"Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 182-933 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 182-1769 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қазанда № 1069 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 158-1535 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 05.08.2020 № 158-1535 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 242 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13933 болып тіркелген) негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 182-933 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 923 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамыздағы № 83 (3306) "Астана ақшамы" және 2015 жылғы 5 тамыздағы № 83 (3306) "Вечерняя Астана" газеттерде жарияланған) төмендегідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы" деген сөздер мен сандар "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі" деген сөздермен және сандармен ауыстырылсын;

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      7 тармақтың 1) тармақшасындағы "көрсетілген қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын көрсетумен тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді." деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;".

      2. "Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Исекешев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады