Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12-1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
реттік нөмірі 50-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
50 | Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар оқытушылардың үлесі - кемінде 30%; Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі - 60%-дан көп емес; Оқытушылардың жалпы санынан "Өнер" мамандықтар тобы үшін лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар оқытушылардың үлесі кемінде 30%; Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі - 60%-дан көп емес; "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" мамандықтар тобы бойынша: ұлттық жоғары оқу орындары үшін лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі жалпы оқытушылар санынан кемінде 40%; Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе жоғары/бірінші біліктілік дәрігерлік санаты бар оқытушылардың үлесі - 50%-дан көп емес; университеттер, академиялар үшін оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі кемінде 30%; Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе резидентураны аяқтаған, жоғары/бірінші біліктілік дәрігерлік санаты бар оқытушылардың үлесі – 60%-дан көп емес; Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың жалпы санынан "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес оқытушылардың үлесі кемінде 40%. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). |
";
реттік нөмірі 62-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
62 | Оқытушылардың оқу жоспарындағы пәндерге сәйкес болуы, оның ішінде олардың білімі оқытатын пәндер бейініне, сондай-ақ "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары оқытатын пәндердің бейініне сәйкес болуы. Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар оқытушылардың үлесі - кемінде 30%; Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі - 60%-дан көп емес; Оқытушылардың жалпы санынан "Өнер" мамандықтар тобы үшін лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар оқытушылардың үлесі кемінде 30%; Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі - 60%-дан көп емес; Оқытушылардың жалпы санынан "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" мамандықтар тобы бойынша: ұлттық жоғары оқу орындары үшін лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі кемінде 40%; Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе резидентураны аяқтаған, жоғары/бірінші біліктілік дәрігерлік санаты бар оқытушылардың үлесі - 50%-дан көп емес; университеттер, академиялар үшін лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары бар оқытушылардың үлесі кемінде 30%; Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе резидентураны аяқтаған, жоғары/бірінші біліктілік дәрігерлік санаты бар оқытушылардың үлесі– 60 %-дан көп емес; Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін: оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежелері немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атақтары және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен және/немесе әділет кеңесшісінен төмен емес оқытушылардың үлесі кемінде 40%. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). |
";
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А.Ә. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған баспа және электрондық қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Білім және ғылым министрі | Е. Сағадиев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
____________________Д. Абаев
27 қыркүйек 2016 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
____________________Ж. Асанов
21 қазан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________________Т. Дүйсенова
10 қазан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
___________________С. Жасұзақов
12 қазан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
___________________А. Мұхамедиұлы
6 қазан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
___________________К. Мәсімов
17 қазан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________________Қ. Бишімбаев
30 қыркүйек 2016 жыл
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________________Қ. Қасымов
3 қазан 2016 жыл