Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 16.04.2021 № А-4/176 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4784 болып тіркелген, 2015 жылдың 16 мамырында "Акмолинская правда", "Арқа Ажары" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № А-2/43 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына қосымша |
Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Тереңдетіп қайта өңдеу өнімдерінің атауы |
Субсидия нормативтері, |
Шикі сүт | сары май | 12,0 |
Шикі сүт | қатты ірімшік | 20,0 |