Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 19 қыркүйектегі № 758 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 қыркүйекте № 29799 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Кожаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер
Министрдің міндетін атқарушы
2022 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 758 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген):

      Бұйрықтың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын осы Ереженің талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көлік оқиғасының схемасын жасау ережесінде және олардың үлгі нысандарында:

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және (немесе) аспаптары (аппараттар, құрылғылар) болған кезде көлік оқиғасының схемасын электрондық форматта жасауға болады.".

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7030 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Арнайы қабылдау орындарын пайдалану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінде белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) жауап беретін, әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды үй-жайлар болған кезде ғана рұқсат етіледі.";

      3. "Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы" Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14619 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Көліктегі полиция департаменттері жоспарлы бағыттарды әзірлеуге қатысады және Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің штабтарымен, темір жолдардағы арнайы тасымалдау бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бірлесіп, жоспарлы қарауылдар рейстерінің санын, алмастыру пункттерін, күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау (тапсыру) үшін айдауылдарды осы пункттерге жіберетін айдауылдау бөліністерін (ішкі істер органдарының) белгілейді.";

      9-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Айдауылдау бағыты жедел қызметтермен бірлесіп әзірленеді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органының басшылығымен келісіледі.".

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Жүріп-тұруы үшін бөтен адамның көмегін қажет ететін мүгедектігі бар адамдарды айдауылданушылар айдауылдауға ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бөлген еріп жүретін адамдармен ғана қабылданады. Соңғы баратын пунктте мұндай айдауылданушылар әрі қарай бұл туралы алдын ала хабардар етілген аумақтық ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бөлген еріп жүретін адамдардың көмегімен айдауылданады. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар еріп жүретін адамдарымен бірге айдауылдауға тек дәрігердің жазбаша нұсқауы бойынша ғана қабылданады. Жүктілігі алты айдан жоғары әйелдер және жасы екі айға дейінгі балалары бар әйелдер айдауылдауға ішкі істер органы денсаулық сақтау органының емдеу-профилактикалық мекемесі бөлген бірге еріп жүретін медицина қызметкерімен қабылданады.".

      6 қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
1-қосымша

Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

Көлік оқиғасына қатысушалар толтыратын мәліметтер

1

2

3

1.

Көлік оқиғасына қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

1....................
2....................
3....................

2.

Көлік оқиғасына қатысушылардың тұратын жерлері, байланыс телефондары

1....................
2....................
3....................

3.

Көлік оқиғасына қатысушылардың әрқайсысының жүргізуші куәлігінің нөмірі, кім және қашан берілді

1....................
2....................
3....................

4.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (сақтандыру полисінің) келісім шартының сериясы, нөмірі, сақтандыру полисін берген сақтандыру ұйымының атауы


5.

Көлік оқиғасы куәгерлерінің тектері, аттары, әкелерінің аттары (болған жағдайда)

1....................
2....................
3....................

6.

Көлік оқиғасы куәгерлерінің тұратын жерлері, байланыс телефондары

1....................
2....................
3....................

7.

Көлік оқиғасының жасалған күні мен уақыты


8.

Көлік оқиғасына қатысқандардың басқаруындағы көлік құралдарының түрі, маркасы, моделі және тіркеу нөмірі

1....................
2....................
3....................

9.

Көлік оқиғасы жасалған орын (мысалы, км, тас жол); №___ үйге қарама-қарсы көше; көше мен даңғыл қиылысы және басқада жағдайлар


10.

Көлік оқиғасының түрі (адам басып кету, соқтығысу, аударылу және басқада жағдайлар).


11.

Жол жүрісі бөлігінің жағдайы (көлденең, ойлы, қазылған, шұңқырлары бар және басқа да сипаттамалар)


12.

Көлік құралдарының ақаусыз болуы (ақауы болған жағдайда - көрсетілсін, қашан байқалды және оны жою үшін қандай шаралар қабылданды)


13.

Көлік оқиғасына қатысушылардың қозғалыс бағыты (стационарлық объектіден солға немесе оңға)


14.

Көлік оқиғасына дейінгі көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығы (сағ/км)


15.

Жол жүрісі бөлігі жабынының жағдайы (асфальт, бетон және басқа)


16.

Жол жабынының жағдайы (құрғақ, сулы, батпақ, мұз жабынған және басқа)


17.

Жол жабынының бағытқа арналған (бір, екі) ені (метрмен)


18.

Тәулік уақыты (қараңғы, жарық)


19.

Оқиға болған сәттегі метеорологиялық жағдай


20.

Осы учаскедегі қозғалысты реттеу тәсілі (бағдаршам, реттеуші, жол белгілері)


21.

Көлік оқиғасы болған жердегі жол белгілері (олардың атаулары)


22.

Көрінуі (метрлерде) (тәуліктің қараңғы уақыты жағдайында не көрінуі шектелген, көлік құралында қандай жарық беру құралы қосылғаны көрсетілсін)

Фаралардың жарығы сөндірілген метр:
алыстан метр;
жақыннан метр;
күндізгі жарық кезінде метр.

23.

Көлік оқиғасы болған жердің жарығы (қалалық электр жарығы, айналадағы үйлердің жарығы, жарықтың басқа да көздері)


24.

Жүріп келе жатқан автомобильдің жолағынан жүргізуші кабинасынан көрінуі (метрлерде)

оңға метр;
солға метр.

25.

Сызба жасалған кезде (суретке, бейне жазбаға, аудио жазбаға) түсіріледі.


      Көлік оқиғасына қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      1. __________________________ _____________

      (қолы)

      2. _________________________ ______________

      (қолы)

      3. ...

      Көлік оқиғасының куәгерлерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):

      1.___________________________________ ________

      (қолы)

      2.___________________________________ ________

      (қолы)

      3....

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
2-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші ___________________________

      2. Жүргізуші ___________________________

      Куәгерлер: 1.______________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. _________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы _______________

      Сызбаның көшірмесін алдым _____________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
3-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші _______________________

      2. Жүргізуші _______________________

      Куәгерлер:

      1._______________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. __________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы ___________________

      Сызбаның көшірмесін алдым _________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
4-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші _______________________

      2. Жүргізуші _______________________

      Куәгерлер: 1._________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. ____________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы __________________

      Сызбаның көшірмесін алдым ________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
5-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші ________________________________

      2. Жүргізуші ________________________________

      Куәгерлер: 1.___________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. _______________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы _________________

      Сызбаның көшірмесін алдым _______________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын
жасау ережесіне
6-қосымша

Көлік оқиғасының сызбасы



      Сызбамен келісеміз

      1. Жүргізуші _______________________

      2. Жүргізуші _______________________

      Куәгерлер:1.________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      2. _____________________________________________

      /Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/

      Лауазымды адамның қолы ____________________

      Сызбаның көшірмесін алдым ______________________

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
Күдіктілерді, Айыпталушылар
мен сотталғандарды айдауылдау
қағидаларына 6-қосымша
Нысан

      _________________________________________________________________

      (анықтама құрастырылатын iшкi iстер органының, ҚАЖ мекемесінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      20 _ жылғы "____" __________

      (толтырған күнi)

      №___ ілеспе тізімі бойынша

№ ___ жеке іс бойынша анықтама

      1. Күзетпен ұсталатын адамның тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), (егер бiрнеше

      болса, барлығын көрсету керек)

      _________________________________________________________________________

      2. Туған жылы мен жерi (мәлiметтердi толық көрсету)

      __________________________________________________________________________

      3. Күзетке алынғанға дейiнгi тұрғылықты орны (толық мекен жайын көрсету)

      __________________________________________________________________________

      4. Қайда және кiмнiң қарамағына жiберiледi (қаланың, тергеу изоляторының, уақытша

      ұстау изоляторының, ҚАЖ мекемесiнiң атауы)

      __________________________________________________________________________

      5. Қарауыл немесе айдауыл қай жерде тапсырылуы (станция, әуежай, кемежай атауы),

      қандай тапсыру пункттерi арқылы жiберiлуi (тергеу изоляторы, уақытша ұстау

      изоляторы, ҚАЖ мекемесi)

      тиіс_____________________________________________________________________

      6. Айдауылдау үшін негiз (наряд, бұйрық, сот немесе тергеу органының қаулысы,

      нөмірі, күні)

      __________________________________________________________________________

      7. Санаты (сотталғандардың, режим түрiнiң, айыпталушы мен бiр уақытта: аса қауiптi

      қылмыскер, жазалаудың ең жоғарғы шарасына сотталған,шетел азаматы, кәмелеттке

      толмаған және тағы басқа көрсетiлуi керек

      _________________________________________________________________________

      8. Қандай сот органы соттаған (қашан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің

      қандай бабы бойынша, қай мерзiмге немесе қандай бап бойынша айыпталады)

      __________________________________________________________________________

      9. Күшейтiлген күзеттің керектігі және неге

      __________________________________________________________________

      10. Дәрiгердiң:

      1) денсаулық жағдайы (денi сау, туберкулезбен, жұқпалы аурумен немесе

      терi- венерологиялық аурумен ауырады, ақыл-есi ауысқан, мүгедектігі бар адамдар,

      еріп жүрушісіз жолда жүре алатыны) туралы

      _________________________________________________________________________

      2) санитариялық өңдеуден өту күні туралы (күнi)

      __________________________________________________________________________

      3) күзетпен ұстау орнының, ҚАЖ мекемесінiң эпидемиологиялық жай-күйі туралы

      анықтама

      __________________________________________________________________________

      Дәрiгер ________________________

      (тегi, қолы)

      Бастық ________________________

      (тегi, қолы)

      Фотосурет Елтаңбалы мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады