"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 қазандағы № 541 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 11 қазанда № 14320 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:

      694 "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 009 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "009 Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту";

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және орындалуын қамтамасыз ету және экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 103 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "103 Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      1 "Құқық қорғау қызметi" функционалдық кіші тобында:

      201 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      076 "Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 120 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "120 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ішкі істер органдарының әкімшілік полиция қызметкерлерін оқытуға берiлетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      9 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      221 "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 102 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "102 Жеке сот орындаушыларының істердің әлеуметтік маңызды санаттары бойынша проблемалы атқарушылық құжаттарды орындау бойынша кепілді заң көмегін көрсетуі";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 115 және 116 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "115 Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне қылмыстық жауапкершілік туындайтын жасқа дейін қылмыстық-жазаланатын іс әрекет жасаған, кәмелетке толмағандарды ұстау үшін арнайы білім беру ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге ағымдағы нысаналы трансферттер

      116 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      261 "Облыстың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 069 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "069 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      721 "Облыстың білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 014 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "014 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне цифрлық білім беру инфрақұрылымын құруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін бiлiм беру" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 225 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "225 "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      239 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      006 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 101 және 111 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "101 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі қызметтер

      111 Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферті есебінен денсаулық сақтау жүйесінде білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары";

      9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 263 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "263 Қазақстан Республикасын Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" шеңберінде зертханалар құру үшін "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КЕАҚ жарғылық капиталын ұлғайту

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 103 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "103 Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету";

      360 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      067 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      351 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      010 "Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      249 "Мал шаруашылығын дамыту үшін және мал шаруашылығы өнiмiн өндіруге, қайта өңдеуге, өткізуге жағдай жасау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 106 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "106 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      250 "Қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      106 бюджеттік кіші бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "106 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      258 "Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 030 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "030 Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен";

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы", 349 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" және 375 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      053 "Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      056 бюджеттік бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "056 Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау";

      2 "Су шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 241 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "241 "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын ұлғайту";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      4 "Әуе көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      093 "Азаматтық авиацияны және әуе көлігін дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 104 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "104 Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне әуе көлігінің инфрақұрылымын дамуына арналған нысаналы даму трансферттері";

      мынадай мазмұндағы 221 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "221 Тексеру жүйесі бойынша жабдықты сатып алу үшін Қазақстан Республикасы әуежайлардың жарғылық капиталын ұлғайту";

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 029 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "029 Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының бюджетіне әуе көлігінің инфрақұрылымын дамуына арналған нысаналы даму трансферттері

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      495 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 кіші бағдарламалары бар 051 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "051 Әуе көлігінің инфрақұрылымын дамуы

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      5 "Темiр жол көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 212 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "212 Әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдаушының және вагондар (контейнерлер) операторының вагондарды сатып алуын несиелеуде немесе қаржы лизингінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау";

      мынадай мазмұндағы 100 және 101 кіші бағдарламалары бар 213 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "213 Қалалық рельстік көліктің дамуын қамтамасыз ету

      100 Алматы қаласының бюджетіне метрополитен салуға берілетін нысаналы даму трансферттері

      101 Алматы қаласының бюджетіне жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      мынадай мазмұндағы 219 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "219 "ҚДБ-лизинг" АҚ арқылы жолаушылар вагон паркін жаңартуын қаржыландыру үшін кейіннен "Қазақстан Даму Банкі" АҚ-ның кредиттеу "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ кредиттеу";

      9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 016 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "016 Астана қаласының бюджетіне "Жаңа көлік жүйесі" жобасын іске асыру үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      245 "Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      100 бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "100 Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласында уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету";

      384 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      015 "Астана қаласының "Жаңа көлік жүйесі" жобасын іске асыру үшін заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 214 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "214 Отандық экспорттаушыларды қолдау үшін "ҚазЭкспортГарант" экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын кейіннен ұлғайта отырып, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту";

      мынадай мазмұндағы 220 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "220 Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ кредиттеу";

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 217 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "217 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобаларын қаржыландыру үшін "Қазақстан Даму Банкі" АҚ кейіннен кредит беру жолымен, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ арқылы кредит беру".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қаржы Министрі

Б. Сұлтанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады