"Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 14719 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9615 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алуға қатысты есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін."

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысанында:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны";

      Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысанына қосымшада:

      Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысаны "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорына қатысты есептілікті ұсыну ережесінде:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алуға қатысты есептілікті ұсыну қағидалары";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Аудан деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы құрылымдарынан қолда бар азық-түлік тауарлар қорлары бойынша ақпаратты жинап жыл сайын бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 15 күн бұрын облыс деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдарға ұсынады.

      3. Облыс деңгейіндегі жергілікті атқарушы органдар облыста (астанада, республикалық маңызы бар қалада) қолда бар азық-түлік тауарлар қорлары бойынша ақпаратты бірінші тоқсанның соңына дейін күнтізбелік 10 күн бұрын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарына және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.      

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің

      Төрағасы

      ______________ Н. Айдапкелов

      2016 жылғы 23 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады