"Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 581 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 ақпанда № 14770 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10558 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларында:

      7-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлеккеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің төрағасы

      ____________ Н. Айдапкелов

      2016 жылғы 30 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 581 бұйрығына
қосымша
  Бірыңғай электр энергетикасы
жүйесінің, электр
станцияларының, аудандық
қазандықтардың, электр және
жылу желілерінің жұмысындағы
технологиялық бұзушылықтарға
тергеп-тексеру жүргізу және
оларды есепке алу қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік

      Есепті кезең 20__ жылғы "_"_____ бастап 20__ жылғы "____"__________ дейін.

      Көрсеткіші: ТБ-1

      Кезеңділігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар тобы: энергия беруші және энергия өндіруші ұйымдар

      Қайда ұсынылады: энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган немесе жергілікті атқарушы орган (құзыреті бойынша)

      Тапсыру мерзімі: есепті кезеңінен кейінгі айдың жетінші жұлдызына дейін ай сайын

Авариялар

I дәрежелі істен шығулар

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде

Жеткіліксіз жіберілген

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде

Жеткіліксіз жіберілген

2.1

2.2

Электр энергиясы

Жылу энергиясы

2.1

2.2

Электр энергиясы

Жылу энергиясы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде



















      кестенің жалғасы

II дәрежелі істен шығулар

Жазатайым оқиғалар

Өрт

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде

Жеткіліксіз жіберілген

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Оның ішінде өліммен аяқталатын

Жыл басынан бастап барлығы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

2.1

2.2

2.3; 2.4

2.5; 2.9; 2.10

басқалары

Электр энергиясы

Жылу энергиясы

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде

Есеп беру кезеңінде

Өткен жылдың тиісті кезеңінде





















      Есеп беру айына нысанды толтыру жабдықтың жұмысындағы технологиялық бұзушылықтар жөніндегі есептік құжаттар негізінде жүргізіледі.

      Кестеге 6-10 кВ кабельдік желілерден басқа, кернеуі 0,4 кВ электр станцияларының, кернеуі 20 кВ және төмен электр желілерінің электр техникалық жабдығы өшуінің II дәрежелі жіктелген істен шығулар енгізілмейді.

      Басшы ________________________________

                  (Т.А.Ә. қолы)

      _______________________________________________________

      Бас бухгалтер ________________________

                  (Т.А.Ә. қолы)

      _______________________________________________________

                  М.О. (бар болған жағдайда)

"Технологиялық бұзушылықтар туралы есептілік" нысанын толтыру бойынша түсініктеме

      1. "Авариялар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап авариялар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңінде және өткен есептік жылдан кейінгі жылдың тиісті кезеңінде болған авариялар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген технологиялық бұзушылықтар жіктеу себептерінің белгілері бойынша болған авариялар саны көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөлімінде "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі авариялар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      2. "I дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап I дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі болған және өткен жылдың тиісті кезеңінде болған I дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес технологиялық бұзушылықтардың ұйымдастырушылық себептерінің жіктеу белгілері көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі I дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      3. "II дәрежелі істен шығулар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап II дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі II дәрежелі істен шығулар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде" бағанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген технологиялық бұзушылықтардың ұйымдастырушылық себептерінің жіктеу белгілері көрсетіледі;

      "Жеткіліксіз жіберілген" кіші бөліміндегі "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі II дәрежелі істен шығулар салдарынан болған жеткіліксіз жіберілген электр және жылу энергиясы көрсетіледі.

      4. "Жазатайым оқиғалар" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі болған жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;

      "Оның ішінде өліммен аяқталатын" бағанында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалар саны көрсетіледі;

      5. "Өрт" бөлімінде:

      "Жыл басынан бастап барлығы" бағанында жыл басынан бастап өрт саны көрсетіледі;

      "Есеп беру кезеңінде" және "Өткен жылдың тиісті кезеңінде" бағандарында есеп беру кезеңіндегі және өткен жылдың тиісті кезеңіндегі өрт саны көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады