Ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 11 қарашадағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 14526 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 154 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 03.11.2017 № 154 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 17-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 29.11.2021 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы бұйрықтың көшірмелерін он күнтізбелік күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрілігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 265 бұйрығымен
бекітілген

Ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу әдістемесі

      Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 29.11.2021 № 40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

І тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу әдістемеде (бұдан әрі – Әдістеме) келесі ұғымдар қолданылады:

      1) аралық тұтыну (бұдан әрі – АТ) – өндіріс процесінде түрленетін немесе толықтай тұтынылатын тауарлар мен қызметтердің құны;

      2) аяқталмаған өндіріс – тұтынушыларға жіберу үшін жеткіліксіз өңделген, өндірілген өнім шығарылым;

      3) бейрезидент – резидент болып табылмайтын бірлік;

      4) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер (бұдан әрі – ҒЗӘ) – білім қорын ұлғайту және осы білім қорын жаңа өнімдерді, өндірістің неғұрлым тиімді процестерін ашу немесе әзірлеу үшін пайдалану мақсатында жүйелі негізде жүзеге асырылатын шығармашылық қызмет;

      5) институционалдық бірлік – өз атынан активтерді иеленуге, міндеттемелер қабылдауға, экономикалық қызметке қатысуға және басқа бірліктермен операцияларға кіруге қабілетті экономикалық бірлік;

      6) материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі – қорлардан шығып қалу құнын шегергендегі және есепті кезең ішінде материалдық айналым құралдары қорларында болған тауарлардың кез келген ағымдағы шығасыларының құнын шегергендегі материалдық айналым құралдары қорларындағы түсімдердің құны;

      7) нарықтық емес шығарылым – басқа бірліктерге тегін немесе экономикалық тұрғыдан маңызды емес болып табылатын бағалар бойынша ұсынылатын тауарлар және/немесе қызметтердің шығарылымы;

      8) нарықтық шығарылым – экономикалақ маңызы бар бағалар бойынша сатуға арналған шығарылым;

      9) негізгі капиталдың жалпы қорланымы (бұдан әрі – НКЖҚ) – өндірушілердің болашақта жаңа табысты қалыптастыру үшін өндірісте қолданатын негізгі құралдардың шығып қалу құнын шегергендегі жаңа және бар негізгі құралдарды сатып алу құны;

      10) резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан, яғни ол осы аумақта экономикалық қызметпен біршама ұзақ кезеңде (1 жыл немесе одан да көп) айналысатын экономикалық мүдделердің басым орталығы берілген институционалдық бірлік;

      11) түпнұсқалар – тауаралар мен қызметтерді өндіруде бірнеше рет пайдаланылатын, бастапқыда жасалған зияткерлік меншік өнімдері;

      12) шығарылым – резидент-бірліктердің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар және/немесе қызметтердің құны;

      13) экономикалық маңызы бар бағалар – өндірушілер жеткізгісі келетін өнімдердің санына және сатып алушылар сатып алғысы келетін өнімдердің санына айтарлықтай әсер ететін бағалар.

II тарау. Ұлттық шоттар жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін есепке алу

1-параграф. Ұлттық шоттар жүйесінде ҒЗӘ қызметтері ресурстарының көрсеткіштерін есепке алу

      2. ҒЗӘ қызметтерінің ресурстары Ұлттық шоттар жүйесінің (бұдан әрі – ҰШЖ) мынадай көрсеткіштерінде есепке алынады:

      қызметтердің шығарылымы;

      қызметтер импорты.

      3. ҒЗӘ қызметтерінің шығарылымы ғылыми зерттеу қызметімен айналысатын институционалдық бірліктердің шығарылымын білдіреді.

      4. ҚР ҰЖ 13-2019 Экономика секторларының жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭСЖ) сәйкес экономиканың мынадай секторлары ҒЗӘ қызметтерін өндірушілер болып табылады:

      S11. қаржылық емес корпорациялар;

      S12. қаржылық корпорациялар;

      S13. мемлекеттік басқару;

      S14. үй шаруашылықтары.

      5. ҒЗӘ қызметтерінің шығарылымы келесі түрлерден тұрады:

      нарықтық шығарылым;

      жеке пайдалануға арналған шығарылым;

      нарықтық емес шығарылым;

      экономикалық пайда әкелмейтін шығарылым.

      6. ҒЗӘ қызметтерінің шығарылымы экономиканың тиісті секторларының өндіріс шоттарында есепке алынады.

      7. Қаржылық емес және қаржылық корпорациялар секторлары үшін:

      ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық шығарылымы мыналарды қамтиды:

      бейрезиденттерге сатуды қоса алғанда, басқа институционалдық бірліктерге активтер болып табылатын ҒЗӘ қызметтерін, түпнұсқалар мен лицензияларды сату құны;

      сатуға арналған аяқталмаған ҒЗӘ өндірісінің қорларын өзгерту.

      Жеке пайдалану үшін ҒЗӘ қызметтерінің шығарылымын корпорация ішінде жеке пайдалану үшін активтерге капиталдандырылатын ҒЗӘ қызметтерінің құнын қамтиды.

      8. Мемлекеттік басқару секторы үшін:

      ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық шығарылымы мыналарды қамтиды:

      нарықтық бағалар бойынша басқа институционалдық бірліктерге сатуға арналған өндірілген ҒЗӘ қызметтерінің құны;

      активтер болып табылатын түпнұсқалар мен лицензияларды сату құны.

      ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық емес шығарылымы мыналарды қамтиды:

      басқа институционалдық бірліктерге тегін немесе экономикалық тұрғыдан болмашы бағалар бойынша ұсыну үшін өндірілген ҒЗӘ қызметтерінің құны.

      9. Үй шаруашылығы секторы үшін:

      ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық шығарылымы басқа институционалдық бірліктерге нарықтық баға бойынша ұсынылатын жеке зерттеушілердің қызметтерін қамтиды.

      10. Экономикалық пайда әкелмейтін ҒЗӘ қызметтерін шығарылым өндірушінің АТ-на жататын ҒЗӘ шығарылымының бір бөлігін қамтиды.

      11. ҒЗӘ қызметтерінің импорты тауарлар мен қызметтердің және әлемнің басқа елдерімен операциялардың шоттарында есепке алынады, мыналардан тұрады:

      бейрезиденттер орындаған ҒЗӘ қызметтеріне ақы төлеуге резиденттердің шығындары;

      резиденттердің бейрезиденттерден зияткерлік меншік түпнұсқаларын пайдалануға және молықтыруға лицензиялар сатып алуға жұмсаған шығындары;

      резиденттер бейрезиденттерден өтеусіз негізде алған ҒЗӘ қызметтерінің құны.

2-параграф. ҰШЖ-да ҒЗӘ қызметтерін пайдалану көрсеткіштерін есепке алу

      12. ҒЗӘ қызметтерін пайдалану ҰШЖ мынадай көрсеткіштерінде есепке алынады:

      НКЖҚ;

      материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі;

      күрделі трансферттер;

      АТ;

      қызметтер экспорты.

      13. ҒЗӘ қызметін тұтынушылар экономиканың барлық секторларының институционалдық бірліктері болып табылады.

      14. ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық шығарылымын пайдалану көрсетілген қызметтерді сатып алатын секторлардың НКЖҚ ретінде капиталмен операциялар шотында есепке алынады. Егер ҒЗӘ қызметтерін "Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер" саласының бірліктері сатып алса, онда ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық шығарылымын пайдалану көрсетілген бірліктердің АТ ретінде өндіріс шотында көрсетіледі.

      15. Егер ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық шығарылымы активтер болып табылмайтын лицензияларды сату жөніндегі қызметтерді ұсынудан тұрса, онда шығарылымды пайдалану көрсетілген қызметтерді сатып алатын бірліктердің АТ ретінде өндіріс шотында есепке алынады.

      16. ҒЗӘ қызметтерінің шығарылымын жеке тұтыну үшін пайдалану НКЖҚ ретінде қаржылық емес және қаржылық корпорациялар секторының капиталымен операциялар шотында есепке алынады.

      17. ҒЗӘ аяқталмаған өндірісі қорларының өзгеруі материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі ретінде қаржылық емес және қаржылық корпорациялар секторының капиталымен операциялар шотында есепке алынады.

      18. Экономикалық пайда әкелмейтін ҒЗӘ қызметтерінің шығарылымын пайдалану өндіруші секторлардың ҒЗӘ өндірісі шотындағы АТ ретінде есепке алынады.

      19. ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық емес шығарылымын пайдалану НКЖҚ ретінде мемлекеттік басқару секторының капиталымен операциялар шотында есепке алынады.

      20. Резиденттерге өтеусіз негізде берілген ҒЗӘ қызметтерінің құны тиісінше берілген және алынған күрделі трансферттер ретінде беруші және алушы секторлардың капиталымен операциялар шотында есепке алынады.

      21. Бейрезиденттерге ҒЗӘ қызметтерін өтеусіз негізде беру және сату тауарлар мен қызметтер және қалған әлеммен операциялар шоттарында қызметтер экспорты ретінде есепке алынады.

      22. Импорт бойынша сатып алынған ҒЗӘ қызметтерін пайдалану көрсетілген қызметтерді сатып алатын секторлардың НКЖҚ ретінде капиталмен операциялар шотында есепке алынады. Егер ҒЗӘ қызметтерін "Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер" саласының бірліктері сатып алса, онда ҒЗӘ қызметтерінің импортын пайдалану көрсетілген бірліктердің АТ ретінде өндіріс шотында есепке алынады.

      23. Ғылыми-зерттеу қызметін шығарылым және оны 2008 жылғы ҰШЖ-да пайдалануды көрсету осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

      24. ҒЗӘ қызметтерінің ресурстары мен пайдалану көрсеткіштерін айқындау схемасы осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

3-параграф. ҰШЖ-да ҒЗӘ қызметтерінің ресурстары мен пайдалану көрсеткіштерін есепке алу

      25. ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық шығарылымы нарықтық бағаларда сатудан түсетін түсімдер мөлшерінде есепке алынады.

      26. Жеке пайдалану үшін ҒЗӘ қызметтерін шығарылым ұқсас өнімдердің нарықтық бағаларында немесе өндіріске жұмсалған шығындар жиынтығы бойынша есепке алынады.

      27. ҒЗӘ қызметтерінің нарықтық емес шығарылымы және экономикалық тұрғыдан пайда әкелмейтін шығарылым өндіріске жұмсалған шығындардың жиынтығы бойынша бағаланады.

      28. Сатуға арналған, нарықтық өндірушілердің ҒЗӘ-ның аяқталмаған өндірісі қорларының өзгеруі, аяқталмаған ҒЗӘ-ға арналған жыл соңындағы және басындағы шығындар құны арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      29. Экономиканың жекелеген секторлары үшін ҒЗӘ қызметтерінің НКЖҚ мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      НКЖКs– экономиканың жекелеген секторы үшін ҒЗӘ қызметтерінің НКЖҚ;

      Вs– сектор өндірісі шотындағы ҒЗӘ қызметтерінің шығарылымы;

      Сs– экононмиканың жекелеген секторы үшін өнімдерге (ҒЗӘ қызметтеріне) субсидиялар;

      Нs– экономиканың жекелеген секторы үшін өнімдерге (ҒЗӘ қызметтеріне) салынатын салықтар;

      ПрУ– ҒЗӘ қызметтерін сату;

      ПкУ– ҒЗӘ қызметтерін сатып алу;

      АТs– өндірушілер өндірушілер мен сатып алушылардан ҒЗӘ қызметтерінің шығарылым бөлігін аралық тұтыну;

      МКТs– өндірушілерде ҒЗӘ аяқталмаған өндірісі нысанында материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі;

      ∆1 – ҒЗӘ қолданыстағы активтерімен операциялар сальдосы (сатуды шегергенде сатып алу);

      ∆2 – заттай нысандағы ҒЗӘ қызметтерінің алынған және берілген күрделі трансферттерінің сальдосы.

      30. Жалпы экономика үшін ҒЗӘ қызметтерінің НКЖҚ мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      НКЖҚ – жалпы экономика үшін ҒЗӘ қызметтерінің НКЖҚ;

      В – үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдардан (бұдан әрі-ҮШҚКЕҰ) басқа, экономиканың барлық секторларының өндіріс шоттарындағы ҒЗӘ қызметтері шығарылымының жиынтығы;

      С – өнімдерге (ҒЗӘ қызметтеріне) субсидиялар;

      H – өнімдерге (ҒЗӘ қызметтеріне)салынатын салықтар;

      АТ – ҮШҚКЕҰ-нан басқа, экономиканың барлық секторларының өндіріс шоттарындағы ҒЗӘ қызметтерін шығарылым бөлігін аралық тұтыну;

      МҚТ – өндірушілерде ҒЗӘ аяқталмаған өндірісі нысанында материалдық айналым құралдары қорларының өзгеруі;

      И – ақшалай нысанда төленген ҒЗӘ қызметтерінің импорты;

      Э – ақшалай нысанда төленген ҒЗӘ қызметтерінің экспорты;

      ∆ – басқа әлемнен алынған және басқа әлемге берілген, заттай нысандағы ҒЗӘ қызметтерінің күрделі трансферттерінің сальдосы.

  Ғылыми-зерттеу қызметін
есепке алу әдістемесіне
1- қосымша

Ғылыми-зерттеу қызметінің шығарылымы және оны 2008 жылғы ҰШЖ-да пайдалануды көрсету

Шығарылым

Пайдалану

қаржылық емес және қаржылық корпорациялардың секторларының мемлекеттік басқару секторының үй шаруашылықтары секторының нарықтық шығарылымы

Пайдаланушыларда негізгі капиталдың жалпы қорланымы ("Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер" саласына жататын және активтер болып табылмайтын лицензияларды сатып алушылардан басқа)
"Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер" саласына жататын пайдаланушылардан және активтер болып табылмайтын лицензияларды сатып алушылардан аралық тұтыну
Өндірушілердегі материалдық айналым құралдары (аяқталмаған өндіріс) қорларының өзгеруі
Экспорт

Нарықтық өндірушілердің (қаржылық емес және қаржылық корпорациялар секторларының) жеке пайдалануы үшін шығарылымы

Өндірушілерде (қаржылық емес және қаржылық корпорацияларда) негізгі капиталдың жалпы қорланымы

Мемлекеттік басқару секторының нарықтық емес шығарылымы

Мемлекеттік басқару секторындағы негізгі капиталдың жалпы қорланымы

Иесіне пайда әкелмейтін шығарылым

Иесінің (өндірушінің) аралық тұтынуы

  Ғылыми-зерттеу қызметін
есепке алу әдістемесіне
2- қосымша

ҒЗӘ қызметтер ресурстары мен пайдалану көрсеткіштерін айқындау схемасы*


Жол №

Барлығы

оның ішінде секторлар-ҒЗӘ қызметтерін тұтынушылар

Корпорациялар

мемлекеттік басқару

ҮШҚКЕҰ

басқа әлем

ҒЗИ-дан басқа**

ҒЗИ**

А

Б

1

2

3

4

5

6

Секторлар бойынша шығарылым








Корпорациялар

1

+

+

+

+

+

+

оның ішінде








қызметтерді сату (активтер болып табылмайтын лицензияларды сатуға байланысты қызметтер көрсетуден басқа)

2

+

+

+

+

+

+

активтер болып табылмайтын лицензияларды сатуға байланысты қызметтер көрсету

3

+

+

+

+

+

+

аяқталмаған өндірісті өзгерту

4

+


+




жеке пайдалану үшін қызметтер өндірісі

5

+

+





Мемлекеттік басқару

6

+

+

+

+

+

+

оның ішінде








нарықтық емес шығарылым

7

+



+



нарықтық шығарылым

8

+

+

+

+

+

+

одан:








қызметтерді сату (активтер болып табылмайтын лицензияларды сатуға байланысты қызметтер көрсетуден басқа)

9

+

+

+

+

+

+

активтер болып табылмайтын лицензияларды сатуға байланысты қызметтер көрсету

10

+

+

+

+

+

+

Үй шаруашылықтары

11

+

+

+

+

+

+

Барлық шығарылым

12

+

+

+

+

+

+

Импорт

13

+

+

+

+

+


Барлық ресурстар

14

+

+

+

+

+

+

соның ішінде пайдаланылды:








негізгі капиталдың жалпы қорланымы

15

2-ден 5-ке дейінгі бағандар жиынтығы

2-баған бойынша 2+5+9+11- жолдар


4-баған бойынша 2+7+9+11- жолдар

5-баған бойынша 2+9+11- жолдар


аралық тұтынуға

16

2-ден 5-ке дейінгі бағандар жиынтығы

2-баған бойынша 3+10-жолдар

3-баған бойынша 2+3+6+8+
11- жолдар

4-баған бойынша
3+10-жолдар

5-баған бойынша
3 + 10-жолдар


аяқталмаған өндірісті өзгертуге

17

2-ден 5-ке дейінгі бағандар жиынтығы


3-баған, 4 жол




экспортқа

18

6-баған





6-баған бойынша1+6+11-жолдар

      * - "+" осы операция үшін жазу мүмкіндігін көрсетеді.

      ** - "Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер" саласына жататын бірліктер.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады