"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.07.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.мен1. Қоса беріліп отырған Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлтттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 298 бұйрығымен бекітілген |
Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 15.07.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығы.мен
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 5) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
2. Осы Әдістемені өсімдік және мал шаруашылығында жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі – Бюро), оның аумақтық бөлімшелері және интервьюерлер қолданады.
3. Әдістеме интервьюерлерді тартумен іріктеме негізінде өткізілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы құралымдарының қызметі туралы ағымдағы (есепті жыл ішіндегі) және жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды ұйымдастырудың және өткізудің негізгі тәсілдерін айқындайды.
4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар қолданылады:
1) ауылшаруашылық кәсіпорны – ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі;
2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
3) бас жиынтық – сипаттамалары бағалауға жататын талдаудың барлық бірліктерінің толық тобы;
4) жеке каталог – нақты статистикалық байқауды жүргізуге арналған тиісті жіктелімдік атрибуттары бар зерттелетін бірліктер тізбесі;
5) жұртшылық шаруашылықтары – жеке қосалқы шаруашылықтар, ұжымдық бақтар мен бақшалар, саяжай учаскелері;
6) интервьюер – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды және ұлттық санақтарды жүргізу кезінде респонденттер мен үй шаруашылықтарына сауал салуды жүзеге асыратын адам;
7) қызметтің қосымша түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімдер өндіру мақсатында жүзеге асырылатын негізгі қызмет түрінен басқа қызмет түрі;
8) қызметтің негізгі түрі – қосылған құны субъект жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан артық болатын қызмет түрі;
9) респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;
10) іріктемелі жиынтық (іріктеме) – зерттеуге қатысу үшін бас жиынтықтан белгілі бір рәсімнің көмегімен таңдалған көптеген жағдайлар (сыналатындар, объектілер, оқиғалар, үлгілер).
2-тарау. Бас жиынтық және өсімдік пен мал шаруашылығындағы статистикалық байқаулар үшін іріктеме қалыптастырудың критерилері
5. Ауыл шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқауларға (зерттеулерге) арналған бас жиынтық ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру бойынша қызметті өсімдік шаруашылығы бойынша байқаулар үшін немесе ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру және көбейту бойынша қызметті мал шаруашылығы бойынша байқаулар үшін қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері) тізбесін білдіреді.
Өсімдік және мал шаруашылықтарындағы зерттеулерге арналған бас жиынтықтар Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі негізінде қалыптастырылады, оны жүргізуді және өзектілендіруді статистикалық тіркелімдерді жүргізуге жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады.
6. Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы құралымдарының (ауылшаруашылық кәсіпорындары, шаруа немесе фермер қожалықтары) қызметі туралы статистикалық байқаулар үшін жеке каталогтарды қалыптастыру мақсатында әр аудан/қала деңгейінде бас жиынтық келесідей топтастырылады:
1) бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, өсімдіктердің ұдайы өндірісі, мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар ауылшаруашылық кәсіпорындары;
2) бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, өсімдіктердің ұдайы өндірісі, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;
3) бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, өсімдіктердің ұдайы өндірісі, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар ауылдық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;
4) мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;
5) мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар ауылдық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;
6) қалалық жерлердегі егістік көлемі, шабындығы және жайылымы, көпжылдық көшеттері бар халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;
7) ауылдық жерлердегі егістік көлемі, шабындығы және жайылымы, көпжылдық көшеттері бар халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;
8) қалалық жерлердегі мал мен құсы бар халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;
9) ауылдық жерлердегі мал мен құсы бар халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары;
10) бақ және саяжай кооперативтерi.
7. Осы Әдістеменің 6-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы құралымдарының қызметі туралы статистикалық байқауларды жүргізу кезінде байқаулармен толық қамтылады.
8. Осы Әдістеменің 6-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы құралымдарының қызметі туралы статистикалық байқауларды өткізу кезінде іріктемелі негізде зерттеледі. Іріктеменің оңтайлы мөлшерін анықтау және көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін іріктемелі жиынтықтарды қалыптастыруды іріктемелерді қалыптастыруға жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшесі жүзеге асырады. Іріктемелі жиынтықтар өсімдік және мал шаруашылығы бойынша байқаулар үшін жыл сайын жаңартылады.
Осы Әдістеменің 6-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің іріктемелі жиынтығын қалыптастыру кезіндегі негізгі критерий ауыл шаруашылығы жерлері, оның ішінде егістік жерлер, көпжылдық екпелер, шабындық және жайылымдардың бар болуы болып табылады.
Осы Әдістеменің 6-тармағы 3) және 7) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің іріктемелі жиынтығын қалыптастыру кезіндегі негізгі критерий келесі ауыл шаруашылығы дақылдарының бір немесе бірнеше түрлерінің егістік алқабының болуы болып табылады:
дәнді (күрішті қоспағанда) және бұршақ дақылдары, оның ішінде бидай, жүгері, арпа, қара бидай, сұлы, тары, қарақұмық, кептірілген бұршақ дақылдары;
майлы дақылдар, оның ішінде күнбағыс;
күріш;
картоп;
ашық топырақтағы көкөніс;
бақша дақылдары;
мақта;
темекі;
қант қызылшасы;
саңырауқұлақ;
азықтық дақылдар;
гүлдер.
Сондай-ақ көпжылдық екпелердің, оның ішінде жүзім, шекілдеуікті және дәнекті жемістер, жидек дақылдары және жаңғақтардың болуы, шабындықтар мен көкөністер мен гүлдер өсіруге арналған жылыжайлардың болуы ескеріледі.
Осы Әдістеменің 6-тармағы 4), 5), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің іріктемелі жиынтығын қалыптастыру кезіндегі негізгі критерий келесі ауыл шаруашылығы жануарларының бір немесе бірнеше түрлерінің болуы болып табылады:
сүтті табынның ірі қара малы, оның ішінде сиырлар;
өзге де ірі қара мал мен енекелер, оның ішінде сиырлар;
сүтті-етті табынның ірі қара малы, оның ішінде сиырлар;
қойлар, оның ішінде саулық қойлар;
ешкілер, оның ішінде ешкілер;
жылқылар, оның ішінде биелер;
түйелер, оның ішінде інгендер;
шошқалар;
тауықтар;
күркетауықтар;
қаздар;
үйректер;
мысыр тауықтары;
үй қояндары;
бөденелер;
түйеқұстар;
қырғауылдар;
араның балұясы;
шаруашылықтарда өсірілген бұғылар;
торда өсірілетін терісі бағалы аңдар.
Ауыл шаруашылығы бойынша статистикалық зерттеудің іріктемесіне түскен респонденттер тізімі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары бойынша әрбір аудан/қала үшін жеке қалыптастырылады және жергілікті жерлерде статистикалық байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін аумақтық статистика бөлімшелерінің басшыларына жеткізіледі және аумақтық статистика бөлімшелерінің сайтына орналастырылады.
9. Осы Әдістеменің 6-тармағы 6) және 10) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өсімдік және мал шаруашылығының статистикалық көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығы санағы кезінде, сондай-ақ біржолғы статистикалық байқаулар негізінде зерттеледі.
Өсімдік шаруашылығының көрсеткіштері бойынша статистикалық ақпарат көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша санақ арасы кезеңінде Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімінің өзекті деректерін қолдану арқылы есепті түрде қалыптастырылады. Есептеу осы Әдістеменің 5-бөлімінде жазылған.
Осы Әдістеменің 6-тармағы 10) тармақшасында көрсетілген мал шаруашылығы көрсеткіштері бойынша статистикалық ақпарат санақаралық кезеңінде болмашы болып саналады және есепке алынбайды.
3-тарау. Өсімдік және мал шаруашылығында ірітемелі байқауларды өткізу кезіндегі интервьюерлердің іс-әрекеті
10. Осы Әдістеменің 6-тармағы 2), 3), 4), 5), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша алғашқы статистикалық деректер интервьюерлерді тарту арқылы жиналады.
11. Өсімдік немесе мал шаруашылығы бойынша нақты статистикалық байқауды өткізу үшін интервьюер аумақтық статистика бөлімшесінен статистикалық нысанның бланкісін және зерттеу өткізуге қажетті респонденттердің мекенжайын және бар болған жағдайда телефондарын көрсете отырып, респонденттер тізімін алады.
Егер іріктемелі жиынтықта нақты респонденттер тізбесі қамтылмай, іріктемені қалыптастыруға жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшелері қалыптастырған елді мекендегі зерттелетін респонденттер саны сауал салу басталатын шаруашылықтың реттік нөмірі және шаруашылыққа баруға тиісті қадам көлемі туралы ақпаратты қамтитын болса, аумақтық статистика бөлімшелері сол жерлерде интервьюерге арналған бағдарды құрастырады. Алдымен санау басталатын шаруашылық (көшесі және үй нөмірі) еркін түрде анықталады. Содан кейін бұл шаруашылықтан еркін бағытта (мысалы, бір көшені жағалай) сауал салу басталатын шаруашылықтың реттік нөміріне сәйкес келетін шаруашылықтар саны есептеледі. Нәтижесінде зерттеу өткізуге тиісті бірінші шаруашылық анықталады. Сауал салу үшін келесі шаруашылықтар іріктеменің қадамына сәйкес анықталады. Мал шаруашылығы бойынша зерттеу өткізу кезінде интервьюер қадам бойынша түскен ауыл шаруашылығы малдары жоқ шаруашылықтарды, өсімдік шаруашылығы бойынша зерттеулерді өткізу кезінде – ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктері жоқ шаруашылықтарды өткізіп жібереді. Өткізгеннен кейін, одан әрі іріктеме қадамы сақталады және нәтижесінде іріктемеде мәлімделген шаруашылықтар санына сауал салынады.
Мал шаруашылығы бойынша есепті жылдың екінші, үшінші және төртінші тоқсандарында зерттеулер өткізу кезінде есепті жылдың бірінші тоқсанында сұралған шаруашылықтарға сауал салынады.
12. Интервьюерге іріктемеге түскен респондентпен байланыс орнатуға мүмкін болмаған жағдайда не респондент зерттеуге қатысудан бас тартқан жағдайда интервьюер іс-әрекетінің келесі нұсқалары көзделген:
1) егер іріктемеде нақты шаруашылықтар тізімі болса, онда есеп бермеген шаруашылықтарды басқаларға ауыстыруға жол берілмейді, интервьюер зерттеу құралында осы респонденттің себебін көрсетумен жауабы жоқ екендігі туралы белгі соғады;
2) егер іріктеме елді мекендегі зерттелетін респонденттер саны және шаруашылыққа баруға тиісті қадам мөлшері туралы ақпаратты қамтитын болса, онда табылмаған немесе сауал салуға қатысудан бас тартқан шаруашылықтар интервьюерге бөлінген бағдар шеңберіндегі көрші шаруашылыққа ауыстырылады, нәтижесінде іріктемеде көзделген шаруашылықтар санына сауал салынады.
13. Респонденттерге сауал салуды аяқтағаннан кейін интервьюер Статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей толтырылған нысандардың бланкілерін аумақтық статистика бөлімшелеріне тапсырады.
4-тарау. Өсімдік және мал шаруашылығындағы іріктемелі зерттеу деректерін бас жиынтыққа тарату әдістері
14. Өсімдік және мал шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқаулар деректерін бас жиынтыққа тарату стастистикалық нысанда көзделген барлық көрсеткіштер бойынша нақтылауды есепке ала отырып, аудан/қала деңгейінде жүргізіледі.
15. Егер қалыптастырылған іріктемеде нақты шаруашылықтар тізбесін қамтитын болса, тарату іріктемені қалыптастыруға жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшесі іріктемелі жиынтықты қалыптастыру кезінде есептелетін әрбір ауыл шаруашылығы өндірушілер өлшемін және аудан/қала үшін түзету коэффициентін қолдану арқылы жүзеге асырады. Таратылған әр көрсеткіш мәні мына формула бойынша анықталады:
мұнда:
– таратылған j-көрсеткіштің мәні;
– іріктемедегі j-көрсеткіштің i-шаруашылығы бойынша мәні;
– i-шаруашылықтың мәні;
– іріктемедегі шаруашылық саны;
– түзету коэффициенті.
Түзету коэффициенттері іріктеме критерийі ретінде анықталған әрбір көрсеткіш үшін аудан/қала деңгейінде, сондай-ақ тарату кезінде қолданылатын қосымша көрсеткіштер үшін мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
– j-көрсеткіші үшін түзету коэффициенті;
– тіркелім деректері бойынша i-шаруашылықтағы j-көрсеткіштің мәні;
– i-шаруашылықтың мөлшері;
– іріктемедегі шаруашылықтар саны;
– бас жиынтықтағы шаруашылықтар саны.
Егер зерттеу нәтижелері бойынша есеп бермеген шаруашылықтар бар болса, түзету коэффициентері есеп берген шаруашылықтарды ескере отырып қайта саналады.
16. Егер қалыптастырылған іріктеме елді мекендегі зерттелетін респонденттер саны туралы ақпаратты ғана қамтыған жағдайда іріктемені қалыптастыруға жауапты Бюроның құрылымдық бөлімшесі іріктемелі жиынтықты қалыптастыру кезінде есептелетін әрбір елді мекен үшін есептелетін тарату коэффициенттерін қолдану арқылы тарату жүзеге асырылады. Таратылған әрбір көрсеткіштің мәні мына формула бойынша анықталады:
мұнда:
– j-таратылған көрсеткіштің мәні;
– i-елді мекендегі іріктеме бойынша j-көрсеткіштің сомалық мәні;
– i-елді мекен үшін тарату коэффициенті;
– іріктемедегі елді мекендер саны;
– түзету коэффициенті.
(3) формулада қолданылатын түзету коэффициенті іріктеме критерийі ретінде анықталған әрбір көрсеткіш үшін аудан/қала деңгейінде, сондай-ақ тарату кезінде қолданылатын қосымша көрсеткіштер үшін зерттеу деректерін алғаннан кейін мына формула бойынша есептеледі:
мұнда:
– іріктеменің j-көрсеткіші үшін түзету коэффициенті;
– тіркелім деректері бойынша i-елді мекендегі j-көрсеткіші бойынша мән;
– зерттеу нәтижелері бойынша i-елді мекендегі j-көрсеткіші бойынша сомалық мән;
– i-елді мекені үшін тарату коэффициенті;
– іріктемедегі елді мекендер саны;
– бас жиынтықтағы елді мекендер саны.
17. Өсімдік шаруашылығы бойынша статистикалық зерттеулерде түзету коэффициенттері ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы, көпжылдық екпелер, жылыжайлар алқабы туралы деректер бойынша есептеледі. Өсімдік шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқау үшін түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы дақылдары түрінің тізбесі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.
Ауылшаруашылық дақылдарының өзге де түрлері бойынша (мысалы, өзге майлы дақылдар) түзету коэффициенттері екі кезеңде есептеледі.
Бірінші кезеңде Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі деректері бойынша есепті түрде бас жиынтықта осындай дақылдарының егістік алқабы топ бойынша (мысалы, барлық майлы дақылдар) жиынтық алқап пен осы топ бойынша (мысалы, рапс, күнбағыс, мақсары тұқымдары) Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімінде бар жеке түрлері алқабының сомасы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Іріктеме шеңберінде өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы осыған ұқсас анықталады.
Екінші кезеңде алынған деректерді қолданумен (4) формула бойынша түзету коэффициенті есептеледі.
Мал шаруашылығы бойынша статистикалық байқауларда түзету коэффициенттері ауыл шаруашылығы жануарларының жекелеген түрлерінің саны туралы деректер бойынша есептеледі. Мал шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқауға арналған түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы малдары түрлерінің тізбесі осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.
18. Әрбір есептелген түзету коэффициенті бір немесе бірнеше статистикалық байқау көрсеткіштеріне қолданылады. Өсімдік шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу осы Әдістемеге 3-қосымшада, мал шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу – осы Әдістемеге 4-қосымшада келтірілген.
Егер статистикалық байқаудың көрсеткішінде осы Әдістемеге келтірілген белгілі бір түзету коэффициентіне байланыс болмаса, түзету коэффициенті 1-ге тең деп саналады.
19. Зерттеуде көзделген бас жиынтыққа таратылған барлық статистикалық көрсеткіштерді қалыптастырғаннан кейін жариялауға көзделген туынды көрсеткіштерді (мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімі, ауыл шаруашылығы жануарларының орташа өнімділігі, ауыл шаруашылығы өнімінің бір центнерін өндіруге кеткен шығындар) есептеу жүзеге асырылады.
5-тарау. Өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерді есептеу
1-параграф. Бақ және саяжай кооперативтерiнде, өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерді есептеу
20. Ауыл шаруашылығы санақтары арасындағы кезеңде жыл сайын өсімдік шаруашылығының негізгі статистикалық көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары бөлінісінде бақ және саяжай кооперативтері бойынша есепті деректер қалыптастырылады, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егісті және жиналған алқабы, көпжылдық дақылдардың алқабы, бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы жеке ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау.
Көрсеткіштер жалпы бақ және саяжай кооперативтері бойынша аудандар/қалалар деңгейінде есепті жылға қалыптастырылады және басқа шаруашылық санаттары бойынша тиісті көрсеткіштерге өсімдік шаруашылығында барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша біртұтас көрініс алу мақсатында қосылады.
21. Ауыл шаруашылығы дақылдарының біртұтас жалпы нақтыланған егістік алқабы және көпжылдық екпелердің жалпы егістік алқабы есепті жылға бақ және саяжай кооперативтеріндегі ауыл шаруашылығы жерлері туралы Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі деректері және соңғы ауыл шаруашылығы санағы немесе біржолғы статистикалық байқаулардың деректері бойынша бақ және саяжай учаскелері жерлерін пайдалану құрылымы туралы деректер негізінде есептеледі. Ауылшаруашылық санағын өткізгенге дейінгі кезеңде дақыл түрлері бойынша бақ және саяжай кооперативтеріндегі ауылшаруашылық дақылдарының жалпы нақтыланған егістік алқабы және көпжылдық екпелердің жалпы егістік алқаптарының құрылымы алдыңғы жылдың құрылымына тең деп саналады. Ауылшаруашылық санағын жүргізгеннен кейін бақ және саяжай кооперативтеріндегі ауылшаруашылық дақылдарының жалпы нақтыланған алаңының құрылымы ауылшаруашылық санағының қорытындыларына сәйкес айқындалады.
22. Бақ және саяжай кооперативтеріндегі жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарының жиналған алқабы осы Әдістеменің 21-тармағына сәйкес есептелген тиісті ауыл шаруашылығы дақылының нақтыланған егістік алқабына тең деп қабылданады.
23. Бақ және саяжай кооперативтеріндегі жекелеген жеміс беретін жастағы көпжылдық екпелердің алқабы осы Әдістеменің 21-тармағына сәйкес есептелген тиісті көпжылдық екпелердің алқабына тең деп қабылданады.
24. Жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарын бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы жалпы жинау осы Әдістеменің 22-тармағына сәйкес есептелген тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының жиналған алқабы туралы деректер және есепті жылы өсімдік шаруашылығында өткізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша іргелес өңірлердің бірінде жеке қосалқы шаруашылықтарда қалыптасқан бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа түсімділігі туралы деректер бойынша анықталады.
2-параграф. Қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы өсімдік шаруашылығы бойынша негізгі көрсеткіштерді есептеу
25. Ауыл шаруашылығы санақтары арасындағы кезеңде жыл сайын өсімдік шаруашылығының негізгі статистикалық көрсеткіштері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары бөлінісінде қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары бойынша есепті деректер қалыптастырылады, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарының нақтыланған егісті және жиналған алқабы, көпжылдық дақылдардың алқабы, бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы жеке ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау.
Көрсеткіштер жалпы жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары бойынша қалалар деңгейінде есепті жылға қалыптастырылады.
26. Ауыл шаруашылығы дақылдарының біртұтас жалпы нақтыланған егістік алқабы және көпжылдық екпелердің жалпы егістік алқабы есепті жылға қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы жерлері туралы Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімі деректері және соңғы ауылшаруашылық санағы немесе біржолғы статистикалық байқаулардың деректері бойынша қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары жерлерін пайдалану құрылымы туралы деректер негізінде есептеледі. Ауылшаруашылық санағын өткізгенге дейінгі кезеңде дақыл түрлері бойынша қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы нақтыланған егістік алқабы және көпжылдық екпелердің жалпы егістік алқаптарының құрылымы алдыңғы жылдың құрылымына тең деп саналады. Ауылшаруашылық санағын жүргізгеннен кейін қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы ауылшаруашылық дақылдарының жалпы нақтыланған алаңының құрылымы ауылшаруашылық санағының қорытындыларына сәйкес айқындалады.
27. Қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы жекелеген ауылшаруашылық дақылдарының жиналған алқабы, жекелеген жеміс беретін жастағы көпжылдық екпелердің алқабы осы Әдістеменің 26-тармағына сәйкес есептелген тиісті ауыл шаруашылығы дақылының нақтыланған егістік алқабына және тиісті көпжылдық екпелердің алқабына тең деп қабылданады.
28. Қалалық жерлердегі жекелеген ауылшаруашылық дақылдарын бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы жалпы жинау осы Әдістеменің 27-тармағына сәйкес есептелген тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының жиналған алқабы туралы деректер және есепті жылы өсімдік шаруашылығында өткізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша іргелес өңірлердің бірінде жеке қосалқы шаруашылықтарда қалыптасқан бастапқы кірістегі салмақтағы және өңдеуден кейінгі салмақтағы тиісті ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа түсімділігі туралы деректер бойынша анықталады.
6-тарау. Қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және жұртшылық шаруашылықтары, бақ және саяжай кооперативтері бойынша егістік алқаптарының құрылымы бойынша алдын ала деректерді қалыптастыру
29. Ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабы бойынша алдын ала есепті жылғы деректер осы Әдістеменің 6-тармағының 2) (қалалық жердегі) және 6) тармақшаларында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша есепті жолмен қалыптастырылады.
Көрсеткіш есепті жылға жеке қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары, қалалық жерлердегі жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары және бақ және саяжай кооперативтері бойынша тиісті аудан/қаланың еркін деңгейінде қалыптастырылады және өсімдік шаруашылығында барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бойынша біртұтас көрініс қалыптастыру мақсатында басқа шаруашылық санаттары бойынша тиісті көрсеткіштерге қосылады.
30. Ауылшаруашылық дақылдарының алдын ала егістік алқабы бойынша есепті жылғы деректер егістік жерлер туралы Ауыл шаруашылығының статистикалық тіркеліміндегі деректер негізінде немесе егістік жерлер туралы деректер жоқ болған жағдайда тиісінше ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері санатындағы ауыл шаруашылығы жерлері туралы деректер негізінде және соңғы ауыл шаруашылығы санағының нәтижелері бойынша жерді пайдалану құрылымы туралы деректер негізінде есептеледі. Қосымша әкімшілік деректер (бар болған жағдайда) қолданылады.
31. Есепті жылы қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары және жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтары бойынша дақыл түрлері бойынша ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабының құрылымы өткен жылы өсімдік шаруашылығында өткізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша анықталған тиісті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері санаттарындағы нақтыланған егістік алқабының тиісті құрылымына тең деп қабылданады. Қосымша әкімшілік деректер (бар болған жағдайда) қолданылады.
Бақ және саяжай кооперативтеріндегі дақыл түрлері бойынша ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабының құрылымы өткен жылы жеке қосалқы жұртшылық шаруашылықтарындағы өсімдік шаруашылығы бойынша өткізілген іріктемелі зерттеу нәтижелері бойынша анықталған нақтыланған егістік алқабының құрылымына сәйкес деп қабылданады.
Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесіне 1-қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқауға арналған түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы дақылдары түрінің тізбесі
Атауы | Түзету коэффициентінің коды |
Негізгі | |
Дәнді (күрішті қоспағанда) және бұршақ дақылдары | 01 |
Бидай | 02 |
Жүгері (маис) | 03 |
Арпа | 04 |
Қара бидай | 05 |
Сұлы | 06 |
Қонақ жүгері | 07 |
Тары | 08 |
Қарақұмық | 09 |
Тритикале (бидай-қара бидай буданы) | 10 |
Масақтылар қоспасы | 11 |
Жасыл ірі бұршақ көкөністері (жаңа піскен) | 12 |
Кептірілген бұршақты көкөністер | 13 |
Өзге дәнді дақылдар | 14 |
Майлы дақылдар | |
Соя бұршақтар | 15 |
Жержаңғағы, қабығымен | 16 |
Шашақты зығырдың тұқымдары | 17 |
Қыша тұқымдары | 18 |
Рапс тұқымдары | 19 |
Күнбағыстың тұқымдары | 20 |
Мақсары тұқымдары | 21 |
Өзге майлы дақылдар | 22 |
Ақталмаған күріш | 23 |
Көкөніс | |
Қырыққабат | 24 |
Бұрыштар | 25 |
Ашық топырақтың қиярлары | 26 |
Баялдылар | 27 |
Ашық топырақтың қызанақтары | 28 |
Асқабақ | 29 |
Кәділер | 30 |
Асханалық сәбіз | 31 |
Сарымсақ | 32 |
Басты пияз | 33 |
Шалғам, шомыр | 34 |
Асханалық қызылша | 35 |
Өзге көкөністер | 36 |
Бақша дақылдары | 37 |
Картоп | 38 |
Қант қызылшасы | 39 |
Саңырауқұлақтар | 40 |
Темекі | 41 |
Тұқымынан тазаланған немесе тазаланбаған мақта | 42 |
Азықтық дақылдар | |
Азықтық тамыржемісті дақылдар | 43 |
Азықтық бақша дақылдары | 44 |
Азықтық дәнді дақылдар | 45 |
Азықтық дәнді бұршақ дақылдары | 46 |
Сүрлемге арналған азық дақылдары (жүгерісіз) | 47 |
Азықтық жүгері | 48 |
Өзге азықтық дақылдар | 49 |
Кесілген гүлдер және түйнектер; гүлдердің тұқымдары | 50 |
Көпжылдық дақылдар | |
Жүзім | 51 |
Алмалар | 52 |
Алмұрттар | 53 |
Өрік | 54 |
Шие | 55 |
Шабдалы | 56 |
Қара өрік | 57 |
Жемістер және жидектер | |
Таңқурай | 58 |
Қой бүлдірген (құлпынай) | 59 |
Қарақат | 60 |
Өзге де жемістер және жидектер | 61 |
Жаңғақтар (жеуге болатын жабайы жаңғақтар, жер жаңғақтар мен кокос жаңғақтарынан басқа) | 62 |
Өзге көпжылдық дақылдар | 63 |
Қорғалған топырақта өсірілген көкөністер | 64 |
Қорғалған топырақта өсірілген гүлдер | 65 |
Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесіне 2-қосымша |
Мал шаруашылығындағы іріктемелі статистикалық байқауға арналған түзету коэффициенттері саналатын ауыл шаруашылығы малдары түрлерінің тізбесі
Атауы | Түзету коэффициентінің коды |
Негізгі | |
Сүтті табынның ірі қара малы, тірі | 01 |
Сүтті табынның сиырлары | 02 |
Өзге де тірі ірі қара мал мен енекелер | 03 |
Етті табынның сиырлары | 04 |
Сүтті-етті табынның ірі қара малы, тірі | 05 |
Сүтті-етті табынның сиырлары | 06 |
Жылқылар және өзге де жылқы тектес жануарлар, тірі | 07 |
Биелер | 08 |
Түйелер және түйе тәрізділер, тірі | 09 |
Інгендер | 10 |
Тірі қойлар | 11 |
Саулық қойлар | 12 |
Тірі ешкілер | 13 |
Аналық ешкілер | 14 |
Тірі шошқалар | 15 |
Тірі тауықтар | 16 |
Тірі күркетауық қораздары | 17 |
Тірі қаздар | 18 |
Үйректер | 19 |
Мысыр тауықтары | 20 |
Тірі үй қояндары | 21 |
Бөденелер | 22 |
Түйеқұстар | 23 |
Қырғауылдар | 24 |
Шаруашылықтарда өсірілген бұғылар | 25 |
Араның бал ұясы | 26 |
Қосымша | |
Сүтті табынның сиырлары, Етті табынның сиырлары, | 27 |
Тірі қойлар және тірі ешкілер | 28 |
Сүтті табынның ірі қара малы, тірі, Өзге де тірі ірі қара мал мен енекелер, Сүтті-етті табынның ірі қара малы, тірі, Жылқылар және өзге де жылқы тектес жануарлар, тірі, Түйелер және түйе тәрізділер, тірі | 29 |
Торда өсірілетін терісі бағалы аңдар, тірі үй қояндары | 30 |
Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесіне 3-қосымша |
Өсімдік шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу
Зерттеудегі статистикалық көрсеткіштер | Түзету коэффициентінің коды1 |
Шықпай қалған жаздық дақылдардың егіс алқабы, шаршы метр; | 02-49 |
Ашық топырақта өсірілген гүлдерді жалпы жинау, мың дана: | 50 |
Сабанды ұсақтау және шашу арқылы жиналған дәнді дақылдар алқабы, шаршы метр | 01 |
Себу кешендерімен, сондай-ақ тікелей сепкіштермен себілген дәнді дақылдар алқабы, шаршы метр | 01 |
Құрамында глифосаты бар гербицидтермен өңделген дәнді дақылдар алқабы, шаршы метр | 01 |
Көпжылдық көшеттер алқабы, шаршы метр; | 51-63 |
Көкөніс өсіруге арналған жылыжайлардың жалпы алаңы, шаршы метр; | 64 |
Қорғалған топырақтағы жеке ауылшаруашылық дақылдарын жалпы жинау, кг; | 64 |
Гүл өсіруге арналған жылыжайлардың жалпы алаңы, шаршы метр; | 65 |
Қорғалған алаңда өсірілген гүлдерді жалпы жинау, мың дана; | 65 |
_________________________
1 Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесіне 1-қосымшаға сәйкес
2 мұнда және бұдан әрі АШӨСЖ – Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (қызметтердің) анықтамалығы
Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесіне 4-қосымша |
Мал шаруашылығында іріктемелі статистикалық байқаудың тиісті көрсеткіштеріне түзету коэффициентерін қосу
Зерттеудегі статистикалық көрсеткіштер | Түзету коэффициентінің коды3 |
Мал мен құстың саны, бас: | 01 |
сүтті табынның сиырлары | 02 |
өзге де тірі ірі қара мал мен енекелер | 03 |
етті табынның сиырлары | 04 |
сүтті-етті табынның ірі қара малы, тірі | 05 |
сүтті-етті табынның сиырлары | 06 |
жылқылар және өзге де жылқы тектес жануарлар, тірі | 07 |
түйелер және түйе тәрізділер, тірі | 09 |
тірі қойлар | 11 |
тірі ешкілер | 13 |
тірі шошқалар | 15 |
тірі тауықтар | 16 |
тірі күркетауық қораздары | 17 |
тірі қаздар | 18 |
үйректер | 19 |
мысыр тауықтары | 20 |
тірі үй қояндары | 21 |
бөденелер | 22 |
түйеқұстар | 23 |
қырғауылдар | 24 |
шаруашылықтарда өсірілген бұғылар | 25 |
Мал мен құстардың шаруашылықта сойылғаны немесе союға өткізілгені, бас; | 01 |
өзге де тірі ірі қара мал мен енекелер | 03 |
сүтті-етті табынның ірі қара малы, тірі | 05 |
жылқылар және өзге де жылқы тектес жануарлар, тірі | 07 |
түйелер және түйе тәрізділер, тірі | 09 |
тірі қойлар | 11 |
тірі ешкілер | 13 |
тірі шошқалар | 15 |
тірі тауықтар | 16 |
тірі күркетауық қораздары | 17 |
тірі қаздар | 18 |
үйректер | 19 |
мысыр тауықтары | 20 |
тірі үй қояндары | 21 |
бөденелер | 22 |
түйеқұстар | 23 |
қырғауылдар | 24 |
шаруашылықтарда өсірілген бұғылар | 25 |
Мал шаруашылығы өнімдерінің жеке түрлерін өндіру, кг; | 02 |
етті табын сиырларының шикі сүті | 04 |
сүтті-етті табын сиырларының шикі сүті | 06 |
биенің шикі сүті | 08 |
түйе жүні | 09 |
түйенің шикі сүті | 10 |
тірі қойдан қырқылған жүн, жуылмаған (тобымен жуылғанды қоса алғанда) | 11 |
қойдың шикі сүті | 12 |
ешкі жүні | 13 |
ешкі түбіті | 13 |
ешкінің шикі сүті | 14 |
табиғи бал | 26 |
Бұзаулар мен торайларға сүт беруге пайдаланылған сиыр сүті, кг | 27 |
Бастапқы өңдеуге өткізілген жүн, кг | 11 |
Жұмыртқа өндіру, дана; | 16 |
күркетауық жұмыртқасы | 17 |
қаз жұмыртқасы | 18 |
үйрек жұмыртқасы | 19 |
мысыр тауық жұмыртқасы | 20 |
бөдене жұмыртқасы | 22 |
түйеқұс жұмыртқасы | 23 |
Шаруашылықтарда өсірілген жануарлардың иленбеген терісін және бағалы аң терісін өндіру, дана; | 30 |
үй қояндары мен қояндардың терісі | 21 |
елтіріден жасалған қозы терілері | 11 |
ірі терілер | 29 |
ұсақ терілер | 28 |
Сүт бағытындағы табынның сауын сиырларының орташа саны | 02 |
Ет бағытындағы табынның сауын сиырларының орташа саны | 04 |
Сүтті-етті табынның сауын сиырларының орташа саны | 06 |
Жұмыртқалайтын тауықтардың орташа саны | 16 |
Қырқылған қой саны | 11 |
Ара бал ұясының жалпы саны | 26 |
__________________________
3 Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесіне 2-қосымшаға сәйкес