"Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 14672 болып тіркелді.

       "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

       1. "Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемді есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 295 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7234 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты кейіннен мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне (С.С. Сарсенов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
      Министрі Д. Абаев
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады