РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5439 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2016 жылғы 16 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жалақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар.";
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Алименттер, міндетті зейнетақы жарналары, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, стипендиялар.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М.Ыдырысовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
Е.Маржықпаев |