Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 23 сәуірде № 8446 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі Е.Маржикпаев

  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/176 қаулысына
1-қосымша

Тереңдете өңдеп өнім түрлерін өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 02.05.2024 № А-5/207 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ауылшаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Субсидия нормативі, теңге/килограмм

Сүт

Сары май

148,4

Сүт

Қатты ірімшік

87,8

 
  Ақмола облысы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ А-4/176 қаулысына
2-қосымша

Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4784 болып тіркелген).

      2. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2016 жылғы 29 қаңтардағы № А-2/43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5279 болып тіркелген).

      3. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 9 сәуірдегі № А-4/159 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7129 болып тіркелген).

      4. Ақмола облысы әкімдігінің "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2020 жылғы 3 наурыздағы № А-3/107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7715 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады