"Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 4 қарашадағы № 761 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 14614 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11009 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлерінде:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жол берілетін ұзындығы:

      жеке автокөлік құралдары:

      М1, N және О (тіркеме) санатты 12,0;

      М2 және М3 санаты 13,5;

      біліктері екіден көп М2 және М3 санатты 15,0;

      тіркемесі бар М2 және М3 санаты 18,75;

      М2 және М3 санатты буындастырылған автобустар 18,75;

      құрамында тартқыш пен жартылай тіркеме бар автопоездар 16,5;

      құрамында тартқыш пен тіркеме бар автопоездар 20,0;

      конструкциясы және тағайындауы бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арнайы бейімделген автопоездар 20,0;";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жартылай тіркеменің тіркеу құрылғысы ілмегінің білігі мен автопоездың артқы жағы арасындағы жол берілетін арақашықтық 12,0 метрден аспауы тиіс.

      5. Тартқыштың артқы бөлігі мен тіркеменің алдыңғы бөлігі арасындағы болатын 0,6 метрден кем емес арақашықтықты шегергенде, тартқыштың шанағы немесе кабинасы сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен тіркеменің артқы сыртқы нүктесіне дейінгі жол берілетін арақашықтық 17 метрден аспауы тиіс.

      6. Шанақтың немесе кабинаның сыртындағы жүкті орнатуға арналған платформаның алдыңғы сыртқы нүктесінен жартылай тіркеменің артқысыртқы нүктесіне дейін автопоездың бойлық білігіне қатар өлшенген, жол берілетін арақашықтық 16,4 метрден аспауы тиіс.";

      10, 11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Автокөлік құралының ұзындығын өлшеген кезде автокөлік құралында құрастырылған мынадай құрылғылар есепке алынбайды:

      желдік әйнектерді тазалау және жуу құрылғылары;

      алдыңғы және артқы тіркеу белгілерінің тақтайшалары мен мемлекеттік тіркеу белгілерін бекіту үшін конструктивтік элементтері;

      кедендік пломбалау және оны қорғау элементтері;

      қалқанды бекіту құрылғылары және олардың қорғағыш элементтері;

      жарықтандыру және жарықтық дабыл беру құрылғылары;

      сыртқы айналар мен тікелей емес кеңістікті шолудың басқа құрылғылары;

      қосалқы бақылау құралдары;

      іштен жану қозғалтқышының енгізу жүйесіне ауаны алу құрылғылары;

      бөлшектенетін шанақтар үшін бекіту құрылғылары;

      баспалдақтар мен тұтқалар;

      икемді аралық құрылғылар немесе ұқсас жабдықтар;

      қозғалуға арналған күйде көлік құралының жүк көтерерлікшамасы асырылмаған шартта габариттік өлшемдерін 300 миллиметрден асыратын көтергіш платформалар, шығуға арналған басқыштар және ұқсас жабдықтар;

      көлік құралдарының сүйреткіш және тіркеу құрылғылары;

      шығару жүйесінің түтікшелері;

      алынатын спойлерлер;

      желі арқылы электр қуаты бар көлік құралдарының ток қабылдағыштары;

      сыртқы күннен сақтайтын күнқағарлар.

      11. Автокөлік құралының биіктігін өлшеген кезде автокөлік құралында кұрастырылған:

      антенналар;

      көтерілген қалыптағы пантограф немесе ток қабылдағыштар есепке алынбайды.

      Білікті көтеруге арналған құрылғысы бар автокөлік құралдары үшін осы құрылғы ықпал етуінің әсері ескерілуі тиіс.

      12. Автокөлік құралының енін өлшеген кезде автокөлік құралында орнатылған мынадай құрылғылар ескерілмейді:

      кедендік пломбалау және оны қорғау элементтері;

      қалқанды бекіту және олардың қорғағыш элементтері;

      шиналардағы қысымды бақылау құрылғылары;

      доңғалақтар астынан шашыраудан қорғау үшін шығыңқы иілмелі бөліктер;

      М3 санатты автокөлік құралдары үшін қозғалу күйіндегі кіру рампалары, автокөлік құралының әрбір жағынан 10 миллиметрді асырмай шығатын,ілгері немесе кейін бағытталған рампалар бұрыштарының иілу радиусыкем дегенде 5 миллиметр, бұл ретте басқа бұрыштарының иілу радиусыкем дегенде 2,5 миллиметр болуы тиіс;

      сыртқы айналар мен тікелей емес кеңістікті шолудың басқа құрылғылары;

      қосалқы бақылау құралдары;

      жиналмалы баспалдақтар;

      жарықтандыру және жарықтық дабыл беру құрылғылары;

      үстіңгі қабатпен тікелей жанасу нүктесіндегі шиналардың пішіні өзгерген бүйір қабырғаларының бөлігі.

      13. Автокөлік құралдарының жол берілетін салмақтары төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:

      1) дара автокөлік құралдары:

      М, N және О (тіркеме) санатты:

      екі білікті                                                            18,0;

      үш білікті (М3 санатты буындастырылған автобустарды қоспағанда)            25,0;

      үш білікті дара автокөлік құралдары үшін әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда салмақты 1 тоннаға асыруға жол беріледі;

      конструкциясы және тағайындауы бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арнайы бейімделген біліктері үштен көп немесе тәуелсіз біліктер тобы бар тіркеме және (немесе) жартылай тіркеме үшін жол берілетін біліктік жүктемелерінің қосынды салмағынан апауы тиіс;

      төрт білікті, оның ішінде екі басқару білігі бар                              32,0;

      бес білікті                                                            38,0;

      алты және одан да астам білікті                                          44,0;

      2) құрамында тартқыш пен жартылай тіркеме бар автопоездар:

      үш білікті                                                            28,0;

      төрт білікті                                                            36,0;

      төрт білікті автопоездар үшін екі білікті тартқыштың салмағы 18 тоннадан және жартылай тіркеменің біліктерінің арасындағы арақашықтығы 1,8 метрден бастап және одан астам қосарланған білігіне жүктеме 19 тоннадан аспайтын, тартқыштың жетекші біліктері екі қатарлы доңғалақтармен және әуе немесе оған балама аспамен жабдықталған жағдайда салмақты 2 тоннаға асыруға жол беріледі;

      бес және одан көп білікті 40,0;

      3) құрамында тартқыш пен тіркеме бар автопоездар:

      үш білікті 28,0;

      төрт білікті 36,0;

      бес және одан көп білікті 44,0;

      конструкциясы мен тағайындауы бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арнайы бейімделген автопоездар үшін дара автокөлік құралдарына жол берілетін салмақтарының қосындысынан аспауы тиіс.

      14. Автокөлік құралдарының жол берілетін біліктік жүктемелерінің салмақтары қосындысы төменде келтірілген мәндерден (тоннамен) аспауы тиіс:

      1) дара білік                                                            10,0;

      2) қосарланған біліктер үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:

      1 метрге дейін                                                      12,0;

      1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін                                    14,0;

      1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін                              16,0;

      1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін                                    18,0;

      әр жетекші білік екі қатарлы доңғалақпен жабдықталып және әр білікке түсетін жүктеме 9,5 тоннадан аспаған жағдайда салмақты 1 тоннаға асыруға жол беріледі;

      3) үштік білік үшін біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:

      1 метрге дейін                                                      18,0;

      1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін                                    21,0;

      1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін                              24,0;

      1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін                                    27,0;

      4) үш біліктен көп немесе тәуелсіз біліктер тобының әр білігіне түсетін жүктеме біліктердің арасындағы мынадай арақашықтықтарда:

      1 метрге дейін                                                      6,0;

      1 метрден қоса алғанда 1,3 метрге дейін                                    7,0;

      1,3 метрден қоса алғанда 1,8 метрге дейін                              8,0;

      1,8 метрден қоса алғанда 2 метрге дейін                                    9,0.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Автокөлік құралдарының салмақтық және (немесе) габариттік параметрлерін анықтаған кезде өлшеу жабдығының белгіленген ауытқуларын, оның ішінде оны пайдалану барысындағы ауытқуларын ескереді.

      Өлшеу жабдығының ауытқуы тасымалдаушының пайдасына шешіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бұрын қолданысқа енгізілмейді.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 8 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 30 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ______________ Қ. Қасымов

      2016 жылғы 15 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ______________ Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы 21 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады