"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ. К. Орынханов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Статистика комитетінің төрағасы | Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 11 қазандағы № 236 бұйрығымен бекітілген |
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Әдістеме денсаулық сақтау саласындағы статистикалық ақпаратты, денсаулық сақтау саласында құрылатын жалпы қосылған құнды, жұмыспен қамту және жалпы қорланымды құрастырудың негізгі аспектілерін және әдістерін анықтайды.
3. Осы Әдістеменің мақсаты денсаулық сақтау қосалқы шоттарының көрсеткіштерін құрастыру әдістерін анықтау болып табылады.
4. Осы Әдістемеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) аралық тұтыну – есепті кезеңдегі өндіріс үдерісінде өзгеретін немесе толығымен тұтынылатын тауарлардың және қызметтердің құнынан тұратын тұтыну;
2) денсаулық сақтаудың ұжымдық қызметтері– жалпы қоғамға ұсынылатын, қоғамдық денсаулық сақтаудың дәстүрлі міндеттерін орындайтын денсаулық сақтау қызметтері;
3) денсаулық сақтаудың функциялары (бұдан әрі – НС) – қаржыландыру сызбалары бойынша алынған қаражат есебінен денсаулық сақтаудың өнім берушілері ұсынатын тауарлар мен қызметтер;
4) емдеу қызметтері – аурудың белгілерін немесе жарақатты жеңілдету мақсатында денсаулық сақтаудың өнім берушілері ұсынатын қызметтер, аурудың адамдардың тіршілігіне қауіп төндіруі мүмкін асқынуынан қорғау;
5) жеке қызметтер – үй шаруашылықтарына ұсынылатын және үй шаруашылықтарының мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін пайдаланылатын денсаулық сақтаудың қызметтері;
6) көрсетілетін медициналық қызметтерді жеткізушілер (бұдан әрі – НР) – денсаулық сақтау тауарлары мен көрсетілетін қызметтері негізгі қызмет түрі ретінде ұсынатын, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсету қызмет түрлерінің бірі ғана болып табылатын ұйымдар және қызмет субъектілері;
7) соңғы тұтыну – жалпы ішкі өнімнің пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіш. Жеке және ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған тауарлардың және қызметтердің құнын білдіреді.
2-тарау. Денсаулық сақтаудың қосалқы шотының құрылымы
5. Денсаулық сақтаудың қосалқы шоты (бұдан әрі – ДҚШ) ҰШЖ шоттарына ұқсас кестелерді және шоттарды қалыптастыруды көздейтін және денсаулық сақтау саласына жататын кірістердің, шығыстардың, тауарлардың және қызметтердің барлық ағындарын бейнелейтін жүйені білдіреді.
6. Денсаулық сақтау саласы "Денсаулық сақтау саласындағы әрекет" саласын ғана емес, әлеуметтік қызметтер ұсыну, басқару, медициналық тауарларды өндіру және оларды сату сияқты басқа салалар шеңберінде жүзеге асырылатын, денсаулық сақтау мақсаттарындағы басқа да әрекетті қамтиды.
7. Денсаулық сақтаудың қосалқы шоты мынадай төрт кестеден тұрады:
1) денсаулық сақтау ресурстарының кестесі;
2) денсаулық сақтауды пайдалану кестесі;
3) денсаулық сақтаудағы жұмыспен қамту кестесі;
4) денсаулық сақтау салалары бойынша негізгі капиталдың жалпы қорланымы кестесі.
8. ДҚШ кестелерін қалыптастыру үшін ДШЖ 2011-де бейнеленген денсаулық сақтаудың функционалдық жіктелімі және медициналық тауарлар мен қызметтерді жеткізушілердің жіктелімі қолданылады. Статистикалық ақпаратты қалыптастыру кезінде Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктелімі (ЭҚЖЖ) және ДҚШ-да пайдаланылатын жіктелімдерге сәйкес келмейтін Экономикалық қызмет түрлерінің өнім жіктелімі (ЭҚТӨЖ) қолданылады. Деректердің салыстырымдылығын қамтамасыз ету мақсатында осы әдістемеге 1-қосымшада және 2-қосымшада ұсынылған, ДШЖ 2011-ге сәйкес денсаулық сақтаудың функционалдық жіктелімінен (НС) ЭҚТӨЖ өтпелі кілттер және медициналық қызметтерді жеткізушілердің жіктелімінен (НР) ЭӨЖЖ өтпелі кілттер әзірленді.
3-тарау. Ресурстар кестесі және ДҚШ пайдалану кестесі
9. Денсаулық сақтау ресурстарының кестесі экономикадағы денсаулық сақтаудың тауарлары мен қызметтерін сипаттайды. Экономика ресурстары ел аумағында өндірілетін өнімді шығарудан және импорттан құралады. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шығару негізгі бағалармен бағаланады. Денсаулық сақтау ресурстары кестесінің әрбір бағаны қызметтің негізгі және қосалқы түрлері бойынша өндірілген, денсаулық сақтау саласындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірісі туралы ақпаратты береді.
10. Денсаулық сақтау тауарларын және көрсетілетін қызметтерін шығару өнім берушілер бойынша ұсынылады және негізгі бағалармен, сондай-ақ таза салықтарды (субсидияларды алып тастағандағы салықтар), үстеме бағаны қосу арқылы сатып алушының бағаларымен өлшенеді. Шығару бағанындағы әрбір элемент елдің экономикалық аумағында өндірілген денсаулық сақтау өнімдерінің мәнін білдіреді. Өнімдер бойынша импортты қосу арқылы денсаулық сақтау функциялары бойынша жалпы көлем алынады.
11. Денсаулық сақтаудың пайдалану кестесі өндіретін бірліктердің әртүрлі топтарының әртүрлі өнімдерді пайдалануын бейнелейді. Кестенің жолдарында сатып алушының бағаларымен өлшенетін денсаулық сақтау өнімдері ұсынылады, ал бағандарында өндірушілер (өнім берушілер) көрсетіледі.
12. Денсаулық сақтау ресурстары және пайдалану кестесі Ұлттық шоттар жүйесінің "Ресурстар - Пайдалану" (ҰШЖ РПК) жылдық кестелері негізінде қалыптастырылады. ҰШЖ РПК деректері өтпелі кілттер арқылы ДҚШ РПК ауыстырылады. Егжей-тегжейлі ақпарат болмаған кезде салалық статистиканың жиынтық біріктірме деректері негізінде есептелген үлестер пайдаланылады.
13. Денсаулық сақтаудың аралық тұтыну компоненттерін анықтау үшін пайызбен көрсетілген және денсаулық сақтау шығарылымы шамасының және соңғы өнім шығарылымының жалпы шамасы арасындағы ара қатынаспен анықталатын денсаулық сақтаудың есептік үлесі пайдаланылады.
14. Осы Әдістемеге 3-қосымшада денсаулық сақтау ресурстарының кестесі және осы Әдістемеге 4-қосымшада денсаулық сақтауды пайдалану кестесі мысал ретінде ұсынылған.
4-тарау. Денсаулық сақтаудағы жұмыспен қамту
15. Денсаулық сақтаудағы жұмыспен қамтудың сандық бағалауы денсаулық сақтау саласындағы жұмыспен қамтумен ұсынылған, ал оның мөлшерін білдіруге арналған айнымалы көрсеткіштерге жұмыс орындарының саны және жұмыс істелген сағаттар жатады, сондай-ақ олар жұмыс күшін пайдалану қарқындылығының көрсеткіштері болып табылады.
16. Жұмыспен қамту кестесі сондай-ақ медициналық көмекті жеткізушілер бойынша бөліністегі денсаулық сақтау саласының мекемелер санын сипаттайтын шаманы да қамтиды. Бұл денсаулық сақтау саласы үшін жынысы және жұмыспен қамту жағдайы бойынша бөліністе жұмыс орындарының орташа санын есептеуге мүмкіндік береді.
17. Еңбек қарқындылығы жұмыс орнына, салаға және уақыт кезеңіне байланысты өзгереді. Жұмыс орындары жұмыспен қамтылған тұлғалардың жұмыс уақыты бойынша өзгешеленеді және толық немесе толық емес жұмыс күні түрінде бейнеленеді. Осы себептен жұмыс уақытының жалпы саны туралы деректер (сағатпен) пайдаланылады. Барлық жұмыс орындарын толық жұмыспен қамту баламасына қайта есептеген кезде берілген уақыт кезеңіндегі денсаулық сақтау саласындағы жұмыс күшінің жалпы көлемі алынады. Денсаулық сақтаудағы жұмыспен қамтуды есептеу сызба түрінде осы Әдістемеге 5-қосымшада ұсынылған.
18. Денсаулық сақтаудың жұмыспен қамту кестесін қалыптастыру кезінде ай сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.
19. Жұмыс уақытының нормасы Қазақстан Республикасының жыл сайынғы өндірістік күнтізбесіне сәйкес пайдаланылады.
20. Денсаулық сақтаудағы жұмыспен қамту мысал ретінде осы Әдістемеге 6-қосымшада ұсынылған.
5-тарау. Денсаулық сақтаудағы негізгі капиталдың
жалпы қорланымы
21. Негізгі капиталдың жалпы қорланымының шамасы өндірушілер есепті кезеңде сатып алған (сатылғандарын алып тастағанда) негізгі қорлардың жалпы құнын негізге ала отырып, институционалдық бірліктердің өндірістік қызметі нәтижесінде болған өндірістік емес активтер құнының азғана артуын қосып, бағаланады.
22. ДҚШ НКЖҚ осы Әдістемеге 7-қосымшада ұсынылған денсаулық сақтау жөніндегі активтерді жіктеуге сәйкес қалыптастырылады.
23. ДҚШ НКЖҚ кестесі денсаулық сақтау медициналық қызметтерін жеткізушілердің (салалардың) барлық активтерді таза сатып алуын қамтиды және "денсаулық сақтау салалары бойынша негізгі капиталдың жалпы қорланымы" деп аталатын біріктірме көрсеткішті алуға мүмкіндік береді.
24. Негізгі қорлардың жай-күйі туралы жыл сайынғы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері Денсаулық сақтау салалары бойынша негізгі капиталдың жалпы қорланымы кестесін жасауға арналған ақпарат көздері болып табылады.
25. Денсаулық сақтау салалары және өнеркәсіптің басқа салалары бойынша негізгі капиталдың жалпы қорланымы кестесі мысал ретінде осы Әдістемеге 8-қосымшада ұсынылған.
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістемеге 1-қосымша |
Денсаулық сақтаудың функционалдық жіктелімінен (HС)
ЭҚТӨЖ өтпелі кілттер
НС кодтары | Денсаулық сақтау функциялары | ЭҚТӨЖ кодтары | Атауы |
НС.1 | Емдеу көмегі | 86.10 | Ауруханалардың қызметтері |
НС.2 | Оңалту көмегі | 86.20 | Дәрігерлік және стоматологиялық тәжірибе саласындағы қызметтер |
НС.3 | Ұзақ мерзімді көмек | 87.10 87.20 | Тұруды қамтамасыз етумен науқастарды күту бойынша қызметтер Ақыл-ой немесе дене кемшіліктері, психикалық аурулар және наркологиялық ауытқулары бар адамдардың тұруымен байланысты қызметтер |
НС.4 | Қосалқы қызметтер | 86.90 | Адам денсаулығын қорғау жөніндегі өзге де қызметтер |
НС.5 | Медициналық бұйымдар | 21.10 21.20 26.60 32.50 | Негізгі фармацевтикалық өнімдер Фармацевтикалық препараттар Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдық Медициналық және стоматологиялық құрал-саймандар мен керек-жарақтар |
НС.6 | Алдын алу көмегі | 84.12 | Денсаулық сақтау, білім, мәдениет саласындағы мекемелерді басқару жөніндегі әкімшілік қызметтер және әлеуметтік қамтамасыз етуден басқа өзге әлеуметтік қызметтер |
НС.7 | Денсаулық сақтау жүйесін әкімшілендіруді басқару | 84.30 65.12 | Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызметтер Өмірді сақтандырудан басқа сақтандыру жөніндегі қызметтер |
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістемеге 2-қосымша |
Медициналық қызметтерді жеткізушілердің жіктелімінен (HP)
ЭҚЖЖ өтпелі кілттер
Кодтар | Өнім берушілер | ЭҚЖЖ кодтары | Атауы |
НР.1 | Стационарлар | 86.10 | Аурухана мекемелерінің қызметі |
НР.2 | Ұзақ мерзімді күтумен интернат үлгісіндегі мекемелер | 87.10 87.20 | Тұруды қамтамасыз етумен науқастарды күту бойынша мекемелер Ақыл-ой немесе дене кемшіліктері, психикалық аурулар және наркологиялық ауытқулары бар адамдардың тұруымен байланысты әрекеттер |
НР.3 | Амбулаториялық көмекті жеткізушілер | 86.20 | Дәрігерлік және стоматологиялық тәжірибе |
НР.4 | Қосалқы қызметтерді жеткізушілер | 86.90 | Денсаулық сақтау жөніндегі өзге де қызмет |
НР.5 | Бөлшек сауда кәсіпорындары және медициналық бұйымдардың басқада жеткізушілері | 21.10 21.20 26.60 32.50 47.73 47.74 | Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру Фармацевтикалық препараттар өндіру Сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдық өндіру Медициналық және стоматологиялық құрал-саймандар мен керек-жарақтар өндіру Фармацевтикалық тауарлардың мамандандырылған дүкендердегі бөлшек саудасы Медициналық және ортопедиялық тауарлардың мамандандырылған дүкендердегі бөлшек саудасы |
НР.6 | Алдын алу көмегін жеткізушілер | 84.12 | Медициналық қызмет көрсетуді, білімді, мәдени қызмет көрсетуді және әлеуметтік қамтамасыз етуден басқа әлеуметтік қызметтерді қамтамасыз ететін мекемелердің қызметін реттеу |
НР.7 | Денсаулық сақтау жүйесін әкімшілендіру және қаржыландыру жөніндегі қызметтерді жеткізушілер | 84.30 65.12 | Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы әрекет Залалды сақтандыру |
НР.8 | Басқа экономика | 98.20 | Меншікті тұтынуға арналған қызметтер өндірісі бойынша үй шаруашылықтарының әрекеті |
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістемеге 3-қосымша |
Денсаулық сақтау ресурстарының кестесі
мың теңге
Медициналық қызметтерді жеткізушілер | Медициналық қызметтерді жеткізушілер шығарылымы | Басқа өндірушілердің шығарылымы | Шығарылымның барлығы | Импорт | Таза салықтар | Сауда және көліктік үстеме баға | Сатып алушы лардың бағаларындағы ресурстар барлығы | |||||||||
HP.1 | HP.2 | HP.3 | HP.4 | HP.5 | HP.6 | HP.7 | HP.8 | |||||||||
Тауарлар және қызметтер | ||||||||||||||||
НС.1 | Емдеу көмегі | |||||||||||||||
НС.2 | Оңалту көмегі | |||||||||||||||
НС.3 | Ұзақ мерзімді көмек | |||||||||||||||
НС.4 | Қосалқы қызметтер | |||||||||||||||
НС.5 | Медициналық бұйымдар | |||||||||||||||
НС.6 | Алдын алу көмегі | |||||||||||||||
НС.7 | Денсаулық сақтау жүйесін әкімшілендіруді басқару | |||||||||||||||
Жиыны денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтерінің ресурстары | ||||||||||||||||
Басқа өнімдер | ||||||||||||||||
Жиыны шығарылым (базистік бағалармен) |
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістемеге 4-қосымша |
Денсаулық сақтауды пайдалану кестесі
мың теңге
Медициналық қызметтерді жеткізушілер | Барлығы | Басқа өндірушілер | Өнімге салынатын салық | Экспорт | Соңғы тұтыну | Жалпы қорланым | Сатып алушылардың бағаларында қолдану | |||||||||
HP.1 | HP.2 | HP.3 | HP.4 | HP.5 | HP.6 | HP.7 | HP.8 | |||||||||
Тауарлар және қызметтер | ||||||||||||||||
НС.1 | Емдеу көмегі | |||||||||||||||
НС.2 | Оңалту көмегі | |||||||||||||||
НС.3 | Ұзақ мерзімді көмек | |||||||||||||||
НС.4 | Қосалқы қызметтер | |||||||||||||||
НС.5 | Медициналық бұйымдар | |||||||||||||||
НС.6 | Алдын алу көмегі | |||||||||||||||
НС.7 | Денсаулық сақтау жүйесін әкімшілендіруді басқару | |||||||||||||||
Денсаулық сақтаудағы тауарлары мен қызметтерінің барлығы | ||||||||||||||||
Басқа өнімдер | ||||||||||||||||
Жиыны | ||||||||||||||||
Жалпы қосылған құн | ||||||||||||||||
Еңбекақы төлеу | ||||||||||||||||
Өнімге салынатын салық | ||||||||||||||||
Өндіріске берілген субсидияларды шегергендегі өндіріске салынатын басқа да салықтар | ||||||||||||||||
Негізгі капиталды тұтыну | ||||||||||||||||
Пайда, аралас кіріс | ||||||||||||||||
Еңбек шығындары | ||||||||||||||||
Негізгі капиталдың жалпы корланымы | ||||||||||||||||
Негізгі бағалардағы шығарылым |
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістемеге 5-қосымша |
Денсаулық сақтаудағы жұмыспен қамтуды есептеу
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістемеге 6-қосымша |
Денсаулық сақтаудағы жұмыспен қамту
Медициналық қызметтерді жеткізушілер | Мекемелер саны | Жұмыспен қамту мәртебесі бойынша жұмыс орындарының саны | Жұмыспен қамту мәртебесі бойынша жұмыс орындарының саны | Мәртебесі бойынша толық жұмыс күніне жұмыс орындарының саны | |||||||||||||||
Жалдамалы қызметкерлер | Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар | Жалдамалы қызметкерлер | Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар | Жалдамалы қызметкерлер | Өзін-өзі жұмыспен қамтитындар | ||||||||||||||
Ер | Әйел | Барлығы | Ер | Әйел | Барлығы | Ер | Әйел | Барлығы | Ер | Әйел | Барлығы | Ер | Әйел | Барлығы | Ер | Әйел | Барлығы | ||
Стационарлар | |||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді күтумен интернат үлгісіндегі мекемелер | |||||||||||||||||||
Амбулаториялық көмекті жеткізушілер | |||||||||||||||||||
Қосалқы қызметтерді жеткізушілер | |||||||||||||||||||
Бөлшек сауда кәсіпорындары және медициналық бұйымдарды басқа жеткізушілер | |||||||||||||||||||
Алдын алу көмегін жеткізушілер | |||||||||||||||||||
Денсаулық сақтау жүйесін әкімшілендіру және қаржыландыру жөніндегі қызметтерді жеткізушілер | |||||||||||||||||||
Барлығы |
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістемеге 7-қосымша |
Денсаулық сақтау жөніндегі активтерді жіктеу
1. Ғимараттар
1.1. тұрғын ғимараттары
1.2. тұрғын емес ғимараттар
2. Имараттар
3. Машиналар мен жабдық
3.1. көлік құралдары және жабдық
3.2. сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдық
4. Материалдық емес негізгі қорлар (материалдық емес активтер)
4.1. бағдарламалық қамтамасыз ету
Денсаулық сақтаудың қосалқы шотын құру бойынша әдістемеге 8-қосымша |
Денсаулық сақтау салалары және өнеркәсіптің басқа салалары
бойынша негізгі капиталдың жалпы қорланымы
мың теңге
Денсаулық сақтау жөніндегі активтер | Медициналық қызметтерді жеткізушілер | Барлығы | Басқа салалар | Негізгі капиталдың жалпы қорланымы | ||||||
Стационарлар | Ұзақ мерзімді күтумен интернат үлгісіндегі мекемелер | Амбулаториялық көмекті жеткізушілер | Қосалқы қызметтерді жеткізушілер | Бөлшек сауда кәсіпорындары және медициналық бұйымдарды басқа жеткізушілер | Алдын алу көмегін жеткізушілер | Денсаулық сақтау жүйесін әкімшілендіру және қаржыландыру жөніндегі қызметтерді жеткізушілер | ||||
Ғимараттар | ||||||||||
тұрғын ғимараттары | ||||||||||
тұрғын емес ғимараттар | ||||||||||
имараттар | ||||||||||
Машиналар мен жабдық | ||||||||||
солардың ішінде: | ||||||||||
көлік құралдары және жабдық | ||||||||||
сәулелендіргіш, электромедициналық және электротерапиялық жабдық | ||||||||||
Материалдық емес негізгі қорлар (материалдық емес активтер) | ||||||||||
солардың ішінде: | ||||||||||
Бағдарламалық қамтамасыз ету | ||||||||||
Барлығы |