Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 12.08.2019 № 193/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ақпараттандыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ______________Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 10 қараша |
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 19 қырқүйектегі № 159 бұйрығымен бекітілді |
Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдардың архитектурасын әзірлеу,іске асырылуын қолдап отыру және дамыту тәртібін айқындайды.
2. Ережелер "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелерге және құрамында мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтері бар, оларды өңдейтін және (немесе) тапсыратын ақпараттық-коммуникалық инфрақұрылымына қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық жүйелердің архитектурасы – мемлекеттік функцияларды автоматтандыратын және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің, қолданбалы бағдарламалық өнімдердің, олардың өзара іс-қимыл процестерінің және мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндіктеріне қатынасының сипаттамасы болып табылатын мемлекеттік орган архитектурасының жігі;
2) ақпараттық жүйелер интеграциясының моделі – өзара ақпараттық іс-қимылдарды стандарттауға және деректердің қайталанбауына арналған ақпараттық жүйедегі өзара іс-қимылдарының, форматтардың және іс-қимыл тәсілдерінің өзара іс-қимыл нүктелерінің жиынтығының көрінісі;
3) ақпараттық жүйелердің моделі – кешендерге топталған және мемлекеттік органдардың қызмет бағыттары бойынша бөлінген, ақпараттық жүйе жиынтығын сипаттауға және олардың арасындағы қиылысуларды анықтауға арналған ақпараттық жүйелердің көрінісі;
4) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның архитектурасы (бұдан әрі – АК-инфрақұрылым) – бағдарламалық өнімдердің, аппараттық-бағдарламалық кешендердің, телекоммуникация желілерінің, ақпараттық қауіпсіздік құралдары және инженерлік инфрақұрылымның сипаттамасы болып табылатын мемлекеттік орган архитектурасының жігі;
5) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым моделі – физикалық серверлік алаңдар бойынша топтастырылған және өзара топологиялық байланыс желілері арқылы байланысқан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым компоненттерінің көрінісі;
6) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ведомствоаралық жоба (бұдан әрі – салалық АКТ-жобасы) - ақпараттық-коммуникациялық технология саласында бірнеше мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоба;
7) ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы ведомствоішілік жоба (бұдан әрі – ведомствоішілік АКТ-жоба) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бір мемлекеттік орган жүзеге асыратын жоба;
8) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жоба (бұдан әрі – АКТ жобасы) – бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының занмаларымен тыйым салынбаған өзге де қаржыландыру көздерініңесебінен қаржыландырылатын ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және қызмет көрсетуі бойынша экономикалық негізделген жұмыстар кешені;
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалық құжаттар жобасы (бұдан әрі – жобалық құжаттар) –инвестициялық ұсыныстан, қаржы-экономикалық негіздемеден, мемлекеттік-жекешелікәріптестік жобасының тұжырымдамасынан және бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесінен тұратын, құрамында жобаның техникалық-экономикалық параметрлерін, іске асыру мақсаттылығын, сонымен қатар негізгі техникалық, технологиялық және өзге шешімдерді ашатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаның сипаттамасы бар құжаттар жиынтығы;
10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобалар портфелі (бұдан әрі – АКТ жобалар портфелі) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында олардың жүзеге асырылуын тиімді басқару мақсатында біріктірілген жобалар жиынтығы;
11) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы салалық жоба (бұдан әрі – салалық АКТ-жоба) – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында коммерциялық кәсіпорындар мен бюджеттік ұйымдардың қатысуымен белгіленген саланың (сфераның) уәкілетті мемлекеттік орғаны іске асыратын жоба;
12) ақпараттық қамтылым – шешім қабылдау үшін пайдаланылатын құжаттардың, деректер мен электрондық ақпараттық ресурстардың қол жетімділігін сапалық бағалау шарасы;
13) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкiмет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
14) ақпараттық өзара іс-қимыл – мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің, мемлекеттік органдардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы мәліметтер мен ақпараттар алмасу процесі;
15) ақпараттық өзара іс-қимыл моделі – мемлекеттік органдардың өзара ақпараттық іс-қимылының басымдықтарын анықтау, стандарттау және оңтайландыруға арналған мемлекеттік ақпараттық өзара іс-қимыл көрінісі;
16) деректер архитектурасы – ақпараттық ресурс ииспаттамасы болып табылатын, ақпараттық өзара іс-қимыл деректері, сондай-ақ деректерді және оларды басқару туралы мәліметтер бар ақпараттық ресурстар енгізілген мемлекеттік органның архитектура жігі;
17) деректер моделі – мемлекеттік органның үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті негізгі деректер, олардың жағдайы мен өзара байланысы;
18) қызмет архитектурасы – стратегиялық басымдықтарды, мақсаттарды, міндеттерді, ұйымдастырушы құрылымды, қызметінің бағытын, функционалдық мүмкіндігін, мемлекеттік органның функциялары мен қызметтерін сипаттайтын мемлекеттік орган архитектурасының жігі;
19) қызмет моделі – мемлекеттік орган жұмысының негізгі қағидаттарын сипаттауға арналған құрылымдық, операциялық және қаржылық тетіктері, оның жұмысы мен қызметінің негізгі нәтижелерінің көрінісі;
20) қызмет уәждемесінің моделі –мемлекеттік органның қажетті өзгерістерін жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органның өзара байланыс құралдары және қол жеткізу тәсілдері, борышы, мақсаттары мен міндеттерінің көрінісі;
21) мемлекеттік орган архитектурасының ағымдағы жағдайы (бұдан әрі – ағымдағы архитектура) – белгілі уақыт мезетіндегі мемлекеттік орган архитектурасы компоненттерінің мемлекеттік органның қазіргі қажеттіліктерін қолдау үшін пайдаланылатын және олардың арасындағы қарым-қатынастарды көрсететін ұсынымдар жиынтығы және ол ұзақ мерзімді жоспарлау мен қысқа мерзімді өзгерістер үшін негіз болып табылады;
22) мемлекеттік орган архитектурасының ауқымы – (бұдан әрі – архитектура ауқымы) – құрылымдық бөлімшелерінің және қарамағындағы ұйымдардың санымен, мемлекеттік органның архитектуралық жіктерімен, компоненттерін нақтылау мен мемлекеттік органның архитектурасын ұсынумен, сондай-ақ жоспарланған өзгерістердің уақытша шегімен сипатталатын мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу және дамыту жөніндегі жұмыстардың шекарасы;
23) мемлекеттік орган архитектурасын басқару жөніндегі процестің дайындық деңгейін бағалау – мемлекеттік орган архитектурасы ауқымының әділ бағасын анықтауға және іске асырудың тиімділігіне бағытталған және кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін және жетілдірудің келешегін анықтауға мүмкіндік беретін іс-шаралардың жиынтығы;
24) мемлекеттік орган архитектурасыныңжүзеге асырылуын қолдау (бұдан әрі – архитектураның жүзеге асырылуын қолдау) – мемлекеттік орган архитектурасының сәйкестігін, мемлекеттік орган архитектурасын басқару және мемлекеттік орган архитектурасында бекітілген өзгерістерді басқару жөніндегі процестердің дайындығын бағалау, мемлекеттік орган архитектурасын жүзеге асыруды тиімді басқару жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
25) мемлекеттік орган архитектурасының жігі (бұдан әрі – архитектура жігі) – мемлекеттік органның қызметін, немесе деректерін, немесе ақпараттық жүйесін немесе АК-инфрақұрылымын сипаттау арқылы мемлекеттік органның жағдайы мен бір болашағын сипаттайтын мемлекеттік органның құрамдас бөлігі;
26) мемлекеттік орган архитектурасының компоненті (бұдан әрі – архитектура компоненті) – мемлекеттік орган қызметіндегі бір объектінің ағымдағы және (немесе) жоспарланған жағдайын көрсететін мемлекеттік орган архитектурасының элементі;
27) мемлекеттік орган архитектурасының мәнмәтіні (бұдан әрі – архитектура мәнмәтіні) – мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу және дамыту шеңберінде мемлекеттік орган қызметінің ішкі және сыртқы жағдайы;
28) мемлекеттік орган архитектурасының нысаналы (жоспарланған) жағдайы (бұдан әрі – мақсатты архитектура) – қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға және мемлекеттік жоспарлау Жүйесі құжаттары нәтижелері көрсеткіштерінің мақсатына, міндеттеріне, және нысаналы индикаторларына жетуге бағытталған қажетті өзгерістерін анықтау үшін пайдаланылатын мемлекеттік орган архитектурасының жоспарланған компоненттер жиынтығын және олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсететін ұсынымдар жиынтығы;
29) мемлекеттік орган архитектурасы мен ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы жобаның мүдделі тараптары (бұдан әрі – мүдделі тарап) –мемлекеттік органның архитектурасын әзірлеу немесе дамыту міндетіне жататын, мемлекеттік органның архитектурасынан, немесе архитектураның жекелеген компоненттерінен және ақпараттық-коммуникациялық технология саласындағы жобадан нәтиже күтетін және мүдделі заңды тұлға (мемлекеттік заңды тұлға, қазыналық кәсіпорын, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын, квазимемлекеттік сектор субъектісі);
30) мемлекеттік орган архитектурасының моделі (бұдан әрі – архитектура моделі) – мемлекеттік орган архитектурасының графикалық формат түрінде ұсынылған компоненттері;
31) мемлекеттік орган архитектурасына сәйкестігін бағалау (бұдан әрі – архитектураға сәйкестік бағасы) – бекітілген мемлекеттік орган архитектурасын әзірлеу, жобалау сатысында, техникалық және конкурстық құжаттары, ақпараттандыру объектісінде жүзеге асыру мен енгізу кезеңдерінде ақпараттандыру объектісі "электрондық үкімет" объектісінің құрылымы мен мазмұнына сәйкестігін бағалау;
32) мемлекеттік орган архитектурасының сегменті (бұдан әрі – архитектура сегменті) – мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшесінің қызметіндегі бір немесе бірнеше бағыт немесе мемлекеттік органның мүмкіндігі туралы сипаттамасына қатысты мемлекеттік орган архитектурасының барлық жіктерінің сипаттамалары бар мемлекеттік орган архитектурасының құрамдас бөлігі;
33) мемлекеттік органның архитектурасын ұсыну (бұдан әрі – ұсыну) – архитектураның бір немесе бірнеше компоненттерінің және олардың арасындағы қатынастардың, белгілі бір көріністерінің құрылымын, жағдайын және іс-әрекетін және (немесе) мемлекеттік орган архитектурасының мақсатын сипаттау үшін пайдаланатын тізім, таблица және модель түріндегі сипаттамасы;
34) мемлекеттік орган архитектурасының шаблоны (бұдан әрі – архитектура шаблоны) – "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектісін жобалау жөніндегі біркелкі міндеттерді атқару шеңберінде мемлекеттік орган архитектурасы компоненттерін жүзеге асырудың оңтайлы құралдарын таңдау;
35) мемлекеттік органның архитектурасын шектеу (бұдан әрі – шектеу) – мемлекеттік органның архитектурасына жүктелген ведомствоішілік немесе сыртқы лимиттер, талаптар немесе шарттар;
36) мемлекеттік орган архитектурасын іске асыруды мониторингілеу - мемлекеттік орган архитектурасын іске асыру барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау және сараптау жөніндегі, сонымен қатар, мемлекеттік орган архитектурасының бекітіліп жоспарланған нәтижелерінің жеткен жетістіктерінің бағасын және мемлекеттік орган архитектурасын іске асыру жұмыстары барысында сервистік интегратор есебін құру кезінде есепке алынатын ақпаратты-коммуникациялық технологиялар саласындағы кейбір жобалардың олардың іс жүзіндегі орындалу нәтижелерімен салыстырғанда жеткен дәрежесін бағалау жөніндегі шаралардың жиынтығы;
37) мемлекеттік орган мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жобаның мүдделі тараптарының күтетіні (бұдан әрі – мүдделі тараптың күтетіні) – мемлекеттік органның қызметін оңтайландыруға және автоматтандыруға немесе мүдделі бір немесе бірнеше тарапқа аса маңызды болып табылатын ақпараттандырудың өзге аспектілеріне қатысты ортақ қажеттіліктер мен мүдделер;
38) мемлекеттік органның функционалдық моделі – мемлекеттік органның құзыретін сипаттау үшін мемлекеттік орган қызметтерінің бағыттары бойынша оның функционалдық мүмкіншіліктін қызметтік иерархия бойынша ұсыну;
39) мемлекеттік органның функционалдық мүмкіндігі (бұдан әрі –функционалдық мүмкіндігі) – мемлекеттік орган қызметінің белгілі қызмет түрлерін орындау мүмкіндігі барлығын сипаттауға арналған мемлекеттік функциялар мен олардан туындайтын қызметтер, ақпараттандыру объектілері, адами ресурстардың, нормативтік-құқықтық қамтамасыздандырдың, ұйымдастыру бірліктерінің топтастандырылған бірегей жиынтығы;
40) функционалдық мүмкіндіктің жағдайын бағалау – мемлекеттік органның қызмет нәтижелерін жақсарту мүкіндігінің бағасын алуға бағытталған, сонымен қатар, мемлекеттік жоспарлау Жүйесі құжаттары нәтижелері көрсеткіштерінің мақсатына, міндеттеріне, мақсатты индикаторларына жету шараларының жиынтығы;
41) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы (бұдан әрi – сервистік интегратор) – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктiң" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға;
Осы Қағидаларда қолданылатын өзге де түсініктер мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Мемлекеттік органныңархитектурасы (бұдан әрі – архитектура) келесі міндеттерді шешуге арналған:
1) мемлекеттік органды ақпараттандырудың ұзақ мерзімді жоспарын қалыпастыруға;
2) мемлекеттік органды ақпараттандыруға шығындардың басымды бағыттарын анықтауға;
3) мемлекеттік органды ақпараттандыруға шығындардыоңтайландыруға;
4) ақпараттандыру объектілерін қайталамауға және мемлекеттік органда немесе бірнеше мемлекеттік органдармен ақпараттандыру объектілерін бірлесе пайдалану мүмкіндіктерін құруға;
5) мемлекеттік органның мемлекеттік функцияларын автоматтандырудың оңтайлы деңгейі мен форматын анықтауға және олардан туындайтын мемлекеттік қызметті көрсетуге;
6) мемлекеттік органда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы таңдауды және тиімді енгізуді қамтамасыз етуге.
5. Архитектура мынадай архитектура қабаттарынан тұрады:
1) қызмет архитектурасы;
2) деректер архитектурасы;
3) ақпараттық архитектура жүйесі;
4) АК-құрылымы архитектурасы.
6. Архитектура қабаттары ағымдағы архитектурамен нысаналы архитектураны сипаттаудан тұрады.
7. Нысаналы архитектура мемлекеттік органның қызметін ақпараттандырудың бес жылдық жоспарын көрсетеді.
8. Архитектураны қалыптастыру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) архитектураны әзірлеуді және дамытуды бастамалау;
2) архитектураны әзірлеу;
3) архитектураны іске асыру;
4) архитектураны дамыту.
9. Сервистік интегратор "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында (бұдан әрі – архитектуралық портал) архитектураның компоненттері туралы мәліметтерді орналастырады.
10. "Электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасы мыналардан тұрады:
1) жергілікті атқарушы органдарды ақпараттандырудың мақсаттық индикаторларының үлгілік жиынтығынан;
2) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қойылатын (бұдан әрі – АК-инфрақұрылымы) функционалдық емес талаптардың үлгілік жиынтығынан және АК-инфрақұрылымы құрауыштарының үлгілік құрамынан;
3) құрамына кіретінүлгілік жиынтығынан:
жергілікті атқарушы органдардың функционалдық мүмкіндіктері және оларды автоматтандырудың тиімді, стандарттық тәсілдерін сипаттау;
ақпараттық ресурстар және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы органдар, мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар арасындағы мәліметтерді жүргізуге, басқаруға және алмасуға тәсілдерді сипаттау;
автоматтандыру салаларын сипаттау және жергілікті атқарушы органдардың функционалдық мүмкіндіктерін автоматтандыруға бағытталған бағдарламалық өнімдерге қойылатын функционалдық талаптар;
11. "Электрондық әкімдіктің" үлгілі архитектурасын "электрондық үкіметтің" архитектурасының құрауышы ретінде дамытусервистік интегратормен келесі тәртіпте іске асырылады:
1) жергілікті атқарушы органдарды зерттеу жөнінде әдістемелік нұсқаулықтарды және Заңның 12-бабының 3) тармақшасында көзделген "электрондық үкімет" архитектурасының дамуын әдістемелік қамтамасыз етуді іске асыру шеңберінде "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын әзірлеуді бекіту;
2) "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын келесіде дамыту үшін әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдарына зерттеу жүргізу;
3) "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасының жобасын қалыптастыру.
12. "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын өзгерту жөнінде уәкілетті органның ұсыныстарын енгізу сервистік интегратормен мемлекеттік органның уәждемелі сұранымы негізінде іске асырылады.
13. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының архитектурасы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандың маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтың жергілікті атқарушы органдарын қамтиды және жергілікті атқарушы орган қызметінің бағытын және әкімшілік-аумақтық бірліктің әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасы негізінде әзірленеді.
2-тарау. Архитектураны әзірлеудің тәртібі
1-параграф. Архитектураны әзірлеудің бастамасы
14. Архитектура осы қағидаларға және сервистік интеграторды қамтамасыз ету әдістемесіне сәйкес әзірленеді.
Бекітілген архитектура болмаған жағдайда, мемлекеттік орган архитектураны әзірлейді.
15. Архитектураны әзірлеу бастамасы мынадай сатылардан тұрады:
1) Қажеттілікті талдау және әзірлеу бастамасына еркін түрде жазылған өтінімді дайындау (бұдан әрі–әзірлеуге өтінім);
2) Әзірлеуге арналған өтінімді қарау.
16. Архитектураны әзірлеуге бастама күнтізбелік жылдың бірінші жартысында 1 қаңтар –1 ақпан аралығында немесе екінші жартысында 1 маусым– 1 шілде аралығында іске асырылады.
17. Архитектураны әзірлеудің алғышарттары келесідей болуда:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылуы немесе қайта құрылуы;
2) мемлекеттік орган ақпараттануының ақпараттық-коммуникациялық технологияларын дамытудың стратегиясын, тұжырымдамасын және (немесе) ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу қажеттілігі;
3) мемлекеттік органның АК-инфрақұрылымын 2016 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 129 бұйрығымен бекітілген ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 13282 болып тіркелген) (бұдан әрі – ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары) сәйкес "электронды үкіметтің" АК-платформасына аудару;
4) мемлекеттік органның ақпараттандыру жүйелерін және (немесе) АК-инфрақұрылымын құру немесе дамыту қажеттілігі;
5) үш және одан да көп жылдар бойы мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану бағасының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдар қызметінің ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану бойынша бағалар критерийі мағынасының төмен сомасы болып табылады.
18. Мемлекеттік орган архитектураны әзірлеудің қажеттілігін талдау шеңберінде:
1) архитектураны әзірлеу негіздемелерінің және жеделділігінің болуын анықтайды;
2) белгілі кезеңде бекітілгенархитектура жоқ болған жағдайда, мемлекеттік орган үшін қолданыстағы және ықтимал кері салдарларды анықтайды.
19. Архитектураны әзірлеу үшін келесілер негіздеме болып табылады:
1) қаржыландырудың болуы;
2) мемлекеттік органмен әзірлеуге келісілген өтінім.
20. Архитектураны әзірлеудің шұғылдылығы келесілердің кідірусіздігімен және іске асыру мерзімдерімен негізделген:
1) мемлекеттік жоспарлау Жүйесінің құжаттарында бекітілген іс-шаралар мен бастамаларына;
2) Қазақстан Республикасы заңнамалары мен талаптарына.
21. Мемлекеттік орган қажеттілікті талдау нәтижелері бойынша қалыптастырады және еркін түрде жазылған өтінімді уәкілетті органға келісу үшін жібереді.
22. Мемлекеттік орган әзірлеуге арналған өтінімде:
1) архитектураны әзірлеуге арналған алғышарттарды көрсетеді және жүргізілетін жұмыстардың мерзімін негіздейді;
2) архитектураның функционалдық және технологиялық ауқымын сипаттайды.
23. Сервистік интегратор туындаған сұрақтарды түсіндірумен айналысады және әзірлеуге өтінім дайындау кезінде мемлекеттік органдарға кеңес береді.
24. Уәкілетті орган әзірлеуге берілген өтінімді ол түскен кезден он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қарастырады.
25. Уәкілетті орган архитектураны әзірлеудің негіздемесін, қажеттілігін бағалайды және оның басымдылығын анықтайды.
26. Архитектураны әзірлеудің негіздемесі және шұғылдығы болған жағдайда:
1) уәкілетті орган шұғылдылығы мен басымдылығына байланысты әзірлеудің мерзімдерін анықтайды;
2) уәкілетті орган архитектураны әзірлеудің мерзімдерін көрсете отырып, өтінім берген мемлекеттік органға негізделген жауап жібереді.
27. Архитектураны әзірлеуден бас тартудың негіздемесі болып архитектураны әзірлемеу себептері және (немесе) осы Қағидалардың 22-тармағының 1) тармақшасымен белгіленген жұмыстар жүргізу мерзімін негіздеудің болуы.
28. Архитектураны әзірлеу жөніндегі жұмыстарды атқару шығындарын жоспарлауды мемлекеттік орган 2016 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 274 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 13631 болып тіркелген)бекітілген ақпараттандыру саласындағы тауарлар, жұмыстар, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарын құру, ұсыну және қарастыру жөнінде нұсқаулыққа сәйкес жүргізеді.
29. Архитектураны әзірлеу жөніндегі жұмыстардың қажетті көлемін сервистік интегратор мүдделі мемлекеттік органның сұрауы бойынша анықтайды.
30. Архитектураны әзірлеу жөнінде қажетті шығындар көлемі мемлекеттік органның сәйкестендірілген жылға арналған бюджеттік өтініміне енгізіледі.
2-параграф. Архитектураның жобасын әзірлеу
31. Орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың архитектурасын, сервистік интегратор, осы Қағидаға, 2016 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 124 бұйрығымен бекітілген "электрондық үкімет" архитектурасын дамыту бойынша қойылатын талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 13350 болып тіркелген) (бұдан әрі–сәйкес талаптар) сәйкес, сонымен бірге мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттемелерінің негізінде әзірлейді.
32. Жергілікті атқарушы органдарға арналған архитектураны, сервистік интегратор, Заңның 7-бабының 18) тармақшасына (бұдан әрі – Үлгілік архитектура) сәйкес бекітілетін "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасының негізінде, осы Қағидаға, сондай-ақ Заңның 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес бекітілетін "электрондық үкімет" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес, сонымен бірге мемлекеттік органның мақсаттары мен міндеттемелерінің негізінде әзірлейді.
33. Архитектураны әзірлеу процесінде мемлекеттік орган:
1) сервистік интеграторға архитектураны әзірлеуге қажетті ақпаратты жинауды және уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
2) архитектураны әзірлеу үшін қатысушылардың құзыретті және білікті құрамын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік органның және ведомстволық бағыныстағы ұйымдар өкілдерінің сұхбат беруі мен жиналыстарды өткізуге қатысуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік орган тарапынан архитектураны әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестіреді;
5) архитектура жобасын келісуді және бекітуді ұйымдастырады.
34. Мемлекеттік орган жоғарыда аталғаннан басқа архитектураны әзірлеу барысында:
1) аумақты дамыту бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына ақпараттындырудың жеке жобаларын және архитектураны жүзеге асыру бойынша іс-шараларды енгізуді қамтамасыз етеді;
2) уәкілетті органға тоқсан сайынғы негізінде архитектуралық портал арқылы архитектураны жүзеге асыру мәртебесі жөніндегі ақпартты ұсынады;
3) аумақты дамыту бағдарламаны іске асыру жөніндегі есептемеліктің регламенттік рәсімдер аясында ақпараттындыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру туралы ақпарат ұсынады.
35. Архитектураны әзірлеуге қатысушылардың құрамы мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік органның әрбір құрылымдық бөлімшесінен кем дегенде екі өкіл, соның ішінде құрылымдық бөлімшенің басшысы немесе оның орынбасары;
2) ведомстволық бағыныстағы мүдделі ұйымдардың өкілдері;
3) уәкілетті органның өкілдері;
4) сервистік интегратордың архитектураны әзірлеуді тікелей іске асыратын өкілдері.
36. Архитектураны әзірлеу мынадай қағидаларға сәйкес іске асырылады:
1) негізділік – мемлекеттік орган ұсынған және архитектураны әзірлеуге қажетті шығыс ақпараттың толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз ету;
2) біртектілік – архитектураны әзірлеу немесе дамытудың бірыңғай қағидаларын, әдістерін және аспаптарын қолдану;
3) прагматикалық – әзірленген архитектураның анықтығы, пайдалылығы және іске асырылуы;
4) интеративтілік – архитектураны әзірлеу кезеңдерін қанағаттандыратын нәтижені алғанға дейін өткізу;
5) келісушілік – әзірленген архитектураның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі, архитектура қабаттарының өзара келісушілігі, архитектурада қайталанушы және қақтығыс тудыратын компоненттердің болмауы;
6) икемділік – архитектураның қажетті бөліктерінің ғана дербес жаңартылу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
7) ашықтық – архитектураны әзірлеудің барлық кезеңдерінде барлық мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптар үшін архитектураны әзірлеу нәтижелерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету;
8) қатыстылық (бірлесіп авторлық ету) – бақылау және қажетті шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органның басшылары мен қызметкерлерінің архитектураны әзірлеуге тұрақты қатысуын қамтамасыз ету;
9) хабардар ету - мемлекеттік органның және уәкілетті органның басшыларын архитектураны әзірлеудің мәртебесі туралы, сондай-ақ архитектураны әзірлеу барысында туындаған тәуекелдер мен проблемалар туралы тұрақты әрі жан-жақты ақпараттандыруды қамтамасыз ету.
37. Уәкілетті орган еркін түрдесервистік интеграторға архитектураны әзірлеу қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.
38. Жұмыстарды жүргізуге қажетті қаржыландыру болған жағдайда, архитектураны әзірлеу, сервистік интегратор уәкілетті органнан архитектураны әзірлеу қажеттігі туралы хабарлама алған күннен бастап сегіз айдан аспайтын мерзімде іске асырылады.
39. Архитектураны әзірлеу мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) архитектураны әзірлеуге дайындық;
2) архитектураның жобасын әзірлеу;
3) архитектураны іске асыруды жоспарлау;
4) архитектураны келісу және бекіту.
40. Сервистік интегратор архитектураны әзірлеуге мемлекеттік органнан қатысушыларға архитектураны әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту кезеңдеріне оқытады және әдіснамалық қамтамасыз етеді.
41. Архитектураның жобасын әзірлеу архитектураның қабаттарын келесі тәртіпте бірізді құру арқылы 8 айда іске асырылады:
1) қызметтің архитектурасын әзірлеу;
2) деректер архитектурасын әзірлеу;
3) ақпараттық жүйелердің архитектурасын әзірлеу;
4) АК-инфрақұрылымы архитектурасын әзірлеу.
42. Архитектураны әзірлеу кезіндегі әрекеттердің қайталануы архитектураның бірнеше немесе барлық қабаттары арасында, архитектураның бір қабаты аясында жүргізілуі мүмкін.
43. Сервистік интегратор дайындық кезеңінде мемлекеттік органның архитектураны әзірлеу талаптары мен болжалдарын айқындайды, соның ішінде:
1) архитектураның мәнмәтіні;
2) қызметтің архитектураны әзірлеу арқылы шешілетін кемшіліктері мен шектеулері;
3) әзірленген архитектураның дұрыстығын және сапасын бағалаудың мақсаттары мен нысаналы көрсеткіштері;
4) мүдделі тараптың болжалдарын көрсете отырып, мүдделі тараптардың тізбесін.
44. Қызметтің архитектурасы архитектураның барлық қабаттарының компоненттеріне талаптарды қалыптастырады.
45. Қызметтің архитектурасын әзірлеу шеңберінде сервистік интегратор келесі міндеттерді орындайды:
1) мемлекеттік органның әзірленетін архитектураның мәнмәтініне сәйкес келетін, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген мақсаттар, міндеттер және нысаналы көрсеткіштердің тізбесін айқындайды;
2) мемлекеттік орган қызметінің бағыттар тізбесін анықтайды;
3) мемлекеттік органның қызметі моделінің ағымдағы жай-күйін сипаттайды, қажет болған жағдайда мемлекеттік орган қызметінің жекелеген бағыттарын сипаттайды;
4) қызметтің әзірленетін архитектурасының мәнмәтініне сәйкес келетін моделін, міндеттерін, мақсаттарын және нысаналы көрсеткіштерін талдайды, сондай-ақ мүдделі тараптардың болжалдарын, мемлекеттік органның стратегиялық басымдықтарының тізбесін айқындайды және сыныптайды және қызметті уәждемелеу моделінің ағымдағы жай-күйін қалыптастырады;
5) құрылымдық бөлімшелердің ұйымдық құрылымын және ережесін талдайды, және нәтижелері бойынша мемлекеттік функцияларды және қызметтерді орталық мемлекеттік органға және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органға функционалдық мүмкіндіктер тізбесіне топтастырады немесе "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасына бейімдейді;
6) функционалдық мүмкіндіктер тізбесінен мемлекеттік органның функционалдық моделінің ағымдағы жай-күйін сипаттайды;
7) мемлекеттік органның функционалдық моделін стратегиялық басымдықтар тізбесімен теңестіреді және стратегиялық маңызы бар функционалдық мүмкіндіктер тізбесін айқындайды;
8) функционалдық мүмкіндіктер жай-күйін бағалауды жүргізеді;
9) қызметтің кемшіліктері мен шектеулерін функционалдық модельмен салыстырады және бөлшектейді, олардың туындауының ықтималды себептерін айқындайды;
10) архитектураның үлгілерін басшылыққа ала отырып, оларды мемлекеттік органның функционалдық моделімен салыстыру арқылы мемлекеттік функцияларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар тізбесін қалыптастырады және басымдылық тізімін анықтайды;
11) мемлекеттік органның қызметін уәждемелеу моделінің, қызметмоделінің және функционалдық моделінің мақсатты жай-күйін қалыптастырады;
12) мүдделі тараптармен нәтижелерді талқылау үшін қызметтің архитектурасы түйіндемесін қалыптастырады.
46. Деректер архитектурасын әзірлеу шеңберінде сервистік интегратор келесі міндеттерді орындайды:
1) функционалдық модельдің мақсатты жай-күйінің стратегиялық маңызы бар функционалдық мүмкіндіктері шеңберінде құрылатын және қолданылатын ақпараттың (құжаттардың) тізбесін айқындайды және деректер моделінің ағымдағы жай-күйін сипаттайды;
2) мемлекеттік органның ақпараттық қамтамасыз етудің жоқтығы мен жеткіліксіз болуымен байланысты кемшіліктері мен шектеулерінің болуын, және олардың қызметтің нәтижесіне әсер ету дәрежесін айқындайды;
3) функционалдық мүмкіндіктерді автоматтандыру басымдықтарын айқындайды;
4) архитектураның шаблоны және (немесе) "электрондық әкімдіктің" үлгі архитектурасын басшылыққа ала отырып, автоматтандыру әдісіне қойылатын талаптарды айқындайды;
5) функционалдық модельдің мақсатты жай-күйінің стратегиялық маңызы бар функционалдық мүмкіндіктерін ақпараттық қамтамасыз ету талаптарын айқындайды;
6) мемлекеттік органның ақпараттық өзара іс-қимыл жасауының қолданыстағы ағымдарын айқындайды және ақпараттық өзара іс-қимыл жасаудың ағымдағы жай-күйін сипаттайды;
7) қолданыстағы ақпараттық қамтамасыз етудің осы тармақтың2) тармақшасының талаптарына сәйкестілік деңгейін айқындайды және архитектураның шаблоны және (немесе) "электрондық әкімдіктің" үлгі архитектурасын басшылыққа ала отырып,оны жақсарту бойынша мүмкіндіктерді айқындайды;
8) функционалдық модельдің мақсатты жай-күйінің ақпаратқа мұқтаждығын қамтитын құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар немесе басқа да мемлекеттік органдар деңгейінде ақпарат көздерінің тізбесін айқындайды;
9) эталондық ақпарат көздері болмаған жағдайда, талдау жүргізу және оларда сақталатын деректердің сапасын әдістемеге сәйкес бағалау арқылы ақпарат көздерін іріктейді;
10) ақпараттық қамтамасыз етуді басқару, ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды оңтайландыру және бірізділеу, архитектура шаблондарын басшылыққа ала отырып, ақпаратты жүргізу үшін жауаптылықты айқындау бойынша ұсыныстар тізбесін қалыптастырады және басымдылық береді;
11) деректер моделі мен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау моделінің мақсатты жай-күйін қалыптастырады;
12) мүдделі тараптармен нәтижелерді талқылауға арналған архитектура түйіндемесін қалыптастырады.
47. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу шеңберінде сервистік интегратор келесі міндеттерді орындайды:
1) мемлекеттік органның сәйкес ақпараттық жүйелерінің тізбесі мен сипаттамасын айқындайды;
2) ағымдағы АКТ-жобаларды сипаттайды;
3) ақпараттық жүйелердің ағымдағы жай-күйін сипаттайды;
4) қолданыстағы және іске асыруды жоспарлайтын ақпараттық жүйелердің тізбесін функционалдық моделдің мақсатты жай-күйімен салыстырады және ақпараттық қамтамасыз ету сипаттамасына қойылатын талаптардың сәйкестігін айқындайды, стратегиялық маңызы бар функционалдық мүмкіндіктерді қамту деңгейін, функционалдық қайталанудың болуын және стратегиялық маңызы бар функционалдық мүмкіндіктерді автоматтандырудың ағымдағы жай-күйін айқындайды;
5) Қағидалардың 46-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген ақпараттар тізбесінен ақпараттың түрлерін айқындайды, сақталатын деректердің болуын және ақпараттық жүйелерді интеграциялау мүмкіндіктерін айқындайды;
6) ақпараттық жүйелерді интеграциялау моделінің ағымдағы жай-күйін сипаттайды;
7) 2016 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 135 бұйрығымен бекітілген ақпараттық жүйелерді ақпараттандыру объектілерін жіктеу қағидаларына және ақпараттандыру объектілерін жіктеуішке (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 13349 болып тіркелген) (бұдан әрі – ақпараттық жүйелерді ақпараттандыру объектілерін жіктеу қағидаларына және ақпараттандыру объектілерін жіктеуіш) сәйкес ақпараттық жүйелерді жіктейдіжәне олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ақпараттық жүйе сыныбына сәйкестігін айқындайды;
8) ақпараттық қамтамасыз ету сипаттамасына қойылатын талаптарға сәйкестіліктің жоспарлық деңгейін және стратегиялық маңызы бар функционалдық мүмкіндіктердің қамтылу деңгейін айқындайды;
9) архитектураның шаблондарын басшылыққа ала отырып, ақпараттық қамтамасыз етудің және стратегиялық маңызы бар функционалдық мүмкіндіктерді автоматтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету және толыққанды қамту бойынша ұсыныстар тізбесін сипаттайды және басымдық береді;
10) архитектураның шаблондарын басшылыққа ала отырып ақпараттық жүйелердің құрылымына, ауқымына, қуаттылығына, интеграциясына, функционалдық шекарасына және архитектурасына қойылатын талаптарды айқындайды;
11) ақпараттық жүйелер моделінің мақсатты жай-күйін қалыптастырады;
12) ақпараттық жүйелерді интеграциялау моделінің нысаналы жай-күйін ақпараттық өзара іс-қимыл жасау моделінің нысаналы жай-күйінің талаптарына сәйкес интеграциясының нысаналы жай-күйін қалыптастырады;
13) нәтижелерді мүдделі тараптармен талқылау үшін ақпараттық жүйелер архитектурасының түйіндемесін қалыптастырады.
48. АК-инфрақұрылымын әзірлеу шеңберінде сервистік интегратор келесі міндеттерді орындайды:
1) мемлекеттік органның АК-инфрақұрылымының қолданыстағы компоненттерінің тізбесін, сипаттамасын және орналасқан жерін айқындайды;
2) АК-инфрақұрылым моделінің ағымдағы жай-күйін сипаттайды;
3) АК-инфрақұрылымы компоненттерін функционалдық модельдің нысаналы жай-күйімен, ақпараттық жүйелер моделімен және ақпараттық жүйелердің интеграциясы моделімен салыстырады;
4) АК-инфрақұрылымы компоненттерін ақпараттық жүйелерді ақпараттандыру объектілерін жіктеу ережесіне және Заңның 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес бекітілетін, ақпараттандыру объектілерінің жіктеуішіне сәйкес жіктейді, және олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ақпараттық жүйенің сыныбына сәйкестігін айқындайды;
5) функционалдық емес сипаттамаларға қойылатын талаптарды қалыптастырады және АК-инфрақұрылымының ағымдағы компоненттерінің аталған талаптарға сәйкестігін айқындайды;
6) жүктеменің ағымдағы деңгейін және АК-инфрақұрылымы компоненттерінің ағымдағы жай-күйін, соның ішінде шығару мерзімдерінің және техникалық қолдау, сондай-ақ өтемпұл мерзімдерінің аяқталуын айқындайды;
7) АК-инфрақұрылымы компоненттерін енгізу, уақтылы толық немесе бөлшектеп алмастыру, шоғырландыру, стандарттау, жаңарту және (немесе) пайдаланудан шығару бойынша ұсыныстар тізбесін қалыптастырады және басымдық береді, сондай-ақ "электрондық әкімдік" архитектурасының шаблондарын және (немесе) үлгі шаблондарын басшылыққа ала отырып, АК-инфрақұрылымы компоненттерінің орналасқан жерін өзгерту және (немесе) қайта орналастыру туралы ұсыныстарды қалыптастырады;
8) АК-инфрақұрылымы моделінің нысаналы жай-күйін ақпараттық жүйелер қызметінің мақсатты архитектурасы талаптарына сәйкес қалыптастырады;
9) нәтижелерді мүдделі тараптармен талқылау үшін АК-инфрақұрылымы архитектурасының түйіндемесін қалыптастырады.
49. Қызметті уәждемелеудің нысаналы жай-күйі, қызметтің моделі, функционалдық моделі, деректер моделі, ақпараттық өзара іс-қимыл жасау моделі, ақпараттық жүйелері моделі, деректер моделі, ақпараттық өзара іс-қимыл жасау моделі, ақпараттық жүйелердің интеграциялану моделі, АК-инфрақұрылымы моделі жергілікті мемлекеттік органдар үшін "электрондық үкіметтің" үлгілік архитектурасы негізінде қалыптастырылады.
50. Ақпараттық жүйелер моделінің, ақпараттық жүйелердің интеграциясы моделінің және АК-инфрақұрылымы моделінің мақсатты жай-күйін әзірлеу нәтижелері бойынша сервистік интегратор бағдарламалық өнімнің архитектуралық дизайнын әзірлейді, олар мыналарды қамтиды:
1) бағдарламалық өнімнің жалпы сипаттамасы;
2) іске асыру қағидаларын, талаптарды және шектеулерді сипаттау;
3) автоматтандырылатын функциялар мен бизнес-процестерді сипаттау;
4) бағдарламалық өнімнің компонентерін сипаттау;
5) бағдарламалық өнімнің қажетті интеграцияларын сипаттау;
6) бағдарламалық өнімнің функционалдық емес талаптарын сипаттау.
51. Архитектураның әрбір қабатын әзірлеу шеңберінде сервистік интегратор мыналарды орындайды:
1) архитектураның ұсыныстар берілмеген компоненттерін анықтау үшін архитектура модельдерінің ағымдағы және нысаналы салыстырылуын қамтамасыз етеді;
2) архитектура компоненттері арасында қайшылықтар мен тартыстарды, сондай-ақ архитектурадағы артық компоненттерді анықтау мақсатында нысаналы архитектураның толықтығын, тұтастығын және тиімділігін тексеруді қамтамасыз етеді;
3) ведомствоаралық деңгейде архитектура компоненттерін және стандарттық шешімдерді қайталап пайдаланудың мүмкіндіктерін айқындайды.
52. Міндеттердің әр қайсысын орындау нәтижелері бойынша сервистік интегратор архитектураның жобасын әзірлеудің аралық нәтижелерін мемлекеттік органдармен талқылау мен келісуді іске асырады.
53. Архитектура қабатын аяқтау жұмыстарын аяқтау нәтижелері бойынша сервистік интегратор мемлекеттік орган үшін архитектураны әзірлеу нәтижелерін таныстыруды жүргізеді.
54. Талқылаулар мен таныстырулар нәтижелері бойынша сервистік интегратор архитектура жобасына қажетті өзгерістер енгізеді.
55. Жұмыстар аяқталған соң жұмыстардың нәтижелері оның әдіснамалық қамтамасыз етілуіне сәйкес ресімделеді және жүйелендіріледі.
56. Мемлекеттік орган, уәкілетті орган және сервистік интегратор арасындағы архитектура жобасы шеңберіндегі даулы мәселелер Ақпараттандыру саласындағы сараптамалық кеңестің қарауына шығарылады (бұдан әрі - сараптамалық кеңес).
57. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы архитектурасының жобасы жергілікті атқарушы органымен келісгеннен кейін мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға келісілуге жолданады.
58. Мемлекеттік органархитектура жобасына келісім берілгеннен кейін сервистік интегратор мемлекеттік органдарымен ақпараттандыру саласындағы мониторинг, талдау және жоспарлау үшін әрі қарай пайдалану, өзге мемлекеттік органдарымен сараптамалық кеңесте архитектура жобасын әрі қарай келісу үшін архитектуралық порталға архитектураның жобасы туралы ақпаратты орналастырады.
59. Мемлекеттік орган архитектураның келісілген жобасын осы Қағиданың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес Заңның 9-бабының 5) тармақшасына және 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Сараптамалық кеңестің қарауына енгізеді.
3-параграф. Архитектураны іске асыруды жоспарлау
60. Сараптамалық кеңес архитектураның жобасын келіскеннен кейін сервистік интегратор архитектураны іске асыруды жоспарлауға көшеді.
61. Архитектураны іске асыруды жоспарлау АКТ-жобаларды орташа мерзімді (бір жылдан екі жылға дейін) және ұзақ мерзімді (үш жылдан бес жылға дейін) келешекте қамтиды.
62. Архитектураны іске асыруды жоспарлау АКТ-жобаларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, АКТ-жобалары арасындағы өзара іс-қимылдарды есепке алуды және архитектураның барлық қабаттары шеңберінде өзгерістер енгізуді қамтиды.
63. Архитектураны іске асыруды жоспарлау кезінде архитектураны әзірлеудің мақсаттары, міндеттері және нысаналы көрсеткіштері, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, сондай-ақ архитектураны іске асыру мерзімдері, құны және ресурстары есепке алынады.
64. Архитектураны іске асыруды жоспарлау шеңберінде сервистік интегратор келесі міндеттерді орындайды:
1) ағымдағы АКТ-жобаларды талдайды және олардың нысаналы архитектураның компоненттеріне сәйкестігін талдайды;
2) ағымдағы АКТ-жобаларға кешенді талдау жүргізеді және АКТ-жобалардың ағымдағы портфелінің тиімділік дәрежесі туралы қорытындыларды қалыптастырады;
3) ағымдағы АКТ-жобалармен қамтылмаған нысаналы архитектураның компоненттерін анықтайды;
4) ағымдағы АКТ-жобаларды шоғырландыру, уақытша тоқтату, іске асырудан бас тарту немесе қайта қарау бойынша ұсыныстарды қалыптастырады, соның ішінде, нысаналы архитектура компоненттерінің басымдығын, бюджетін, мерзімдері мен іске асыру ауқымын өзгертуді қамтиды;
5) нысаналы архитектураның барлық компоненттерін қамту үшін АКТ-жобалардың ағымдағы портфеліне қосымша АКТ-жобалардың құрамы айқындалады;
6) АКТ-жобалардың нысаналы портфелін қалыптастырады, оларға АКТ-жобаларды қайта қарау бойынша ұсыныстар есебі кіреді;
7) АКТ-жобаларды сипаттауды жүргізеді;
8) Архитектура әзірлемесінің мақсаттарға, міндеттерге және нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін бағалайды, және қажет болған жағдайда АКТ-жобалардың және архитектура компоненттерінің құрамы мен мазмұнын көздейді;
9) инвестициялардың, нысаналы көрсеткіштердің және АКТ-жобалардың болжамды тиімділігі мен күтілетін болжалдарын қамтитын нысаналы портфелінің түйіндемесін қалыптастырады, АКТ-жобалардың қолданыстағы және нысаналы портфелінің көрсеткіштерін салыстыру;
10) жүргізілетін өзгерістердің кезеңдерін сипаттау үшін архитектураны өтпелі жай-күйін сипаттаумен архитектураны іске асырудың жоспар-кестесін қалыптастырады.
65. АКТ-жобаларды сипаттау шеңберінде сервистік интегратор мынадай міндеттерді орындайды:
1) АКТ-жобаның мақсатын, міндетін, нәтиженің күтілетін көрсеткіштерін, сондай-ақ мазмұны мен ауқымын қоса алғанда АКТ-жобаның сипаттамасын келтіреді;
2) АКТ-жобаның санатын айқындайды (ведомствоішілік, ведомствоаралық, салалық);
3) АКТ-жобаның мүдделі тараптарын айқындайды (тапсырыс беруші, меншік иесі, иесі, орындаушы);
4) нысаналы архитектураның стратегиялық басымдықтарымен, функционалдық мүмкіндіктерімен және компоненттерімен өзара байланысты айқындайды;
5) ақпараттандыру объектісінің сыныбын айқындайды немесе түзетеді;
6) АКТ-жобасын іске асырудың оңтайлы форматын таңдайды, соның ішінде сервистік бағдарламалық өнімдерді, дайын және стандарттық шешімдерді енгізу, қолданыстағы ақпараттық жүйелерді құру, дамыту немесе есептен шығару;
7) АКТ-жобаны іске асырудың қауіптері мен тәуекелдерін айқындайды, сондай-ақ олардың туындауына уақтылы әрекет ету әдістері;
8) АКТ-жобасын қаржыландырудың қажеттігі мен оңтайлы моделін айқындайды;
9) Архитектураны әзірлеудің мақсаттары, міндеттері және нысаналы көрсеткіштеріне сәйкес АКТ-жоба бюджетінің шектерін айқындайды;
10) Ведомствоішілік, салалық және ведомствоаралық АКТ-жобалары арасындағы басымдықты және тәуелділіктерді айқындайды, оларды іске асырудың реттілігі мен мерзімдерін орнатады;
11) АКТ-жобаны іске асырудың басты кезеңдерін және осы кезеңдердің әр қайсысы бойынша күтілетін нәтижелерді айқындайды;
12) қолданыстағы АКТ-жобаларды қайта қарау бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.
66. АКТ-жобаларды сипаттау және архитектураны іске асыру жоспар-кестесін құру нәтижелері бойынша сервистік интегратор мемлекеттік органның мүдделі тараптарымен АКТ-жобалардың құрамы мен мазмұнын талқылауды іске асырады.
67. Архитектураны іске асыру жоспар-кестесін және АКТ-жобаларды талқылау нәтижелері бойынша сервистік интегратор мемлекеттік органға арнап нәтижелерді таныстыруды жүргізеді.
68. Мемлекеттік орган архитектура жобасының нәтижелерін архитектураның мақсаттарына, міндеттерімен көрсеткіштеріне қатысты бағалауды жүргізеді.
69. Талқылаулар және таныстырулар нәтижелері бойынша сервистік интегратор архитектураны іске асыру жоспар-кестесіне қажетті өзгерістер енгізеді және АКТ-жобалары сипаттайды.
70. Жоспарлау нәтижелерін (архитектураны іске асыру жоспар-кестесі және АКТ-жобаларын сипаттау) мемлекеттік орган келіседі және архитектура жобасына енгізіледі.
71. Сервистік интегратор мемлекеттік органдардың ақпараттандыру саласында мониторинг, талдау және жоспарлау өткізуге келешекте пайдалану үшін архитектураның толықтырылған жобасы туралы ақпаратты архитектуралық порталға орналастырады.
72. Мемлекеттік орган іске асыруды жоспарлау нәтижелерімен келісілген және толықтырылған архитектура жобасын осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына, Заңның 9-бабының 5) тармақшасына және 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Сараптамалық кеңестің қарауына енгізеді.
4-параграф. Архитектураны келісу және бекіту
73. Сараптамалық кеңес архитектура жобасын қарауды және келісуді осы Қағидалардың 73-тармағында айқындалған мерзімдерде іске асырады.
74. Сараптамалық кеңес архитектураның жобасын қарау және келісу шеңберінде төмендегіні қамтамасыз етеді:
1) мемлекеттік органдар мен сервистік интегратор арасында архитектураның жобасын әзірлеу және іске асыруды жоспарлау процесінде туындайтын даулы мәселелерді алқалы шешу;
2) архитектураның әзірленетін жобасының толықтығы мен сапасын бағалау, талқылау және оны қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды қалыптастыру.
75. Сараптамалық кеңес Ережелердің 74-тармағының талаптарын сақтаған жағдайда, Сараптамалық кеңестің жұмыс органына құжаттар келіп түскен күннен бастап қырық бес күн ішінде архитектураның жобасын қарастырады және келісуі жөнінде шешім қабылдайды.
76. Сараптамалық кеңес:
1) архитектура жобасын төмендегі мәндерге қарастырады:
шешім қабылдауға қажетті ақпараттың толықтығы мен жеткілікті болуы;
қызметтің аралас бағыттары мен ведомствоаралық өтпелі функциялар шеңберінде бірнеше мемлекеттік органның архитектуралары арасында қайшылықтарды жою;
ақпараттандыру бойынша ведомствоаралық көрсеткіштерге қол жеткізу;
архитектураның компоненттерін қайталап пайдалану мүмкіндігі;
2) архитектураны іске асыруды төменгі мәндер бойынша жоспарлау нәтижелері:
АКТ-жобалардың нысаналы портфелінің артықшылығы мен толықтығын бағалау;
ведомствоаралық және салалық АКТ-жобалардың басымдығы;
ведомствоаралық АКТ-жобаларды іске асыруды үйлестіру;
архитектураны және ақпараттандырудың АКТ-жобаларын іске асыру көрсеткіштерін бағалау;
АКТ-жобаларының және жекелеген АКТ-жобалардың нысаналы портфелінің құнын бағалау және түзету.
77. Қажеттігі бойынша Сараптамалықкеңес архитектураның жобасы бойынша ұсыныстар береді.
78. Сараптамалықкеңестің ұсыныстары болған жағдайда, мемлекеттік орган, Сараптамалық кеңестің шешімінде көрсетілген мерзімдерге сәйкес немесе осындай мерзім көрсетілмеген жағдайда, Сараптамалық шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей архитектураның пысықталған жобасын Сараптамалық кеңеске қайталап жолдайды.
79. Сараптамалық кеңес ұсыныстар болмаған жағдайда, және олар жойылған жағдайда архитектура жобасына келіседі.
80. Сараптамалық кеңестің келісу нәтижелері бойынша архитектура жобасы бекітіледі және іске асыруға жатады.
81. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікке (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган архитектурасының жобасы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органын қамтиды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігімен бекітіледі.
82. Мемлекеттік орган архитектуралық порталда бекітілген архитектура туралы ақпаратты көрсетеді.
83. Мемлекеттік органдар ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру ережесіне және бекітілген архитектураның талаптарына сәйкес архитектураны іске асыру үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлар жасайды.
84. Мемлекеттік орган архитектура бекітілгеннен кейін Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне оларда архитектураны іске асырудың нысаналы көрсеткіштерін және жекелеген АКТ-жобалары нәтижелерінің көрсеткіштерін көрсету мақсатында өзгерістер енгізуді бастамашылық етеді.
85. Санатына қарай, АКТ-жобалар мен олардың нәтижелерінің көрсеткіштері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында:
1) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында ішкі ведомстволық АКТ-жобаларда;
2) салалық және мемлекеттік бағдарламаларда салалық АКТ-жобаларда;
3) ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бағдарламада ведомствоаралық АКТ-жобаларда айқындалады.
86. Мемлекеттік орган бекітілген архитектура шеңберінде мыналарды орындайды:
1) Ақпараттандыру саласында мемлекеттік инвестициялық жобаларды және тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды сатып алуды бастамалау;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қолданыстағы АКТ-жобаларды шоғырландыру, уақытша тоқтату, өзгерту, қайта қарау және іске асырудан бас тарту.
87. АКТ-жобаларды сипаттау негізінде таңдалған қаржыландыру көзіне қарай мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес АКТ-жобалардың қажетті техникалық және жобалық құжаттамасын әзірлейді және (немесе) әзірлеуді ұйымдастырады.
88. Бекітілген архитектураның, архитектура модельдерінің және бағдарламалық өнімдердің архитектуралық дизайндарының мазмұны әрі қарай іске асырылуы үшін төмендегілердің құрамына енгізіледі:
1) АКТ-жобалардың техникалық және жобалық құжаттамасы;
2) Конкурстық құжаттама және ақпараттандыру саласында тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттар.
89. Мемлекеттік орган Заңның 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілетін ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру ережесіне сәйкес сервистік бағдарламалық өнімдерді әзірлеуді бастамашылық етеді.
90. Сервистік интегратор архитектураны іске асыру мақсатында АК-инфрақұрылымы операторын және әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде мемлекеттік функцияларды және мемлекеттік қызметтерді автоматтандырумен байланысты тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге қатысты қажеттіктері туралы ақпараттандырады.
91. Мемлекеттік орган бекітілген архитектураға сәйкес ақпараттандыру объектілеріне қызмет көрсету деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайды.
92. Бекітілген архитектура мен жекелеген АКТ-жобаларды орындаудың тиімділігін, нәтижелілігін және тәуекелдерін шынайы және объективтік бағалауды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысымен 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2016 жылғы 29 ақпандағы №13320 тіркелген) Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру ережесіне сәйкес архитектуралық порталда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің мәртебесі туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Архитектураның іске асырылуын қолдап отыру тәртібі
93. Архитектураның іске асырылуын қолдап отыру келесі тәртіпте орындалады:
1) архитектураға сәйкестікті бағалау;
2) архитектураны басқару жөніндегі процестердің дайындау деңгейін бағалау;
3) мемлекеттік органың архитектурасына өзгерістер енгізу.
1-параграф. Архитектураға сәйкестікті бағалау
94. Архитектураға сәйкестікті бағалау бекітілген архитектурадағы ақпараттандырудың құрылатын және дамитын объектілеріне қойылатын талаптарды айқындау, келісу және олардың өзгертілуін негіздеу мақсатында іске асырылады.
95. Архитектураға сәйкестікті бағалау АКТ-жобалардың бекітілген архитектураның талаптарына келесі кезеңдерде сәйкестікті айқындау арқылы жүргізіледі:
1) АКТ-жобаны жоспарлау;
2) АКТ-жобаның инвестициялық кезеңі;
3) АКТ-жобаның инвестициялаудан кейінгі кезеңі.
96. АКТ-жобаны жоспарлау кезеңінде архитектураға сәйкестікті бағалау келесі жолдармен іске асырылады:
1) жобалық құжаттаманың "электрондық әкімдіктің" бекітілген архитектурасын және үлгілік архитектураны, "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамытуға қойылатын талаптарға сәйкестілігіне сараптама;
2) ақпараттандыру саласында тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға шығындардың есебіне сараптама жасау.
97. Мемлекеттік орган архитектураны бекіткенге дейін ақпараттандыру саласында бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды жоспарлауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) Бюджеттік өтінімді құру және ұсыну ережесіне сәйкес іске асырады.
98. Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін жобаларды басқару жөніндегі стандарттарға сәйкес АКТ-жобаларын іске асыруды жүзеге асырады, оның ішінде ҚР СТ 21500-2014 жобаларды басқару жөніндегі нұсқау.
99. Мемлекеттік органдар үшін архитектураны бекіткенге дейін архитектураға сәйкестікті бағалау мемлекеттік басқарудың сабақтас және түйіскен салаларына қатысты жүргізіледі.
100. АКТ-жобаның инвестициялық кезеңінде архитектураға сәйкестігін бағалау келесі жолдармен іске асырылады:
1) АКТ-жобаларды мемлекеттік сатып алу жоспарларын, сатып алынатын ақпараттандыру объектілерінің архитектураға сәйкестігі мәніне мемлекеттік сатып алу жүргізу фактілері мен техникалық ерекшеліктерін бағалау;
2) Ақпараттандыру объектілерін пайдалануға енгізу кезеңдерінде АКТ-жобалардың сипаттамаларын, құрамын және мазмұнын бағалау;
101. АКТ-жобаның инвестициялаудан кейінгі кезеңінде архитектураға сәйкестігін бағалау келесідей іске асырылады:
1) АКТ-жобаларының мақсаттары мен нәтижелері көрсеткіштерін Мемлекеттік сатып алу жүйесінің қолданыстағы мақсаттарына, міндеттері мен нысаналы көрсеткіштеріне сәйкестігін бағалау;
2) ақпараттандыру объектілерінің технологиялық тәуекелдерінің болуын, сондай-ақ, қызметтің тиімділігін арттыруға арналған иновациялық келешегі бар технологиялардың болуын бағалау;
3) функционалдық мүмкіндіктердің жай-күйін бағалау;
4) АКТ-жобасын іске асыру нәтижелерінің мүдделі тараптардың болжалдарына және әлеуметтік-экономикалық ахуалына сәйкестігін бағалау.
102. Архитектураға сәйкестікті бағалау нәтижелері бойынша сервистік интегратор АКТ-жобаның және архитектуралық компоненттердің сәйкестігінің деңгейі туралы қорытынды шығарады, соның ішінде:
1) архитектураға сәйкес келмейді;
2) архитектураға ішінара сәйкес келеді;
3) архитектураға толық сәйкес келеді.
103. АКТ-жобасын іске асыру нәтижелерінің бекітілген архитектураға сәйкессіздігі немесе ішінара сәйкестігі жағдайында, сервистік интегратор АКТ-жобаларды іске асыру нәтижелерін пысықтау бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.
104. Бекітілген архитектураға сәйкессіздік жағдайында және АКТ-жобалары нәтижелерін пысықтау мүмкіндігі болмаған кезде, сервистік интегратор, осы Қағидалардың 3-тарауының 3-параграфына сәйкес, мемлекеттік органның бекітілген архитектурасын өзгертуге еркін нысанда өтінім әзірлейді (бұдан әрі – өзгертуге өтінім беру).
2-параграф. Архитектураны басқару жөніндегі процестердің дайындау деңгейін бағалау
105. Сервистік интегратор жыл сайынғы негізде 30 қарашаға дейін әдіснамалық қамтамасыз етуге сәйкес архитектураны басқару бойынша процестердің әзірлік деңгейіне бағалау жүргізеді.
106. Архитектураны басқару бойынша процестердің әзірлік деңгейін бағалау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) бекітілген архитектураның нақты орындалған мөлшері;
2) бекітілген архитектураны іс жүзінде пайдаланудың ауқымы және толықтығы;
3) бекітілген архитектураны іске асырудың нәтижелілігі.
107. Архитектураны басқару бойынша процестердің әзірлік деңгейін бағалау Сараптамалықкеңестің сауалы бойынша кезектен тыс негізде жүргізіледі.
108. Архитектураны басқару жөніндегі процестердің әзірлік деңгейін бағалау архитектураны іске асыруға мониторинг жасау және архитектуралық порталдың мәліметтерін пайдалана отырып, архитектураға сәйкестікті бағалау нәтижелері бойынша жүргізіледі.
109. Архитектураны басқару жөніндегі үдерістердің әзірлік деңгейін бағалау нәтижелері 2015 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының № 1279 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 12961 болып тіркелген) талаптарына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу кезінде қолданылады.
110. Архитектураны басқару бойынша процестердің әзірлік деңгейін бағалау нәтижелерін сервистік интегратор архитектураны іске асыру бойынша жұмыстардың барысы туралы есепке енгізіледі және жылына бір рет Сараптамалық кеңестің қарауына енгізіледі.
111. Архитектураны іске асыру бойынша жұмыстардың барысы туралы есеп келесі ақпаратты қамтиды:
1) мемлекеттік органдар тұрғысынан жалпы мәліметтер және жұмыстарды іске асыру мәртебесі;
2) архитектураны іске асыру нәтижелерін сипаттау;
3) мемлекеттік органдар тұрғысынан болған кемшіліктер мен тәуекелдер, соның ішінде әлеуетті кемшіліктер мен тәуекелдер;
4) қорытындылар мен ұсыныстар.
112. Сараптамалық кеңестің архитектураны іске асыру бойынша жұмыстар туралы есепті қарау нәтижелері бойынша, уәкілетті орган бекітілген архитектурага өзгерістерді бастамалауы мүмкін.
3-параграф. Мемлекеттік органның архитектурасына өзгерістер енгізу
113. Мемлекеттік органдар бекітілген архитектураға өзгерістер енгізуге тікелей немесе жанама әсер ететін процестер мен оқиғаларға мониторинг жасауды қамтамасыз етеді, соның ішінде:
1) мемлекеттік органның қызметін регламенттейтін, төмендегі өзгерістерге әкеп соғатын Қазақстан Республикасы заңнамасының құрамы мен мазмұнын өзгерту:
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары шеңберінде мақсаттарды, міндеттерді және нысаналы көрсеткіштер;
ұйымдастырушылық құрылым;
ведомстволық бағыныстағы ұйымдар тізбесі;
қызметтің бағыттары, құзыреттер мен өкілеттіктер;
мемлекеттік функциялар, және осыдан шығатын мемлекеттік қызметтер, сондай-ақ оларды орындау процестері;
2) ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, келесі өзгерістер есебімен:
ақпарат көздері мен түрлері;
ақпаратты сақтау және беру форматтары;
есептілікке қойылатын талаптар;
3) АК-инфрақұрылымы компоненттерінің өтемпұл мерзімдерінің шығуы және тозуы, соның ішінде пайдаланудан шығару немесе бағдарламалық қамтамасыз ету және жабдық өндірушісінің қолдау көрсетуін тоқтатуы.
114. Архитектураны іске асыру қажеттігін іске асыру барысында бекітілген архитектураны өзгерту қажеттігі анықталған жағдайда, мемлекеттік архитектураны өзгертуге өтінім ресімдейді.
115. Уәкілетті орган Заңның 7-бабының 41) тармақшасына сәйкес бекітілген архитектураныіске асыру барысына мониторинг жүргізеді.
116. АКТ-жобаларды іске асыру шеңберінде уәкілетті орган АКТ-жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде олардың тиімділігін, нәтижелілігін және тәуекелдерін бағалауды қамтамасыз етеді, соның ішінде:
1) жұмыстарды уақытында жүргізбеу;
2) жұмыстарды толыққанды жүргізбеу;
3) бюжеттерді айтарлықтай көтеру;
4) мақсаттарға және нәтижелік көрсеткіштерге қол жеткізбеу немесе ішінара қол жеткізу, соның ішінде бастапқы жоспарланған қаржылық және әлеуметтік пайдаға қол жеткізбеу;
5) АКТ-жобалардың қажетсіз болуы және пайдаланусыз қалуы;
6) АКТ-жобаларының нәтижелері сипаттамасының ақпараттандыру объектілерін пайдаланушыларға қызмет көрсету және болжалдар деңгейі туралы келісімге сәйкес келмеуі.
117. Бекітілген архитектураны және АКТ-жоабаларды іске асырудың қанағаттанбайтын нәтижелері жағдайында, сондай-ақ бас тартулар негізделмеген жағдайда, уәкілетті орган мемлекеттік органның бекітілген архитектурасын өзгертуге өтінім әзірлейді.
118. Мемлекеттік орган, уәкілетті орган және (немесе) сервистік интегратор архитектураны іске асыру нәтижелері бойынша, архитектураны іске асыру және архитектураға сәйкестікті бағалауға мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша Заңның 23-бабының 2-тармағына сәйкес мыналарды анықтайды:
1) АКТ-жобаларды іске асыру шеңберінде архитектураны нақты өзерту;
2) бекітілген аритектураны дамытудағы қажеттіліктер;
3) бекітілген архитектураны дамытудың анықталған қажеттіктері негізінде өзгертулердің нақты ауқымдары.
119. Мемлекеттік органның архитектурасына өзгерістер енгізу бекітілген архитектураны дамыту қажеттігін анықтау нәтижелері бойынша жүргізіледі және өзгеріске өтінім нысанында қажетті өзгерістердің сипатталуы жүргізіледі.
120. Өзгертуге өтінімдер шеңберінде мыналар іске асырылады:
1) ұсынылған өзгерістерді сипаттау;
2) өзгерістердің қажеттігіне әсер ететін факторлар мен себептерді сипаттау;
3) ұсынылған өзгерістердің мерзімдерін және шұғылдылығын бағалау;
4) ұсынылған өзгерістердің ауқымын бағалау;
5) ұсынылған өзгерістерді іске асырудан күтілетін нәтижелерді бағалау;
6) ұсынылған өзгерістерді іске асырумен байланысты салдарларды, тәуекелдер мен шығындарды бағалау.
121. Өзгерістерге берілетін өтінім сарапшылық кеңестің жұмыс органына жолданады.
122. Сараптамалық кеңес бекітілген архитектураны өзгертуге сауалды күнтізбелік бес күн ішінде қарастырады.
123. Сараптамалық кеңес бекітілген архитектураны өзгертуге өтінімді төмендегі мәндерге қарастырады:
1) ұсынылған өзгерістердің мақсатқа сәйкестігі және негізділігі;
2) ұсынылған өзгерістерді іске асыру баламасының болуы;
3) ұсынылған өзгерістердің шұғылдығы және уақытылығы;
4) ұсынылған өзгерістердің күрделілігі және іске асырылуы;
5) ұсынылған өзгерістердің ведомствоішілік және ведомствоаралық деңгейдегі салдарлары.
6) өзгерістердің басқа мемлекеттік органдардың тәуелді ведомствоішілік, ведомствоаралық және салалық АКТ-жобаларымен келісімділігі.
124. Бекітілген архитектураға және АКТ-жобаларға өзгерістер енгізу мүмкін болмаған жағдайда, мемлекеттік органдар АКТ-жобаның алынған нәтижелерін түзетеді.
125. Бекітілген архитектураны өзгертуге өтінімді қарастыру нәтижелері бойынша Сараптамалық кеңес төмендегілерді іске асырады:
1) мақсатқа сәйкесі болмаған жағдайда, іске асырудың баламалары болғанда және ұсынылған өзгерістердің жоғарғы күрделілігі жағдайында бекітілген архитектураны өзгертуге өтінімді кері қайтарады;
2) негіздеу жеткіліксіз болғанда және ауқымды, құнын, тәуекелдерді және іске асыру мерзімдерін түзету қажет болған жағдайда, бекітілген архитектураны өзгертуге берілген өтінімді пысықтауға қайтарады;
3) ескертулер және ұсыныстар болмаған жағдайда немесе ескертулер мен ұсыныстар жойылған жағдайда бекітілген архитектураны өзгертуге өтінімді келіседі.
126. Сараптамалық кеңес бекітілген архитектураны өзгертуге өтінімді келіскен жағдайда, мемлекеттік орган архитектураны дамытуды бастамашылық етеді.
4-тарау. Архитектураны дамыту тәртібі
127. Архитектураны дамыту осы Қағидалардың 3-тарауының 3-параграфының талаптарына сәйкес бекітілген архитектураның өзгеруіне берілетін өтінімнің сараптама кеңеспен келісу нәтижелері бойынша бастамашылық алады.
128. Архитектураны дамытудың алғышарттары мына өзгерістер болып табылады:
1) мемлекеттік органның қызметін реттейтін, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің нормативтік құқықтық актілер мен құжаттардың құрамы мен мазмұны;
2) мемлекеттік органның АК-инфрақұрылымына және ақпараттық жүйелерге, қызметтің ақпараттық қамсыздандырылуына қойылатын талаптар;
3) ақпараттандыру саласындағы бюджеттік шығыстардың құрылымдары және (немесе) көлемдері.
129. Архитектураны дамыту шұғылдылығы осы Қағидалардың 19 және 25 тармақтарының талаптарына сәйкес бекітілген архитектураның өзгеруіне берілетін келісілген өтінімде анықталған жұмыстарды жүргізудің мерзімдерімен негізделген.
130. Архитектураны дамыту барлық мемлекеттік органның, архитектураның жеке сегменттерінің немесеархитектураның жеке топтарының ауқымында жүзеге асырылады.
131. Архитектураны дамыту осы Қағидалардың 2-тарауында белгіленген тәртіптегі архитектураны әзірлеуге ұқсас түрде жүзеге асырылады.
132. Архитектураны дамыту, ауқымына қарай бекітілген архитектураның өзектенуіне, өзгеруіне және қайта өңделуіне бөлінеді.
133. Архитектураны өзектендіру архитектураның жеке компоненттерінің ішінара өзгеруімен не болмаса АКТ-жобалардың азаюы бойынша мемлекеттік органның талабымен байланысты, соның ішінде:
1) редакциялық өзгерістер – архитектураның жеке компоненттерінің, олардың дұрыстығын, қолданылуын және түсініктілігін арттыру мақсатында, мәндерінің атауларын өзгерту және түзету;
2) компоненттерді жою - архитектурадан компоненттерді немесе олардың құрама бөліктерін жою.
134. Архитектураны өзектендеру бойынша жұмыстарды сервистік интегратор уәкілетті органмен келісіп, сондай-ақ АКТ-жобалардың өзгерістерімен қозғалған, мүдделі тараптар болып табылатын және (немесе) өзгерістерге бастамашылық еткен мемлекеттік орган жүргізеді.
135. Архитектураны өзектендіру, сарапшы кеңестің бекітілген архитектураны өзгертуге берілген өтінімін келісу кезінен бастап, екі айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
136. Архитектураны өзгерту, архитектураның бір тобынан немесе сегментінен аспайтын компонентін түзету қажеттілігімен, немесеАКТ-жобалардың бекітілген архитектурасында көзделген қосымша нәтижелерді алу бойынша мемлекеттік органның талабымен байланысты:
1) компоненттерді қайта қарау – архитектура компоненттерін ауыстыру;
2) құрылымдық өзгерістер – архитектура компоненттерінің арасындағы құрылымдағы, құрамдағы, қатынастардағы өзгерістер;
3) компоненттерді қайта үлестіру – архитектура компоненттерін немесе олардың құрама бөлшектерін біріктіру, бөлу не болмаса ауыстыру.
137. Бекітілген архитектураны өзгерту бойынша жұмысқа қатысуға уәкілетті органның, сервистік интегратордың, сондай-ақ жүргізіліп жатқан өзгерістермен қозғалған, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының қызметкерлері тартылады.
138. Архитектураның өзгеруі, архитектураны іске асыруды сүйемелдеу шеңберінде, бекітілген архитектураны өзгертуге берілетін өтінімді сарапшы кеңеспен келісу сәтінен бастап үш айдан аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
139. Архитектураны өңдеу тұжырымдамалық және түбегейлі өзгерістерді өткізу қажеттілігімен немесе архитектураның екі немесе одан артық сегментін қозғайтын, архитектураның жаңа компоненттерін қосу арқылы АКТ-жобалардың санын арттыру бойынша мемлекеттік органның талабымен байланысты.
140. Бекітілген архитектураны қайта өңдеу бойынша жұмысқа, мемлекеттік органның барлық құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық ұйымдарының қызметкерлері тартылады.
141. Архитектураны қайта өңдеу, осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес, архитектураны әзірлеу үшін белгіленген тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.
142. Архитектураны дамыту бойынша қажетті шығыстар көлемі тиісті мерзімге арналған мемлекеттік органның бюджеттік өтініміне енгізіледі.
143. Архитектураны дамыту бойынша жұмыс нәтижелері архитектура жобасы түрінде ресімделеді және осы Қағидалардың 2-тарауының 4-параграфына сәйкес сарапшы кеңеспен келесілуі тиіс.
144. Облыстың, республикалық мәні бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының архитектурасын дамыту бойынша жұмыс нәтижелері, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
145. Сарапшы кеңестің келісу нәтижелері бойынша архитектураны дамыту жобасы бекітіледі және іске асырылуы тиіс.
146. Сервистік интегратор архитектуралық порталдағы архитектураны дамыту бойынша жұмыс нәтижелерін көрсетеді.