Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төменгі мөлшеріне қойылатын талаптарды, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі мен олардың ең төменгі мөлшерін белгілеу және Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 270 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қарашада № 17836 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 8-т. қараңыз.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталын қалыптастыруға қойылатын мынадай талаптар белгіленсін:

      1) жауапкершілігі шектеулі серіктестік не акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында жаңадан құрылатын сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең төмен мөлшері тиісінше "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 2-тармағында және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көзделген мөлшерден кем болмайды;

      2) сақтандыру брокерінің меншікті капиталының ең төмен мөлшері мынадай шамалардан кем болмайды (мөлшері Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштермен):

      өзінің атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру брокері үшін – 3 500 (үш мың бес жүз);

      өзінің атынан және қайта сақтанушының (цеденттің) тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру брокері үшін – 80 000 (сексен мың);

      3) брокерлік қызметтің түрлерін қоса атқарған кезде сақтандыру брокерінің меншікті капиталының ең төмен мөлшері қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру брокерінің қызметіне қатысты белгіленген мөлшерлерден кем болмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.06.2021 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына қойылатын осы талаптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін жарғылық және меншікті капитал деп резерв ретінде қабылданатын активтер түсініледі.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясы бар сақтандыру брокерлері 2019 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімде өзінің қызметін осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келтірсін.

      5. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 6-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.

      8. Осы қаулы, қаулының 1-тармағының 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2) тармақшасын қоспағанда, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.06.2021 № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 270 қаулысымен
  бекітілген

Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын ережелері уәкілетті органның лицензиясы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17460 болып тіркелген "Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 203 қаулысында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) қайта сақтандыру ковернотасы – көрсетілген талаптарда тәуекелдердің орналастырылғанын растайтын сақтандыру брокерінің тиісті белгісі қойылған, қайта сақтандырушы (қайта сақтандырушылар тобы, қайта сақтандыру пулы) қабылдаған тәуекел үлесіне (сақтандыру сомасының бір бөлігіне) және қайта сақтандыру талаптарына қатысты қайта сақтандыру слипі жасалу фактісіне растама ретінде сақтандыру брокері ресімдейтін құжат;

      2) қайта сақтандыру слипі – сақтандыру брокері немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру брокері ресімдейтін және әлеуетті қайта сақтандырушыға (қайта сақтандырушылар тобына, қайта сақтандыру пулына) осы құжатта айқындалған, әрбір қайта сақтандырушы немесе көшбасшы қайта сақтандырушы (тәуекелдің ең көп үлесін қабылдайтын) немесе жетекші қайта сақтандыру ұйымының функцияларын жүзеге асыратын (тәуекелді қайта сақтандыру пулына берген кезде) тұлға акцепт жағдайында тәуекелдердің қабылданғанын растайтын тиісті белгі қоятын қайта сақтандыру талаптарында тәуекелдің үлесін (сақтандыру сомасының бөлігін) қайта сақтандыруға қабылдау туралы ұсыныспен оферта ретінде жіберілетін құжат.

      Қайта сақтандырушының, көшбасшы қайта сақтандырушының және жетекші сақтандырушының функциясын атқаратын тұлғаның (тәуекелді қайта сақтандыру пулдарына тапсырғанда) тәуекелдерді қабылдауын растайтын белгісі деп қойылған қолы және мөртабаны (бар болса) немесе мөрі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-қайта сақтандырушылары, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру брокерлері үшін) ұғынылады;

      3) сақтандыру ковернотасы – көрсетілген талаптарда тәуекелдердің орналастырылғанын растайтын сақтандыру брокерінің тиісті белгісі қойылған, сақтандырушы (сақтандырушылар тобы) қабылдаған тәуекел үлесіне (сақтандыру сомасының бір бөлігіне) және сақтандыру талаптарына қатысты сақтандыру слипін қабылдау фактісіне растама ретінде сақтандыру брокері ресімдейтін құжат;

      4) сақтандыру слипі – сақтандыру брокері ресімдейтін және әр сақтандырушы немесе сақтандыру пулына қатысушылардың ортақ ісін жүргізетін және басшылық ететін тұлға (тәуекел сақтандыру пулына тапсырылғанда) акцепт болған жағдайда тәуекелді қабылдағанын растайтын тиісті белгісін қоятын осы құжаттың сақтандыру талаптарымен белгіленген тәуекел үлесін (сақтандыру сомасының бір бөлігін) сақтандыруға қабылдағаны туралы ұсынысымен әлеуетті сақтандырушыға (сақтандырушылар тобына, сақтандыру пулына) оферта ретінде жолданатын құжат;

      Сақтандырушының, сақтандыру пулына қатысушыларының ортақ ісін жүргізетін және оған басшылық ететін тұлғаның (тәуекелді сақтандыру пулдарына тапсырғанда) тәуекелдерді қабылдауын растайтын белгісі деп қойылған қолы және мөртабаны (бар болса), мөрі (Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандырушылар үшін) ұғынылады;

      5) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      6) факультативтік қайта сақтандыру – қайта сақтанушы (цедент) өз қалауы бойынша қайта сақтандырушыға сақтандыру тәуекелін қайта сақтандыруға тапсыратын, ал қайта сақтандырушы ол тәуекелді қабылдайтын немесе қабылдаудан бастартатын қайта сақтандыру нысаны.

2-тарау. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі

      3. Сақтандыру брокері Заңның 17-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген брокерлік қызмет түрлерін және сақтандыру брокерінің өзге де қызметін тиісті лицензия болған кезде жүзеге асырады.

      4. Сақтандыру брокері өзіне қабылдаған міндеттемелерді оның клиенттермен жасасқан шартына тура сәйкес және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып орындайды.

      5. Сақтандыру брокерінің құқықтары мен міндеттерінің нақты тізбесі, сондай-ақ оларды орындау үшін сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) алдындағы жауапкершілік олардың арасында жасалатын шартта айқындалады.

      6. Сақтандыру брокерінің және сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) арасында жасалатын шарттың міндетті талаптары:

      1) сақтанушының 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 832-бабында көзделген тәртіппен және талабымен мәліметтерді ұсынуы;

      2) сақтанушыдан, қайта сақтанушыдан (цеденттен) сақтандырушының (қайта сақтандырушының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қайта сақтандырушының) банк шотына сақтандыру сыйлықақыларын және сақтандырушыдан (қайта сақтандырушыдан, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-қайта сақтандырушыдан) сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің), пайда алушының банк шотына сақтандыру төлемдерін аудару мерзімі;

      3) сақтандыру брокерінің және сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің) арасында өзара есеп айырысу тәртібі;

      4) сақтандыру брокеріне комиссиялық сыйақы төлеу шарттары мен тәртібі болып табылады.

      7. Сақтандыру брокері өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру шартын жасау үшін сақтандыру брокері осы шартты жасауға қажетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша лицензиясы бар кемінде үш сақтандырушыдан Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты алады.

      Сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтанушы, қайта сақтанушы (цедент) үшін аса тиімді талаптармен, қаржылық жағдайы орнықты сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын жасасуды қамтамасыз етеді.

      8. Сақтандыру брокерінің сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру брокерлері – Қазақстан Республикасының бейрезиденттері арқылы қайта сақтандыруға орналастыруы сақтандыру брокері - Қазақстан Республикасының бейрезидентінде ол бойынша ең төменгі сақтандыру сомасы ұлттық валютадағы мынадай сомаға:

      әрбір талап бойынша жылына – мөлшері тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, 263 000 (екі жүз алпыс үш мың) айлық есептік көрсеткішке;

      барлық талаптар бойынша жылына – мөлшері тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, 330 000 (үш жүз отыз мың) айлық есептік көрсеткішке балама сақтандыру брокері кәсіптік қызметін жүзеге асыру нәтижесінде объектісі сақтандыру брокерінің мүліктік мүддесі болып табылатын үшінші тұлғалардың алдында оның үшінші тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды қайтару міндеттілігімен байланысты өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаған жағдайда жүзеге асырылмайды.

      9. Сақтандыру брокері сақтанушылардан, қайта сақтанушылардан (цеденттерден) сақтандыру сыйлықақыларын жинау және (немесе) сақтандырушылардан (қайта сақтандырушылардан) сақтандыру төлемдерін жинау бойынша операцияларды жүзеге асыру мақсатында, сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдал қызметін жүзеге асыру шеңберінде сақтандыру брокерінің комиссиялық сыйақысы сомасын алу операциясын қоспағанда, ол арқылы өзге операциялар жүзеге асырылмайтын банк шотын (бұдан әрі – сақтандыру брокерінің банк шоты) пайдаланады.

      Сақтандыру брокері, сақтандыру брокерінің банк шотындағы оның меншікті капиталының кем дегенде 40 (қырық) пайызы мөлшеріндегі ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы ағымдағы шоттарда және депозиттерде ақша сомасының болуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Сақтандыру брокері сақтандыру жағдайы болған жағдайда, сақтандыруға (қайта сақтандыруға) қабылданатын сақтандыру тәуекелін бағалаған жағдайда сақтандырушылардың, қайта сақтандырушылардың сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша және сақтанушының (цеденттің) сақтандыру сыйлықақысын толық көлемде әрі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартында белгіленген мерзімде төлеуінде қажетті қолдау көрсетеді.

      11. Сақтандыру брокері өзінің делдалдығымен жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарында сақтандыру (қайта сақтандыру) талаптарының толық және дұрыс жария етілуін қамтамасыз етеді.

      Сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде ресімдейтін құжаттардың мәтіндері олардың сөзбен айтылуының нақты мағынасына сәйкес талқылануы тиіс. Мәтіндерде арнайы сақтандыру терминологиясы пайдаланылған жағдайда олардың толық және бір мәнді талқылануын беру қажет.

      12. Сақтандыру брокерінің банк шотына сақтандыру сыйлықақысы сомалары, сақтандыру төлемдері түскен кезде, егер сақтандыру брокері мен сақтанушы, цедент арасында өзгеше көзделмесе, сақтандыру брокері оларды сақтандырушының, қайта сақтандырушының, сақтанушының, қайта сақтанушының (цеденттің), пайда алушының банк шотына дереу, бірақ 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей аударады.

3- тарау. Сақтандыру бойынша мәмілелерге қатысу

      13. Сақтандыру брокері өз атынан және сақтанушының тапсырмасымен сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру брокері мынадай құжаттарды:

      1) сақтандыру слипін;

      2) сақтандыру ковернотасын ресімдейді.

      14. Сақтандыру брокері ресімдейтін сақтандыру слипі мен сақтандыру ковернотасында мына мәліметтер болуы тиіс:

      1) сақтандырудың сыныбы (түрі);

      2) сақтанушының толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері немесе орналасқан орны;

      3) сақтандырушының толық атауы, байланыс телефоны, интернет-ресурсы және орналасқан орны;

      4) сақтандыру брокерінің атауы, байланыс телефоны, интернет-ресурсы және орналасқан орны;

      5) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға уәкілетті орган берген лицензияның нөмірі мен күні туралы ақпарат;

      6) сақтандыру шартын жасасқан күніндегі сақтандырушының қаржылық сенімділік рейтингі және рейтингтік агенттіктің атауы (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандырушы үшін);

      7) сақтандыру шартының жасалған күні және қолданылу кезеңі;

      8) сақтандырудың қолданылу аумағы (бағыты);

      9) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері және оны төлеу тәртібі;

      10) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы;

      11) сақтандырушы жауапкершілігінің үлесі (әрбір сақтандырушының – егер сақтандыру шарты бойынша тәуекел бірнеше сақтандырушылар арасында бөлінсе);

      12) сақтандыру объектісі, сақтанушымен келісілген сақтандыру шартының талаптары, сақтандыру жағдайының сипаттамасы, сақтандырушыны шығынды толық не ішінара өтеуден босатудың ерекшеліктері мен талаптары (бар болса);

      13) сақтандыру брокерінің комиссиялық сыйақысының мөлшері;

      14) қолданылатын франшизаның мөлшері (бар болған жағдайда);

      15) сақтандыру брокерінің қолы;

      16) уәкілетті тұлғалардың қолы және сақтандырушының мөртабаны (ол бар болса) (сақтандыру слипі үшін).

      Егер сақтандырушы сақтандыру шарты бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, оның сақтандыруға қабылдаған тәуекелінің үлесі туралы белгі ретінде оның мөрі (ол бар болса) қосымша пайдаланылады.

      15. Сақтандыру брокері өз атынан және сақтанушының тапсырмасы бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін (сақтандыру құнын), сақтандыру талаптарын және сақтандыру тәуекелдерін сақтандыруға қабылдау мүмкіндіктерін айқындау үшін сақтандырушылармен келіссөз жүргізеді.

      16. Сақтандыру брокері сақтандырушылардан сақтандыру тарифтерінің және меншікті капиталының мөлшері, сақтандыру талаптары, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның (егер сақтандырушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, сақтандырушыны тіркеген елдің уәкілетті органы берген тіркеу нөмірінің) болуы туралы мәліметтерді (лицензияның (тіркеу нөмірінің) күні мен нөмірі), сондай-ақ сақтанушыға қажетті өзге мәліметтерді алады.

      Сақтандырушы сақтандыру брокеріне делдалдық қызметті жүзеге асыруға қажетті дұрыс, толық және объективті мәліметтердің сақтандыру брокеріне ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      Сақтандыру брокері қажет болғанда осы мәліметтерді алу үшін қолжетімді көздерді пайдаланады. Ондай жағдайда, егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мәліметтерді дұрыс немесе толық ұсынбау және объективті ұсынбау сақтанушының мүліктік игілігі мен құқықтарына зиян келтіру салдарын туындатқан болса, сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келтірілген зиянды сақтанушыға өтейді.

      Қағидалардың мақсатында қолжетімді көздер деп Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандырушылар (қайта сақтандырушылар) туралы ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар түсініледі.

      17. Тиісті тәуекелдерді сақтандыруға қатысу сөйлемін қамтитын сақтандыру слипін сақтандыру брокері сақтандыруға ұсынылатын тәуекелді қабылдау (акцепт) не қабылдамау (акцептен бас тарту) үшін әлеуетті сақтандырушыларға жібереді.

      18. Сақтандырушы сақтандыру слипінде көрсетілген сақтандыру талаптарын қабылдаған жағдайда, оның сақтандыруға қабылдайтын тәуекел үлесі мен жауапкершілік лимиті көрсетіледі, оларды сақтандырушы белгімен растайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандырушының толық домендік атауын қамтитын электрондық мекенжайдан көшірме деректерін алған жағдайда, сақтандыру слипінің электрондық не сканерленген көшірмесін де мойындайды.

      19. Сақтандыру брокері бір сақтандыру тәуекелін (сақтандыру тәуекелдері тобын) тапсырған жағдайда, сақтандыру брокері қажет болған кезде сақтандырушылардың сақтандыру слипінде және қол қою парағында көрсетілген талаптарда тәуекелдерді қабылдағанын растайтын қол қою парағын ресімдейді.

      Сақтандыру слипіне қосымша ретінде жеке құжатқа қол қою парағы ресімделген жағдайда, қол қою парағында сақтандыру слипінің деректемелері, сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі, сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы және әр сақтандырушының жауапкершілік үлесі қамтылады.

      Қол қою парағы сақтандыру слипінің бір бөлігі (элементі) түрінде оның құрамдас бөлігі ретінде ресімделген жағдайда, қол қою парағында әр сақтандырушының жауапкершілік үлесі қамтылады.

      20. Сақтандыру брокері сақтандырушы (сақтандырушылар) растаған сақтандыру слипін алғаннан кейін сақтандыру слипінде қамтылған сақтандыру талаптарын сақтанушыға жібереді.

      Сақтанушы сақтандыру талаптарын қабылдаған жағдайда, сақтандыру брокері сақтандырушы ұсынған сақтандыру құны мен талаптарын қабылдауға сақтанушының келіскені туралы сақтандырушыға жазбаша нысанда хабарлайды.

      Сақтандыру шартының жасалуын растау үшін сақтандыру брокері сақтандыру ковернотасын ресімдейді және оны сақтандыру слипімен қатар сақтанушыға береді.

      21. Сақтандыру брокері ресімдеген сақтандыру слипі мен сақтандыру ковернотасы, жиынтықта сақтандыру шартына теңестіріледі және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында сақтандыру шартының мазмұнына белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

4- тарау. Қайта сақтандыру бойынша мәмілелерге қатысу

      22. Сақтандыру брокері өз атынан және цеденттің тапсырмасымен сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру брокері халықаралық сақтандыру нарығында қабылданған іскерлік айналым тәжірибесін ескере отырып мынадай құжаттарды:

      1) қайта сақтандыру слипін;

      2) қайта сақтандыру ковернотасын ресімдейді.

      Сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері арқылы тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген және орналастырған кезде қайта сақтандыру слипін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері ресімдейді. Бұл жағдайда қайта сақтандыру ковернотасын сақтандыру брокері ресімдейді және Қағидалардың 23-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.

      23. Сақтандыру брокері ресімдейтін қайта сақтандыру слипінде, қайта сақтандыру ковернотасында мына мәліметтер болуы тиіс:

      1) сақтанушының толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері немесе орналасқан орны;

      2) сақтандыру шартының деректемелері, сақтандыру шартының қолданылу аумағы (факультативтік қайта сақтандыру бойынша) (қайта сақтандыру коверноты үшін);

      3) цеденттің толық атауы, интернет-ресурсы және орналасқан орны;

      4) сақтандыру брокерінің толық атауы, байланыс телефоны, интернет-ресурсы және орналасқан орны;

      5) сақтандыру брокерінің толық атауы, интернет-ресурсы (бар болса), орналасқан орны және қызметін жүзеге асыруға лицензиясының болуы туралы ақпарат (сақтандыру брокері тіркелген орындағы елдің уәкілетті органы берген тіркеу нөмірі) (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері арқылы сақтандыру тәуекелін берген жағдайда);

      6) қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) толық атауы және орналасқан орны;

      7) қайта сақтандырудың түрі мен нысаны (үйлесімді немесе үйлесімсіз, факультативтік немесе облигаторлық);

      8) қайта сақтандыру объектісі, цедентпен келісілген қайта сақтандыру шартының талаптары, оның ішінде цеденттің өзіне ұстап қалған үлесі, сақтандыру жағдайының сипаттамасы, қайта сақтандырушыны (қайта сақтандырушыларды) шығынды толық не ішінара өтеуден босатудың ерекшеліктері мен талаптары (бар болса);

      9) қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) ұсынылатын жауапкершілік үлесі мен лимиті (қайта сақтандыру слипі үшін);

      10) сақтандыру және қайта сақтандыру шартының қолданылу мерзімі;

      11) қайта сақтандыру шарты бойынша есеп айырысу валютасы мен тәртібі;

      12) қайта сақтандырушының жауапкершілік үлесі мен лимиті (әрбір қайта сақтандырушының – егер қайта сақтандыру шарты бойынша тәуекел бірнеше қайта сақтандырушылар арасында бөлінсе) (қайта сақтандыру ковернотасы үшін);

      13) қолданылатын франшизаның мөлшері (бар болған жағдайда);

      14) қайта сақтандырушы (қайта сақтандырушылар) ұсынатын әрбір шегерімнің мөлшері көрсетілген қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) жалпы қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (сақтандыру брокерінің, цеденттің комиссиялық сыйақысы, салықтар, бонустар, жеңілдіктер мен басқа да ықтимал шегерімдер), таза қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (қайта сақтандыру слипі үшін);

      15) қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (қайта сақтандыру ковернотасы үшін);

      16) сақтандыру брокерінің қолы;

      17) уәкілетті тұлғалардың қолы және қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) мөртабаны (ол бар болса) (қайта сақтандыру слипі үшін).

      Тәуекелді орналастыру кезінде қатысқан қайта сақтандырушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда, оның мөрі (ол бар болса) қайта сақтандыруға қабылданған тәуекел үлесінің белгісі ретінде қосымша пайдаланылады.

      Егер қайта сақтандырушыда уәкілетті орган Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 болып тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында белгіленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемесіне 2-қосымшаға сәйкес ұзақ мерзімді рейтингтердің салыстырмалы кестесіне сәйкес таныған рейтингтік агенттіктерінің бірінің қаржылық сенімділік рейтингісі бар болған жағдайда, онда қайта сақтандыру ковернотасында осы агенттіктердің бірінің қаржылық сенімділік рейтингін көрсетіледі.

      Сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері арқылы қайта сақтандыруға бергенде және орналастырғанда, сақтандыру брокері қайта сақтандырушы қол қойған тұлғаның аты-жөнін көрсете отырып, (қайта сақтандырушылар) қол қойған қайта сақтандыру слипінің орындалуын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.12.2020 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Сақтандыру брокері цеденттің атынан және тапсырмасы бойынша қайта сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін (қайта сақтандыру құнын), қайта сақтандыру шарттарын және сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау мүмкіндіктерін айқындау үшін қайта сақтандырушылармен келіссөз жүргізеді.

      25. Сақтандыру брокері қайта сақтандырушылардан қайта сақтандыру тарифтерінің мөлшері, меншікті капиталының мөлшері, қайта сақтандыру шарттары, сақтандырудың нақты кластары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның (егер қайта сақтандырушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса, қайта тіркеу орны тіркелген мемлекеттің уәкілетті органы берген тіркеу нөмірі) болуы, қаржылық сенімділік рейтингінің болуы туралы және сақтанушыға (цедентке) қажетті өзге мәліметтерді алады.

      Қайта сақтандырушы сақтандыру брокеріне делдалдық қызметті жүзеге асыруға қажетті дұрыс, толық және объективті мәліметтердің сақтандыру брокеріне ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      Сақтандыру брокері, егер қажет болса, осы мәліметтерді алу үшін қол жетімді дереккөздерді пайдаланады. Мұндай жағдайда, егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген дұрыс емес ақпарат беру немесе толық емес және жалған ақпарат беру қайта сақтандырушының мүлкіне және құқықтарына нұқсан келтірсе, сақтандыру брокері қайта сақтандырушыға келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша өтейді.

      26. Тиісті тәуекелдерді қайта сақтандыруға қатысу туралы ұсынысты қамтитын қайта сақтандыру слипін сақтандыру брокері қайта сақтандыруға ұсынылатын тәуекелді қабылдау (акцепт) немесе бас тарту (акцептіден бас тарту) үшін әлеуетті қайта сақтандырушыларға жібереді.

      27. Қайта сақтандырушы қайта сақтандыру слипінде көрсетілген қайта сақтандыру шарттарын қабылдаған жағдайда, ол қайта сақтандыруға қабылдаған тәуекел үлесі және жауапкершілік лимиті көрсетіледі, ол қайта сақтандырушының белгісімен расталады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті - қайта сақтандырушымен қайта сақтандыру шартын жасасқан кезде сақтандыру брокерінде қайта сақтандыру слипінің электрондық немесе сканерленген көшірмелерінің болуына рұқсат етіледі, егер аталған көшірмелер Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйым болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - қайта сақтандырушының немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің домендік толық атауы қамтылған электрондық адрестен алынған болса.

      Сақтандыру брокері тәуекелдерді қайта сақтандыруға берген кезде қайта сақтандырушының белгісі ретінде осы жүйелерде рұқсат етілген, рейтингі "BBB-" төмен емес Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерлерінен немесе олардың еншілес сақтандыру брокерлерінен алынған Exchange Lloyd's немесе Placement Platform Limited сақтандыру нарығының қатысушылары арасында ақпарат (хабарламалар) алмасудың ақпараттық жүйелерінен алынған электронды үзінді көшірме пайдаланылады. Бұл ретте электронды үзінді көшірме сақтандыру брокеріне Қазақстан Республикасының бейрезиденті қайта сақтандырушының немесе сақтандыру брокерінің толық домендік атауын қамтитын электронды адрестен жіберіледі.

      28. Сақтандыру брокері бір сақтандыру тәуекелін (сақтандыру тәуекелдерінің тобын) бірнеше қайта сақтандырушыларға берген жағдайда, сақтандыру брокері қайта сақтандыру слипінде және (немесе) жазылу парағында көрсетілген талаптар бойынша қайта сақтандырушылардың тәуекелді қабылдағанын растайтын жазылу парағын ресімдейді.

      Қайта сақтандыру слипіне қосымша ретінде жеке құжатқа жазылу парағын ресімдеген жағдайда, жазылу парағында қайта сақтандыру слипінің деректемелері, қайта сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдерінің тізімі, қайта сақтандырушының (қайта сақтандырушылардың) жауапкершілігі және әрбір қайта сақтандырушының жауапкершілігінің үлесі көрсетіледі.

      Жазылу парағын қайта сақтандыру слипі бөлімдерінің (элементтерінің) бір түрі, құрамдас бөлігі ретінде ресімдеген жағдайда, жазылу парағы әрбір қайта сақтандырушының жауапкершілігінің үлесін қамтиды.

      29. Қайта сақтандырушы растаған қайта сақтандыру слипін алғаннан кейін, сақтандыру брокері қайта сақтандыру шарттарын цедентпен келіседі.

      Қайта сақтандыру шарттарын қабылдаған жағдайда цедент бұл туралы сақтандыру брокеріне хабарлайды және тараптардың келісімімен белгіленген мерзімде сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға жазбаша түрде беруді тапсырады.

      Цеденттен тапсырманы алған жағдайда сақтандыру брокері бұл туралы қайта сақтандырушыға хабарлайды және цеденттің қайта сақтандырушы ұсынған қайта сақтандыру құны мен шарттарын қабылдайтынын жазбаша растайды.

      Қайта сақтандыру шарты жасалғанын растау үшін сақтандыру брокері қайта сақтандыру ковернотын ресімдейді және оны қайта сақтандыру слипімен бірге цедентке береді.

      30. Сақтандыру брокері немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокері ресімдеген қайта сақтандыру слипі және сақтандыру брокері ресімдеген қайта сақтандыру коверноты жиынтығында қайта сақтандыру шартына тең жəне сақтандыру брокері сақтандыру тəуекелдерін қайта сақтандыруға орналастырғанын растайтын құжаттар болып табылады.

      31. Сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының бір бейрезиденті – қайта сақтандырушыға сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді Қазақстан Республикасының кемінде бір бейрезиденті - сақтандыру брокерінің тұрақты қатысуымен жүзеге асырады.

5-тарау. Құжаттарды есепке алу

      32. Сақтандыру брокері өзінің қаражаты және сақтанушыдан (цеденттен), сақтандырушыдан (қайта сақтандырушыдан) алынған сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері бойынша бөлек бухгалтерлік есепті жүргізеді.

      33. Сақтандыру брокерінің уәкілетті органы сақтандыру брокерінің қызметіне қатысты мынадай ішкі қағидаларды бекітеді:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін, оның ішінде сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерін жүзеге асырған кезде ішкі жұмыс тәртібі;

      2) құжаттаманы жүргізу тәртібін, клиенттерге қызмет көрсету шарттарын және оның делдалдығымен жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша құжаттаманы жүргізу тәртібі;

      3) өз қызметінің техникалық жабдықталу жағдайларын, жыл сайынғы аудиттің жүргізілуін, олар жасайтын шарттардың, қаржылық есептің және өзге құжаттаманың сақталуын, құжаттарды сақтау тәртібі мен мерзімін көздейтін ішкі құжаттарды;

      4) комиссиялық сыйақыны төлеу талаптары мен тәртібі.

      34. Сақтандыру брокері жыл сайын 30 сәуірге дейін уәкілетті органға:

      1) объектісі сақтандыру брокерінің кәсіби жауапкершілігімен байланысты тәуекелдер болып табылатын үшінші тұлғалар алдында өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы қолданыстағы шартын;

      2) Қағидалардың 33-тармағының 1) тармақшасында көзделген ішкі жұмыс тәртібі мен есеп саясатын (бастапқы ұсынған немесе оларды уәкілетті органға соңғы ұсынған күннен кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде) тапсырады.

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2018 жылғы 29 қазандағы
  № 270 қаулысына
  қосымша

Күші жойылған деп танылған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізімі

      1. "Сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 31 наурыздағы № 85 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1504 болып тіркелген).

      2. "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2715 болып тіркелген, 2005 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде № 15, 103-құжатта жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы № 37 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3503 болып тіркелген).

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру брокері қызметінің шарттары жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 6 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы № 82 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4200 болып тіркелген).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 127 қаулысымен бекітілген, өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14277 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады