Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 маусымдағы № А-7/288 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 6С-3-7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 шілдеде № 5461 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуіріндегі № А-3/97 қаулысы мен Жақсы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуіріндегі № 6ВС-3-10 шешімінің негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) келесі елді мекендер жақын орналасқан елді мекендердің құрамына қосу арқылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын:
      Жақсы ауданының Жаңақийма ауылдық округі бойынша:
      Қийма ауылының құрамына қосу арқылы Трудовое ауылы;
      Жаңа-Қийма ауылының құрамына қосу арқылы Тайпақ ауылы;
      Жақсы ауданының Қайрақты ауылдық округі бойынша:
      Қайрақты ауылының құрамына қосу арқылы Старое Перекатное ауылы;
      2) Жақсы ауданының Беловодск ауылдық округі құрамына Қайрақты ауылдық округінің Қайрақты ауылын қосу арқылы қайта құрылсын, Қайрақты ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде қысқартылсын;
      3) Жақсы ауданының Беловодск ауылдық округінің шекаралары 38025 гектар жалпы ауданымен Қайрақты ауылдық округінің аумағын қосу арқылы өзгертілсін.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің міндетін атқарушы Қ.Отаров
      Ақмола облыстық мәслихаты
сессиясының төрағасы
С.Әшебеков
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады