«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қайта бағалау шотын құру әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап осы бұйрықтың көшірмелерін он күнтізбелік күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ұлттық шоттар басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрілігі
Статистика комитетінің төрағасы Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 269 бұйрығымен
бекітілді
Қайта бағалау шотын құру әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қайта бағалау шотын құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленген статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістеме қайта бағалау шотын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің пайдалануына арналған және Ұлттық шоттар жүйесі үшін қолданылады.
3. Осы Әдістеменің мақсаты есептеулерінің макроэкономикалық көрсеткіштер сапасын арттыру және деректер салыстырмалалығын қамтамасыз ету үшін холдингілік пайдалар және залалдар есептеу тәсілін анықтау болып табылады.
4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар колданылады:
1) қаржылық активке атаулы холдингілік пайдалар – активтермен болатын операциялар (уақыт кезеңінде пайыздардың түсуін қоса) мен басқа да өзгерістердің нәтижесі болып табылмайтын активтер көлеміндегі актив құнының ұлғаюы;
2) қаржылық емес активке атаулы холдингілік пайда – белгілі бір уақыт кезеңінде оның бағасының өзгеруі нәтижесінде осы активтің иесіне түсетін экономикалық пайданың құны;
3) материалдық айналым құралдары – ағымдағы кезеңде немесе бұдан да ертерек кезеңде пайда болған және сатуға, өндірісте пайдалануға немесе кейінірек пайдаланудың басқа да түрлеріне арналған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден тұратын өндірілген активтер;
4) міндеттемеге атаулы холдингілік пайдалар – операциялардың немесе басқа да өзгерістердің нәтижесі болып табылмайтын көлемдегі міндеттемелер құнының төмендеуі;
5) нақты холдингілік пайда (залал) – активтер көлемінде операциялар мен басқа да өзгерістер болмаған жағдайда кезең ішінде бейтарап холдингілік пайдамен салыстырғанда актив құны ұлғаятын (азаятын) шама;
6) негізгі қорлар – өндіріс үдерісінде бір жылдан аса бірнеше рет немесе үздіксіз қолданылатын өндірілген активтер;
7) тұтыну бағасының индексі – жеке тұтынуы үшін халық сатып алатын тауарларының және көрсетілетін қызметтерінің белгіленген қоржынына бағалардың орташа деңгейінің әр уақыттағы өзгерісін сипаттайтын жалпы танылған инфляцияның көрсеткіші.
5. Қайта бағалау шотын құру үшін:
1) ресми статистикалық ақпарат;
2) әкімшілік дереккөздерден алынатын әкімшілік деректер ақпараттық база болып табылады.
2-тарау. Қайта бағалау шотының мәні
6. Қайта бағалау шоты (бұдан әрі – Шот) есепті кезеңде қаржылық емес активтердің және қаржылық активтер мен міндеттемелердің меншік иелеріне келіп түсетін холдингілік пайдаларын немесе залалдарын көрсетеді.
7. Холдингілік пайда және залал қаржылық емес және қаржылық активтерге ықпал етеді. Холдингілік пайдалардың үш түрі бар:
1) атаулы холдингілік пайда;
2) бейтарап холдингілік пайда;
3) нақты холдингілік пайда.
8. Холдингілік пайданың немесе залалдың осы үш түрінің әрқайсысы активтер мен міндеттемелердің негізгі топтары бойынша бөлінеді. Міндеттемелер тек қаржылық активтерге ғана жатады.
9. Шот басында атаулы холдингілік пайдалар мен залалдар тіркеледі, олар есепті кезеңнің басынан бастап осы активтер мен міндеттемелер бағаларының өзгеруі салдарынан немесе активтердің запасқа түсуі мен оның запастан шығу уақыты арасындағы кезеңге әртүрлі активтер мен міндеттемелердегі өзгерістердің толық шамасын көрсетеді.
10. Атаулы холдингілік пайдалар және залалдар активтерге қатысты алғанда Шоттың сол жағына тіркеледі, ал атаулы холдингілік пайдалар мен залалдар міндеттемелерге қатысты алғанда Шоттың оң жағына тіркеледі. Міндеттемелерді қайта бағалаудың оң шамасы холдингілік залалдың атаулы шамасына эквивалентті, ал теріс шама атаулы холдингілік пайданың шамасына эквивалентті.
11. Атаулы холдингілік пайдалар мен залалдардың салдарынан капиталдың таза құнының өзгеруі шоттың теңгерімдеуші бабы болып табылады.
12. Атаулы холдингілік пайдалар мен залалдар екі компонентке бөлінеді:
Бірінші компонент активтер бағасының өзгеруі бағаның жалпы деңгейінің өзгеруіне пропорционал болған пайда болған кезде туындайтын холдингілік пайдалар мен залалдарды қайта бағалау шамасын көрсетеді. Шама барлық активтер мен міндеттемелердің бастапқы құнына сол уақыт кезеңіне баға өзгерісінің жалпы деңгейі индексін пайдалану жолымен алынады. Бейтарап холдингілік пайдалар мен залалдар және барлық активтер мен міндеттемелер олардың сатып алушылық қабілетін дәлме дәл сақтау шартымен қайта бағалануы осы операцияның нәтижесі болып табылады;
Холдингілік пайдалар мен залалдардың екінші компоненті атаулы холдингілік пайдалар мен залалдар және бейтарап холдингілік пайдалар мен залалдар арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Бұл айырмашылық нақты холдингілік пайдалар мен залалдар деп аталады. Атаулы холдингілік пайдалар мен залалдар бейтарап холдингілік пайдалар мен залалдардан көп болса, активтердің нақты бағасы көп дегенде (немесе кем дегенде азайған) бағалардың жалпы деңгейіне қарағанда орташа ұлғаюын көрсететін нақты холдингілік пайдалар туындайды. Атаулы холдингілік пайдалар мен залалдар салдарынан капиталдың таза құнының өзгерісі бейтарап холдингілік пайдалар мен залалдар салдарынан болатын өзгерістерге және нақты холдингілік пайдалар мен залалдар салдарынан болатын өзгерістерге бөлінеді.
13. Шоттың құрылымы осы Әдістемеге қосымшада ұсынылған.
3-тарау. Атаулы холдингілік пайдалар мен залалдарды есептеу
14. Активтердің атаулы холдингілік пайдалары уақыт өткен сайын олардың бағаларының (ақшалай бағалау) өзгеруі нәтижесінде актив иесі жинақталған пайданың құны ретінде анықталады.
15. Міндеттеме құнының ұлғаюы осы міндеттеме бағасының теріс белгідегі өзгерісіне (немесе ақшалай құнына) тең. Актив құнының өсу нәтижесіндегі оң өзгеріс немесе міндеттеме құнының төмендеуі қарастырылатын бірліктің таза құнының артуына әкеп соғады. Аталған актив құнының қысқаруы салдарынан теріс холдингілік пайда (залал) немесе аталған міндеттеме құнының артуы осы бірліктің таза құнының азаюына әкеледі.
16. Атаулы холдингілік пайдалар активтерге немесе міндеттемелерге қатысты есептеледі, олардың өзі холдингілік пайдалар анықталатын есепті кезең ішінде тікелей сапалық және сандық қатынаста өзгеріссіз қалады. Атаулы холдингілік пайдалар негізгі қорлардың барына немесе уақыт өткен сайын актив бағасының өзгеруі кезінде пайда болады.
17. Материалдық айналым құралдарына қатысты номиналды холдингілік пайданы бағалау шикізаттар мен материалдар, дайын өнімдер, қайта сату үшін тауарлар, аяқталмаған өнімдер өндіріс және басқа қорларға қатысты жеке есептелінеді.
18. Материалдық айналым құралдар қорына келіп түскен тауарлар кәсіпорын иелерінің өздерінен, өнім өндірушіден алынған болып есептеледі, ал материалдық айналым құралдары запасынан шығатын тауарлар кәсіпорын иесінен өндірісте қолдану немесе сату үшін берілгендер ретінде қарастырылады. Ішкі операциялар олардың орын жағдайдағы уақыт сәтіне басым бағалармен бағаланады. Запастағы шығыс құнына өнім шығарылымы құнынан холдингілік пайдаларды алып тастауларды қамтамасыз ететін запастарда бар материалдық айналым құралдарына кез келген холдингілік пайдалар кіреді.
19. Материалдық айналым құралдарының қайта сатуға арналған тауарлардың құнына запастардан шығарылған көтерме саудада немесе бөлшек саудада сатушы өткізген үстеме сауда бағасының құны емес, тауарлардың запаста болған уақытында туындаған кез келген холдингілік пайдалар мен залалдардың құны кіреді.
20. Қаржылық активтер мен міндеттемелерді қайта бағалау бойынша әкімшілік деректер әкімшілік дереккөздерден түседі. Отандық валюта, отандық валютада номинацияланған депозиттер мен несиелерге қатысты атаулы холдингілік пайдалар қашанда нөлге тең.
21. Атаулы холдингілік пайдалар келесі формулаға сәйкес есептеледі:
(1)
мұндағы:
n активінің атаулы холдингілік пайдасы;
-n активінің ағындары;
n активінің көлеміндегі басқа да өзгерістер;
n активінің операциялары.
22. Формулада көрсетілген компоненттер әкімшілік деректер (заттай көріністе) мен жалпымемлекеттік статистикалық ақпарат негізінде есептеледі.
4-тарау. Бейтарап холдингілік пайдалар мен залалдарды есептеу
23. Кезеңдегі бейтарап холдингілік пайда (залал) операциялар мен активтер көлемінде басқа да өзгерістер болмаған жағдайда кезең басындағыдай тауарлар мен қызметтер санын сатып алу талап етілген актив құнының ұлғаюын (азаюын) білдіреді.
24. Есепті кезеңге бейтарап холдингілік пайда нақты құнды сақтау үшін актив құнының өзгерісі ретінде анықталады.
25. Активтердің бейтарап холдингілік пайдалары тауарлар және қызметтердің кең тобын қамтыған бағалар индексі қолдану арқылы есептелінеді. Соңғы тұтынуға шығындар дефляторы едәуір тиімді болып табылады басқа индекстер деректердің сапасы мен бар болуына байланысты қолданылады. Тұтыну бағаларының индексі барлық талаптарға жауап береді және нейтралды холдингілік пайдаларды есептеуде тұтыну бағалардың индексін қолданудан тұратын ыңғайлы үдеріс.
26. Есептік кезеңіндегі активтердің бейтарап холдингілік пайдалары кезең басындағы актив құнын тұтыну бағасының индексіне көбейткенге тең.
27. Бейтарап холдингілік пайда келесі формула бойынша есептелінеді:
(2)
мұндағы:
– бейтарап холдингілік пайда;
–n активінің кезең басындағы құны;
, – t және t-1 кезеңіндегі тұтыну бағаларының индексі.
5-тарау. Нақты холдингілік пайдалар мен залалдарды есептеу
28. Активке нақты холдингілік пайдалар аталған актив бойынша атауы және бейтарап холдингілік пайдалар арасындағы айырма ретінде анықталады:
, (3)
мұндағы:
- n активінің нақты холдингілік пайдасы;
- n активінің атаулы холдингілік пайдасы;
- n активінің бейтарап холдингілік пайдасы.
29. Активтерге нақты холдингілік пайдалар құны қарастырылатын кезеңдегі бағаларының өзгерісіне байланысты болады. Активтің салыстырмалы бағасының жоғарылауы оң нақты холдингілік пайдаларға әкеледі, ал активтің салыстырмалы бағасының төмендеуі бағалардың жалпы деңгейінің жоғарылауына, төмендеуіне немесе өзгеріссіз қалатынына байланысты болмай, теріс нақты пайдаларға әкеледі.
30. Шот бойынша теңгерімделетін бап институционалдық бірліктерге жатқан барлық активтер мен міндеттемелердің номиналды өзгерісін сипаттайтын оң және теріс жазбалардың алгебралық сомасы ретінде анықталады.
31. Шот әкімшілік деректер негізінде құрылған және эскпериментальды жұмыс болып табылады. Экспериментальды есептеулер тәжірибеге барлық есептеулер аяқталған соң енгізіледі.
Қайта бағалау шотын құру
әдістемесіне қосымша
Шоттың құрылымы
Активтердегі өзгерістер |
Міндеттемелердегі және капиталдың таза құнындағы өзгерістер |
Атаулы холдингілік пайдалар мен залалдар |
Номиналды холдингілік пайда және залалдар |
Қаржылық емес активтер |
Қаржылық емес активтер |
Өндірілген активтер |
Өндірілген активтер |
Өндірілмеген активтер |
Өндірілмеген активтер |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
Қаржы активтер/міндеттемелер |
Атаулы холдингілік пайдалар мен залалдардың салдарынан капиталдың таза құнының өзгерісі |
|
Бейтарап холдингілік пайдалар мен залалдар |
Нейтралды холдингілік пайдалар мен залалдар |
Қаржылық емес активтер |
Қаржылық емес активтер |
Өндірілген активтер |
Өндірілген активтер |
Өндірілмеген активтер |
Өндірілмеген активтер |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
Бейтарап холдингілік пайдалар мен залалдардың салдарынан капиталдың таза құнының өзгерісі |
|
Нақты холдингілік пайдалар мен залалдар |
Нақты холдингілік пайда және залалдар |
Қаржылық емес активтер |
Қаржылық емес активтер |
Өндірілген активтер |
Өндірілген активтер |
Өндірілмеген активтер |
Өндірілмеген активтер |
Қаржылық активтер/міндеттемелер |
Қаржылық активтер/міндеттемлере |
Нақты холдингілік пайдалар мен залалдардың салдарынан капиталдың таза құнының өзгерісі |