"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда № 14534 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 56 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚРМемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 11.03.2022 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларының 10-тармағына, 11-тармағының 2) және 5) тармақшаларына, 43-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағының нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағының нысаны осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) "А" корпусының кадр резервіне алу үшін кандидаттың қызметтік тізімінің нысаны осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 11 ақпандағы № 29 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13443 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 24 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына
1-қосымша Нысан

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарландыру мәтінінің үлгісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу туралы хабарлайды.

      Іріктеу "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне

      ______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ("А" корпусының санаттары және егер Ұлттық комиссиямен белгіленсе, "А" корпусы лауазымдарының әрбір санаттары бойынша "А" корпусының кадр резервіне алынатын тұлғалардың шекті саны көрсетіледі) бойынша алу үшін өткізіледі.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидаттарға қойылатын талаптар:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      ("Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарына сәйкес "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын талаптары көрсетіледі)

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және оның аумақтық органдары:

      20____ж. "____"________ бастап,

      20____ж. "____"________ дейінгі кезеңде құжаттарды қабылдайды.

      _____________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар көрсетіледі)

      Құжаттар қолма-қол, поштамен немесе электрондық пошта арқылы келесі мекен - жайда________________________________________________________

      (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының пошта және электронды пошта мекен-жайы көрсетіледі)

      қабылданады.

      Толық ақпаратты _________________________________________

      (мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының қала коды және телефондары мен факс номірлері көрсетіледі)

      телефондары бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында ________________________ алуға болады. (интернет-ресурс көрсетіледі)

      Қосымша ақпарат:_______________________________________________

      _______________________________________________________________

      (қажет болған жағдайда "А" корпусының кадр резервіне іріктеу өткізумен байланысты қосымша ақпарат көрсетіледі)

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы кадр
саясаты жөніндегі ұлттық
комиссия

"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен, _______________________________________, ЖСН _____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне_______________________________________________________________

      (лауазымының санаты көрсетіледі) мені іріктеуге қатыстыруыңызды сұраймын.

      Мен:

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы № 151 Жарлығымен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларымен танысқанымды, олармен келісетінімді және оларды орындауға міндеттенетінімді;

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарымен танысқанымды;

      мемлекеттік қызметке менің кіруіме және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кедергі келтіретін мәліметтер мен фактілердің жоқ екенін;

      өзім ұсынған құжаттар мен деректердің шынайылығын, ал құжаттарда дәйекті ақпараттардың көрсетілгенін;

      мемлекеттік қызметке менің кіруіме кедергі келтіретін, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамау туралы мәліметтердің және "А" корпусының мемлекеттік лауазымдарына орналасуыма кір келтіретін мәліметтер мен фактілердің анықталуы мені "А" корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

      "А" корпусының кадрлық резервінен тағайындалған жағдайда өзімнің көрінеу жалған ақпаратты ұсынуым фактілерінің анықталуы мені "А" корпусының кадр резервіне іріктеуден оның кез келген кезеңінде шығаруға, ал мені кадр резервіне алған жағдайда одан шығаруға және мемлекеттік қызметті тоқтатуыма негіз болып табылатынын ұғынатынымды;

      өзімнің жекелеген жеке деректерімнің (тегім, атым және әкемнің аты (бар болған жағдайда), туған күнім, тұратын жерім, ағымдағы жұмыс орным, білімім мен мамандығым, атқарып отырған лауазымым, "А" корпусының лауазымының санаты) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланатынына келісетінімді мәлімдеймін;

      атқарып отырған лауазым, ағымдағы жұмыс орны, байланыс телефондары, білім алған жағдайда көрсетілген деректердің өзгерген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктермей Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарлаймын.

      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:

      1.________________________________________________________

      2.________________________________________________________

      3.________________________________________________________

      4.________________________________________________________

      5.________________________________________________________

      6.________________________________________________________

      7.________________________________________________________

      Байланыс деректері:

      Қаланың коды, телефон______________________________________

      Ұялы телефон ______________________________________________

      Тұратын жерінің мекен-жайы (пошта мекен-жайы): ________________

      Тіркелген жерінің мекен-жайы: ________________________________

      Электронды мекен-жайы: _____________________________________

      ___________________________________________________________

      (тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      20__ ж. "____"_______________

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 3-қосымша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұлттық комиссияның мүшесі:________________________________________

                              тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Санаты

Қорытынды шешім ("ұсынамын" немесе "ұсынбаймын") өз қолымен толтырылады

1.



2.



3.



...



...



      ____________________ 20 __ жылғы "___" ______________

      қолы

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 4-қосымша

___________________________________________ кадр комиссиясының (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана көрсетіледі) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алу үшін кандидатпен әңгімелесу парағы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұлттық комиссияның мүшесі:______________________________________

                                    тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Баға ("оң" немесе "теріс"),өз қолымен толтырылады

1.


2.


3.


...




      ____________________ 20 __ жылғы "___" ______________

      қолы

  Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 64 бұйрығына 5-қосымша
  Нысан

"А" КОРПУСЫНЫҢ КАДР РЕЗЕРВІНЕ АЛУ ҮШІН КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА ДЛЯ ЗАЧИСЛЕНИЯ В КАДРОВЫЙ РЕЗЕРВ КОРПУСА "А"

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 20.12.2018 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))/
фамилия, имя, отчество (при его наличии)

ФОТО
(түрлі
түсті/
цветное,
3,5х4,5)

______________________________________________жұмыс орны, лауазымы/должность, санаты/место работы категория (болған жағдайда/при наличии)
_____________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный
идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения


2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)


3.

Білімі/
Образование


4.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного
заведения


5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми
дәрежесі, ғылыми атағы/
Квалификация по специальности, ученая
степень, ученое звание


6.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками


7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті
атақтары/
Государственные награды, почетные звания


8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы (беру күні) (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин, квалификационный класс (дата присвоения) (при наличии)


9.

Арнайы тексеру нәтижелерi (болған жағдайда)/
Результаты специальной проверки (при наличии)


10.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі/
Вид взыскания, дата и основания его наложения


11.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкімшілік жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (қолданылған және орындалған күні)/
Сведения о наложении административного взыскания за совершение коррупционного правонарушения (дата наложения и исполнения)


12.

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет (тәртiптiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы)/
Сведения о наложении дисциплинарного взыскания за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу (о совершении коррупционного дисциплинарного правонарушения)


13.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күнімен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (для административных государственных служащих)


ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения


_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата


_______________
 күні/дата


Тексерілді/
Проверено
_____________________
қолы/подпись

_________________
күні/дата

Мөрдін орны
место печати

___________________________________________
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі)
жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты/
Фамилия, имя, отчество работника службы
управления персоналом (кадровой службы)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады