"Құрылыс" саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымын анықтау бойынша әдістемені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 310 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 20 қаңтарда № 14709 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Құрылыс" саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымын анықтау бойынша әдістеме бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде ресми жариялану және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлтттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 310 бұйрығымен бекітілді

"Құрылыс" саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымын анықтау бойынша әдістеме 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Құрылыс" саласы бойынша өнімнің жалпы шығарылымын анықтау бойынша әдістеме (бұдан әрі - Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар шеңберінде жасырын және бейресми қызметтерді есепке алумен құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібін анықтайды.

      3. Әдіснамалық негіз ретінде 2008 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі және Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының бақыланбайтын экономиканы өлшеу бойынша ұсынымдары алынады.

      4. Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің қызметкерлері "Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымы" статистикалық көрсеткішін қалыптастыру кезінде қолданады.

      5. Осы Әдістемеде келесі негізгі анықтамалар пайдаланылады:

      1) бақыланбайтын экономикаға – ұлттық шоттарды құрастыру үшін пайдаланылатын негізгі дереккөздерден ақпаратты жинау кезінде қамтылмауы мүмкін өндірістік қызмет түрлері жатады;

      2) ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу – ғимараттың (құрылыстың) кейбір бөліктерін немесе тұтас конструкцияларды, бөлшектерді немесе инженерлік-техникалық жабдықтың физикалық тозуына және бұзылуына байланысты қайта қалпына келтіру және ұзақ қызмет ететін, үнемді, олардың пайдалану көрсеткіштерін жақсартатындарға ауыстыру бойынша жұмыстар;

      3) жалпы шығарылым – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шығарылымы есепті кезеңдегі ұлттық экономиканың бірлік-резиденттерінің өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жиынтық құнын көрсетеді;

2-тарау. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі

      6. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымына ұйымдар жүргізетін ғимараттар мен имараттардың құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстарының құны, сонымен қатар жеке құрылыс салушылар, үй шаруашылықтары орындаған құрылыс жұмыстарының құны кіреді.

      7. Құрылыс саласының шығарылымы жасырын және бейресми қызметтерді есепке алумен жаңа құрылыстың құрылыс-монтаж жұмыстарының, ғимараттар мен имараттардың күрделі және ағымдағы жөндеулерінің көлемінен тұрады.

      8. Құрылыс және инвестиция салалары бойынша айлық, тоқсандық және жылдық кезеңділіктегі статистикалық байқаулардың нысандары, дара кәсіпкерлер және үй шаруашылықтары бойынша статистикалық іріктеме байқаулар жүргізілетін есептеулердің ақпараттық базасы болып табылады.

      9. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу тәртібі келесі кезеңдерден тұрады:

      1) ресми экономиканың құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау;

      2) жасырын және бейресми экономиканы есепке алумен, құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау.

1-параграф. Ресми экономиканың құрылыс жұмыстарының көлемін анықтау

      10. Жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі шаруашылық субъектілері және жеке құрылысшылар жүргізетін құрылыс-монтаж жұмыстарына салынған инвестициялар, сонымен қатар объектілерді салумен байланысты өзге де шығындар көлемдерін қосу арқылы анықталады.

      Жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      vnov - жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі;

      vsmrP - ірі, орта және шағын кәсіпорындар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына кеткен шығындар;

      vsmrIS - жеке құрылысшылардың құрылыс-монтаж жұмыстарына кеткен шығындар;

      vp – объектіні салуға байланысты өзге де шығындар.

      11. Ірі, орта және шағын кәсіпорындар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына кеткен шығындар туралы статистикалық ақпарат ай сайынғы негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар негізінде қалыптастырылады.

      12. Жеке құрылыс салушылардың құрылыс-монтаж жұмыстарына кетірген шығындары бойынша статистикалық деректер жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.

      13. "Объектіні салуға байланысты өзге де шығындар" көрсеткіші бойынша деректер жыл сайын инвестициялық қызметтер туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауы негізінде қалыптастырылады. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу кезінде пайдаланылатын өзге де шығындардың жалпы көлемінен жобалық іздестіру жұмыстарына кеткен шығындар және банкке төленген кредит пайыздары алынып тасталады.

      Ай сайынғы құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу кезінде объектіні салуға байланысты өзге де шығындардың жылдық көлемінен 1/12 бөлігі пайдаланылады.

      14. Ғимараттар мен имараттарды жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі шаруашылық субъектілері жүргізетін ғимараттар мен имараттарды күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс көлемі, сонымен қатар тұрғын үй-жайларды күту және жөндеу үшін және үй шаруашылықтары орындаған құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстары және қызметтер көлемі үй шаруашылықтарының құрылыс материалдарына жұмсаған шығындарын қосу арқылы қалыптастырылады.

      Ғимараттар мен имараттарды күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      vrem - ғимараттар мен имараттарды күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі;

      vkP – ірі, орта және шағын кәсіпорындар бойынша ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі;

      vtKR - ірі және орта мердігерлік ұйымдармен орындалған ғимараттар мен имараттарды ағымдағы жөндеу бойынша көлемі;

      vtM - шағын мердігерлік ұйымдармен орындалған ғимараттар мен имараттарды ағымдағы жөндеу бойынша көлемі;

      vrDom – үй шаруашылықтарымен орындалған құрылыс-жөндеу жұмыстарының құрылыс қызметтері көлемі.

      VmDom –тұрғын жайларды күту және жөндеу үшін үй шаруашылықтарының материалдарға жұмсалған шығындары.

      15. Ірі, орта және шағын кәсіпорындар бойынша ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі туралы статистикалық ақпарат айлық кезеңділіктегі негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.

      16. Ірі және орта кәсіпорындар істеген ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі туралы статистикалық ақпарат айлық кезеңділіктегі орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.

      17. Шағын кәсіпорындар істеген ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі туралы статистикалық ақпарат тоқсандық кезеңділіктегі орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады. Шағын кәсіпорындар бойынша ай сайынғы ақпараттың болмауынан құрылыс жұмыстарының тоқсандық көлемін алғанға дейін шағын кәсіпорындардың аралық көлеміне жете есептеу жүргізіледі.

      18. Құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер), жөндеу-құрылыс жұмыстары және тұрғын үй-жайларды жөндеу және қызмет көрсетуге арналған материалдарға кеткен шығындар көрсеткіштері бойынша ақпарат көзі үй шаруашылықтарының табыстары мен шығыстары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың тоқсан сайынғы сұрақнамасы болып табылады.

      19. Дара кәсіпкерлердің өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтері көлемінің статистикалық деректері негізгі экономикалық қызмет түрі "Құрылысқа" сәйкес дара кәсіпкердің қызметі туралы жылдық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.

      Ай сайынғы құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын есептеу кезінде жылдық көлемінен 1/12 бөлігі пайдаланылады.

      20. Ірі және орта кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру бойынша статистикалық деректер айлық кезеңділіктегі орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.

      21. Шағын кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру бойынша статистикалық деректер шағын кәсіпорындар бойынша тоқсандық кезеңділіктегі орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.

      22. Дара кәсіпкерлер бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру бойынша статистикалық деректер "Құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру" экономикалық қызмет кодына сәйкес дара кәсіпкердің қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.

      Кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру келесі формула бойынша есептеледі:

      


      мұндағы:

      varendaP - кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру;

      varendaКP – ірі және орта кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру;

      varendaМ - шағын кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру.

      23. Ресми экономиканың орындалған құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтер) көлемі келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      vf - ресми экономиканың құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) көлемі;

      vnov - жаңа құрылыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі;

      vrem - ғимараттар мен имараттарды жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі;

      vIP - дара кәсіпкердің өндірген өнімі мен көрсеткен қызметтерінің көлемі;

      varendaP - кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру;

      varendaIP - дара кәсіпкерлер бойынша құрылыс машиналары мен жабдығын операторымен жалға беру.

      Ресми экономика бойынша құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу алгоритмі осы Әдістемеге 1-қосымшада келтірілген.

2-параграф. Құрылыс саласы бойынша жасырын және бейресми қызметтер көлемін анықтау

      24. Жалпы шығарылым көлемін бағалауға шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресми және бақыланбайтын қызметтерінің барлық түрлері кіреді. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымына барлық жете есептеу мен түзетулерді жинақтап көрсету кезінде жасырын және бейресми қызметке жете есептеу жүргізіледі.

      Құрылыс бөлігінде жасырын және бейресми қызметке:

      1) статистикалық органдарға деректер ұсынбайтын жеке тұлғалар саяжай және бақ учаскелерінде салған саяжай үйлері және басқа да есік алды құрылыстары, гараж және басқа да объектілер;

      2) объектілерді салу және жөндеумен айналысатын бірлеспеген кәсіпорындардың қызметі (заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмеген және құрылыс қызметіне лицензия алмаған, құрылысшылардың уақытша бригадалары);

      3) салық төлеуден жалтару мақсатында құрылыс ұйымдарының орындалған көлемдер туралы деректерді төмендету жатады.

      25. Жасырын және бейресми қызметтерді есепке алумен құрылыстағы мердігерлік жұмыстардың көлемін анықтау кезінде теңгерімдік әдіс пайдаланылады. Аталған әдіс зерттелетін құбылысты (кірістер мен шығыстар, ресурстар және оларды пайдалану) сипаттайтын өзара байланысқан көрсеткіштерді әртүрлі көзқараспен салғастыруға негізделген. Инвестициялық ресурстар негізінде құрылыстағы мердігерлік жұмыс көлемі анықталады және статистикалық байқау деректерімен салыстырылады. Алынған айырма жасырын және бейресми қызметтің шамасын сипаттайды.

      Инвестициялық ресурс астарында құрылыс-монтаж, жөндеу жұмыстары кезінде пайдаланылатын құрылыс және басқа да материалдар, сонымен қатар машина жасау өнімдері ұғынылады.

      26. Жасырын және бейресми қызметтің параметрлерін есепке алумен құрылыстағы мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау кезінде келесі кезеңдер бөлініп көрсетіледі:

      1) құрылыстағы мердігерлік жұмыстардың болуы мүмкін (бағалау) көлемін анықтау;

      2) ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша құрылыстағы мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау;

      3) шағын кәсіпорындар мен ұйымдар орындаған құрылыстағы мердігерлік жұмыстар көлемін анықтау;

      4) жасырын және бейресми құрылыс қызметінің параметрлерін мердігерлік жұмыстардың болуы мүмкін көлемдерін статистикалық байқаулардың сәйкес деректерімен салыстыру және оларды өңірлер бойынша тарату жолымен анықтау.

      27. Құрылыс саласы бойынша жасырын қызмет көлемін анықтау инвестициялық ресурстар негізінде жүзеге асырылады.

      28. Құрылыстық, монтаж жұмыстарына арналған инвестициялық (материалдық) ресурстар шамасы келесі формула бойынша есептеледі (ғимараттар мен имараттарды жөндеуді қоса):



      мұндағы:

      R - инвестициялық ресурстардың құны;

      Р - ішкі салалық айналымсыз құрылыс материалдары өнеркәсібінің өнімдерін өндіру (бейресми экономиканы есепке алғанда);

      С - құрылыс материалдары бойынша сыртқы сауда айырмасы (белгілі кезең iшiндегі елдiң экспорты мен импортының құны арасындағы арақатынас);

      

- өндірушілерде және саудада тауар запастарының өзгеруі;

      K1 – құрылыс материалдарының сауда және көлік үстеме бағалардың құрылыс материалдарының сатып алушы бағасындағы ресурсына қатынасы;

      dn - құрылыс материалдарын жалпы аралық тұтынудағы "құрылыс" саласының құрылыс материалдарын аралық тұтыну үлесі;

      d - құрылыс саласының жалпы аралық шығын көлеміндегі құрылыс материалдарын аралық тұтыну үлесі.

      29. Орындалған құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі келесі формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      Vо - орындалған құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі;

      Rs - құрылыс-монтаж және жөндеу жұмыстарына арналған инвестициялық (материалдық) ресурстардың құны;

      dmater - құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының жалпы көлеміндегі материалдар құнының үлес салмағы;

      dh – өз қажеттілігі үшін орындалатын жұмыстардың үлес салмағы.

      30. Жасырын қызметке жете есептеу көлемі мердігерлік жұмыс көлемін бағалау және шағын кәсіпорындарды есепке алумен статистикалық байқаулар нысандарының деректері айырмасы ретінде келесі формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      Ds - жасырын қызметке жете есептеу көлемі;

      Vо - орындалған құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының бағалау көлемі;

      Vc - орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі.

      31. Жасырын және бейресми құрылыс қызметінің шамасы өңірлер, мердігерлік ұйымдар есептілігіндегі орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі туралы деректерді тапсырма берушiнiң есептілігіндегі ұқсас деректерден төмендетудің пропорционалды мөлшері бойынша бөлінеді, келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Dқ - өңірлік деңгейдегі жасырын және бейресми қызметке жете есептеу шамасы;

      р - республикалық деңгейдегі жасырын және бейресми қызметке жете есептеу шамасы;

      Зsө - өңірлік деңгейде тапсырыс берушінің есептілігіндегі ұқсас деректерден мердігерлік ұйымдар есептілігіндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін төмендету шамасы;

      Зsқр - республикалық деңгейде тапсырыс берушінің есептілігіндегі ұқсас деректерден мердігерлік ұйымдар есептілігіндегі құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін төмендету шамасы.

      32. Алынған нәтижелердің объективтілігін бағалау кезінде шығындар үлесінің серпіні мердігерлік жұмыстар көлеміндегі элементтер және баптар бойынша бақыланып отырады, құрылыс салушылар және орындалған мердігерлік жұмыстар көлемдері салыстырылады.

      33. Бейресми қызметтің көлемі:

      1) халық салған жеке тұрғын үйлер құрылысына жете есептеу көлемінен қалыптастырылады;

      2) халық салған саяжай үйлері мен гараждар құрылысына жете есептеу көлемінен.

      34. Халық салған жеке тұрғын үй құрылысына жете есептеу көлемін анықтау үшін рұқсат беру құжаттары бойынша әкімшілік деректер және жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы статистикалық деректер пайдаланылады.

      Халық салған жеке тұрғын үй құрылысына жете есептеу көлемін анықтау бірнеше кезеңнен тұрады:

      1) жеке құрылыс салушылардың үй құрылысы үдерісінің орташа ұзақтығы рұқсат беру құжаттары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы жартыжылдық сауалнаманың статистикалық деректері негізінде анықталады;

      2) ұрғын үйлердың жалпы алаңын айдың орташа ұзақтығына бөлу арқылы тұрғын үйлердың бір айдағы орташа жалпы алаңы анықталады;

      3) тұрғын үйлердың бір айдағы орташа жалпы алаңы жеке құрылыс салушылар тұрғызған тұрғын үйлердің бір шаршы метрінің құрылысына жұмсалған орташа нақты шығындарына көбейтіледі.

      Халық салған жеке тұрғын үйлер құрылысына жете есептеудің бағалау көлемі келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      nis - халық салған жеке тұрғын үйлер құрылысына жете есептеудің көлемі;

      S – жеке құрылыс салушылардың ұсынған рұқсат беру құжаттары бойынша тұрғын ғимараттарының жалпы алаңы, шаршы метр;

      15 - құрылыс үдерісінің орташа ұзақтығы;

      Ps - бір шаршы метр құрылысына кеткен орташа нақты шығындар.

      35. Халық салған саяжай үйлері мен гараждар құрылысына жете есептеу көлемі жыл сайынғы жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы статистикалық байқау негізінде қалыптастырылады.

      Есептеу пайдалануға берілген уақытша тұруға арналған саяжайлар, автомобильдерге арналған гараждар және халық салған жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы және нақты құны бойынша соңғы үш жылдағы орташаланған серпінділік қатарлары деректеріне негізделген.

      Үлес салмағы әр жыл бойынша жеке уақытша тұруға арналған саяжайлар және автомобильдерге арналған гараждардың жалпы алаңының жеке құрылыс салушылар салған тұрғын үйлердің жалпы алаңына қатынасы арқылы келесі формула бойынша есептеледі:

      


      мұндағы:

      qd1,2,3 - халық салған саяжай үйлер және гараждар құрылысына жете есептеудің үлес салмағы;

      Sd - уақытша тұруға арналған саяжайлардың жалпы алаңы, шаршы метр;

      Sg - автомобильдерге арналған гараждардың жалпы алаңы, шаршы метр;

      Sin - жеке тұрғын үйлердің жалпы алаңы, шаршы метр.

      Соңғы кезеңде орташа үлес салмағы есептеледі:



      мұндағы:

      qsr - халық салған саяжай үйлері мен гараждар құрылысына жете есептеудің орташа үлес салмағы;

      qd1,2,3 - халық салған саяжай үйлері мен гараждар құрылысына жете есептеудің үлес салмағы;

      3 - жыл саны.

      Бұдан әрі орташа үлес салмағы жеке құрылыс салушылардың есеп деректері бойынша ай сайынғы құрылыс-монтаж жұмыстарына келесі формула бойынша көбейтіледі:



      мұндағы:

      nd - халық салған саяжай үйлері мен гараждар құрылысына жете есептеу көлемі;

      qsr - халық салған саяжай үйлері мен гараждар құрылысына жете есептеудің орташа үлес салмағы;

      vsmrIS - жеке құрылыс салушылардың құрылыс-монтаж жұмыстарына кетірген шығындары.

      36. Бейресми қызметке жете есептеудің жалпы көлемі келесі формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      dn - бейресми қызметке жете есептеудің көлемі;

      nd - халық салған саяжай үйлері мен гараждар құрылысына жете есептеу көлемі;

      nis - халық салған жеке тұрғын үйлер құрылысына жете есептеудің көлемі;

      37. Жасырын және бейресми қызметке жете есептеудің жалпы көлемі келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      vn - жасырын және бейресми құрылыс қызметінің көлемі;

      ds - жасырын қызметіне құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымы көлемін жете есептеу;

      dn - бейресми қызметіне құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымы көлемін жете есептеу.

      Жасырын және бейресми қызмет бойынша құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу алгоритмі осы Әдістемеге 2-қосымшада келтірілген.

3-параграф. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымын анықтау

      38. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі жаңа құрылыста орындалған жұмыстардың жиынтық құнын, жасырын және бейресми қызметті есепке алғанда кәсіпорындар, жеке құрылыс салушылар мен үй шаруашылықтары жүргізетін ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу бойынша жұмыстар көлемін білдіреді, бұл келесі формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      v - құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылым көлемі;

      vf - ресми экономикадағы құрылыс жұмыстарының көлемі;

      vn - жасырын және бейресми қызметті есепке алғанда құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымының көлемі.

      39. Қалыптастырылған құрылыс өнімінің жалпы шығарылымының көлемі тоқсан сайын және жылына бір рет таратылады:

      1) "Құрылыс" экономикалық қызмет түріне сәйкес құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша;

      2) әкімшілік-аумақтық объектілер бойынша (облыс, республика);

      3) жұмысшылар саны бойынша кәсіпорындар өлшемділігі бойынша (шағын, орта, ірі);

      4) меншік нысандары мен түрлері бойынша (мемлекеттік, жеке, шетелдік).

4-параграф. Құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымының физикалық көлем индекстерін есептеу

      40. Құрылыс өндірісінің саласындағы өзгерістерді анықтау үшін серпіндіде құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымы өзгерісін сипаттайтын құрылыс өнімдерінің жалпы шығарылымының физикалық көлем индексінің (бұдан әрі - ФКИ) салыстырмалы көрсеткіші пайдаланылады. Құрылыс өнімінің жалпы шығарылымының ФКИ құрылыс өнімінің жалпы шығарылымы көлемінің талданып отырған кезеңнің дефляторын қоса алғанда (баға индексі) нақты қолданыстағы бағалардағы өткен кезеңге қатысы арқылы анықталады.

      Құрылыс өнімдері жалпы шығарылымының ФКИ анықтау кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарын өндіру үдерісінде бағалардың өзгерісін сипаттайтын құрылыс-монтаж жұмыстарына бағалар индексі болып табылатын дефлятор қолданылады.

      Құрылыс өнімдері жаппай шығарылымының ФКИ есептеу келесі формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұндағы:

      I - ФКИ (қарқындар);

      V - құрылыс өнімдері жаппай шығарылымының көлемі;

      t - ағымдағы жылдың кезеңі;

      t-1 - өткен жылдың тиісті кезеңі;

      Iс t/t-1 - өткен жылдың тиісті кезеңіне құрылыс-монтаж жұмыстарына баға индексі.

  2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 310 "Құрылыс" саласы
бойынша өнімнің жалпы
шығарылымын анықтау
бойынша әдістемеге
1-қосымша

Ресми экономика бойынша құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу алгоритмі

Көрсеткіш атауы

жол нөмірі

Көрсеткішті қалыптастыру (есеп)

А

Б


Ресми экономика бойынша құрылыс өнімінің жалпы шығарылымы

01

01 жол=02 жол +07 жол +13 жол +14 жол+ +15 жол +16 жол

Жаңа құрылыс

02

02 жол= 03 жол +04 жол +06 жол

соның ішінде:



құрылыс-монтаж жұмыстары, барлығы

03

негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы (айлық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

жеке құрылыс салушылар орындаған құрылыс-монтаж жұмыстары

04

жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы (айлық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

объект құрылысына байланысты өзге де шығындар

05

инвестициялық қызмет туралы (жылдық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

5 жолдан жобалау-іздестіру жұмыстары

05.1

инвестициялық қызмет туралы (жылдық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

5 жолдан кредит үшін банкке төленген пайыздар

05.2

инвестициялық қызмет туралы (жылдық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

жобалау-іздестіру жұмыстарын алып тастағандағы объект құрылысына байланысты өзге де шығындар

06

06 жол =(05 жол -05.1 жол -05.2 жол)/12

Ғимараттар мен имараттарды жөндеу, барлығы

07

07 жол= 08 жол +09 жол +10 жол +11 жол+ +12 жол

ірі, орта және кіші ұйымдар бойынша ғимараттар мен имараттарды күрделі жөндеу

08

негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы (айлық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

ірі және орта кәсіпорындар бойынша ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі

09

орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы (айлық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

шағын кәсіпорындар бойынша ағымдағы жөндеу бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі

10

орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы (тоқсандық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

құрылыс қызметтері, жөндеу-құрылыс жұмыстары (үй шаруашылықтары)

11

үй шаруашылықтарының жылдық көлемнен 1/12 бөлігінің табыстары мен шығыстары бойынша тоқсан сайынғы сұрақнама жалпымемлекеттік статистикалық байқау

тұрғын үй-жайларды күту және жөндеу үшін материалдарға жұмсалған шығындар (үй шаруашылықтары)

12

үй шаруашылықтарының жылдық көлемнен 1/12 бөлігінің табыстары мен шығыстары бойынша тоқсан сайынғы сұрақнама жалпымемлекеттік статистикалық байқау

Негізгі экономикалық қызмет түрі "Құрылыс" болып табылатын ДК бойынша өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемі

13

дара кәсіпкердің қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқауы (жылдық кезеңділіктегі),
жылдық көлемнен 1/12 бөлігі

Ірі және орта кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары және жабдығын операторымен жалға беру

14

орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы (айлық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

Шағын кәсіпорындар бойынша құрылыс машиналары және жабдығын операторымен жалға беру

15

орындалған құрылыс жұмыстары (көрсетілген қызметтер) туралы (тоқсандық кезеңділіктегі) жалпымемлекеттік статистикалық байқау

ДК бойынша құрылыс машиналары және жабдығын операторымен жалға беру

16

құрылыс жабдығын оператормен жалға беру экономикалық қызмет кодына сәйкес жылдық көлемнен 1/12 бөлігі, жылдық кезеңділіктегі дара кәсіпкердің қызметі туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқау


  2016 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 310 "Құрылыс" саласы
бойынша өнімнің жалпы
шығарылымын анықтау
бойынша әдістемеге
2-қосымша

Жасырын және бейресми қызмет бойынша құрылыс өнімінің жалпы шығарылымын есептеу алгоритмі

Көрсеткіш атауы

жол нөмірі

Көрсеткішті қалыптастыру (есеп)

А

Б


Жасырын және бейресми экономикаға жете есептеу

01

01 жол=02 жол + 17 жол + 23 жол

соның ішінде



жасырын қызмет көлемі (Ds)

02

Ds = (V о- Vc )

өндіруші бағасы бойынша құрылыс материалдары өнеркәсібінің өнімдерін өндіру, мың теңге (Р1)

03

өнім өндіру және жөнелту туралы статистикалық байқау деректері

ішкі салалық айналым, % (а1)

04


құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі бейресми экономиканың мөлшері, % (а2)

05

өнеркәсіп статистикасындағы есептік көрсеткіш

құрылыс материалдары өнеркәсібінің өнімдерін өндіру (бейресми экономиканың мөлшерін есепке алғанда) ішкі салалық айналым деректерінсіз, мың теңге (Р)

06

Р1*(100-а1)*(100+а2)
10000

тауарлардың осы санаты бойынша сыртқы сауда айырмасы (импорт-экспорт) (С)

07

кедендік статистика деректері

өндірушілерде және саудада тауар қорларының өзгеруі (D3)

08

кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы статистикалық байқау деректері

сатып алушылар бағасындағы құрылыс материалдары ресурсына құрылыс материалдарының сауда және көлік үстеме бағаларының қатынасы, % (К1)

09

пайдалану ресурстары кестесінің деректері

құрылыс материалдарын жалпы тұтынудағы "құрылыс" саласының құрылыс материалдарын аралық тұтынудың үлесі, % (dn)

10

пайдалану ресурстары кестесінің деректері

құрылыс саласының аралық шығынының жалпы көлеміндегі құрылыс материалдарын аралық тұтынудың үлесі, % (d)

11

пайдалану ресурстары кестесінің деректері

құрылыс, монтаж және жөндеу жұмыстарының жалпы көлеміндегі материалдар құнының үлес салмағы (dmater)

12


мердігерлік жұмыстардың бағалау көлемі (Vо)

13

Vo=(Rs: dmater)*dh

өз қажеттілігі үшін орындалатын жұмыстардың үлес салмағы (dh)

14


инвестициялық ресурстардың құны (Rs)

15

Rs=(P+C-D3)*(1+К1)*dn/d

кәсіпорындар бойынша мердігерлік жұмыстардың жалпы көлемі (Vс)

16

Vс= Vкс + Vм

жеке тұрғын үйлердің құрылысына жете есептеу

17

17 жол=22 жол*20 жол

жеке құрылыс салушылардың ұсынған рұқсат құжаттары бойынша тұрғын үйдің жалпы алаңы, шаршы метр

18

рұқсат құжаттары бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы жарты жылдық кезеңділіктегі жалпы мемлекеттік статистикалық байқау

құрылыс объектілерінің нақты құны, мың теңге (жеке құрылыс салушылар бойынша)

19

жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы айлық кезеңділіктегі жалпы мемлекеттік статистикалық байқау

жалпы алаңның 1 шаршы метрінің құрылысына жұмсалған орташа нақты құны, мың теңге

20

20 жол=19 жол/18 жол

құрылыстың орташа ұзақтығы

21

15 ай

тұрғын үйлердің бір айдағы орташа жалпы алаңы, шаршы метр

22

22 жол=18 жол/21 жол

жеке құрылыс салушылардың бақ және саяжай учаскелерінің құрылысына жете есептеу

23

23 жол=осы қосымшадағы 26 жол * 04 жол (ЖҮҚ бойынша ҚМЖ) осы Әдістемеге 1-қосымша

халық пайдалануға берген саяжай үйлерінің және гараждардың жалпы алаңы

24

жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы айлық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқау

халық пайдалануға берген тұрғын үйлердің жалпы алаңы

25

жеке құрылыс салушылардың объектілерді пайдалануға беруі туралы айлық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқау

халық пайдалануға берген тұрғын үйлердің жалпы алаңына халық пайдалануға берген саяжай үйлерінің және гараждардың жалпы алаңының үлес салмағы

26

26 жол=24 жол/25 жол


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады