Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 09.11.2022 № 689 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрi міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 695 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12565 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері оған (оларға) таралатын өнім (тауарлар) тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшалары мен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі __________________ Ж. Қасымбек 2016 жылғы 22 желтоқсан |
Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері
қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесі
ЕАЭО СЭҚТН коды | ЭҚТӨЖ | Өнім (тауарлар) |
Темір жол немесе трамвай жылжымалы құрамынан басқа, жерүсті көлігінің құралдары, олардың бөліктері және жабдықтары | ||
870120101 | 29-бөлімнен: | жаңа ершікті тартқыштар, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда |
870120901 | бұрын қолданыста болған ершікті тартқыштар, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда | |
8702 | жүргізушіні қоса алғанда, 10 немесе одан да көп адамды тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары | |
8703 | жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа) | |
8704 | жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда | |
8705 | арнайы мақсаттағы моторлы көлік кұралдары (мысалы, аптатты жағдайдығы жүк көліктері, автокрандар, өрт сөндіру, бетон араластырушы, жол тазалайтын, суаратын көліктері, автошеберхана, рентген құрылысы орнатылған автокөліктер), жолаушылар және жүк тасымалына арналған қолданыстағы траспорттан басқа, толық массасы 50 тоннадан асатын көлік құралдарын қоспағанда | |
8706009109 | 8703 тауар позициясының моторлы көлiк құралдарына арналған қозғалтқыштар орнатылған өзге де шассилер | |
Каучук, резеңке және олардан жасалған бұйымдар | ||
401110 | 22.1-бөлімінен | жеңіл автомобильдерге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар (жүк-жолаушы автомобильдер-фургондар мен спорттық автомобильдерді қоса алғанда) |
401120 | автобустар немесе жүк тасымалдайтын моторлы көлік құралдарына арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар | |
401130 | авиацияда пайдалануға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар | |
401140 | мотоциклге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар | |
401150 | велосипедтерге арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар | |
401161 | ауылшаруашылығына немесе орман шаруашылығына арналған көлік құралдары мен машиналарға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында "шырша" суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар және тыстар | |
401162 | құрылыста немесе өнеркәсiпте пайдаланылатын және отырғызу диаметрi 61 см-ден аспайтын көлiк құралдары мен машиналарға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында "шырша" суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар | |
401163 | құрылыста немесе өнеркәсiпте пайдаланылатын және отырғызу диаметрi 61 см-ден асатын көлiк құралдары мен машиналарға арналған шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында "шырша" суреті бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар өзге шиналар | |
401169 | шиналар және пневматикалық жаңа резеңке тыстар, протекторында "шыршасы" бар немесе протекторының осыған ұқсас суреттері бар және басқалары | |
401211 | пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген, жеңіл автомобильдер үшін жасалған (жүк-жолаушы автомобиль-фургондар мен спорттық автомобильдерді қоса алғанда) шиналар және дөңгелек тыстары | |
401212 | пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген, автобустар мен жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдарына шиналар мен дөңгелек тыстары | |
401213 | авиацияда пайдалануға арналған пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, резеңке, қалпына келтірілген, шиналар мен дөңгелек тыстар | |
401219 | пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, қалпына келтірілген шина және дөңгелек тыстары және басқалары | |
401220 | пневматикалық резеңке, қалпына келтірілген немесе бұрын пайдалануда болған шиналар және тыстар; үлкен дөңгелек немесе жартылай пневматикалық шиналар және тыстар, шина протекторлары мен жиектік ленталар, резеңке, бұрын қолданыста болған шиналар мен дөңгелек тыстары | |
Электр аккумуляторлар және оларға арналған сепараторларды қоса алғанда | ||
850710 | 27-бөлімнен | поршенды қозғалтқышты іске қосу үшін пайдаланылатын тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі қорғасынды электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар |
850720 | тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, өзге қорғасынды аккумуляторлар | |
850730 | тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, никельді-кадмий аккумуляторлар | |
850740 | тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, никельді-темір аккумуляторлар | |
850750 | тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, гидридті-никель аккумуляторлары | |
850760 | тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, литий-ионды аккумуляторлар | |
850780 | тікбұрышты (соның ішінде төртбұрышты) немесе басқа пішіндегі электр аккумуляторлары, оған қоса сепараторлар, өзге де аккумуляторлар | |
Битумды жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикілерден басқасы) және басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, құрамында 70 және одан артық май % мұнай немесе мұнай өнімдері бар, битумды жыныстардан алынған өнімдер, бұл ретте осы мұнай өнімдері құрамында биодизель және пайдаланылған мұнай өнімдері барларын қоспағанда, өнімдердің негізгі құрауыштары болып табылады | ||
2710198200 | 20-бөлімнен | Мотор майлары, компрессорлық майлау майлары, турбиналық майлау майы |
2710198400 | гидравликалық мақсаттарға арналған сұйықтықтар | |
2710198600 | ашық түсті майлар, вазелин майы | |
2710198800 | Жетектерге арналған май және редукторларға арналған май | |
Өзге де химия өнімдері | ||
3819000000 | 20-бөлімнен | тежегіш гидравликалық сұйықтықтар және гидравликалық берілістерге арналған, құрамында 70 және одан артық май % мұнай немесе мұнай өнімдері жоқ немесе бар, битумды жыныстардан алынған дайын өзге де сұйықтықтар |
3820000000 | антифриздер және мұздануға қарсы дайын сұйықтықтар | |
Пластмасса, шыны, қағаз, картон, алюминий және металл орамалар | ||
392010 | 22.2-бөлімнен | үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен этилен полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған. |
392020 | үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен пропилен полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған. | |
392030 | үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен стирол полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған. | |
392062 | үлдір және жолақтар немесе таспалар, пластмассадан жасалған басқалары, кеуексіз және армирленбеген, қабатсыз, төсемсіз және ұқсас тәсілдермен полиэтилентерефталат полимерлерінен дайындалған басқа материалдармен жалғанбаған | |
3923 | пластмассадан жасалған тауарларды тасымалдау немесе орамдауға арналған өнімдер; тығындар, қақпақтар, қалпақтар және басқа да пластмассадан жасалған тығындайтын заттар. | |
4819 | 17.21-бөлімнен | қағаздан,картоннан, целлюлозалық мақтадан жасалған қатты қағаздар, жәшіктер, қаптар,пакеттер және басқа да орамдаушы ыдыстар мақтадан немесе целлюлозалық талшықтан жасалған кенептер; мекемелерде, дүкендерде немесе осыған ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын картотекаларға арналған қорапшалар, хаттарға немесе осыған ұқсас бұйымдарды салуға арналып қағаздан немесе картоннан жасалған лотоктар. |
7010 | 23.13-бөлімнен | үлкен бөтелкелер, бөтелкелер, құтылар және тауарларды сақтауға, тасымалдауға немесе буып-түюге арналған басқа да шыны ыдыстар; консервілеуге арналған шыны құтылар; шыныдан жасалған сақтандырғыш тығындар, тығындар, қақпақтар және басқа да осыған ұқсас шыны бұйымдар. |
731021 | 25.9-бөлімнен | Қара металдардан жасалған қалайымен немесе қаусыршамен жабылған консерві банкілері: кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 5 л-ден аспайтын. |
731029 | Өзгелері қара металдардан жасалған қалайымен немесе қаусыршамен жабылған консерві банкілері: кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 5 л-ден аспайтын | |
7612902000 | 24.42-бөлімнен | Аэрозольдар пайдаланылатын үшін алюминийден жасалған ұқсас сыйымдылықтар кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 1 л-ден аспайтын |
7612909001 | банкiлер және алюминийден дайындалған ұқсас сыйымдылықтар кез келген заттарға (тығыздалған немесе сұйытылған газдан басқа) сыйымдылығы 1 л-ден аспайтын | |
Пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысына қажетті және гигиеналық немесе дәретханаға арналған басқа да заттар | ||
3924 | 22.2-бөлімнен | пластмассадан жасалған асхана және ас үй ыдыстары, асхана және ас үй жарақтары, үй тұрмысына қажетті және гигиеналық немесе дәретханаға арналған басқа да заттар |
Қазақстан Республикасына импортталатын, пластмасса, шыны, қағаз, картон, алюминий және металл орамаларға буылып-түйілген тауарлар | ||
Бастапқы элементтер және бастапқы батареялар | ||
8506 | 27.2-бөлімнен | бастапқы элементтер және бастапқы батареялар |
Электрлік қыздыру немесе газразрядты шамдар, герметикалық бағытталған жарық шамдарын қосқанда, сондай-ақ ультракүлгін немесе инфрақызыл шамдар; құрамында сынап бар доғалық шамдар: | ||
853931 | 27.40-бөлімнен | газразрядты шамдар, ультрақызыл сәулелену шамдарын: термокатодты люминесценттік шамдарды қоспағанда |
853932 | сынаптық немесе натрий шамдары; металл-галогендік шамдар | |
853939 | басқа да газразрядты шамдар, ультрақызыл сәулелену шамдарын қоспағанда. | |
853941 | доғалық шамдар | |
853949 | басқа да ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулелену шамдары | |
Құрамында сынап бар медициналық немесе ветеринариялық термометрлер | ||
902511 | 26.51-бөлімнен | құрамында сынап бар медициналық немесе ветеринариялық термометрлер |
Ірі габаритті электр және электрондық жабдықтар | ||
732111 | 26-27-бөлімнен | тамақты тек қана газда немесе газда, сондай-ақ басқа да отындар түрлерінде дайындау мен жылытуға арналған қондырғы |
8418 | электр немесе басқа типтегі тоңазытқыштар, мұздатқыштар және басқа да тоңазыту немесе мұздату құрылғылары | |
8422110000 | ыдыс-аяқ жуатын машиналар: тұрмыстық | |
8422190000 | басқа да ыдыс жуатын машиналар | |
8450 | кір жуатын машиналар: | |
845121000 | кептіргіш машиналар | |
8451290000 | басқа да тұрмыстық кептіргіш машиналар | |
85166010 | электр плиталары (ең жоқ дегенде, духовкалық шкафы бар және электр қыздырғыш элементтері бар панельді) тұрмыстық | |
Орташа габаритті электр және электрондық жабдықтар | ||
841510 | 26-27-бөлімнен | температураны және ауа ылғалдылығын өзгертіп тұруға арналған қозғалтқышы және аспаптары бар, желдеткішпен жабдықталған, ауаны жақсартуға арналған қондырғылар, ылғалдылығы жеке реттелмейтін, терезеге орнатылатын немесе қабырғалық типтегі бір корпусты немесе "сплит-жүйелі" кондиционерлерді қоса алғанда |
844331 | есептеу машинасына немесе желіге қосылуға мүмкіндігі бар басып шығару, көшірме жасау немесе факс арқылы жөнелту сияқты екі немесе одан да көп қызметтерді атқаратын машиналар | |
844332 | түпнұсқаны сканерлеу арқылы көшірмесін жасау және көшірмелерді электр статикалық әдіспен басып шығару қызметін атқаратын принтерлер, машиналар, көшірмелерін жасау қызметін кіріктірілген оптикалық жүйесі бар басқа да машиналар | |
844339 | түпнұсқаны сканерлеу арқылы көшірмесін жасау және көшірмелерді электр статикалық әдіспен басып шығару қызметін атқаратын машиналар, кіріктірілген оптикалық жүйесі бар басқа да көшіру аппараттары | |
845210 | тұрмыстық тігін машиналары | |
8508 | шаңсорғыштар | |
8509 | электр қозғалтқышы кіріктірілген тұрмыстық электр механикалық машиналар, 8508, 8509 90 000 0 тауарлық позицияның шаң сорғыштарынан басқа | |
851610 | электрлік ағынды немесе жинақтаушы (сыйымдылықты) сужылытқыштар және батпалы тұрмыстық электр жылытқыштар | |
8516210000 | жылуды жинақтағыш тұрмыстық радиаторлар | |
851629 | басқа да жылуды жинақтағыш тұрмыстық радиаторлар | |
8467 | пневматикалық, гидравликалық немесе кіріктірілген электрлі немесе электрлі емес қозғалтқышты қол аспаптары | |
8471 | есептеу машиналары және олардың блоктары, магниттік немесе оптикалық есептеуіш қондырғылар, деректерді кодталған формадағы ақпаратты тасымалдағыштарға көшіруге арналған машиналар және басқа жерде аты аталмаған немесе қосылмаған осындай ақпаратты өңдеуге арналған машиналар | |
8516500000 | қысқа толқынды пештер | |
8516605000 | электр плиталар, қайнату қазандары және тұрмыстық электр плиталарына арланған электр қыздырғыш элементтері бар панельдер | |
8516609000 | басқа да тұрмыстық пештер | |
8516607000 | грильдер және тұрмыстық ростерлер | |
8516608000 | тұрмыстық, кіріктірілген пештер | |
8516710000 | кофе немесе шай дайындауға арналған, тұрмыстық басқа да электрлі қыздырғыш аспаптар | |
8519 | дыбысты жазып алатын немесе дыбыс шығаратын аппаратура, 8519 20-ден өзге | |
8521 | бейнені жазып алатын немесе бейнені көрсететін, бейнетюнермен біріктірілген немесе біріктірілмеген аппаратура | |
8527 |
радиохабарламаларды қабылдауға арналған, дыбыс жазып алғышпен немесе дыбысты шығарғыш аппаратурамен немесе сағаттармен бір корпуста біріктірілген немесе біріктірілмеген аппаратура | |
8528 | құрамына қабылдағыш телевизиялық аппаратура кірмейтін мониторлар және проекторлар, құрамына хабарды кең таратушы радиоқабылдағыш немесе дыбысты немесе бейнені жазып алу немесе көрсету аппаратурасы кірмейтін, телевизиялық байланысты қабылдауға арналған аппаратура | |
950450 | консольдер және бейне ойындарға арналған жабдық | |
Ұсақгабаритті электр және электрондық жабдықтар | ||
847010000 | 26-27-бөлімнен | сыртқы қуат беру көзінсіз жұмыс істеуге бейім электрондық калькуляторлар, және есептеу қызметтері бар деректерді жазып алуға, көрсетуге және сырттай қарап шығуға арналған қалта машиналары |
8510 | электр ұстаралар, шаш алуға арналған машиналар және кіріктірілген электр қозғалтқышы бар шаштарды алып тастауға арналған аспаптар, 8510 90 000 0-ден басқа | |
851631000 | шаш кептіргіштер | |
8516400000 | тұрмыстық электр үтіктері | |
851679 | қуырма ыдыстар, басқа да тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптар | |
8516720000 | тостерлер | |
8517110000 | сымсыз тұтқалы байланыс жасайтын телефон аппараттары | |
8517120000 | ұялы байланыс желісіне немесе басқа да сымсыз байланыс желісіне арналған телефон аппараттары | |
851769 | бейнефондар, домофондар | |
8517180000 | басқа да телефон аппараттары | |
8525803000 | цифрлық камералар | |
9006400000 | дайын суреттерді лезде алатын фотокамералар | |
9006510000 | жалпақтығы 35 мм-ден аспайтын катушка түріндегі фотоүлдірге арналған айналы фотокамералар | |
900652000 | жалпақтығы 35 мм-ден кем катушка түріндегі фотоүлдірге арналған басқа да фотокамералар | |
900653 | жалпақтығы 35 мм катушка түріндегі фотоүлдірге арналған басқа да фотокамералар | |
900659000 | басқа да фотокамералар | |
900661000 | разрядтық фотожарқылдар (электрондық) | |
9006690000 | басқа да фотожарқылдар және 8539 т.п. газразрядты шамдардан басқа жарқыл шамдар |