"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 20-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 ақпанда № 14762 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 тіркелген, 2016 жылы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы нормативтік қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 100. Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      2) осы нормативтік қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 200. Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      3) осы нормативтік қаулыға 3-қосымшаға сәйкес 600. Мемлекеттік аудитті жүргізуге аудиторлық ұйымдар мен сарапшыларды тарту бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      4) осы нормативтік қаулыға 4-қосымшаға сәйкес 700. Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      5) осы нормативтік қаулыға 5-қосымшаға сәйкес 750. Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының сапа бақылауын жүзеге асыруы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      6) осы нормативтік қаулыға 6-қосымшаға сәйкес 900. Республикалық бюджеттің атқарылуын ағымдағы бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      7) осы нормативтік қаулыға 7-қосымшаға сәйкес 901. Республикалық бюджеттің атқарылуын кейіннен бағалауды жүзеге асыру бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      8) осы нормативтік қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 902. Мәслихаттарға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты;

      9) осы нормативтік қаулыға 9-қосымшаға сәйкес 1000. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының өз жұмысы туралы ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін;

      10) осы нормативтік қаулыға 10-қосымшаға сәйкес 1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты бекітілсін.";

      осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитеті Төрағасы
Қ. Жаңбыршин

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің 2016 жылғы
31 желтоқсандағы
№ 20-НҚ нормативтік
қаулысына қосымша
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік қаулысына
10-қосымша

1001. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік аудит органдары) қызметіне бағалау жүргізудің мақсатын, міндеттерін, бағыттары мен өлшемшарттарын, оған қойылатын рәсімдік талаптарды айқындайды.

      2. Стандарт "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 4-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Стандарттың мақсаты мемлекеттік аудит органдары қол жеткізген нәтижелердің деңгейін өлшеу, олардың жұмыс сапасы мен нәтижелілігін арттыру болып табылады.

      4. Стандарттың міндеті мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалауды жүзеге асыруға және жүргізілген бағалаудың (бұдан әрі – Бағалау) нәтижелерін ресімдеуге қойылатын рәсімдік талаптарға бірыңғай тәсілді белгілеу болып табылады.

      5. Бағалау облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының (бұдан әрі – тексеру комиссиялары) және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның ішкі аудит қызметтерінің Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ бірлескен нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен өзара іс-қимыл қағидаларына сәйкес ұсынатын есептік ақпаратына жүргізген талдауды және олардың жұмыс тиімділігін бағалауды ескере отырып, олардың ақпараты негізінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін (бұдан әрі – Есеп комитеті) қоспағанда, барлық мемлекеттік аудит органдарына қатысты жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      Ақпараттың толықтығы мен анықтығын мемлекеттік аудит органдарының басшылары қамтамасыз етеді.

      6. Тексеру комиссиялары қызметінің нәтижелері бойынша олардың қызметіне рейтингілік бағалау жүзеге асырылады.

      7. Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган Заңның 14-бабына сәйкес жүргізетін ішкі аудит қызметтерінің жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі есептік ақпаратын талдау, ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігін бағалау негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

      8. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның бағалауы мынадай бағыттар:

      1) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оның орындалуы;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу;

      3) камералдық бақылау жүргізу;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы;

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы;

      6) өзге де бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

      9. "Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оның орындалуы" бағытының өлшемшарттары:

      1) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің жобасын қалыптастыру;

      2) жоспардан тыс аудит;

      3) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізу;

      4) Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы болып табылады.

      10. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу" бағытының өлшемшарттары:

      1) ішкі аудит жүргізу кезінде (камералдық бақылауды қоспағанда) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзушылықтарын анықтау;

      2) бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (камералдық бақылауды қоспағанда);

      3) бұзушылықтарды қалпына келтіру және есеп бойынша көрсету (камералдық бақылауды қоспағанда);

      4) басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды қоспағанда, әкімшілік айыппұлдардың сомаларын бюджет кірісіне өндіріп алу (камералдық бақылауды қоспағанда);

      5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша талап қоюларды соттардың қанағаттандыруы;

      6) бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды енгізу және қабылдау;

      7) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың (орындау мерзімі келгендерінің) жалпы санына шаққанда орындалған ұсынымдар мен тапсырмалардың үлесі болып табылады.

      11. "Камералдық бақылау жүргізу" бағытының өлшемшарттары:

      1) камералдық бақылау бойынша хабарламалардың орындалуы;

      2) камералдық бақылау хабарламаларына қарсылықтарды қарау нәтижелері болып табылады.

      12. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы" бағытының өлшемшарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің және Есеп комитетінің орталық аппараты анықтаған аудит материалдарының Заңның 8-бабында көзделген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес келмеуі болып табылады.

      13. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы" бағытының өлшемшарттары:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту;

      2) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына өтініш жасау жағдайларын растау болып табылады.

      14. "Өзге де бағыттар" бағытының өлшемшарттары:

      1) ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындамау, сапасыз орындау немесе уақтылы орындамау болып табылады.

      15. Тексеру комиссияларын бағалау мынадай бағыттар:

      1) Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің орындалуы;

      2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу;

      3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы;

      5) өзге да бағыттар бойынша жүзеге асырылады.

      16. "Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің орындалуы" бағытының өлшемшарты Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы болып табылады.

      17. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу" бағытының өлшемшарттары:

      1) мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі;

      2) мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың (орындау мерзімі келгендерінің) жалпы санына шаққанда орындалған ұсынымдар мен тапсырмалардың үлесі;

      3) ұсынымдардың жалпы санына шаққанда заңнамадағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріндегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған ұсынымдар;

      4) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту болып табылады.

      18. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы" бағытының өлшемшарты Заңның 8-бабында көзделген Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылған құжаттардың бар болуы болып табылады.

      19. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы" бағытының өлшемшарты тексеру комиссияларының қызметкерлерін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту болып табылады.

      20. "Өзге да бағыттар" бағытының өлшемшарттары:

      1) тексеру комиссияларының өзінің жұмысы туралы Есеп комитетіне ұсынатын ақпараттың қойылатын талаптарға сәйкестігі;

      2) ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік аудит органдарының қызметіне бағалау жүргізу тәртібі

      21. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін осы Стандартқа 1-қосымшаға сай, тексеру комиссияларының қызметін осы Стандартқа 2-қосымшаға сай бағалау бағыттарына және өлшемшарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Өлшемшарттар бойынша бағалау қызметтің белгіленген оң және теріс көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі. Көтермеленетін балдар қосылатын және төмендететін балдар алынатын бағалаудың базалық деңгейі 60 балл болып табылады.

      23. Бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше мынадай тиісті баға шығарады:

      80 балл және одан жоғары – тиімді;

      70 балдан 80 балға дейін – қанағаттанарлық;

      70 балдан кем – тиімсіз.

      24. Бағалау мыналарды:

      1) осы Стандартқа 3-қосымшаға сай нысан бойынша толтырылатын мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау бағыттары мен өлшемшарттары бойынша бағалаудың салыстырмалы кестесін;

      2) мемлекеттік аудит органдары бөлінісінде бағалаудың барлық бағыттары бойынша жинақталған ақпаратты қамтиды.

      25. Бағыттар, өлшемшарттар және көрсеткіштер бойынша бағалауды айқындау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары ақпаратты растайтын құжаттарымен бірге Есеп комитетіне бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 шілдеден кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 қаңтардан кешіктірмей жібереді. Есеп комитетінің бекітілген бағыттар, өлшемшарттар және көрсеткіштер бойынша бағалауға жауапты құрылымдық бөлімшелері алынған ақпарат және қолда бар мәліметтер негізінде бағалау жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшеге жинақтау үшін бағалау нәтижелерін бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5 тамыздан кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 5 ақпаннан кешіктірмей жібереді.

      26. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалау нәтижелері мемлекеттік аудит органдарына танысу үшін бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 тамыздан кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 25 ақпаннан кешіктірмей жіберіледі.

      27. Мемлекеттік аудит органының қызметін бағалауға қарсылықтар болған кезде мемлекеттік аудит органы оларды алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде растайтын құжаттарымен бірге Есеп комитетіне жібереді. Қарсылықтар растайтын құжаттары болған кезде оларды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қаралады.

      28. Мемлекеттік аудит органының қызметін бағалауға қарсылықтар қабылданған жағдайда, Есеп комитеті тиісті түзетулер енгізіп, мемлекеттік аудит органына қарсылықтарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жібереді.

      29. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың түпкілікті қорытындылары Есеп комитетінің Төрағасына бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 қыркүйектен кешіктірмей, екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

      30. Мемлекетік аудит органдырының қызметін жылдық бағалау есепті жылдың екі жартыжылдығы үшін бағалаудың орташа мәні болып табылады және Есеп комитетінің Төрағасына 20 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

      31. Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың қорытындылары Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің отырысына шығарылуы мүмкін.

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
1-қосымша

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

Бағыттар бойынша бағалаудың өлшемшарттары

Көрсеткіштер

Балдар

1-бағыт: Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және оның орындалуы

1.1.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің жобасын қалыптастыру

Есеп комитетімен мемлекеттік аудит объектілері тізбелерінің жобаларымен алмасқаннан кейін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі жобасында қайталану фактілерінің болуы:


1-2 факті;

-1

3-5 факті;

-3

5 фактіден астам

-5

1.2.

Жоспардан тыс аудит

Мемлекеттік аудит объектілерінің жалпы санына шаққанда жоспардан тыс аудит объектілері санының үлес салмағы:


10-нан бастап 20 пайызға дейін;

-1

20-дан бастап 30 пайызға дейін;

-3

30 пайыздан бастап және одан астам

-5

1.3.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізу

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне енгізілген өзгерістер саны (мемлекеттік аудит объектілерінің атауы; аудиттің типі, тексерудің түрі, мемлекеттік аудит объектілерін мемлекеттік аудитпен қамту кезеңі, бюджеттің деңгейі, бюджет қаражатын, мемлекет активтерін мемлекеттік аудитпен қамту сомасы):


1-ден 5-ке дейін;

-1

5-тен 10-ға дейін;

-3

10-нан бастап және одан астам

-5

1.4.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы

Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қайталану фактілерінің болмауы

10

Есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл қағидаларын бұзу нәтижесінде мемлекеттік аудит жүргізудің қайталану фактілерінің болуы


мемлекеттік аудит жүргізудің қайталануының 1 фактісінің болуы;

-1

мемлекеттік аудит жүргізудің қайталануының 2-ден 3-ке дейінгі фактілерінің болуы;

-3

мемлекеттік аудит жүргізудің қайталануының 3-тен астам фактілерінің болуы;

-5

2-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу

2.1.

Ішкі аудит жүргізу кезінде (камералдық бақылауды қоспағанда) мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің бұзушылықтарын анықтау

Ішкі аудитпен қамтылған мемлекеттік сатып алудың жалпы сомасына шаққанда мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзушылықтың анықталған сомасының үлес салмағы:


0%-дан бастап 50%-ға дейін;

1

50%-дан бастап 60%-ға дейін;

2

60%-дан бастап 70%-ға дейін;

3

70% -дан бастап 80%-ға дейін;

4

80%-дан жоғары

5

2.2.

Бұзушылықтар сомасын бюджетке өтеу (камералдық бақылауды қоспағанда)

Бюджетке өтеуге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасына шаққанда есепті кезеңде бюджетке өтелген бұзушылықтар сомаларының үлес салмағы:


0%-дан бастап 10%-ға дейін;

1

10%-дан бастап 20%-ға дейін;

2

20%-дан бастап 30%-ға дейін;

3

30%-дан бастап 40%-ға дейін;

4

40%-дан бастап 50%-ға дейін;

5

50%-дан бастап 60%-ға дейін;

6

60%-дан бастап 70%-ға дейін;

7

70%-дан бастап 80%-ға дейін;

8

80%-дан бастап 90%-ға дейін;

9

90%-дан бастап 100%-ға дейін

10

2.3.

Бұзушылықтарды қалпына келтіру және есеп бойынша көрсету (камералдық бақылауды қоспағанда)

Қалпына келтіруге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасына шаққанда есепті кезеңде қалпына келтірілген және есеп бойынша көрсетілген бұзушылықтар сомасының үлес салмағы:


0%-дан бастап 50%-ға дейін;

0

50%-дан бастап 60%-ға дейін;

1

60%-дан бастап 70%-ға дейін;

2

70%-дан бастап 80%-ға дейін;

3

80%-дан бастап 90%-ға дейін;

4

90%-дан 100%-ға дейін

5

2.4.

Басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды қоспағанда, әкімшілік айыппұлдардың сомаларын бюджет кірісіне өндіріп алу (камералдық бақылауды қоспағанда)

Басқа мемлекеттік органдардан (Құқық қорғау органдарынан, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінен, Тексеру комиссияларынан, Ішкі аудит қызметтерінен) келіп түскен материалдар бойынша шығарылған қаулыларды қоспағанда, есепті кезеңде салынған айыппұлдардың жалпы сомасына шаққанда бюджет кірісіне өндіріп алынған әкімшілік айыппұлдар сомасының үлес салмағы:


50%-ға дейін

0

50%-дан бастап 60%-ға дейін

1

60%-дан бастап 70%-ға дейін

2

70%-дан бастап 80%-ға дейін

3

80%-дан бастап 90%-ға дейін

4

90%-дан бастап 100%-ға дейін

5

2.5.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша талап қоюларды соттардың қанағаттандыруы

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің материалдары бойынша соттар қанағаттандырған талап қоюлардың үлес салмағы:


0%-дан бастап 20%-ға дейін;

1

20%-дан бастап 40%-ға дейін;

2

40%-дан бастап 60%-ға дейін;

3

60%-дан бастап 80%-ға дейін;

4

80%-дан бастап 100%-ға дейін

5

2.6.

Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарды енгізу және қабылдау

Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріне өзгерістер енгізу бойынша енгізілген және қабылданған ұсыныстардың саны:
әрбір ұсыныс үшін 1 балл қосылады

әрбір ұсыныс үшін
1 балл

2.7.

Мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың (орындау мерзімі келгендерінің) жалпы санына шаққанда орындалған ұсынымдар мен тапсырмалардың үлесі

Мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалған тармақтарының үлесі:


70-тен бастап 80 пайызға дейін;

3

80-нен бастап 90 пайызға дейін;

5

90 пайыздан бастап және одан астам;

10

70 пайыздан кем

-5

3-бағыт: камералдық бақылау жүргізу

3.1.

Камералдық бақылау бойынша хабарламалардың орындалуы

Камералдық бақылау бойынша орындалған хабарламалардың үлес салмағы:


60%-ға дейін

1

60%-дан бастап 70%-ға дейін;

2

70%-дан бастап 80%-ға дейін;

3

80%-дан бастап 90%-ға дейін;

4

90%-дан бастап 100%-ға дейін

5

3.2.

Камералдық бақылау хабарламаларына қарсылықтарды қарау нәтижелері

Камералдық бақылау объектілерінің пайдасына шешілген хабарламаларға қарсылықтарды қарау нәтижелері бойынша қорытындылардың үлес салмағы:


10%-ға дейін;

5

10%-дан бастап 30%-ға дейін;

4

30%-дан бастап 50%-ға дейін;

3

50%-дан бастап 70%-ға дейін;

2

70%-дан бастап және одан жоғары

1

4-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы

4.1.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің орталық аппараты анықтаған аудит материалдарының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылуы

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүргізген аудиторлық іс-шаралардың жалпы санына шаққанда ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің орталық аппараты анықтаған аудит материалдарының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылғандарының саны:


1 материал;

-3

2-ден 3-ке дейінгі материал;

-4

4 материалдан бастап және одан астам

-5

5-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы

5.1.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту

Есепті кезеңде уәкілетті органдар және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өзі және оның аумақтық бөлімшелері анықтаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды жасағаны үшін сот үкімдерінің есепті кезеңде заңды күшіне енгендері бойынша ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тарту жағдайларының саны:
- әрбір жағдай үшін 10 балды шегеріп тастау.

әрбір жағдай үшін - 10 балл

5.2.

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына өтініш жасау жағдайларын растау

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-қимылдарына өтініш жасаудың расталған жағдайларының саны:
- әрбір жағдай үшін 5 балды шегеріп тастау.

әрбір жағдай үшін - 5 балл

6-бағыт: Өзге де бағыттар

6.1.

Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізу

Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалауды уақтылы жүргізу

5

Ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізудің бекітілген нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес келмеу фактілерінің болуы:


1-2 факті;

-1

3-4 факті;

-3

5 және одан астам факті

-5

6.2.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындамау, сапасыз орындау немесе уақтылы орындамау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жеке және заңды тұлғалардың орындалмаған, сапасыз орындалған немесе уақтылы орындалмаған тапсырмаларының, өтініштерінің саны:
- әрбір жағдай үшін 3 балды шегеріп тастау.

әрбір жағдай үшін - 3 балл

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
2-қосымша

Тексеру комиссияларының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

Бағыттар бойынша бағалаудың өлшемшарттары

Көрсеткіштер

Балдар

1.

1-бағыт: Мемлекеттік аудит объектілері тізбесінің орындалуы

1.1.

Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінің орындалуы

Мемлекеттік аудит жүргізудің қайталану фактілерінің болмауы

10

Есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 9-НҚ нормативтік қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 589 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12577 болып тіркелген) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзара іс-қимыл қағидаларын бұзу нәтижесінде мемлекеттік аудит жүргізудің қайталану фактілерінің болуы


мемлекеттік аудит жүргізудің қайталануының 1 фактісінің болуы;

-1

мемлекеттік аудит жүргізудің қайталануының 2-ден 3-ке дейінгі фактілерінің болуы;

-3

мемлекеттік аудит жүргізудің қайталануының 3-тен астам фактілерінің болуы;

-5

2.

2-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу

2.1.

Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі

Алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемінің ұлғаюы

10

Алдыңғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемінің азаюы

-5

2.2.

Мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың (орындау мерзімі келгендерінің) жалпы санына шаққанда орындалған ұсынымдар мен тапсырмалардың үлесі

Мемлекеттік аудиттің және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалған тармақтарының үлесі:


70-тен 80 пайызға дейін;

3

80-нен 90 пайызға дейін;

5

90 пайыздан бастап және одан астам;

10

70 пайыздан кем

-5

2.3

Ұсынымдардың жалпы санына шаққанда заңнамадағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріндегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған ұсынымдар

Ұсынымдардың жалпы санына шаққанда заңнамадағы, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің актілеріндегі олқылықтар мен қайшылықтарды жоюға бағытталған ұсынымдардың үлесі


20-дан 30 пайызға дейін;

2

30-дан 40 пайызға дейін;

3

40 пайыздан бастап және одан астам

5

2.4.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен материалдарды жіберу қорытындылары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік аудит органының әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау қорытындылары бойынша адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту


70-тен 80 пайызға дейін;

3

80-нен 90 пайызға дейін;

5

90 пайыздан бастап және одан астам;

10

3.

3-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарының сақталуы

3.1.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылған құжаттардың бар болуы

Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес емес деп танылған құжаттардың бар болуы:


1 құжат;

-3

2-ден 3 құжатқа дейін;

-4

4 құжаттан бастап және одан астам

-5

4.

4-бағыт: мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің жауаптылығы

4.1.

Мемлекеттік аудит органдары қызметкерлерін жауаптылыққа тарту

Мемлекеттік аудит органдары қызметкерлерін тәртіптік жауаптылыққа тарту:


1-2 қызметкер;

-1

3-4 қызметкер;

-2

5 және одан астам қызметкер

-5

Мемлекеттік аудит органдары қызметкерлерін әкімшілік жауаптылыққа тарту:


1-2 қызметкер;

-1

3-4 қызметкер;

-2

5 және одан астам қызметкер

-5

Мемлекеттік аудит органдары қызметкерлерін қылмыстық жауаптылыққа тарту

-10

5.

5-бағыт: Өзге де бағыттар

5.1.

Тексеру комиссияларының өзінің жұмысы туралы Есеп комитетіне ұсынатын ақпараттың қойылатын талаптарға сәйкестігі

Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне өзінің жұмысы туралы ақпаратты ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкестігі

5

Тексеру комиссиялары ұсынатын ақпараттың Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне өзінің жұмысы туралы ақпаратты ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартына сәйкессіздігі

-5

5.2.

Ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) берілуі

Ақпараттың Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша бірыңғай дерекқорға (Есеп комитетінің интеграцияланған ақпараттық жүйесіне) уақтылы берілмеуі және (немесе) толық берілмеуі:


25 фактіден астам;

-1

50 фактіден астам;

-3

100 фактіден астам

-5

  Мемлекеттік аудит және
қаржылық бақылау
органдарының қызметіне
бағалау жүргізу бойынша
сыртқы мемлекеттік аудиттің
және қаржылық бақылаудың
рәсімдік стандартына
3-қосымша

Мемлекеттік аудит органдарының қызметін бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары бойынша бағалаудың салыстырмалы кестесі

Бағалаудың бағыттары мен өлшемшарттары

Мемлекеттік аудит органдары бөлінісіндегі бағалау нәтижелері



































ЖИЫНЫ









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады