімдері жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен (бұдан әрі - № 131 қаулы) белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеттілігі маржасының және жоғары өтімді активтердің жеткіліктілік нормативтерін (бұдан әрі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтері) және сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілік нормативін қолдайды.".
13. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
15. "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7542 тіркелген, 2012 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 360-364 (27438) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
4-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2015 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын орындау туралы монополияға қарсы органның қорытындысын ұсыну.".
16. "Екiншi деңгейдегi банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, ақшалай сыйақылар, сондай-ақ материалдық көтермелеудің басқа да түрлерін есептеу жөніндегі ішкі саясатына қойылатын талаптарды және екiншi деңгейдегi банктердің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының барлық басшы қызметкерлеріне төленген кірістер туралы есептіліктің нысанын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 74 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7525 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қаржы ұйымы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күнтізбелік жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға электрондық форматта қаржы ұйымының барлық басшы қызметкерлеріне қаржы ұйымы қаржы жылы ішінде төлеген кірістер туралы мәліметтерден тұратын есептілікті (бұдан әрі – Есеп) осы қаулының қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.".
17. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 272 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.18. "Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 99 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7559 тіркелген, 2012 жылғы 8 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 464-470 (27543) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарда:
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұйым Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде мыналар:
Талаптардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Талаптарға сәйкестікті дербес бағалау;
талаптың белгілі бір критерийіне (талаптардың белгілі бір критерийлеріне) сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, жауапты адамдарды және іс-шараларды орындау мерзімдерін көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралардың жоспары қоса берілген жазбаша түсіндірме қамтылатын Талаптардың критерийлерін орындауды бағалау жөніндегі жылдық есепті ұсынады.".
19. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 № 99 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.20. "Банктік және сақтандыру холдингтерінің қаржылық есептілікті жариялау тәртібі мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 138 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7648 тіркелген, 2012 жылғы 16 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 516-521 (27594) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын банктік және сақтандыру холдингтері жыл сайын, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) жылдық қаржылық есептілікті ұсынғаннан кейін бір айдың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында:".
21. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.04.2018 № 75 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
23. "Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 тіркелген, 2014 жылғы 3 қазанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша басқарушысын) тағайындау және олардың өкілеттіктері қағидаларында:
20-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Уақытша әкімшілік кедергі ету туралы акт жасау күні 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес кедергі ету туралы актіні әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы шешімді қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.".
24. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.08.2020 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру
ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз
етуінде көрсетілу үшін қажетті ақпараттардың барынша аз тізбесі
1. Сақтандыру шартын сәйкестендіргіш1
2. Сақтандыру шартын өзгерту сәйкестендіргіші
3. Сақтанушы2
4. Сақтандырылушы2
5. Сақтанушының экономикалық қызметінің түрі
6. Бухгалтерлік есептегі тиісті операциялардың күні
7. Бухгалтерлік есептегі операциялардың түрі
8. Бухгалтерлік есептегі операциялардың сомасы
9. Сақтандыру сыныбы
10. Сақтандыру объектілерінің саны
11. Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала
12. Сақтандыру шартының нөмірі
13. Сақтандыру шартын жасау күні
14. Сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
15. Сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
16. Сақтандыру сомаларының мөлшері
17. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
18. Сақтандыру делдалы2
19. Комиссиялық сыйақының мөлшері
20. Қайта сақтандыру шартын сәйкестендіргіш
21. Қайта сақтандырушының атауы
22. Қайта сақтандыру шартының нөмірі
23. Қайта сақтандырушы резиденттігінің мәртебесі
24. Қайта сақтандырушының рейтингілік бағасы
25. Рейтингілік агенттік
26. Қайта сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
27. Қайта сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
28. Қайта сақтандыруға берілген жауапкершілік көлемі
29. Сақтандыру шарты бойынша жауапкершілікті өздігінен ұстап қалу мөлшері
30. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері
31. Сақтандыру сыйлықақыларын өздігінен ұстап қалу мөлшері
32. Қайта сақтандырушыдан алынатын комиссия мөлшері
33. Цедентке (қайта сақтанушыға) берілетін комиссия мөлшері
34. Шығынды жариялаушы2
35. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаларды сәйкестендіргіш
36. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаның күні
37. Жарияланған шығынды сәйкестендіргіш
38. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиға туралы сақтандырушыға хабарлау күні
39. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін сақтандырушының растау күні, яғни сақтандырушының шығынды жарияланған шығын ретінде тануы
40. Сақтандыру төлемдерін алушы2
41. Сақтандыру шартының талаптарына сәйкес барлық шегерімдерді ескере отырып, жарияланған шығынның мөлшері
42. Шығындарды реттеуге жұмсаған сақтандырушы шығыстарының сомасы
43. Қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыға қатысты жарияланған шығынның мөлшері
44. Қайта сақтандырушыға (қайта сақтандырушыларға) қатысты шығындарды шегергендегі жарияланған шығынның таза сомасы
45. Сақтандыру төлемдерін немесе сақтандыру төлемдерінен бас тартуды сәйкестендіргіш
46. Сақтандыру төлемдерінің немесе сақтандыру төлемдерінен бас тарту күні
47. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері
48. Кері талап бойынша төленген ақыны сәйкестендіргіш
49. Кері талапты төлеу күні
50. Кері талап бойынша төленген ақының мөлшері
Ескерту:
1теңдесі жоқ белгі
2жеке тұлға үшін:
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы;
жеке сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі;
заңды тұлға үшін:
атауы;
бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті) белгісі.
Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 24.08.2020 № 74 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.