Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 814 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 наурызда № 14854 болып тіркелді.

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Т. Сүлейменов
      2017 жылғы 31 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 25 қарашадағы
№ 814 бұйрығымен
бекітілген

Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ұлттық теңiз тасымалдаушысы туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрлендi.
      2. Ұлттық теңiз тасымалдаушысы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiн, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2-тарау. Ұлттық теңiз тасымалдаушысының мiндеттерi мен функциялары

      3. Ұлттық теңiз тасымалдаушысының қызметі сауда флотын дамытуға бағытталған.
      4. Ұлттық теңiз тасымалдаушысының негiзгi мiндеттерi:
      1) жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтімдерін және жүктерді, оның ішінде ізгілік жүгін, арнайы жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетеді;
      2) теңіз флоты үшін кадрларды оқытуға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      3) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында халықаралық шарттарды іске асыруға қатысады.

3-тарау. Қызметін ұйымдастыру

      5. Ұлттың теңіз тасымалдаушысы өз қызметін осы Қағидаға сәйкес ұйымдастырады.
      6. Ұлттық теңіз тасымалдаушысын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады