Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 212 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қазанда № 14345 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрлігі


Статистика комитетінің төрағасы

Н. Айдапкелов


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2016 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 212 бұйрығымен бекітілді

Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру
бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Туризм статистикасының көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістеменің мақсаты бірыңғай тәсілдерде туризм бойынша статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және келісушілік пен мемлекеттік статистиканы жалпы қабылданған халықаралық стандарттармен, жіктеуіштермен және әдістермен салыстырмалылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар пайдаланылады:

      1) туристік шығыстар – тұтыну тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ жеке қолдануға немесе туристік сапарға дайындалу кезінде немесе сапар барысында басқа тұлғаларға беруге арналған басқа да құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын сома. Оларға туристтердің өздері төлейтін шығындар, сондай-ақ басқа тұлғалармен төленетін немесе өтейтін шығындар кіреді;

      2) ішкі туризмге кіретін шығындар – туристтің өзі резиденті болып табылатын ел аумағындағы туристік шығындары;

      3) кіру туризміне жататын шығындар - туристтің өзі резиденті болып табылмайтын ел аумағындағы туристік шығындары;

      4) шығу туризміне жататын шығындар – туристтің өзі резиденті болып табылатын ел шегінен тыс туристік шығындары;

      5) туристік келу – туристік сапар кезінде баратын орында болу;

      6) туристік сапар – жұмысқа орналасу мақсатын қоспағанда, туристтік сапары;

2-тарау. Туризм статистикасының көрсеткіштерін
қалыптастыру
1-параграф. Туризм статистикасының саласын анықтау
бойынша негізгі критерийлер

      4. Жеке тұлғалардың кез келген мақсатта жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі ұзақтығымен сапары, бірақ баратын еліндегі ақылы қызметпен байланысты емес туризм саяхатын қамтиды.

      5. Ішкі және халықаралық (кіру және шығу) сапарды жасайтын турист, тиісінше ішкі және халықаралық (кіру және шығу) турист деп аталады.

      6. Турист (ішкі, кіретін немесе шығатын) түнейтін турист ретінде жіктеледі, егер оның сапары түнеуді қамтитын болса, немесе өзге жағдайларда бір күндік турист (немесе экскурсант) ретінде жіктеледі.

      7. Туристік сапар ретінде қарастырылатын сапар мынадай талаптарға сәйкес болуы қажет:

      1) әкімшілік шекараларды кесіп өту (бір күндік барулар мен түнейтін сапарлар) облыстан (қаладан) тыс барулар.

      "Әкімшілік шекаралардың қиылысы" критерийі (туризмнен облыстың шегінен (бұл әдеттегі ортаның бөлігі ретінде) тысқары жерлердегі барлық орын ауыстыруларды алып тастау үшін қолданылады);

      2) 12 айдан көп емес тұру (егер адам 12 айдан көп тұрып жатса - ол осы мекенде тұратын, бұл жергілікті тұрғын немесе резидент);

      3) Бару орнында ақылы қызметпен байланысты емес. Бұл маусымдық жұмыстарға қатысатын, үнемі жұмыс істеуге келетін адамдарды қоспау үшін енгізіледі.

      8. Туристік бару ретінде бағалау үшін ол сапардың түнеуге келетін сапар болуы міндетті емес. Сондай-ақ бару ұғымының өзі тоқтауды пайымдайды. Қандай да бір географиялық ауданға оған тоқтаусыз кіру бұл ауданға баруға жатпайды.

      9. Ұзақтық бір сапар кезіндегі баратын әртүрлі орындар бойынша бөлінеді. Ұзақтық критерийі үшін баратын жерге жетуге (және одан қайта оралуға) кеткен уақыт емес, межелі орындағы өткізілген уақыт қана қарастырылады.

      10. Туристтер санаттарынан мынадай адамдар:

      1) баратын елі өздерінің тұрақты жері болып табылмайтын ("шекара қызметкерлері") елдегі (немесе өңірдегі) жұмысы үшін үнемі мемлекеттік (немесе әкімшілік) шекарадан өтетіндер;

      2) елінде (немесе өңірінде), басқаша айтқанда оның тұрақты тұратын елінде (өңірінде) қысқа мерзімді еңбек шартымен жұмыс істейтін (ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, қонақүй және мейрамхана шаруашылығында және басқа қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер, сондай-ақ басқа қызметкерлер) ресми еңбек шарты бар немесе жоқтар алып тасталады.

      11. Босқындар немесе нақты тұрғылықты жері жоқ адамдар туристтер болып табылмайды, себебі олардың өмір сүретін орны олардың әдеттегі ортасы деп есептеледі.

      12. Туристтік сапарлар негізгі мақсаттар бойынша жіктелінеді және жеке мақсаттары бойынша және іскерлік және кәсіби мақсаттары бойынша сапарларға бөлінеді.

      13. Туризм келесі негізгі түрлерге бөлінеді:

      1) қарастырылып отырған елде тұрақты тұратын туристтің сол елдің шегіндегі туризмін немесе ішкі туристік сапарын не шығу туристік сапарын қамтитын ішкі туризм;

      2) халықаралық туризм (келу туризмі қарастырылып отырған елде тұрмайтын туристтің келу туристік сапарының уақытындағы сол елдің шегіндегі туризмін қосатын және шығу туризмі қарастырылып отырған елде тұрақты тұратын туристтің сол елдің шегінен тысқары туризмін немесе шығу туристік сапарын немесе ішкі туристік сапарын қосатын);

      14. Шығу туристтерінің ағындарын анықтау үшін келесі үш әдістің бірі немесе олардың үйлесімі қолданылады:

      1) кіру/шығу карточкаларын қолдану;

      2) шекарада ерекше зерттеу жүргізу;

      3) үй шаруашылықтарын зерттеу нәтижелері бойынша байқау ұйымдастыру.

      Соңғы жағдайда шығу сапарлары туралы ақпаратты жинау әдетте ішкі сапарлар туралы ақпаратты жинаумен бірге жүргізіледі.

      15. Кіру және шығу туризмі бойынша туристтердің санын қалыптастыруда сапарларының мақсаттары бойынша бөліністі қоса алғанда, шекараны кесіп өткен резидент және резидент еместер бойынша әкімшілік дереккөздер деректері қолданылады. Кіру туристтерінің ағынын есепке алуда әкімшілік дереккөздер деректерінен тұрақты тұруға және жұмысқа келген адамдар алынып тасталады.

      16. Ішкі туризм бойынша қызмет көрсетілген туристтер саны орналастыру орындарының, шипажай-курорттық мекемелерінің жалпымемлекеттік статистикалық байқауының деректері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туристтер саны бойынша әкімшілік дереккөздің деректері негізінде қалыптасады.

      Орналастыру орындарының жалпымемлекеттік статистикалық байқауы "Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету" экономикалық қызмет түрімен кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер қамтылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 11.10.2021 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Статистикалық бизнес-тіркелім орналастыру орындары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін ақпараттық негіз болып табылады. СБТ Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, олардың оқшауланған бөлімшелері туралы ақпаратты қамтиды.

      18. Шипажай-курорттық мекемелерде туристтерді есепке алу шипажай-курорттық мекемелердің қызметін жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде жүргізіледі.

      19. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері бойынша "Мәдениет" саласы бойынша кинотеатр, театр, цирктерге туристтер саны бойынша ақпараттар қалыптастырылады.

3-тарау. Туризм статистикасы бойынша есептеу әдістері
1-параграф. Орналастыру орындары бойынша
толтырымдылық коэффициентін есептеу әдістері

      20. Бөлмелердің толтырымдылығы екі әдіспен есептеледі. Бірінші әдіс бөлмелерді және есептілікте көрсетілген төсектер бос емес болған күндер санын есепке алады. Екінші әдіс күндерді және есептілікте көрсетілген бос емес болған бөлмелер санын есепке алады.

      Есептеудің бірінші әдісі бойынша бөлмелер саны тұрғысынан орналастыру орындары бойынша толтырымдылықты есептеу жүзеге асырылады:



      мұнда:

      ORBR – бөлмелер толтырымдылығының коэффициенті;

      rdoi (бос емес бөлмелер-күндер) – есепті кезеңдегі і бөлме бос емес болған кездегі күндер саны;

      RDAi (бар бөлмелер-күндер) – есепті кезеңдегі i бөлме бос болған күндер саны;

      i – бөлмелердің нөмірленуі (1-ден n-ге дейінгі реттік нөмірлері);

      n – орналастыру мекемелерінде бар бөлмелердің жалпы саны.

      Екінші әдіс бойынша күндер тұрғысынан орналастыру орындарының толтырымдылығы есептеледі:



      мұнда:

      ORBR – бөлмелер толтырымдылығының коэффициенті;

      rodi (күніне бос емес бөлмелер) – і күніне бос емес (қолданылатын) бөлмелер саны;

      RADi (күніне бар бөлмелер саны) – і күніне қолжетімді бөлмелер саны;

      i – күндердің нөмірленуі (1-ден n-ге дейінгі реттік нөмірлері);

      n – есепті кезеңдегі күндердің жалпы саны.

      21. Есепті кезеңде төсек-орындар толтырымдылығы ұсынылған төсек-орындардың (соның ішінде қосымша төсек-орындардың да) жалпы санын есепті кезеңде бар төсек-орындардың және орналастыру орнының жұмыс істеген күндер санының (қосымша төсектерді есептемегендегі) туындысына бөлу арқылы есептеледі. Бөлмелер толтырымдылығы жағдайына ұқсас төсек-орын толтырымдылығын есептеудің екі әдісі бар.

      Бірінші әдіс бойынша төсек-орындар санына қарағанда орналастыру орындары бойынша толтырылымдылықты есептеу жүзеге асырылады:



      мұнда:

      ORBP – төсек-орын толтырымдылығының коэффициенті;

      ONS (түнеулер) – есепті кезең ішіндегі түнеулерімен тоқтау саны;

      BDAi (төсек-күндер) – есепті кезеңдегі і төсегі қолжетімді болған күндер саны (қосымша төсектерді ескермегендегі);

      i – төсек-орын нөмірі (1-ден n-ге дейінгі реттік нөмірлері);

      n – мекемедегі төсектің жалпы саны (қосымша төсектерді ескермегендегі).

      Екінші әдіс бойынша күн санына қарағанда орналастыру орындары бойынша толтырылымдылықты есептелінеді:



      мұнда:

      ORBP – төсек-орын толтырымдылығының коэффициенті;

      ONS (түнеулер) – есепті кезеңдегі түнеулерімен тоқтау саны;

      BADi (күніне бар төсектер) – і күніне қолжетімді болған төсектер саны (қосымша төсектерді ескермегендегі);

      i – күн бөлмесі (1-ден n-ге дейін реттік нөмірі);

      n – есепті кезеңдегі күндердің жалпы саны.

      Әдетте коэффициенттер бір ондық белгіге дейінгі нақтылықпен есептеледі.

2-параграф. Туристтерге іріктемелі зерттеу жүргізу
кезінде көрсеткіштерді есептеу әдістері

      22. Келудің қарқындылығы елдің (өңірдің) 1 тұрғынына келетін туристер саны ретінде анықталады. Келудің қарқындылығы пайызбен (қабылдайтын ел тұрғындарының 100 адамына есептегенде) бағаланады. Өңірлері бойынша және елдің топтары бойынша бұл көрсеткіш ортаәлемдік мәннен едәуір ауытқиды.

      Шығу қарқындылығы осыған ұқсас анықталады. Шығу пайызбен бағаланады (шығу елінің 100 тұрғынына), өйткені ол тұрғындардың (өңірдің) шыққан бөлігін көрсетеді.

      23. "1000 тұрғынға есептегенде туристер саны (ішкі және кіру туризмі)" көрсеткіші есептік көрсеткіш болып табылады және орташа жылдық тұрғындар санына (1000 тұрғынға есептегенде) есепті жылға туристер (ішкі және кіру туризмі) санына қатынасы ретінде анықталады:



      мұнда:

      Кn – 1000 тұрғынға есептегендегі туристер (ішкі және кіру туризмі) саны;

      К – есепті жылдағы туристер (ішкі және кіру туризмі) саны;

      Ns – тұрғындардың орташа жылдық саны, адам.

      24. "Туристер (ішкі және кіру туризмі) санының өсу қарқыны, %" көрсеткіші есепті кезеңде өткен кезеңге туристер (ішкі және кіру туризмі) санының қатынасы ретінде пайызбен анықталады және мына формула бойынша есептеледі:

      К

      A = ------ * 100,

      B

      мұнда:

      A – туристер (ішкі және кіру туризмі) санының өсу қарқыны, %;

      К – есепті кезеңдегі туристер (ішкі және кіру туризмі) саны;

      B – өткен кезеңдегі туристер (ішкі және кіру туризмі) саны.

3-параграф. Әкімшілік деректерді және іріктемелі
зерттеу деректерін пайдалану арқылы кіру
туристтерінің саны бойынша көрсеткіштерді
есептеу әдістері

      25. Әкімшілік дереккөздер деректері кіру туристтерінің санын деректерді қолданушылардың қызығушылығын танытатын (сапарлар мақсаттары, туристтердің типі, көлік түрлері және орналастыру орындары бойынша) төмен нақтылау деңгейіне дейін бөлінісін қамтамасыз етпейді. Бұл үшін бақылау-өткізу бекеттеріндегі кіру туристтерін іріктемелі зерттеу нәтижелері қолданылады.

      Осы рәсім іріктемелі зерттеу деректері бойынша және олардың кіру туристтері бойынша пайдалануының әкімшілік дереккөздер деректеріне қатысты орташа мәнін есептеуге негізделген.

      Статистикалық іріктемелі зерттеудің орташа мәндерінің деректері туристтердің типі (түнеген және бір күндік келушілер) және сапар мақсаттары бойынша бас жиынтықтың бөлінісі үшін пайдалынылады. Туристтермен өткізілген жалпы түндердің немесе күндердің жалпы санын, туристтердің жалпы шығыстарын есептеу үшін іріктемелі зерттеудің нәтижелері негізінде түндер мен күндер ұзақтығының және шығыстардың орташа мәні есептеледі және бұл орташа көрсеткіштер кіру туристтерінің бас жиынтығына қолданылады.

      26. Бастапқыда, іріктемелі зерттеулердің деректері бойынша түнеген және бір күндік туристтердің жалпы кіру туристтерінің санынан пайыздық қатынасы анықталады:

      В

      A = ---- * 100,

      С

      мұнда:

      A – түнеген (бір күндік) туристтердің үлесі, %;

      В – түнеген (бір күндік) туристтердің саны, адам;

      С – кіру к туристтерінің жалпы саны, адам.

      Алынған пайызды пайдалана отырып, ұқсас кезеңге кіру туристтерінің бас жиынтығында тунегендер мен бір күндік туристтер саны есептеледі:

      К= Д * А/100,

      мұнда:

      К – бас жиынтықтағы түнеген (бір күндік) кіру туристтерінің саны, адам;

      Д – кіру туристтерінің жалпы саны (бас жиынтық), адам;

      А – түнеген (бір күндік) туристтердің үлесі, %.

      Сәйкесінше іріктемелі зерттеу деректері негізінде сапар мақсаттары бойынша, орналастыру орындары бойынша, түнеген түндер және күндер саны және сапар мақсаттары бойынша түнеген туристтер саны; пайдаланылған көлік түрлері, өткізілген күндер саны бойынша кіру туристтерінің саны анықталады. Алынған пайыздар бас жиынтықтағы кіру туристтерінің сәйкес санатына қолданылады.

      27. Сапардағы өткізілген күндер саны туристтер саны мен олар өткізген түндер санының жиынтығына тең.

      28. Туризмнің экономикаға үлесін өлшеу үшін сапарда шығындалған ақша қаражаттарының саны ескеріледі.

      Кіру туризміне жататын шығыстар болған ел шеңберінде ғана сатып алуларды қосады.

      Бас жиынтықта кіру туристтерінің шығыстарын анықтау үшін сапар мақсаттары бойынша іріктемелі зерттеу деректері бойынша бір кіру туристінің орташа шығысы есептеледі:

      Р

      Ср = ------,

      Кп

      мұнда:

      Ср – сапар мақсаттары бойынша бір кіру туристінің орташа шығысы, мың теңге;

      Р – іріктемелі зерттеу деректері бойынша сапар мақсаттарындағы кіру туристтері шығыстарының жалпы саны, мың теңге;

      Кп – іріктемелі зерттеу деректері бойынша сапар мақсаттарындағы кіру туристтерінің саны, адам.

      Бір кіру туристінің есептелген орташа шығысы бас жиынтықтағы сапар мақсаттарындағы кіру туристтерінің санына көбейтіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады