Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 02.04.2020 № а-4/172 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатырылуын бекіту туралы шешім беру және діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №А-1/668 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3632 болып тіркелген және 2013 жылғы 29 қаңтарда "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулының 2-қосымшасындағы реттік нөмірі "6" жолы алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Н.Ж.Нұркеновке жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы |
Қ.Отаров |
Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № А-7/303 қаулысына қосымша |
|
Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № A-1/668 қаулысына 1-қосымша |
Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы белгіленген тұрақты үй-жайлардың орналасуы
№ |
Арнайы тұрақты |
Арнайы тұрақты |
Бурабай ауданы | ||
1. | "Мир книг" кітаптар дүкені |
Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, |
Жақсы ауданы | ||
2. | "Жақсы" дүкені | Жақсы кенті, Жақыпов көшесі, 86-үй |