"Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 18-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 9 желтоқсанда № 14499 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабы 5-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 22-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12720 тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге сертификаттауға мынадай салалардың бірінде: экономика, менеджмент, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, құқық саласында жоғары білімі және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидаттар жіберіледі.

      Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар мемлекеттік саяси қызметшілердің, сондай-ақ Мемлекеттік аудитор біліктілігін беруге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерінің білімін растамай сертификаттаудан өтуге құқығы бар.".

      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


Республикалық бюджеттің


атқарылуын бақылау жөніндегі


есеп комитетінің Төрағасы

Қ. Жаңбыршин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 9 желтоқсан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады