Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 5 тамыздағы № 158-1535 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 тамызда № 1283 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов

  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 5 тамызы
№ 158-1535 қаулысына
қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 182-933 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 923 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 шілдеде "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 182-976 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 924 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2015 жылғы 5 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158-1286 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 934 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 27 тамызда "Астана ақшамы" газетінде, 2015 жылғы 29 тамызда "Вечерняя Астана" газетінде жарияланған).

      4. "Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 158-2150 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 987 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қаңтарда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2016 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 шілдедегі № 158-1345 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1046 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 тамызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2016 жылғы 22 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158-1286 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 тамыздағы № 158-1423 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1050 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қыркүйекте "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2016 жылғы 20 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 18 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      7. "Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 158-2150 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 158-1526 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1061 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2016 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 24 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      8. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 182-976 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 182-1616 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1068 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 29 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2016 жылдың 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      9. "Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы № 182-933 қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 182-1769 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1069 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 29 қазанда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2016 жылдың 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      10. "Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158-1286 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 158-159 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1093 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 наурызда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде, 2017 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).

      11. "Астана қаласында әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158-1286 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 158-880 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1104 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 30 мамырда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

      12. Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 158-2561 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1147 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 18 қаңтарда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады