Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.02.2023 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметті стандарттау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі |
Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1053 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау субъектілеріне стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастырудың жалпы қағидаттарын белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, "стоматология (ересек және балалар)" мамандығы бойынша сертификаты бар медицина қызметкері;
2) клиникалық хаттама – белгілі бір ауруы немесе клиникалық жағдайы кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат;
3) профилактика - аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
4) стоматологиялық аурулар – тіс тіндерінің (кариозды, кариозды емес), пародонта, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының, тілдің, еріннің қызыл ернеулері және жақ сүйек-беттің аурулары (жіті, созылмалы спецификалық емес және спецификалық қабыну аурулары, сілекей бездерінің аурулары; самай - төменгі жақ сүйек буындарының және бет нервтерінің аурулары; жарақаттар; жақ сүйек-беттің туа біткен және жүре пайда болған ақаулары мен деформациялары; тістің, жақ сүйек пен беттің даму аномалиялары мен ақаулары, обыр алды аурулары, жақ сүйек-бетінің қатерсіз ісіктері мен ісік тәріздес зақымданулары);
5) стоматологиялық көмек – диагностиканы, емдеуді, профилактика мен медициналық оңалтуды қамтитын стоматологиялық аурулары бар пациенттерге көрсетілетін медициналық қызметтердің кешені;
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін медициналық қызметтер көрсетудің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;
7) халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеру – ауруларды ерте сатыда анықтаға және аурулардың дамуын, қауіп факторларың, қосалқы аурулардың туындауын болдырмауға және халық денсаулығын нығайтуға бағытталған скринингтік тексерулер.
2-тарау. Стоматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметінің негізгі бағыттары
3. Стоматологиялық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек мынадай нысандарда көрсетіледі:
1) амбулаториялық-емханалық көмек, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек және консультациялық-диагностикалық көмек;
2) стационарлық көмек.
4. Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсету міндеттері, функциялары, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері "Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 397 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7798 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережеде айқындалған.
5. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болып табылатын ұйымдарды қоспағанда, стомотологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) үлгі штаттары мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
6. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті медициналық пункттерде, фельдшерлік-акушерлік пункттерде, дәрігерлік амбулаторияларда (отбасы денсаулығы орталықтарында), емханаларда (ауылдық, аудандық, қалалық), оқушылар саны кемінде 800 адам болатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ стоматологиялық кабинеті (бөлімшесі) жоқ денсаулық сақтау ұйымдарының құрамында ұйымдастырылады.
7. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетінде дәрігерге дейінгі стоматологиялық көмек көрсетуді тіс гигиенисті және (немесе) "стоматология" мамандығы бойынша қайта даярлау курсынан өткен және "стоматологиялық гигиенист" мамандығының сертификатын алған, орта медициналық білімі бар медицина қызметкері жүргізеді.
8. Стоматологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық- диагностикалық зерттеу көлемі осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес айқындалады.
9. Стоматолог дәрігер стоматологиялық аурулар кезінде консультативтік және емдік-диагностикалық процесті клиникалық хаттамаларға сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; тіркелген контингенттің, оның ішінде орта, жоғары және жоғары оқудан кейінгі кәсіптік білім беру ұйымдарында, шақыру пункттерінде, кәсіпорындар мен ұйымдарда ауыз қуысын профилактикалық қарап-тексеру мен санациялауды жүргізеді; тіс-жақ сүйек жүйесінің патологиясы бар пациенттерді диспансерлік байқауды және стоматологиялық денсаулық деңгейін бағалай отырып, оның тиімділігін талдауды жүзеге асырады; тіс-жақ сүйек-бет аномалияларымен, деформацияларымен және олардың дамуы алғышарттарымен тұлғаларда, тістер мен тіс қатарларының коронка ақауларын, тістердің қатты тіндері мен ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының патологияларын ерте анықтауды қамтамасыз етеді; медициналық көрсетілімдер болған кезде пациенттерді көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімшелеріне (кереуеттеріне) стационарлық емдеуге жіберуді ұйымдастырады.
10. Пациенттерде адамның иммун тапшылығы вирусы/жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы, туберкулездің бар-жоғын көрсететін симптомдар болған кезде пациентті мамандандырылған медициналық ұйымдарға консультацияға жолдайды.
11. Стоматолог дәрігер тіс протездерін, жақ сүйек-бет протездерін дайындауды және ортодонттық аппараттарды орнатуды қамтамасыз етеді.
12. Стоматолог дәрігер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын және анықтамасын беру қағидаларына сәйкес еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптаманы жүзеге асырады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10964 болып тіркелген).
13. Саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру орталықтарымен бірлесіп профилактика, саламатты өмір сүру салтын қалыптастыру және тамақтану мәселелері бойынша, оның ішінде орта медицина персоналын тарта отырып, халық арасында санитариялық-гигиеналық ағарту бойынша іс-шаралар өткізеді.
14. Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарың мамандары стоматологиялық ауруларды ерте анықтау және алдын алу мақсатында пациенттерді профилактикалық қарап-тексерулерді жүзеге асырады және заманауи медициналық технологиялар мен дәлелді медицина қағидаттарына негізделген диагностика және емдеу әдістерін қолдана келе, стоматологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
15. Балалар халқын скринингтік қарап-тексеруді дамыту өмірінің әртүрлі жастық кезеңдерінде, оның ішінде жасөспірім кезеңінде анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктерімен байланысты стоматологиялық аурулардың профилактикасына, ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған.
16. Профилактикалық қарап-тексерулер, оның ішінде кейіннен динамикалық байқау және сауықтырумен скринингтік қарап-тексерулер "Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген) Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
17. Стоматолог дәрігер есепке алу-есептік құжаттаманы толтыра отырып балалар халқын скринингтік қарап-тексерудің мамандандырылған кезеңін жүзеге асырады, оның ішінде тістеу күйін, пародонтты, кариоздың активті деңгейін, диспансерлеу, оңалту және профилактика жоспарын бағалаумен баланы кешенді зерттеп-қарауды жүргізеді.
18. Балалар халқының нысаналы топтарын скринингтік қарап-тексеру нәтижелері "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қазандағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) "Баланы профилактикалық медициналық тексерудің (скринингтің) картасы" 025–07/е статистикалық нысанына енгізіледі және ата-аналарына және (немесе) оның заңды өкілдеріне жеткізіледі.
19. Тіс-жақ сүйектің дамуындағы ауытқулар анықталған кезде стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарың мамандары пациенттерді кейіннен диагностикалық зерттеп-қарауды ұйымдастыруды, өткізуді және кейіннен сауықтыруды қамтамасыз етеді.
20. Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары ата-аналарды немесе күтім жасайтын өзге де заңды өкілдерді аурудың ағымы, болжамы және емдеу, оңалтудың баламалы әдістері туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді, стоматологиялық аурулардың профилактикасы, Қазақстан Республикасының халқы арасында саламатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шаралар өткізеді.
21. Стоматологиялық кабинет (бөлімше) өзінің қызметін қамтамасыз ету үшін оның құрамында ұйымдастырған медициналық ұйымның барлық емдеу-диагностика және қосалқы бөлімшелерінің мүмкіндіктерін пайдаланылады.
22. Стоматологиялық емхана жағдайларында мамандар клиникалық хаттамаларға сәйкес стоматологиялық аурулардың профилактикасын, диагностика мен емдеуді қамтамасыз етеді; стоматологиялық аурулардың асқынуларын анықтау кезінде олардың себептерін тексеру мен талдауды; стоматологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді диспансерлік байқауды ұйымдастыру мен жүргізуді; стоматологиялық аурулармен ауыратын пациенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығы сараптамасын жүзеге асырады.
23. Стоматологиялық емхана Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі, жоғары, ЖОО-нан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының, сондай-ақ сәйкес бейіндегі техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының клиникалық, оқу, өндірістік базалары ретінде пайдаланылады.
24. Медициналық жоғары оқу орындарының дәрігерлерді жетілдіру, сондай-ақ медициналық орта оқу ұйымдарының қатысушылары үшін өндірістік тәжірибе базасы бар институттар кафедраларының клиникалық, оқу базалары жағдайларында медициналық көмек алатын стоматологиялық аурулармен ауыратын пациенттердің оқу процесіне, сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен емдеу-диагностикалық емшараларды жүргізуге қатысады.
3-тарау. Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
25. Стоматологиялық аурулармен ауыратын халыққа медициналық көмек ТМККК шеңберінде көрсетіледі.
26. Стоматологиялық аурулары бар пациенттерге ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 304 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11341 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтер көрсету қағидалары мен шарттарына сәйкес мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар көрсетеді.
27. ТМККК шеңберінде стоматологиялық медициналық көмек мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – МСАК);
2) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК);
3) жедел медициналық көмек.
28. Стоматологиялық аурулары бар пациенттерге МСАК Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына және Азаматтарға алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарын бекіту қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
29. Медициналық пункттің және фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығы) орта медициналық білімі бар медицина қызметкері (мейіргер, фельдшер) "Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 болып тіркелген) сәйкес пациенттерге, оның ішінде стоматологиялық аурулары бар пациенттерге іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.
30. Медициналық пункттің және фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның (отбасылық денсаулық орталығы) орта медициналық білімі бар медицина қызметкері (мейіргер, фельдшер) пациенттерді асқынған және созылмалы стоматологиялық аурулардың асқынуы, жарақаттану білікті медициналық көмек көрсету үшін шұғыл және жедел жағдайларда жақын орналасқан стационарлық ұйымға жеткізуді қамтамасыз етеді.
31. Жылжымалы стоматологиялық кабинет (бұдан әрі – ЖСК) медициналық ұйымдардың стационарлық үй-жайларынан тыс, оның ішінде қашықтықта және жетуі қиын елді мекендерде стоматолог дәрігерлер және стоматологиялық аурулар кезінде медициналық көмектің аумақтық ерекшеліктері мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, стоматолог дәрігерлер немесе медициналық ұйымның стоматологиялық емхана бөлімшелерінің немесе стоматологиялық бөлімшесінің штатына кіретін стоматологиялық бейіндегі басқа мамандар медициналық ұйымның, стоматологиялық емханасының немесе стоматологиялық бөлімшенің құрылымдық бөлімшесі ретінде ұйымдастырылады.
32. ЖСК жарақтандыру осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес жылжымалы стоматологиялық кабинетті ең аз жарақтандыру тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
33. ЖСК маманы тістер, пародант және ауыздың сілемейлі қабықшасының ауруларын анықтауды және емдеуді; тіс-жақ сүйек-бет ауытқуы бар пациенттерді және олардың даму алғышарттарын анықтауды; тіс коронкалары мен тіс қатарларының ақаулары бар пациенттерді анықтауды және емдеуді (протез салу) қамтамасыз етеді.
34. ЖСК маманы аурудың асқынған түрлері бар пациенттерді амбулаториялық немесе стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін стоматолог дәрігерлерге жібереді; тіс-жақ сүйек-бет ауытқуы және олардың даму алғышарттары бар пациенттерді ортодонтия мәселелері жөніндегі біліктілікті арттырудан өткен стоматолог дәрігерлерге, ал олар болмаған жағдайда ортодонтия мәселелері бойынша біліктілікті арттырудан өткен стоматолог дәрігерге стоматологиялық емханаға жолдайды.
35. Күрделі протез салу қажеттілігі болған жағдайда ЖСК маманы тіс коронкаларының және тіс қатарының ақаулары бар пациенттерді стоматологиялық емханаға жолдайды.
36. ЖСК маманы халық арасында стоматологиялық аурулардың профилактикасы бойынша іс-шаралар жүргізеді, пациенттерге гигиеналық білім беруді және ауыз қуысының дұрыс гигиенасына үйретуді жүзеге асырады.
37. Стоматологиялық аурулары бар пациенттерге КДК Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі.
38. КДК (көрсетілімдер бойынша) өзіне:
1) шұғыл стоматологиялық көмекті (жіті ауырсыну) (халықтың әлеуметтік қауқарсыз санаттары үшін: ауырсынуды басу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, периостотомия, абсцесстерді ашу);
2) ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салуды қоса алғанда, маманның жолдамасы бойынша балаларға және жүкті әйелдерге (ортодонтиялық және ортопедиялық көмектен басқа) жоспарлы стоматологиялық көмекті;
3) жақ сүйек-бет аумағында туа біткен патологиясы бар балаларға тіс-жақ сүйек аномалияларын жоюға арналған (ортодонтикалық пластинка) аппаратты пайдалана отырып ортодонттық көмекті қамтиды.
39. Консультациялық көмек көрсету үшін стоматологиялық аурулары бар пациенттерде қосалқы патология болған кезде аралас мамандық дәрігерлері (медициналық көрсетілімдер бойынша) тартылады.
40. Тәулік бойы медициналық байқаумен мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтерді талап ететін жағдайларда стоматологиялық аурулары бар пациенттер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген) көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет бөлімшесіне жолдайды.
41. КДК көрсету кезінде стоматолог дәрігер пациентті консультацияға жіберген МСАК дәрігеріне № 907 бұйрығымен бекітілген 071/е нысаны бойынша ("Медициналық қорытынды") консультациялық-диагностикалық қорытындыны береді, онда жүргізілген зерттеп-қарау және емдеу нәтижелері, сондай-ақ стоматологиялық ауруы бар пациентті одан әрі емдеу бойынша ұсыныстар көрсетіледі.
42. Стоматолог дәрігер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес мүгедектік тобын белгілеуге және еңбекке қабілетінен айырылу дәрежесін анықтауға, сондай-ақ куаландырылған адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындауға медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін стоматологиялық аурулары бар пациентке құжаттарды ресімдеу үшін консультациялық қорытынды береді.
43. Стоматологиялық ауруы бар пациентке медициналық көмек көрсету барысында онкологиялық аурулар симптомдары анықталған жағдайда, пациентке медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2013 жылғы 2 тамыздағы № 452 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8687 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес көрсетіледі.
44. Диагнозды анықтағаннан кейін, балалардың жақ сүйек-бет аумағындағы қатерлі ісіктерді емдеу мамандандырылған онкологиялық ұйымдарда жүргізіледі. Көрсетілімдер бойынша жақ сүйек-бет аумағында ісіктерді алып тастағаннан кейінгі реконструктивті операциялар көп бейінді стационарлардың балалар жақ сүйек-бет бөлімшелерінде немесе онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізіледі.
45. Пациенттерге стоматологиялық медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 269 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11263 болып тіркелген) Жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну қағидаларына сәйкес көрсетіледі және оқиға орнында, сондай-ақ жолда өмірге қауіп төнгенде (пациенттің және (немесе) қоршаған ортаның), жазатайым оқиғаларда, жіті ауыр аурулар кезінде ересектер мен балаларға тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтиды.
46. Пациенттерге стоматологиялық медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 364 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 90990 болып тіркелген) Инвазиялық араласулар кезінде пациенттің ерікті түрдегі жазбаша келісімінің нысаны бойынша оның ақпараттандырлыған келісімін алғаннан кейін көрсетіледі.
Медициналық көмектен бас тарту Кодекстің 93-бабы 3-тармағына сәйкес, оның ықтимал салдарлары көрсетіле отырып, медициналық құжаттарға жазбамен ресімделеді және оған пациент не оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері қол қояды.
47. Стоматологиялық аурулары бар пациентті жоспарлы емдеуге жатқызуға көрсетілімдер тәулік бойы медициналық байқаумен білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсету қажеттілігі болып табылады, оның ішінде:
1) диагностика және емдеу үшін анықталмаған және қиын жағдайларда диагнозды нақтылау және емдеудің қажетті схемасын іріктеу;
2) асқыну кезеңінде ауыз қуысы және жақ сүйек-бет ағзаларының созылмалы ауруларын емдеу;
3) қатерсіз ісіктер мен ісік тәріздес ауруларды хирургиялық емдеу;
4) жарақаттарды және жақ сүйек-бет аумағындағы іріңді-қабыну ауруларын емдеу;
5) жақ сүйек-бет аумағындағы ақаулары мен деформацияларды хирургиялық емдеу;
6) жақ сүйек-бет аумағындағы туа біткен патологияларды хирургиялық емдеу үшін.
48. Шұғыл жағдайларда стоматологиялық аурумен ауыратын науқасты емдеуге жатқызу тұрғылықты жері немесе ТМККК шеңберінде бекітілген жеріне қарамастан стоматолог дәрігер, балалар стоматолог дәрігері, жалпы практика дәрігері, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер, станция (бөлімше) жедел жәрдем бригадалары, медицина қызметкерінің алып жүруімен санитариялық авиация жолдамасымен немесе өз еркімен жүгінуі және кез келген басқа да тәсілдермен жеткізілген жағдайларда жүргізіледі.
49. Шұғыл түрде емханаға жатқызу үшін көрсетілімдер:
1) жақ сүйек-бет аумағындағы жіті немесе созылмалы одонтогендік және одонтогендік емес қабыну аурулары;
2) жақ сүйек-бет аумағындағы жарақаттар;
3) жақ сүйек-бет аумағындағы қан кетулер.
50. Ересектерге жақ сүйек-бет аумағында қан кетулерінің, жіті қабыну процесінде (жақтың жіті периоститі, таңдай абцестері), жақ сүйек-бет аумағындағы жарақаттың көлемі аз болған кезде (жақтың шығып кетуі және тістің сынуы) шұғыл стоматологиялық хирургиялық көмекті стоматологиялық кабинеттің (бөлімшенің, стоматологиялық емхананың) стоматолог дәрігері көрсетеді.
51. Жақ сүйек-бет аумағындағы айқын қан кетулер, жақтың жіті периоститінің ауыр ағымы, жақтың жіті одонтогендік остеомилиті, жақ сүйек-бет аумағының абцесстері және флегмоналары кезінде ересек халыққа шұғыл стоматологиялық хирургиялық көмекті стоматолог дәрігер, "жақ сүйек-бет хирургі (ересектер)" мамандығы бойынша дәрігерлер, көп бейінді стационарларда хирургия, жақ сүйек-бет хирургия бөлімшелерінде "жақ сүйек-бет хирургі (ересектер)" мамандығы бойынша жетілдіруден өткен "жалпы хирургия (торакальді, абдоминалды, трансплантология, колопроктология)" мамандығы бойынша дәрігерлер көрсетеді.
52. Жақ сүйек-бет аумағында қан кетулер кезінде, жіті қабыну процестерінде және жақ сүйек-бет аумағының жарақаттары кезінде балаларға шұғыл стоматологиялық хирургиялық көмекті стоматолог дәрігерлер, "жақ сүйек-бет хирургі (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша дәрігерлер, "жақ сүйек-бет хирургі (балалар)" мамандығы бойынша стоматологиялық емханаларда, жақ сүйек-бет хирургиясының балалар бөлімшелерінде, көп бейінді балалар стационарларындағы балалар хирургия бөлімшелерінде "жалпы хирургия (торакальді, абдоминалды, трансплантология, колопроктология)" мамандығы бойынша жетілдіруден өткен дәрігерлер көрсетеді.
53. Самай-төменгі жақ буынының қабынуы, дистрофикалық-қабынуы, функционалды-дистензонды аурулармен ауырған ересек халыққа стоматологиялық көмекті емханалардағы стоматологиялық кабинеттің (бөлімшенің), стоматологиялық емхананың стоматолог дәрігері көрсетеді.
54. Самай-төменгі жақ буынының қабынуы, қабыну-дистрофикалық, функционалды-дистензонды аурумен ауырған балаларға стоматологиялық көмекті стоматолог дәрігер көрсетеді және балалар стоматологиялық емханасында, стоматологиялық емханалардың балалар бөлімшесінде, көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет хирургиясының балалар бөлімшесінде жүргізіледі.
55. Көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімшесіне:
1) жақ сүйек-бет аумағындағы қан кетулер;
2) жіті және созылмалы қабыну ауруларының асқынулары;
3) жақ сүйек-бет аумағындағы жарақаттар;
4) жақ сүйек бет-аумағында (көрсетілімдер бойынша) қайта қалпына келтіру бойынша операцияны қажет ететін самай-төменгі жақ буынының функционалды дистензиондық ауруы;
5) жақ сүйек-бет аумағындағы қатерсіз және ісік тәрізді ісіктері бар пациенттер емдеуге жатқызылуы тиіс.
56. Тіс-жақ сүйек-бет аномалиялары мен деформациясын анықтау мақсатында жаңа туған нәрестелерді қарап-тексеруді босандыру ұйымының "неонатология" мамандығы бойынша дәрігері, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды қарап-тексеруді стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетінің медицина қызметкері, емханадағы стоматологиялық кабинеттің (бөлімшенің), балалар емханасындағы стоматологиялық кабинеттің (бөлімшенің), білім беру ұйымындағы стоматологиялық кабинеттің, жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімшесінің, медициналық университеттердегі стоматологиялық клиниканың стоматолог дәрігері көрсетеді.
57. Жаңа туған нәрестеде туа біткен стоматологиялық патологиясы анықталған кезде "неонатология", "педиатрия" мамандығы бойынша дәрігерлер мамандандырылған стоматологиялық көмек көрсету мәселесін шешу үшін баланы балалар емханасының стоматология кабинетіне, балалар стоматологиялық емханасына стоматолог дәрігерге жібереді.
58. Медициналық көрсетілімдер болған кезде стоматолог дәрігер туа біткен стоматологиялық патологиясы бар бала пациентті консультацияға "педиатрия", "жалпы медицина", "оториноларингология (сурдология) (ересектер, балалар)", "травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектер, балалар)", "эндокринология (ересектер, балалар)", "невропатология (ересектер, балалар)" мамандықтары бойынша дәрігерлерге, сондай-ақ, "дефектология", "логопедия" мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімі бар қызметкерге жібереді.
Хирургиялық емдеуге көрсетілімдер болған кезде мамандығы бойынша дәрігер тіс-жақ сүйек-бет аномалиялары мен деформациялары бар баланы алдыңғы және кейіннен ортодонтикалық емдеумен хирургиялық аралық оңалту үшін балалар ауруханасының жақ сүйек-бет бөлімшесіне медицина университеттерінің клиникаларына хирургиялық емделуге жолдайды.
59. Стоматолог дәрігер тістердің қатты тіндерінің дамуында кемістігі бар бала пациенттерге стоматологиялық емхана немесе мамандандырылған оңалту орталықтары жағдайларында стоматологиялық көмек көрсетеді.
Көрсетілімдер бойынша стоматолог дәрігер баланы "педиатрия", "жалпы медицина", "эндокринология (ересектер, балалар)", "медициналық генетика" мамандықтары бойынша дәрігерлерге консультация жолдайды.
60. Беттің және жақ сүйегінің туа біткен және жүре пайда болған кемістігі бар балаларға стоматологиялық көмекті балалар стоматологиялық емханасының, стоматологиялық емхананың балалар бөлімшесінің, көп бейінді стационарлардың жақ сүйек-бет хирургиясының балалар бөлімшесінің стоматолог дәрігері және жақ сүйек-бет (ересектер, балалар) мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді.
61. Тісжегісі бар балаларға медициналық көмекті балалар стоматолог дәрігері көрсетеді және ол балалар стоматологиялық емханасында, балалар стоматологиялық кабинеттерінде (бөлімшелерінде), білім беру ұйымдарының стоматологиялық кабинеттерінде, жылжымалы стоматологиялық кабинеттерде жүзеге асырылады.
62. Балада тісжегінің көптеген зақымдануының (зақымдану қарқындылығының үштен астам көрсеткіші) диагностикасы кезінде стоматолог-дәрігер оны басқа мамандықтардың ("педиатрия", "эндокринология", "оториноларингология", "невропатология", "ревматология", "аллергология", "нефрология") дәрігерлеріне консультацияға жолдайды. Көптеген тісжегісі бар балалар балалар стоматологиялық кабинеттерінің стоматолог дәрігерлерінде диспансерлік есепте тұрады, мұнда оларға клиникалық хаттамаларға сәйкес кешенді профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.
63. Жіті ауырсынуы бар балаларға стоматологиялық көмек балалар стоматологиялық емханасында, балалар емханасының стоматологиялық кабинетінде (бөлімшесінде), стоматологиялық емхананың балалар бөлімшесінде, білім беру ұйымының стоматологиялық кабинетінде балаларға стоматологиялық көмек көрсететін медицина университеттерінің стоматологиялық клиникасында кезектен тыс көрсетіледі.
64. Мүмкіндігі шектеулі балаларға (белгіленген мүгедектігі бар балаларға) балалар стоматологиялық емханасында, стоматологиялық емхананың балалар бөлімшесінде, балаларға стоматологиялық көмек көрсететін медицина университеттерінің стоматологиялық клиникасында стоматолог дәрігер стоматологиялық көмекті жалпы ауырсынуды басу арқылы көрсетілімдері бойынша (медициналық көрсетілімдер болған жағдайда және қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда) жүргізеді.
65. Парадонта ауруымен ауыратын балаларға медициналық көмекті стоматолог дәрігер балалар стоматологиялық емханасында, балалар емханасының балалар стоматологиялық кабинетінде (бөлімшеде) және клиникалық хаттамаға сәйкес кейіннен амбулаториялық жағдайда диспансерлік байқаумен емханалардың (ауылдық, аудандық, қалалық) стоматологиялық кабинетінде жүзеге асырады.
Ауруының ауыр дәрежесі болған кезде стоматолог дәрігер қажет болған кезде балаларды басқа бейінді мамандарға консультацияға жолдайды.
66. Стоматолог дәрігер ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының ауруларымен ауыратын (жіті герпесті стоматит, көп түрлі экссудативтік эритема, кандидоз және басқа да ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының зақымдануы) балаларға медициналық көмек көрсетуді балалар стоматологиялық емханасы, балалар емханасының балалар стоматологиялық кабинеті (бөлімшесі) және клиникалық хаттамаларға сәйкес емханалардың (ауылдық, аудандық, қалалық) стоматологиялық кабинетінде жағдайларында жүргізіледі.
Стоматолог дәрігер көрсетілімдері бойынша "педиатрия", "оториноларингология", "инфекциялық аурулар", "аллергология", "дерматовенерология", "невропатология", "медициналық генетика" мамандықтары бойынша дәрігерге медициналық денсаулық сақтау ұйымдарына консультацияға жолдайды.
Ауыз қуысының сілемейлі қабықшасы ауруының ағымы ауыр болған жағдайда балаларды емдеу аурухананың мамандандырылған бөлімшелерінде (диспансерлерде) жүргізіледі.
67. Шектеулі жіті және созылмалы одонтогендік және одонтогендік емес қабыну аурулармен ауыратын, тістердің, беттің жұмсақ тіндерінің және ауыз қуысының сілемейлі қабықшасының жіті жарақаты бар, жақ сүйек-бет аумағында туа біткен және жүре пайда болған ауытқулары және деформациялары бар балаларға стоматологиялық көмекті балалар стоматологиялық емханасында, балалар емханасының балалар стоматологиялық кабинетінде (бөлімшесінде), емханалардың (ауылдық, аудандық, қалалық) балалар стоматологиялық кабинетінде (бөлімшесінде), медицина университеттерінің стоматологиялық емханаларында стоматолог дәрігер, "жақ сүйек-бет (балалар)" мамандығы бойынша дәрігер кезектілікпен жүзеге асырады.
68. Одонтогендік және одонтогендік емес қабыну ауруларының (абсцесстер, флегмоналар, жақ сүйектерінің остемиелиттері, фурункул, карбункул, аденофлегмона, сілекей бездерінің сиаладениті, бетінің көк тамырлар тромбофлебиті) әртүрлі және ауыр түрлері бар балаларға стоматологиялық көмек көп бейінді стационарлардың балалар жақ сүйек-бет хирургиясының бөлімшелерінде көрсетіледі.
69. Жақ сүйек-бет аумағының одонтогендік және одонтогендік емес қабыну (пульпит, перодонтит, периостит, қызыл иек асты абсцесс) аурулары бар балаларға стоматологиялық көмек стоматологиялық емханада, көрсетілімдер бойынша көп бейінді стационарлардың балалар жақ сүйек-бет хирургиясының бөлімшелерінде, медицина университеттерінің стоматологиялық емханаларында көрсетіледі.
70. Шектелген қатерсіз және ісік тәрізді ісіктері, жақ сүйек-бет аумағының мальформациясы бар балаларға стоматологиялық көмекті стоматолог дәрігер, "жақ сүйек-бет (балалар) хирургиясы" мамандығы бойынша дәрігер көрсетеді және стоматологиялық емханаларда, ал беттің анатомиялық аумағының көлемді зақымдануы кезінде көп бейінді стационарлардың балалар жақ сүйек-бет хирургиясы бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
71. Меншік нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан, стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медициналық көрсетілетін қызметтің сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10880 болып тіркелген) Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 1-қосымша |
Стоматологиялық көмек көрсету деңгейлері бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеу көлемі
Стоматологиялық қызметті ұйымдастыру құрылымына сәйкес медициналық көмекті көрсету деңгейлері | Диагностикалық іс-шаралар тізбесі | Емдеу іс-шараларының тізбесі | Ескертпе |
1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек (дәрігерге дейінгі деңгей): |
1. Шағымдарды анықтау және толық қарау. |
1. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету. | |
2.Амбулаториялық-емханалық (медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультациялық-диагностикалық көмек) |
1.Шағымдарды анықтау және толық қарау. |
1.Ауыз қуысының санациясы. | |
Мамандандырылған стоматологиялық көмек. |
1.Шағымдарды анықтау және толық қарау. |
1.Тістерді эндодонтиялық емдеу. | |
Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер: бөлімше (төсектер) (ересектер, балалар) көп бейінді аурухананың жақ сүйек-бет хирургиясы (қалалық, облыстық); |
1.Шағымдарды анықтау және толық қарау. |
1. Жақ сүйек-бет аумағындағы патологияларды емдеу. |
Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына 2-қосымша |
Жылжымалы стоматологиялық кабинетті ең төмен жарақтандыру тізбесі
№ | Атауы | Саны, бірлігі |
Стоматологиялық жабдық және құралдар | ||
1 | Стоматолог дәрігердің блогын, стоматологиялық креслоны, стоматологиялық гидроблокты, шаңсорғыш пен сілекей сорғышы бар ассистенттің блогын, стоматологиялық операциялық шамын қамтитын стоматологиялық қондырғы |
1 |
2 | Майсыз компрессор | 1 |
3 | Стоматологиялық ұштықтар жиынтығы: (турбиналы, бұрышты, тік, пневматикалық микромотор) | 3 |
4 | Стоматологиялық скейлер (тістегі шөгінділерді алып тастауға арналған аппарат) | 1 |
5 | Стоматолог дәрігердің орындығы | 1 |
6 | Ассистенттің орындығы | 1 |
7 | Фотополимеразды шам | 1 |
8 | Апекслокатор | 1 |
9 | Хирургиялық пышақ (коагулятор) | 1 |
10 | Бактерецидті сәулелендіргіш | 1 |
11 | Үй-жайда ауаны зарарсыздандыруға арналған УК-бактерицидті рециркулятор | 1 |
12 |
Терапиялық қабылдауға арналған құралдар жиынтығы (базалық): | 20 |
13 | Медициналық бұйымдарды дезинфекциялауға және стерильдеу алдында өңдеуге арналған ыдыстар (жиынтық - 1литр, 3 литр, 5литр және 10 литр) | 1 |
14 |
Стоматологиялық зерттеу мен емдеуге арналған бір рет колданылатын стоматологиялық құралдар жиынтығы: | Жылына 1 000 дана |
15 | Жоғары және төменгі жақ сүйектердегі тұрақты тістерді және тістердің түбірлерін жұлуға арналған тістеуіктер жиынтығы | 2 |
16 | Жоғары және төменгі жақ сүйектеріндегі уақытша тістерді және тістердің түбірлерін жұлуға арналған тістеуіктер жиынтығы | 2 |
17 | Тістің түбірлерін жұлуға арналған стоматологиялық элеваторлардың жиынтығы | 2 |
Стерильдеу жабдығы | ||
1 | Стерилизатор (автоклав) | 1 |
2 | Аквадистиллятор | 1 |
3 | Стерильді құралдарды сақтауға арналған камера | 1 |
4 | Медициналық құралдар мен бұйымдарды ультрадыбыстық тазалауға және дезинфекциялауға арналған қондырғы (ультрадыбыстық жуғыш) | 1 |
5 | Медициналық бұйымдарды дезинфекциялауға және стерильдеу алдында өңдеуге арналған ыдыстар (жиынтық – 1 литр, 3 литр, 5 литр және 10 литр) | 1 |
6 | Медициналық бұйымдарды дезинфекциялауға және стерильдеу алдында өңдеуге арналған заттар | Жұмсалуына қарай |
7 | Бикстер (стерильденген құралдар мен материалдарды сақтауға арналған стерильдеу қорабы) | Жұмсалуына қарай |
8 | Медициналық бұйымдарды стерильдеу сапасын бақылауға арналған индикаторлар | Жұмсалуына қарай |
9 | Медициналық бұйымдарды дезинфекциялау және стерильдеу алдында сапасын бақылауға арналған реактивтер |
Жұмсалуына |
Рентгенді диагностикалық жабдық | ||
1 | Рентгендік дентальды аппарат | 1 |
2 | Ноутбук | 1 |
3 | Жағасы бар дентальды рентгеннен қорғау алжапқышы | 2 |
Стоматологиялық кабинетке арналған жиһаз | ||
1 | Дәрігерге арналған жазу үстелі | 1 |
2 | Кеңсе орындығы | 2 |
3 | Шығыс материалдарын сақтауға арналған медициналық шкаф | 1 |
4 | Дәрі-дәрмекке арналған медициналық шкаф | 1 |
5 | Медициналық киімдерге арналған шкаф | 1 |
6 | Жуғышы бар аралас үстел | 1 |
Басқа жабдықтар мен құралдар | ||
1 | Қуаттау блогы | 1 |
2 | Жүктеу электросорғысы | 1 |
3 | Кондиционер | 1 |
4 | Жылу желдеткіші | 1 |
5 | Желдеткіш | 1 |
6 | Электр су жылытқышы | 1 |
7 | Термометр | 1 |
8 | Өрт сөндіргіш | 1 |
9 | Сигнализация | 1 |
10 | Кемінде 60 литр су қоры | 1 |
11 | Кабельдер | 1 |
12 | Тазалауға арналған шаруашылық мүккәмал | 1 |