Негізгі құралдардың теңгерімін құрастыру және оның көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 14684 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Негізгі құралдардың теңгерімін құрастыру және оның көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Құрылымдық статистика басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Құрылымдық статистика басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 312 бұйрығымен бекітілді

Негізгі құралдардың теңгерімін құрастыру және оның көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Негізгі құралдардың теңгерімін құрастыру және оның көрсеткіштерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме Ұлттық шоттар жүйесінде қолдану үшін және негізгі капиталдың жалпы жинағын және оны пайдалануды есептеу үшін ақпараттық базаны алу, активтердің қимылы негізгі құралдардың бары жөніндегі статистикалық ақпаратты құрастыру мақсатында негізгі құралдар теңгерімін қалыптастыру үшін статистикалық ақпаратты алудың негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қызметкерлерінің статистикалық қызметте пайдалануға арналған.

      4. Әдістемеде Заңда, "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңында анықталған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары (бұдан әрі – ХҚЕС) және Ұлттық қаржылық есептілік стандарттары қабылдаған анықтамалар пайдаланылады.

2-тарау. Негізгі құралдардың жіктелімі

      5. Әкімшілік – басқарушылық мақсаттар үшін немесе пайдалы қызметтерінің мерзімі оның жылдық есептілік кезеңінен асатын жалға беру үшін қызмет көрсету және тауарларды сату немесе өндірісіне арналған материалдық активтер ретінде ХҚЕС-да (IAS16 "Негізгі құралдар") негізгі құралдар анықталады.

      6. Материалдық активтердің негізгі сипаттары:

      физикалық форма және мазмұнның болуы;

      өнім өндіру, жұмыс және қызмет көрсету үшін субъектілер қызметінде тікелей қолдану;

      бірнеше есептік кезең ішінде пайда әкелу қабілеті болып табылады.

      7. Негізгі құралдарды қолдану салаларына байланысты екі топқа:

      өндірістік мақсатта;

      өндірістік емес мақсатта бөлінеді.

      Негізгі құралдардың келесідей топтар және кіші топтар кіреді:

      1) ғимараттар:

      тұрғын ғимараттар;

      тұрғын емес ғимараттар;

      2) имараттар:

      беріліс құрылғылары;

      азаматтық құрылыстың басқа да объектілері;

      3) машиналар мен жабдықтар:

      көлік құралдары мен жабдықтар;

      өзге де машиналар мен жабдықтар;

      ақпараттық, компьютерлік және телекоммуникациялық;

      4) жабдықтар;

      5) өзге де негізгі құралдар;

      6) биологиялық активтер:

      ересек жұмыс және өнімді мал;

      көпжылдық көшеттер;

      7) басқа топтамаларға енгізілмеген негізгі құралдар.

      8. Негізгі құралдар теңгерімінің құрамына келесідей өндірістік емес материалдық активтер кірмейді: жер, қазба байлықтары, өсірілмейтін биологиялық ресурстар; су ресурстары; экологиялық активтер (теңіздер, атмосфера) иелік құқығы болмағандар орнатылады.

3-тарау. Ақпарат көздері

      9. Негізгі қорлар жағдайы туралы, шағын кәсіпорындар қызметі, жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі, сондай-ақ азаматтар меншігінде тұрғын үйдің болуы, тұрғын үйдің бір шаршы метр құрылысының бағасы, жеке меншіктегі мал туралы оның саны, салмағы және жануарлардың түрлері бойынша бас үшін бағасы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері негізгі құралдар теңгерімін құрастыру және оның көрсеткіштерін есептеу үшін ақпарат көздері болып табылады.

      10. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар негізгі қорлардың жағдайы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауын жаппай зерттеу арқылы жүргізеді.

      11. Шағын кәсіпорын қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалардың және (немесе) шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының іріктемелі зерттеуі арқылы жүргізеді.

      12. Респондеттер статистикалық нысандарды бастапқы (ағымдағы) және теңгерімдік (тозуды шегергенде) құны бойынша негізгі құралдардың қолда бары, қозғалысы және құрылымы жөніндегі бастапқы (түгендеу карточкалары, тізімдер, техникалық төлқұжаттар және құжаттама) және бухгалтердік есептің деректеріне қатаң түрде сәйкес есепті жылдың қорытындылары бойынша толтырады.

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 тіркелген) бекітілген Бухгалтериялық есеп шоттарының үлгілік жоспарындағы "Ұзақ мерзімді активтер" 2-бөлімдегі "Негізгі құралдар" 2400 шотына сәйкес, жалға беруші ағымдағы жалдауға тапсырған және жалгерге ұзақ мерзімге жалға берілетін негізгі құралдарды қоса алғанда, субъектіге жеке меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі негізгі құралдардың барлық түрлері бойынша негізгі құралдардың қолда бары, қозғалысы және құрамы толтырылады.

4-тарау. Негізгі құралдардың теңгерімін құру

      14. Негізгі құралдардың теңгерімі статистикалық кестені білдіреді, оның мәліметтері көлемді, құрылымды, жалпы экономикада, салалық және меншік нысандары бойынша негізгі құралдардың қайта өндірісін сипаттайды.

      15. Негізгі құралдар теңгерімінің деректері бойынша негізгі құралдардың тозуы, жарамдылығы, жаңартылу, шығып қалу көрсеткіштері есептеледі.

      16. Негізгі құралдардың теңгерімін есепті жылдың басы және соңындағы негізгі құралдардың бағаларын және олардың есепті жыл бойы өзгерістерін сипаттайды.

      17. Негізгі құралдар теңгерімі олардың жылдық серпіндісін көрсетеді және субъектілердің бухгалтерлік теңгерімінде есептелетін негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) құны бойынша және теңгерімдік құны бойынша (тозуын шегерумен) құралады.

      18. Негізгі құралдар теңгерімі есепті жылдағы ағымдағы баға бойынша есептеледі.

      19. Негізгі құралдардың бары және олардың қозғалысы, тозуы, өсімінің көздері және азаю факторлары жөніндегі статистикалық ақпаратты шоғырландыру үшін негізгі құралдардың қайта өндірісін республика, өңірлер, экономикалық қызмет түрлері, меншік түрлері, негізгі құралдар түрлері бойынша сипаттайтын теңгерімдік кестелер құрастырылады.

      20. Негізгі құралдар теңгерімінде бүкіл экономикалық қызмет түрлері кескінінде өндірістік және өндірістік емес салаларының негізгі құралдары есепке алынады.

      21. Өңірлерде өмір сүретін немесе сонда орналасатын заңды және жеке тұлғалардың негізгі құралдары өңірлер бойынша негізгі құралдар теңгерімінде ескеріледі.

      22. Негізгі құралдар теңгерімін әзірлеу үшін шаруашылық субъектілерінің қолда бар есептілігі кәсіпорындардың негізгі қызмет түрлері бойынша топталады. Салалар бойынша топтама жалпы экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Негізгі құралдар теңгерімін құру есептелудің екі кезеңінен:

      бірінші кезең жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша негізгі құралдар бойынша есепті деректердің ақпарат қорының негізгі құралдары теңгерімін есептеу кезінде пайдаланылуынан тұрады;

      екінші кезең – бір жолғы зерттеулерден және есептік деректерден жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беру жөніндегі жалпымемлекеттік статистикалық байқауларының басқа нысандарынан алынған негізгі құралдардың қолда бары және қозғалысы жөніндегі қосымша ақпаратты пайдалануынан тұрады.

5-тарау. Есепті деректер бойынша негізгі құралдар теңгерімін құрастыру

      24. Есепті деректер бойынша негізгі құралдар теңгерімін құрастыру үшін әр қызмет түрі бойынша негізгі құралдардың барлық көлемін экономиканың сәйкес салаларына толық бөлу қажет. Бөлу негізгі құралдардың қозғалысы және қолда бары туралы есептік деректер негізінде жүзеге асады, ол негізгі емес (қосалқы) қызмет түрі бойынша және әр қызметтің негізгі түрі бойынша негізгі құралдардың қозғалысы және бары туралы ақпаратты қамтиды.

      25. Негізгі құралдардың теңгерімі салалық өнімдердің өндірісіне қатысатын негізгі құралдардың жиынтығын ескеріп салалар бойынша құрастырылады, оған кәсіпорындардың негізгі қызметінің құралдары ғана емес, сонымен бірге басқа қызмет түрлерінің кәсіпорындары мен ұйымдарының теңгерімінде тұрған, егер қосалқы-көмекші өндірістің дербес есепке алу нысаны болған және жеке есепке алу бірліктеріне бөлінген жағдайда, мақсаты бойынша осыған ұқсас қосалқы-көмекші өндірістер мен бөлімшелердің негізгі құралдары жатады.

      26. Негізгі құралдар теңгерімін құрастыру технологиялық немесе "таза" салалардағы шаруашылықтарды қайта топтаумен байланысты бірқатар тізбектелген операциялардан тұратынын болжамдайды.

      27. Негізгі құралдардың жағдайы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардан экономиканың "таза" саласының негізгі құралдарының толық көлеміне дейін жете есептеу үшін тиісті қызмет түрі бойынша есепті жылда субъектілердің қосалқы (негізгі емес) қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың бары және қозғалысы бойынша жиынтық қорытынды деректері есептен шығарылады. Алынған деректер қосалқы қызмет түрлерінің тиісті тізбесі түріне жазылады.

      28. Содан кейін "таза" саланың әрбір бөлек экономикалық қызмет түрі бойынша барлық негізгі құралдардың құны негізгі құралдардың негізгі қызмет түрін және негізгі құралдардың қосалқы (негізгі емес) қызмет түрін жинақтау жолымен есептелінеді.

      29. Облыс, қала аумағы бойынша негізгі құралдардың теңгерімі ұқсас сызба бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша теңгерімін құрғаннан кейін алынған деректердің есебі негізінде құрылады.

      30. Есептердің дұрыстығын тексеру үшін алынған нәтижелердің, есепті жылдың басына негізгі құралдардың бар құрылымының және алдыңғы жылдың аяғына негізгі құралдардың бар құрылымының талдауы жүргізіледі.

      31. Негізгі құралдардың көлемін, құрылымын, есепті жыл ішіндегі нақты көлемінің өзгеруін (түсуін, шегерілуін) сипаттау үшін осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген бастапқы құны бойынша негізгі құралдар теңгерімінің сызбасы пайдаланылады.

      32. Теңгерімде жылдың басына және соңына негізгі құралдардың қолда бар болуы, сонымен бірге негізгі құралдарды іске қосу, жою, ақысыз түсімдердің және беру көрсеткіштері, сонымен қатар олардың тозу дәрежесіне қарамастан, басқа себептер бойынша негізгі құралдардың түсімі және есептен шығуы көрсетіледі.

      33. Жұмыс істеу уақытында өзгермейтін негізгі құралдар оның тұтыну құнына қарай қаралады. Теңгерім көрсеткіштерін пайдалану кезінде тозған негізгі құралдардың шығуын енгізумен салыстырылады, бірқатар көрсеткіштерді есептеу үшін қажет болатын, негізгі құралдардың орташа жылдық құны анықталады.

      34. Тозуды шегергендегі құны бойынша негізгі құралдардың теңгерімі негізгі құралдар құнының ұдайы өндірісін сипаттайды және негізгі құралдардың құнында жинақталуын анықтау үшін қолданылады.

      35. Негізгі құралдар теңгерімінің сызбасында келтірілген теңгерімдік құны бойынша көрсеткіштер осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген кестенің деректері негізінде осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген есептермен толтырылады.

      36. Теңгерім бір жағынан негізгі құралдар құнының артуын, ал екінші жағынан өтелімінің өніміне және негізгі құралдардың тозуына өткізу түрінде негізгі құралдар құнының кейбір үлесін жоғалтумен, физикалық шығып қалуына байланысты оның азайғанын білдіреді.

      37. Негізгі құралдар қалдық құнының көбеюінің негізгі көзі жаңа негізгі құралдарды іске қосу және бұрын жұмыс істеп тұрған негізгі құралдардың күрделі жөндеу жұмыстары болып табылады. Негізгі құралдардың құнын төмендететін факторлар негізгі құралдардың тозуы, ескіргендігі салдарынан олардың шығып қалуы және толық тозуы және т.б. болып табылады.

      38. Негізгі құралдардың аяқталған күрделі жөндеу жұмыстары негізгі құралдардың тозуын ішінара қалпына келтіру бойынша осы жылы аяқталған жұмыстардың құнын қамтиды. Күрделі жөндеуге кеткен шығындар негізгі құралдардың тозуын азайтып, олардың қалдық құнын көбейтеді.

      39. Негізгі құралдардың тозуы (өтелім) олардың тозуына қарай негізгі құралдар құнының азайғанын білдіреді. Негізгі құралдардың есептелінген өтелімінің жылдық сомалары өтелімінің қолданыстағы нормаларына сәйкес тікелей кәсіпорындарда анықталады.

      40. Негізгі құралдар теңгерімін құру оның көрсеткіштерін салалық әзірлеуді қамтиды.

      Осы Әдістемеге 3-қосымша және 4-қосымшада келтірілген, экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі құралдарының жылжуы және қолда бары туралы және экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі құралдарының жылжуы және қолда бары туралы теңгерімдік құны бойынша әзірлемелі кестелерде жинақталады және әр қызмет түрі бойынша негізгі қорлар жағдайы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауының жинақтама қорытындысынан негізгі құралдар деректері бойынша және экономикалық қызмет түрлері бойынша таратылады.

      41. Әр қызмет түрі бойынша негізгі қорлардың жағдайы туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың жинақтама қорытындысынан жасақтама кестелеріне жыл үшін есеп тапсырған субъектілер қызметінің негізгі түріне көрсетілген қызметтер, жұмыстар өндірісі, өнімді өндіру үшін пайдаланылатын негізгі құралдардың қозғалысы және бары туралы деректер жазылады. Алынған деректер сәйкес қызмет түрлеріне жазылады.

      42. Негізгі құралдардың теңгерімін әзірлеу барысында келесідей қағидаттар сақталады:

      бастапқы (ағымдағы) құны бойынша негізгі құралдарды қолданысқа енгізу тозуды шегергендегі теңгерімдік құны бойынша негізгі құралдарды қолданысқа енгізуге тең болу керек;

      бастапқы (ағымдағы) құн бойынша деректер сомасын келесідей деректер бойынша соммалармен асып кетуіне жол берілмейді:

      тозуды шегергендегі (өтелім) құны бойынша теңгерімдегі өтеусіз түсімдер және берулер туралы деректер;

      тозуды шегергендегі бастапқы (ағымдағы) құны бойынша теңгерімге берулер және басқа түсімдер туралы деректер;

      тозуды шегергендегі (өтелім) құны бойынша теңгерімдегі жойылған негізгі құралдар туралы деректер;

      есепті жылдың басына теңгерімдегі деректер мен бұрынғы жылдың аяғына теңгеріміндегі деректердің арасындағы айырмашылықтар есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың шеңберін өзгерту кезінде және инфляцияның жылдық деңгейі шегінде жарамды;

      нақты есептелген тозу (өтелім) туралы есепті деректер бастапқы (ағымдағы) құн бойынша теңгерімде және қалдық құны (тозуды шегергенде) бойынша теңгерімде қосымша түзетулерсіз пайдаланылады.

6-тарау. Қосымша дереккөздерден негізгі құралдар теңгерімін жете есептеу

      43. Қосымша дереккөздерден негізгі құралдарды жете есептеу теңгерімдегі негізгі құралдарды толық сипаттау үшін жүзеге асырылады. Негізгі құралдар туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауда тек қана заңды тұлғалар қамтылады. Статистикалық байқаулар жүргізу нәтижесінде алынған есептік деректер өндірілген материалдық активтердің басым көпшілігін қамтиды.

      44. Негізгі құралдардың белгілі бір бөлігі азаматтардың жеке меншігінде болады және негізгі құралдар жөніндегі есептіліктегі осы құралдардың қозғалысы және бары жөніндегі деректер қосылмайды. Жеке тұлғалардың қолданысындағы негізгі құралдарды қосу үшін негізгі құралдар бойынша және статистикалық байқау объектілерінің мүмкін ең жоғары болуы шеңбері бойынша барлық ықтимал статистикалық ақпараттың қосымша дереккөздері пайдаланылады.

      45. Азаматтардың меншігінде болған (жеке тұлғалардың) негізгі құралдардың бары және қозғалысы туралы ақпараттың дереккөздері:

      жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауы;

      жеке қосалқы және фермер немесе фермер қожалықтарында өнімді және жұмыстағы бар малдардың есебі туралы статистикалық деректер болып табылады.

      46. Жеке шаруашылықтар бойынша негізгі құралдардың құрамында жұмыс және өнімді мал, көпжылдық көшеттер және аулалардағы шаруашылық құрылыстары, ал фермерлік немесе шаруа қожалықтары бойынша – жұмыс және өнімді мал, көпжылдық көшеттер, ауыл шаруашылығы техникасы және ауладағы шаруашылық құрылыстары есепке алынады.

      47. Пайдалануға берілген жеке тұрғын үйдің құны жеке құрылыс үйлерінің пайдалануға берілу туралы агрегатталған алғашқы статистикалық деректер негізінде айқындалады.

      48. Негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) құнды есептеу үшін салалық статистиканың келесі деректер қолданылады:

      жұмыс және өнімді малдың ағымдағы құнының есебі (жеке қосалқы және фермерлік немесе шаруашылық қожалықтары) осы Әдістемеге 5-қосымшада келтірілген;

      жеке құрылыс салушылардың пайдалануға берген объектілерінің ағымдағы құнының есебі осы Әдістемеге 6-қосымшада келтірілген.

7-тарау. Азаматтардың (жеке тұлғалардың) меншігіндегі бастапқы құны бойынша негізгі құралдар теңгерімінің кестелерін құрастыру

      49. Теңгерімдік (тозуды шегергенде) құны бойынша азаматтардың (жеке тұлғалардың) меншігінде орналасқан негізгі құралдар теңгерімдерінің кестелерін құрастыру үшін осы Әдістеменің 6-тарауында көрсетілген есептерде пайдаланылады.

      50. Логикалық және арифметикалық бақылау аяқталғаннан кейін азаматтардың меншігіндегі негізгі құралдар теңгерімінің деректері бір ондық белгімен миллион теңгемен жеке меншікте тұрған кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша есепті деректермен бірге "жеке меншік" меншік нысаны бойынша негізгі құралдардың теңгеріміне қосылады, экономикалық қызмет түрлері бойынша теңгерімге мынадай үлгімен:

      1) экономикалық қызмет түрлері бойынша тұрғын үй қоры "Жылжымайтын мүлікпен операциялар" секцияның агрегатын қосады;

      2) негізгі құралдардың түрлері бойынша "тұрғын үй" жолына тұрғын үй қоры, "жұмыс және өнімді мал" жолына – малды қосады.

      51. Азаматтардың меншігіндегі негізгі құралдардың қолда бары және қозғалысының жүйелендірілген есебі бағалау түрінде жүргізіледі.

8-тарау. Негізгі құралдарды жаңарту және шығару (жою) коэффициенттерін есептеу

      52. Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенттерін есептеу келесідей формуламен жүзеге асады:



      мұнда:

      Кжан. - негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті;

      В - тұрақты бағадағы есепті кезеңде негізгі құралдарды қолданысқа енгізу;

      Фк - тұрақты бағадағы есепті кезеңнің соңындағы негізгі құралдар.

      53. Негізгі құралдарды шығару (жою) келесі формула бойынша жүзеге асады:



      мұнда:

      Кжою. - негізгі құралдарды жою коэффициенті;

      Л - тұрақты бағадағы есепті кезеңде негізгі құралдарды жою;

      Фн - тұрақты бағадағы есепті кезеңнің басындағы негізгі құралдар.

9-тарау. Негізгі құралдардың тозу коэффициентін есептеу

      54. Негізгі құралдардың тозу коэффициентін есептеу мына формуламен есептеледі:



      мұнда:

      Киос - негізгі құралдардың тозу коэффициенті;

      А - негізгі құралдарды өтелімі;

      Сп - бастапқы құны бойынша негізгі құралдардың құны.

10-тарау. Негізгі құралдар құнының көбею индекстерін есептеу

      55. Негізгі құралдарды қайта бағалау қолданыстағы нарықтық бағаға сәйкес негізгі құралдардың ескерілетін құнына келтіру.

      56. Негізгі құралдар құнын қайта бағалаудың екі әдісі бар:

      1) индекстеу әдісі;

      2) құжатпен расталған нарықтық бағалар бойынша тікелей жете есептеу әдісі.

      57. Индекстеу әдісі Комитет есептейтін негізгі құралдардың көбею индексін қолдануға негізделген.

      58. Негізгі құралдардың құнын көбейту индексін есептеу екі кезеңнен тұрады:

      бірінші кезеңде негізгі құралдар құнының көбею индекстері арқылы негізгі құралдардың ағымдағы құны анықталады;

      екінші кезеңде негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша олардың құнының көбею индекстерін түзейтін сараланған коэффициенттер анықталады.

      59. Негізгі құралдар құнының көбею индекстерін (қайта бағалау индекстері) есептеу үшін келесі ақпараттық база пайдаланылады:

      Қазақстан Республикасының кәсіпорындар өнеркәсіп өнімі бағасының серпінін көрсететін, экономикалық қызмет түрлері бойынша топтар бөлінісінде әзірлеген, өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индекстері;

      тауарлық экономикалық қызмет түрлері бойынша топтар бөлінісінде өнімнің импорттық түсімдері бағасының индекстері;

      құрылыстағы баға индексі;

      Экономикалық қызмет түрлерінен бөлінісінде Ресей Федерациясының кәсіпорындары дайындаған өнеркәсіп өнімін өндірушілер бағасының индекстері;

      "мал шаруашылығы" және "өсімдік шаруашылығы" топтары бойынша ауыл шаруашылығы өнімі бағасының индекстері;

      негізгі құралдар тобының (кіші топтар) бөлінісінде негізгі құралдар құнының көбею индекстері немесе қайта бағалау индекстері бойынша әзірленетін негізгі құралдар түрлерінің тізбесі.

      60. Өнеркәсіптегі өндірушілердің баға индексі экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес жұмыс істейтін бірліктердегі көрсетілетін қызметтердің, өнімдерді өндіру және сатып алу бағасының өзгерісін көрсетеді.

      61. Өндірістегі баға кәсіпорыннан шыққан кезінен қосылған құн салығын есептеместен, акциздерді, басқа да жанама салықтарды, өткізілген өнім бірлігінің бағасын, өндірушіден сатып алушыға дейінгі өнім қозғалысымен байланысты бағам және транспорттық шығындарды көрсетеді.

      62. Машина жасау өніміне және жабдықтарға Ресей Федерациясы өндіруші кәсіпорындарының баға индекстерін қолдану бірнеше себептермен түсіндіріледі:

      Қазақстан Республикасында өндірілетін отандық жабдықтар негізгі құралдардың шектеулі тізбесінде көрсетілген. Негізгі құралдардың көпшілік түрлері бойынша негізгі құралдар құнының көбею индекстеріне есептеу жүргізу мүмкін емес;

      кәсіпорынның теңгерімінде бар жабдықтар ресейлік өндірістің өнімі болып табылады.

      63. Егер олардың қалыптасуына тауарлық топқа кіретін бірнеше ақпараттық дереккөздер қатысса, негізгі құралдардың топтары және шағын топтары бойынша баға индекстері орташа салмақтанған шама сияқты есептеледі. Бұған орташа арифметикалық жолмен анықталатын Ресей Федерациясы өндірушілерінің баға индекстері қосылмайды. Тиісті тауар тобы бағасының қорытынды индексі орташа арифметикалық шама ретінде барлық ақпараттық дереккөздерден қалыптасады.

      64. Ресей Федерациясының машина жасау өнімінің баға индекстерін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасындағы өндірушілер бағасының жылдық деңгейінің айырмашылығына деңгейлестіргеннен немесе түзеткеннен кейін пайдалану ұсынылады.

      Деңгейлестіру коэффициенті келесі формуламен есептеледі:



      мұнда:

      РФ ӨБИ – Ресей Федерациясының өнеркәсіптік өнімді өндірушілер бағасының индексі;

      ҚР ӨБИ – Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік өнімді өндірушілер бағасының индексі.

      65. Ресей Федерациясы өндіретін өніміне деңгейлестірілген баға индексі мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      РФ индексі – Ресей Федерациясының машина жасау өнімдерінің әрбір түрі бойынша баға индексі;

      К деңгейлес. деңгейлестіру коэффициенті.

      66. Ресей Федерациясының өндірілетін өніміне деңгейлестірген баға индекстері Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін баға индекстеріне қосымша ретінде негізгі құралдардың тиісті шағын тобы бойынша ақпараттық базаға және импортталатын түсімдердің баға индекстеріне қосылады.

      67. Негізгі құралдардың отандық немесе импортталатын өнімге баға индексі бойынша ақпараттық базасы жоқ негізгі құралдарының түрлері бойынша Ресей Федерациясының өндірілетін өнімінің тиісті шағын тобы бойынша деңгейлестірген баға индексі қолданылады.

      68. Егер негізгі құралдардың қандай да бір шағын тобы бойынша өнеркәсіп өнімін отандық өндірушілердің баға индексі, импорттық түсімдердің баға индексі, Ресей Федерациясы өндірушілерінің баға индексі өткен жыл бойынша 100%-дан төмен болса, онда осы шағын топ бойынша бірлігіне тең құнның көбею индексі қолданылады.

      69. Негізгі құралдарды жіктеу өндірілген машина жасау өнімнің түрлеріне үнемі сәйкес келе бермейді. Негізгі құралдардың топтарын қалыптастыру және олар бойынша құнның көбею индекстерін есептеу кезінде ауыспалы кілттерді пайдаланумен осыған ұқсас өнімнің түрлері және бір типті өндірілетін өнімнің барлық баға индекстері пайдаланылады.

      70. Осылайша негізгі құралдардың "ғимарат" шағын тобы үшін Қазақстан Республикасындағы құрылыстағы баға индекстері қолданылады. "Беріліс құрылғылары" және "азаматтық құрылыстың басқа да объектілері (автомагистральдар, көпірлер, тонельдер)" шағын топтары үшін Қазақстан Республикасында құрылыс-монтаж жұмыстарының баға индекстері қолданылады. Көп жылдық екпеағаштар, жұмысшы және өнім малы бойынша есептеулер үшін тиісті ауыл шаруашылығы өнімінің баға индекстері қолданылады.

      71. Негізгі құралдарды қайта бағалау үшін қолданылатын баға индекстерінің тізбесі осы Әдістемеге 7-қосымшада келтірілген.

11-тарау. Негізгі құралдар құнының көбею индекстерін түзету

      72. Негізгі құралдардың қазіргі өндірілетін түрлерінің бағаларынан негізгі құралдардың пайдалануында (өткен жылдарда сатып алынған және салынғандарды қоса) барлық бар бағаларға өту үшін бастапқы индекстерді негізгі құралдардың қызмет мерзіміне және тозу дәрежесіне қарай түзетіледі.

      73. Түзету үшін негізгі құралдардың тозу дәрежесі туралы бар жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері негізінде және сараптамалық жолмен анықталатын сараланған түзету коэффициенттері қолданылады.

      74. Негізгі құралдар тозу дәрежесіне қарай 5 топқа бөлінеді:

      1) 30%-дан төмен

      2) 30%-дан 50%-ға дейін

      3) 51%-дан 64%-ға дейін

      4) 65%-дан 79%-ға дейін

      5) 80%-дан және одан жоғары.

      75. Бөлінген топтың соңғы төртеуіне тозудың орташа пайызы анықталады, бұл тиісінше 40%, 50%, 75%, 85%-ға тең және әрбір топ үшін тозу коэффициенті анықталады: 0,40; 0,50; 0,75; 0,85.

      76. Тозу коэффициенті сараланған түзету коэффициентінің кері шамасы болып табылады. Тозу дәрежелері әртүрлі, негізгі құралдардың бөлінген топтарына арналған сараланған түзету коэффициенттері тиісінше 0,60; 0,50; 0,25; 0,15 тең болады.

      77. Негізгі құралдар құнының есептелген көбею индекстері негізгі құралдардың нақты түрлеріне баға индекстерінің әрбір тобы бойынша бар барлық орташа арифметикалық шама сияқты өндірілетін негізгі құралдарға арналған қайта бағалау индекстері болып табылады және олар бірінші топтың негізгі құралдарының индексациясы үшін өзгереді – тозу дәрежесі бойынша жоғарыда бөлінген бестен тозу дәрежесі 30%-ға дейін - негізгі құралдар.

      78. Қалған төрт топ бойынша қайта бағалау индекстері негізгі құралдардың әрбір түрі құнының бастапқы көбею индексінен туынды болып табылады және тозу бойынша осы топқа сәйкес түзету коэффициентін негізгі құралдардың әрбір түрі құнының көбею индексінің өспелі бөлігіне көбейту арқылы анықталады.

      79. Қайта есептеу үшін бағалардың өзгеруін сипаттайтын шама ретінде негізгі құралдар құнының көбею индексінің өспелі бөлігі қолданылады, аталған шамаларды көбейткеннен кейін нәтижеге бір қосылады.

      80. Негізгі құралдардың көбею құнының индекстері осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес әзірленеді және жарияланады.

  Негізгі құралдардың теңгерімін
құрастыру және оның
көрсеткіштерін есептеу
әдістемесіне 1-қосымша

Бастапқы құны бойынша негізгі құралдар теңгерімінің сызбасы

      ағымдағы бағамен, миллион теңге


Жыл басына негізгі құралдардың қолда бары

Есепті жылы түскені

Есепті жылы шығуы

Жыл соңына негізгі құралдардың қолда бары

барлығы

соның ішінде:

барлығы

соның ішінде:

негізгі құралдардың іске қосылғаны

басқа себептер бойынша

есептен шығарылған негізгі құралдар

басқа себептер бойынша

A

1

2

3

4

5

6

7

8

Негізгі құралдардың барлығы









соның ішінде негізгі құралдардың түрлері бойынша

есептік деректер

2-баған = 3, 4-бағандар ;

есептік деректер

Есептік деректер

5-баған = 6, 7-бағандар ;

есептік деректер

Есептік деректер

8-баған = 1 баған + 2-баған – 5-баған.

  Негізгі құралдардың теңгерімін
құрастыру және оның
көрсеткіштерін есептеу
әдістемесіне 2-қосымша

Теңгерімдік құн бойынша негізгі құралдар теңгерімінің сызбасы ағымдағы бағамен, миллион теңге

      ағымдағы бағамен, миллион теңге


Жыл басына негізгі құралдардың қолда бары

Есепті жылы түскені

Есепті жылы шығуы

Жыл соңына негізгі құралдардың қолда бары

барлығы

соның ішінде:

барлығы

соның ішінде:

негізгі құралдардың іске қосылғаны

басқа себептер бойынша

негізгі құралдардың өтелімі

негізгі құралдардың қалдық құны

басқа себептер бойынша

А

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Негізгі құралдардың барлығы










соның ішінде негізгі құралдардың түрлері бойынша

2-баған = 9-баған + 5-баған – 2-баған.

2-баған = 3,4-бағандардан;
 

1-Қосымша 3 бағаннан

4-баған = 4-баған 1-кесте – 4-баған 1-қосымша х тозу дәрежесіне (%)

5-баған = 6, 7, 8-бағандардан ;
 

6-баған – әрбір қызмет түрінің негізгі құралдарының жылдық тозуының шамасы туралы есептік деректердің негізінде толтырылады (есептік
деректер)
 

7-баған = стоимость списанных основных средств (есептік
деректер) – амортизация по списанным основным средствам (есептік
деректер) + недоамортизированная стоимость ликвидированных основных средств (есептік
деректер)

8-баған = 7-баған 1-қосымшаның кестесі - 7-баған 1-қосымша 1-кестесі х тозу дәрежесіне (пайызбен);

9-баған қалдық құны бойынша жыл аяғында негізгі құралдардың бары туралы есептік деректер бойынша толтырылады; (есептік
деректер)
 

  Негізгі құралдардың теңгерімін
құрастыру және оның
көрсеткіштерін есептеу
әдістемесіне 3-қосымша

Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі құралдарының жылжуы және қолда бары туралы әзірлемелі кесте


Жолдар коды

Жыл басына негізгі-құралдардың қолда бары

Есепті жылы түскені

Есепті жылы шығуы

Жыл соңына негізгі-құралдардың қолда бары

барлығы

соның ішінде:

барлығы

соның ішінде:

негізгі құралдардың іске қосылғаны

басқа себептер бойынша

есептен шығарылған негізгі-құралдар

басқа себептер бойынша

A

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

Экономикалық қызмет түрлері бойынша барлық негізгі құралдар:


Әрбір баған бойынша:

Әрбір жол бойынша:

оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша:

1

1=2+3

1 баған+2 баған-5 баған=8 баған

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

A.1

A=A.2+A.3

2 баған =3 баған +4 баған

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

B.1

B=B.2+B.3

5 баған =6 баған +7 баған

Өңдеу өнеркәсібі

C.1

C=C.2+C.3


Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

D.1

D=D.2+D.3


Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

E.1

E=E.2+E.3


Құрылыс

F.1

F=F.2+F.3


Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

G.1

G=G.2+G.3


Көлік және қоймалау

H.1

H=H.2+H.3


Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

I.1

I=I.2+I.3


Ақпарат және байланыс

J.1

J=J.2+J.3


Қаржы және сақтандыру қызметі

K.1

K=K.2+K.3


Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

L.1

L=L.2+L.3


Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

M.1

M=M.2+M.3


Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

N.1

N=N.2+N.3


Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

O.1

O=O.2+O.3


Білім беру

P.1

P=P.2+P.3


Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

Q.1

Q=Q.2+Q.3


Өнер, ойын-сауық және демалыс

R.1

R= R.2 +R.3


Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

S.1

S= S.2+ S.3


Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі қызмет түрінің негізгі құралдары:

2



оның ішінде:



Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

A.2



Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

B.2



Өңдеу өнеркәсібі

C.2



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

D.2



Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

E.2



Құрылыс

F.2



Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

G.2



Көлік және қоймалау

H.2



Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

I.2



Ақпарат және байланыс

J.2



Қаржы және сақтандыру қызметі

K.2



Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

L.2



Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

M.2



Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

N.2



Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

O.2



Білім беру

P.2



Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

Q.2



Өнер, ойын-сауық және демалыс

R.2



Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

S.2



Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі емес (қосалқы) қызмет түрінің негізгі құралдары:

3



оның ішінде:



Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

A.3



Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

B.3


Өңдеу өнеркәсібі

C.3



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

D.3



Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

E.3



Құрылыс

F.3



Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

G.3



Көлік және қоймалау

H.3



Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

I.3



Ақпарат және байланыс

J.3



Қаржы және сақтандыру қызметі

K.3



Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

L.3



Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

M.3



Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

N.3



Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

O.3



Білім беру

P.3



Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

Q.3



Өнер, ойын-сауық және демалыс

R.3



Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

S.3



  Негізгі құралдардың теңгерімін
құрастыру және оның
көрсеткіштерін есептеу
әдістемесіне 4-қосымша

Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі құралдарының жылжуы және қолда бары туралы теңгерімдік құны бойынша әзірлемелі кесте


Жолдар коды

Жыл басына негізгі-құралдардың қолда бары

Есепті жылы түскені

Есепті жылы шығуы

Жыл соңына негізгі-құралдардың қолда бары

барлығы

соның ішінде:

барлығы

соның ішінде:

негізгі-құралдар-дың іске қосылғаны

басқа себептер бойынша

есептен шығарылған негізгі-құралдар

басқа себептер бойынша

A

Б

1

2

3

4

5

6

7

8

Экономикалық қызмет түрлері бойынша барлық негізгі құралдары:
Әрбір баған бойынша: Әрбір жол бойынша:

оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша:

1

1=2+3

1 баған+2 баған-5 баған=8 баған

Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

A.1

A=A.2+A.4

2 баған =3 баған +4 баған

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

B.1

B=B.2+B.4

5 баған =6 баған +7 баған

Өңдеу өнеркәсібі

C.1

C=C.2+C.4


Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

D.1

D=D.2+D.4


Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

E.1

E=E.2+E.4


Құрылыс

F.1

F=F.2+F.4


Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

G.1

G=G.2+G.4


Көлік және қоймалау

H.1

H=H.2+H.4


Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

I.1

I=I.2+I.4


Ақпарат және байланыс

J.1

J=J.2+J.4


Қаржы және сақтандыру қызметі

K.1

K=K.2+K.4


Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

L.1

L=L.2+L.4


Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

M.1

M=M.2+M.4


Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

N.1

N=N.2+N.4


Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

O.1

O=O.2+O.4


Білім беру

P.1

P=P.2+P.4


Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

Q.1

Q=Q.2+Q.3


Өнер, ойын-сауық және демалыс

R.1

R= R.2+ R.3


Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

S.1

S= S.2+ S.3


Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі қызмет түрінің негізгі құралдары: 2

оның ішінде:



Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

A.2



Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

B.2



Өңдеу өнеркәсібі

C.2



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

D.2



Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

E.2



Құрылыс

F.2



Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

G.2



Көлік және қоймалау

H.2



Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

I.2



Ақпарат және байланыс

J.2



Қаржы және сақтандыру қызметі

K.2



Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

L.2



Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

M.2



Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

N.2



Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

O.2



Білім беру

P.2



Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

Q.2



Өнер, ойын-сауық және демалыс

R.2



Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

S.2



Экономикалық қызмет түрлері бойынша негізгі емес (қосалқы) қызмет түрінің негізгі құралдары: 3

оның ішінде:



Ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы

A.3



Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

B.3



Өңдеу өнеркәсібі

C.3



Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

D.3



Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

E.3



Құрылыс

F.3



Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу

G.3



Көлік және қоймалау

H.3



Тұру және тамақтану бойынша қызметтер

I.3



Ақпарат және байланыс

J.3



Қаржы және сақтандыру қызметі

K.3



Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

L.3



Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

M.3



Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

N.3



Мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету

O.3



Білім беру

P.3



Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

Q.3



Өнер, ойын-сауық және демалыс

R.3



Өзге де қызметтер түрлерін ұсыну

S.3



  Негізгі құралдардың теңгерімін
құрастыру және оның
көрсеткіштерін есептеу
әдістемесіне 5-қосымша

Жұмысшы өнімді малдың қолда бары қозғалысын есептеу (жеке қолдағы және фермер немесе шаруа қожалықтарында)


Жолдар
коды

Жыл басына негізгі-құралдардың қолда бары

Есепті жылы түскені

Есепті жылы шығуы

Жыл соңына негізгі-құралдардың қолда бары

барлығы

соның ішінде:

барлығы

соның ішінде:

негізгі-құралдар-дың іске қосылғаны

басқа себептер бойынша

есептен шығарылған негізгі-құралдар

басқа себептер бойынша

A

Б

1

2

3

4

5

6

7

8


Қазақстан Республикасы

Барлық жолдар бойынша:

Ақмола

2 баған = 3 баған + 4 баған

Ақтөбе

5 баған = 6 баған + 7 баған

Алматы

8 баған = 1 баған + 2 баған –5 баған

Атырау


Батыс Қазақстан


Жамбыл


Қарағанды


Қостанай


Қызылорда


Маңғыстау


Оңтүстік Қазақстан


Павлодар


Солтүстік Қазақстан


Шығыс Қазақстан


Астана қаласы


Алматы қаласы


  Негізгі құралдардың теңгерімін
құрастыру және оның
көрсеткіштерін есептеу
әдістемесіне 6-қосымша

Жеке құрылыс салушылардың пайдалануға берген объектілерінің ағымдағы құнын есептеу


Жолдар коды

Жыл басына негізгі-құралдардың қолда бары

Есепті жылы түскені

Есепті жылы шығуы

Жыл соңына негізгі-құралдардың қолда бары

барлығы

соның ішінде:

барлығы

соның ішінде:

негізгі-құралдар-дың іске қосылғаны

басқа себептер бойынша

есептен шығарылған негізгі-құралдар

басқа себептер бойынша

A

Б

1

2

3

4

5

6

7

8


Қазақстан Республикасы

Барлық жолдар бойынша:

Ақмола

2 баған = 3 баған + 4 баған

Ақтөбе

5 баған = 6 баған + 7 баған

Алматы

8 баған = 1 баған + 2 баған –5 баған

Атырау


Батыс Қазақстан


Жамбыл


Қарағанды


Қостанай


Қызылорда


Маңғыстау


Оңтүстік Қазақстан


Павлодар


Солтүстік Қазақстан


Шығыс Қазақстан


Астана қаласы


Алматы қаласы


  Негізгі құралдардың теңгерімін
құрастыру және оның
көрсеткіштерін есептеу
әдістемесіне 7-қосымша

Негізгі құралдарды қайта бағалау үшін қолданылатын баға индекстерінің тізімі

Негізгі қорлар топтарының (шағын топтарының) № №

Негізгі құралдар топтарының (шағын топтардың) атауы

Қазақстан Республикасының

Ресей Федерациясының

Қазақстан Республикасына өнімнің импорттық жеткізілімдері бағасының индекстері

Өнеркәсіптік өнімді өндіруші
кәсіпорындардың баға индекстері



ӨӨСЖ бойынша өнім коды

баға индексі

ӨСЖ бойынша өнім коды

Баға индексі

ЭҚТТН бойынша өнім коды

баға индексі

I

Ғимараттар


Құрылыстағы баға индекстері





II

Имараттар

Х

Х

Х

Х

Х

Х

II.1

Беріліс құрылғылары


ҚМЖ бағасының индексі





II.2

Азаматтық құрылыстың басқа да объектілері (автомагистральдар, көпірлер, тоннельдер және т.б.)


ҚМЖ бағасының индексі





III

Машиналар мен
жабдықтар

Х

Х

Х

Х

Х

Х

III.1

Көлік құралдары мен жабдықтары

Х

Х

Х

Х

Х

Х

III.1.1

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер


V


V


V

III.1.2

Автомобиль шанақтары; тіркемелер және жартылай тіркемелер




V


V


V

орташа

V

III.1.3

Темір жол локомотивтер, моторлы трамвай вагондары және жылжымалы құрам


V


V


V


V

орташа

V

III.1.4

Әуеге ұшу аппараттары және ғарыштық ұшу аппараттары




V



III.1.5

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік жабдығы


V


V


V


V

орташа

V

III.2

Өзге де машиналар мен жабдықтар

Х

Х

Х

Х

Х

Х

III.2.1

Турбиналар


V


V


V

III.2.2

Сорғылар мен сығымдағыштар


V


V


V

III.2.3

Жалпы мақсатқа арналған жабдықтар

Х

Х

Х

Х

Х

Х

III.2.3.1

Пештер мен пеш шілтерлері




V


V

III.2.3.2

Көтергіш-көлік жабдықтары


V


V


V


V

орташа

V

III.2.3.3

Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдықтары


V


V


V


V

орташа

V

III.2.3.4

Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де жалпы пайдаланылатын жабдықтар


V


V


V


V

орташа

V

III.2.4

Ауыл және орман шаруашылығының машиналары


V


V


V


V

орташа

V

III.2.5

Станоктар


V


V



III.2.6

Өзге де арнайы мақсаттағы жабдық

Х

Х

Х

Х

Х

Х

III.2.6.1

Металлургияға арналған машиналар


V


V


V


V

орташа

V

III.2.6.2

Кен өндіру өнеркәсібіне, кен орындарын дайындауға және құрылысқа арналған машиналар


V


V


V


V


V




V

орташа

V

орташа

V

III.2.6.3

Тағам өнімдерін, сусындарды және темекі өнімдерін өңдеуге арналған жабдық


V


V


V

III.2.6.4

Тоқыма, тігін және былғары өнеркәсібіне арналған жабдық




V


V

III.2.6.5

Қағаз бен қатырма қағазды өндіруге арналған жабдық




V


V

III.2.6.6

Өзге де арнайы мақсаттағы жабдық


V


V


V



V

орташа

орташа

V

III.2.8

Басқа топтамаларға енгізілмеген, тұрмыстық аспаптар

Х

Х

Х

Х

Х

Х

III.2.8.1

Тұрмыстық электрлік аспаптар


V


V


V


V


V







орташа

V

III.2.8.2

Тұрмыстық электрлік емес аспаптар


V


V



III.2.9

Кеңсе жабдықтары мен есептеуіш техникалары (компьютерлер)




V


V



V

орташа

орташа

V

III.2.10

Басқа топтамаларға енгізілмеген жабдық, аспап

Х

Х

Х

Х

Х

Х

III.2.10.1

Электр қозғалтқыштар, генераторлар, трансформаторлар


V


V


V


V

орташа

V

III.2.10.2

Электр бөлуші және реттеуші аппаратура


V


V


V


V

орташа

V

III.2.10.3

Коаксиальды кабельдер және коаксиальды электр тогын өткізгіштер


V


V


V

III.2.10.4

Аккумуляторлар, бастапқы элементтер және бастапқы элементтердің батареялары




V


V

III.2.10.5

Басқа да электр жабдықтары


V


V


V


V

орташа

V

III.2.11

Радио, теледидар және байланыс үшін жабдық және аспап


V


V


V


V


V


V

орташа

V

III.2.12

Медициналық жабдықтар мен аспаптар, оптикалық және нақты аспаптар, сағат


V


V



III.2.13

Орталықтан жылытудың су қазандықтарынан басқа бу генераторлары




V


V

IV

Өзге де негізгі құралдар

Х

Х

Х

Х

Х

Х

IV.1

Жиһаз


V


V


V


V

орташа

V

IV.2

Басқа топтамаларға енгізілмеген өнеркәсіптік өзге де бұйымдар (құрал, сайман)


V


V




V

орташа

V





V

Биологиялық активтер

Х

Х

Х

Х

Х

Х

V.1

Жасамыс жұмысшы және өнім малы


ауылшаруашылық өнімге сәйкес баға индекстері





V.2

Көпжылдық екпеағаштар


ауылшаруашылық өнімге сәйкес баға индекстері





  Негізгі құралдардың теңгерімін
құрастыру және оның
көрсеткіштерін есептеу
әдістемесіне 8-қосымша

Негізгі құралдар құнының көбею индексі

Негізгі құралдар топтарының (шағын топтарының) № №

Негізгі құралдар топтарының (шағын топтарының) атауы

Тозу дәрежесімен негізгі құралдар құнының көбею индекстері

30%-дан төмен

31-50%

51-64%

65-79%

80%-дан жоғары









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады